Дипломдық жұмыс: Ветеринария | Мaл төлдeрінің кoлибaктeриoзынa диaгнoз қoю әдістeрін жeтілдіру

Дипломдық жұмыс: Ветеринария | Мaл төлдeрінің кoлибaктeриoзынa диaгнoз қoю әдістeрін жeтілдіру казакша Дипломдық жұмыс: Ветеринария | Мaл төлдeрінің кoлибaктeриoзынa диaгнoз қoю әдістeрін жeтілдіру на казахском языке

Мазмұны


1.1 Тақырыптың өзектілігі мен практикалық маңыздылығы.
Мемлекетіміздің азық –түлік тәуелсіздігі –экономикамыздың ауыл шаруашылығы саласындағы стратегиялық міндеттердің бірі болып табылады. Аталған бағдарламаны жүзеге асырудағы талаптардың бірі –жануарлар басының сақталуы және олардың өнімділігін арттыру. Осыған байланысты, мал дәрігерлік, ғылымында және тәжірибеде жануарлардың, соның ішінде төлдердің инфекциялық ауруларын зерттеудің маңызы зор, осылардың ішінде колибактериоз алатын орны ерекше.
Мал дәрігерлік және медициналық ғылымдар аталған аурулардың эпизоотологиясы мен эпидемиологиясын зерттеуде, клиникасы мен диагностикасында, әр түлік малдарда індеттің байқалуы мен оны емдеуде, алдын –алу шаралары мен емдік препараттарын өндіру мен ұсынуда үлкен табыстарға жетуде.
Бірақ, қол жеткізген жетістіктерге қарамастан, асқазан –ішек жолдары инфекцияларымен күрес толығымен шешімін таба алған жоқ. Жануарлар арасында колибактериоз індетімен күресу өте қиын. Ол колибактериоз сероварларының табиғатта кең таралуына, жануарлар организмінде қоздырушылардың ену жолдарына, бактерия тасымалдаушылыққа және қоршаған ортаның олармен контаминациялану кезіне байланысты болып отыр. Колибактериоздың диагнозын жетілдіру үшін, алдымен бактериологиялық және серологиялық әдістерді жетілдіруіміз керек. Бактериологиялық әдіс жақсы жетілген деуге болады және қоздырғышты патматериалдан бөліп алып түрлерін ажырату үшін қолданылатын қоректік орталар бар. Оларға Эндоның, Левинаның Пласкиревтің бактоагар «Ж» және басқа қоректік орталарды жатқызамыз. Әдетте патматериалдан бөліп алынған E. coli штамдарының зардапты серотоптарын анықтайды. Қозының колибактериоз ауруының патогендік серотоптарына мына штамдарды жатқызамыз; О 8, О 9, О20, О35 , О78, О101 , О137, О 15, О41, ж. т.б. осы зардапты серотоптарды анықтау тез арада анықтау үшін ішек таяқшасының сапасы жоғарғы штамдарынан антиген дайындау керек.


1.2 Зерттеу объектілері, базасы және мақсат міндеттері
Зерттеу жұмыстары 2017 - 2018 жж. аралығында Қазақ Ұлттық аграрлық университетінің микробиология және вирусология кафедрасының зертханасында жүргізілді.
Зерттеулердің мақсаты және міндеттері.
Бұл жұмыстың мақсаты мал төлдерінің, оның ішінде қозы колибактериозына, олардың қоздырғышының жиі тараған серотоптарына гипериммундық қансарысуын алу және осыған байланысты сапалы антиген алу. Бұл сұрқтарды шешу үшін мына сұрқтарды шешуге тура келді.
1. Мал төлдерінің колибактериоз оның морфологиялық, тинкториальдық, культуралық, биохимиялық және биологиялық қасиеттерін зерттеу;
2. Ішек таяқшасының себінділерінен сапалы штамдарынан антигендер алып, оларды колибактериоздың қоздырғыштарының зардапты серотоптарына гипериммунды агглютининдеуші қан сарысуын алуда пайдалану.
Жұмыстың негізгі нәтижелеріне сипаттама.
1.Төлдердің колибактериозының дұрыс емдеу үшін организмнен бөлініп алынған E. coli-дің штаммдарының қай зардапты серотопқа жататындығы анықталды.
Алынған нәтижелерді енгізу
Алынған нәтижелер негізінде Қазақ ұлттық аграрлық университетінің студенттік семинарларда баяндамалар жасалынды. Біздің зерттеу нәтижелерімізді қорытындылай келе, ветеринариялық зертханаларға E. coli-дің штаммдарынан О-антиген алу үшін 0,5 % карбол қышқылы бар физиологиялық ерітіндіні пайдаланып 70º С 1 сағаттай қыздыра отырып жоғарғы сапалы антиген алу әдісі ұсынылады.

2 ҒЫЛЫМИ ӘДЕБИЕТТЕРГЕ ШОЛУ
2. 1 Энтеробактериялар тұқымдасына сипаттама
Энтеробактериялар тұқымдасы ішек-карын бактериялары тұқымдасына, Еnterobactегіасеае нағыз бактериялар - Еubасtегіаlеs қатарына жатады. Осы кездегі класқа бөлу жүйесіне карай бұған мынадай 12 туыс кіреді: 1) Еsсһегісһіа, 2) Еdwarsiеllа, 3) Сitrobacter, 4) Salmonella, 5) Shigella, 6) Klebsiellа, 7) Enterobacter, 8) Hafnia, 9) Serratia, 10) Proteus, 11) Yersiniа, 12) Erwinіа. Үй жануарлар патологаясында , Еsсһегісһіа, Salmonella, Proteus, және Yersiniа, туыстарының маңызы үлкен.
Бұл туыстарды бір-бірінен 1) антигендік, 2) биохимиялық, 3) адам мен малдарға спецификалық зардаптылық қасиеттерін есептей отырып ажыратады.
Энтеробактериялар табиғатта кең таралған. Олардың арасында патогенді, шартты патогенді және сапрофитті түрлер болады. Зардапты түрлер мен типтер клиникалық белгілері жөнінен айырмашылықтары болатын аурулар (ішек-қарын инфекциясы, бактериемия, пневмония және тағы басқа) туғызады. Сондықтан туыстар аты олардың мекендейтін орнына және жұғу әдістеріне сәйкес келеді. Энтеробактериялардың ферменттік активтігі сапрофитті және шартты зардапты түрлерде көбірек, ал облигатты түрлерде кемірек байқалатыны анықталған, облигатты түр паразитизм эволюция формасының бір нышаны деп саналады. Сондықтан жануарлардың барлық түрін ауруға жаппай ұшырататын түрлерінен басқа бір түрі ғана, кейде белгілі бір түр тканьдерді және органдарды ғана ауруға шалдықтыратын жеке түрлері де болады (қой мен жылқының түсік тастау, іш сүзегі сальмонеллалары, дизентерия бактериялары және т. б.).


2.1.1 Колибактериозға жалпы сипаттама
Эшерихиялар Есhеrісhіа туысына бір түр — Е.соlі (ішек таяқшасы деген атпен белгілі) жатады. Оны 1885 жылы адам нәжісінен Эшерих тапқан. Е.соlі — адамның, сүтқоректілердің, құстың, балықтың, рептилияның, амфибиялардың және насекомдардың тоқ ішектерінде мекендейді. Микробтар көптеген өсімдіктерде де өсіп-өнеді. Олар топырақта, суда және басқа заттарда да кездеседі. Зардапты серотиптері (колибактериоз, колибациллез, колэнтерит) жас төлдерде, кейде балапандарда және құс ұрығында кең тараған ауруға ұшыратады.

1 - сурет. Ішек
таяқшасының (Е.соlі).
Морфологиясы. Е. соlі майда коккобактериядан (0,2-0,5 мкм) ірірек. ұзындығы 3 мкм, ені 0,6-0,8 мкм полиморфты таяқшалар. Таяқшалар ұзынша, ұшы имек болып, көбіне жеке-жеке бір-бірден орналасады. Қозғалмалы және қозғалмайтындары (шыбыртқысыздар) болады. Кейбіреулерінде айқын көрінетін капсулалар бар. Электронды микроскоп арқылы қарағанда цитоплазма кеуекі торлы құрылысты, нуклеоид (ядро) ширатылған жіп тәрізді болып көрінеді (1-сурет. Ішек таяқшалары).
Культурасын өсіру. Ішек таяқшасы аэроб, не факультативті анаэроб, ең қолайлы өсу температурасы 37—38°С, рН 7,2—7,5. Бактериялардың өсу және өнуі ортасының рН шамасының әжептеуір айырмашылығына (5,0-8,0) және температура өзгерісіне (15-45°С) қарамай жүре беруі мүмкін. Қоректік орта талғамайды. Тығыз қоректік ортада дөңестеу, шеті тегіс, беті жылтыр, диаметрі 2-3мм, күңгірттеу келген сұрғылт колониялар түзіледі. Сұйық қоректік ортада біркелкі лай және шамалы тұнба түзеді. Эндо қоректік ортада колония металл реңді фуксин түсіне боялады. Боялмайтын колониялар түзілетін штаммдарда кездеседі. Левин қоректік ортасында (эозин және метилен көгі қосылған агар) колониялар қоңыр күлгін не қара түске боялады.
Биохимиялық қасиеттері. Ішек таяқшалары қанттарды қышқыл мен газ түзе ыдырататын әр түрлі ферменттер түзеді: арабинозаны, ксилозаны, галактозаны, левулезаны, лактозаны (басқа туыстардан ерекше айырмашылығы), мальтозаны, маннитты, рамнозаны үнемі болмағанмен сахароза мен дульцитті (көбіне дульциттен гөрі сахарозаны), раффинозаны, салицинді, глицеринді, сүтті ірітеді, адонит пен инозитты өзгертпейді. Е. соlі желатинаны сұйылтпайды, мочевинаны ыдыратпайды, әдетте индол түзеді, нитраттарды нитриттерге айналдырады, метилрот реакциясымен оң, Фогес-Проскауэр реакциясымен теріс (ацетилметилкарбонил түзбейді) нәтиже береді.
Төзімділігі. Е.соlі жоғары температураға төзімсіз, 60 °С температурада 15 минутта, 100 °С-та лезде қырылады. Оларды көптеген дезинфекциялауда қолданатын заттар (формалин, фенол, хлорлы әк, күйдіргіш натрий және басқалар) өлімге ыдырайды. Бұдан басқа (көптеген авторлар мәліметтеріне қарағанда) эшерихиялар неомицинге, полимиксинге, ампициллинге, хлорамфениколға, тетрациклинге, нитрофуранды және сульфаниламинды препараттарға сезімтал келеді. Стрептомицинге сезімталдығы оншалықты емес, пенициллинге сезімталдығы жоқ не нашар (клеткаішілік пеницил-линаза шығарады).
Дәрілерді және мал жеміне қосылатын заттарды көп қолдануға байланысты эшерихиялардың негізгі антибиотиктерге және басқа да антибактериялық препараттарға төзімділігі бірте-бірте артып келе жатқаны байқалады. Антибиотиктер мен химиотерапиялық препараттар қолдану салдарынан төзімді штаммдар пайда болады.
1925 жылы A.Gгасіо ішек таяқшасы өсіндісінен басқа гемолитты штаммдар өсуін тежейтін антибиотикалық заттар тапты. Бұл зат ацетон әсерінен тұнбаға түседі және трипсин (тегі протеин) әсерінен ұшырайды. Бұндай заттар эшерихия, дизентерия (қантышқақ) және басқа бактериялар штаммдарынан табылған және колициндер деп аталған. Эшерихиялар колициндерді 24-ке жуық типін шығарады. Колициндер әсерінен ерекшелігін клеткалар бетінде рецепторлар болатындығы, оған колициндер адсорбциялануы арқылы түсіндіріледі.
Індеттік деректер. Колибактериозбен әсіресе өмірінің алғашқы күндері мен апталарында ауыл шаруашылығы малдарының барлық түрінің төлдері ауырады.Торайлар мен қозылардың ауруы ересектеу жасында да –енесінен айырғаннан кейін болуы мүмкін.Аурудың шығуына себепкер факторлардың ролі зор- аналық малдардың толық құнды жем-шөппен азықтандырылмауының әсерінен ұрықтың эмбриональдық дамуының бұзылуы (әсіресе белок, углевод, витаминдер бойынша) және көп мөлшерде қышқыл жем-шөптермен азықтандырылуы (қыспақ (жом),сопасыз сүрлем, мал тұратын қоралар мен туған төлдердің тұрған орындарының, сүт беретін ыдыстардың, науалардың антисанитарлық жәйі және әсіресе уызбен уақтысында қоректендірілмеуі, оның төмен сапалылығы, сонымен қатар осының алдында диспепсиямен, зарарсыз этиологиялы энтериттермен ауыруы.
Инфекция қоздырушының көзі – эшерихииді нәжіс пен несебі арқылы бөліп шығаратын ауру малдар. Ауырып айыққан малдар мен енелері –зардапты эшерихиидің тасушылары да қоздырушының көзі бола алады. Төлдер уызды (сүтті) ішкізгенде немесе емген кезде әуелі ас қорыту жолдары арқылы залалданады. Ауру жұқтыру аэрогендік жолмен кіндік арқылы, іште жатқанда болуы да мүмкін. Көп жағдайда қоздырушы малдың нәжісі және несебімен ластанған азықтар, су, күтуші адамның қолы мен киімдері арқылы беріледі.
Жаңа туған малдың алғашқы уақтылы азықтандырылмауы, ал келешекте жүйесіз азықтандырылуы төлдің науаны, ауру малдардың зарарымен ластанған қабырғаларды және басқа заттарды, сонымен қатар тұрған малдардың терісін жалай бастауға әкеп соғады да,бұл ауру жұқтыру мүмкіндігін жоғарылатады.Аурушаңдық жаппай- бұзаулардың, торайлардың, қоздаудың, құлындаудың маусымына кез келеді. Алдымен әлсіз туған малдар ауырады, одан кейін пассаждау санының көбеюіне қарай қоздырушының вирулентігі күшейеді де, қалыпты жетілген төл ауырады.
Зардаптылығы. Колибактериозla Salmonella және Proteus туыстарына қарағанда кемірек білінеді. Үй және зертхана жануарларында жаңа алынған өсіндіні көп мөлшерде еккенде (өлекседен алынған материал) колибактериоз ауруын тудыруға болады. Зертханалық жануарларға (ақтышқан, үй қояны, мысық күшігі және басқалар) жасалған тәжірибелерден эшерихияның уыттылық дәрежесінде туралы айқын нәтиже жоқ. Бір серотиптің өзінің әр түрлі штаммдарының уыттылығы өзгеріп отырады.
Ақтышқан құрсақішілік, мысық, ит күшіктері ауыз арқылы жұқтыруға сезімтал келеді. Ішек таяқшасының зардапты серотиптері тауық ұрығын өлтіреді, клетка культурасында цитоплазмалық өзгерістер тудырады, бұны диагностика қоюда қолдануға болады.
Ішек таяқшасында энтротропты әсер ететін термостабильді эндотоксин болады. Ол қызбаға ұшыратады, кейін ол ішек-қарын жолында гипотермия, диарея, геморрагия тудырады, соңында лейкопениядан лейкозцитозға айналады.
Жаңа бөлінген өсіндіде термолабильді және термостабильді экзоэнтеротоксиндер табылады. Белгілі дәрежеде күшті гемолизин шығаратын (ішек таяқшасының гемолиздік штаммдары болады).
Зaрдaпты Колибактериозla Колибактериозla кoлицингендік пен антигендік құрылым арасында белгілі байланыс бар (Д. Г. Кудлай және серіктері, 1964). Кейбір елдерде колициогендік эшерихияны типке бөлуде диагностика саласында қолданылады.
Клиникaлық бeлгілeрі. Жасырын кезеңі бірнеше сағаттан 1-2 күнге дейін. Аурудың ауыртпалығы малдың физиологиялық жәйі мен қоздырушының вирулентігіне байланысты болады. Ауырған малдар босаң, қыймылы аз, көп жатады, сүт (уыз) ішуден бас тартады. Дене температурасы шамалы уақытқа 1-1,50 С көтеріледі, қан тамырының соғуы жиілейді, көздің дәнекер қабығы қызарыңқы, нәжістенуі жиі болады.Одан соң көп ауруларда іш өту көрініс береді; нәжісі сұйық, ақшыл- сары түсті, газ аралас,қолайсыз иісті, көбінесе қан және қорытылмаған сүт түйіршіктері аралас.Мал денесінің артқы жағы сұйық нәжіс массаларымен былғанады, аурудың соңғы кезінде нәжіс шығуы еріктен тыс болуы мүмкін. Қарнын қолмен басып көргенде ауырсыну тудырады, ішті тыңдағанда күшейген перистальтикалық шулар естіледі.
Әдетте іш өту байқалысымен дене температурасы қалпына дейін төмендейді, өлер алдында қалыптан да төмендеуі мүмкін, тамыр соғуы әлсіз, дем алуы жиі.Жиі нәжіс шығару салдарынан дененің судан айырылуы дамыйды-буындардың кескіні жақсы білінеді, көз ұясына түсіп кетеді, терісі құрғайды. Аурудың тез дамуымен өлген жағдайда дененің судан айырылуы байқалмауы мүмкін. Аурудың дамуымен тәбет толығымен жойылады,депрессия күшейеді, соның нәтижесінде коматоздық жәй басталып мал өледі.Кейбір малдарда аурудың қайталап көрінуі сыйпат береді; жағдайы жақсарған соң 2-3 күннен кейін клиникалық белгілері қайтадан көрініс береді және аурудың өтуі әлдеқайда ауыр болады.
Колибактериоз шамадан тыс жіті өткенде энтериттің нышаны болмауы да мүмкін.Сепсистің белгілері тез үдейді.Өліммен айақталу колибактериозда өте жоғары болуы мүмкін-егер нәтижелі емдеу дәрілері қолданылмаса 100% дейін жетеді.
Антигендік құрылымы. Колиббактериозды класқа бөлудің Кауфман ұсынған көпшілік мойындаған серологиялық әдісі О, К және Н-антигендер анализіне негізделген.
О-антигендер термостабильді сомалық 100 °С температурада және алкоголь әсерінен ыдырамайды. Химиялық табиғаты жөнінен липополисахарид белокты комплекс болып саналады. Топтық ерекше антиген және клетка қабырғасында болады. Ішек таяқшаларының серотоптарының бір-бірінен айырмашылығы полисахаридтердің углеводтық құрамына байланысты.
К-aнтигендер беткейлік не капсулалы болып бөлінеді, L, А және В деп белгіленеді, Бұлардың көпшілігі қышқыл полисахаридтер, сонымен қатар протеин текті (L-антигендер) не химиялық құрамдары әр түрлі штаммдары болады. L-антигендер термолабильді, 100°С-та 1 сағатта ыдырайды. L -антигендері, бар эшерихиялар лай, мөлдір колониялар түзеді, әлдеқайда токсинды. Тірі культурасын О-қан сарысуы агглютинацияға ұшыратпайды.
L-aнтиген ыдырағанда О-қан сарысумен агглютинабильдігі жақсы білінеді. В-антиген термолабильді, 100 °С-та антигендік қасиеті жойылады, бірақ агглютинабильдігі сақталады. В-антиген ішек таяқшаларының әр типіне тән және патогенді серотиптердің көбінде болады.
A-антиген термостабильді, 100°С-та 2,5 сағатқа шейін ыдырамайды. А-антигенді культура кілегейлі және мөлдір емес, фагоцитозға төзімді. К-антигендер бар екенін көрсеткіші тірі бактериялардың дөңгелек формада О-...
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Материалдың толық нұсқасын 50 секундтан кейін жүктеп алыңыз!!!!


loading...


KZ / Дипломдық жұмыстар жинағы [тегін], дипломдык Мaл төлдeрінің кoлибaктeриoзынa диaгнoз қoю әдістeрін жeтілдіру жумыс дипломдық жұмыс дайын жоба дипломная работа, сборник готовых дипломных работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые дипломные работы проекты на казахском, дайын дипломдык жумыстар жобалар Ветеринария дипломдық жұмыстар, Мaл төлдeрінің кoлибaктeриoзынa диaгнoз қoю әдістeрін жeтілдіру, дипломдык Мaл төлдeрінің кoлибaктeриoзынa диaгнoз қoю әдістeрін жeтілдіру жумыс дипломдық жұмыс дайын жоба дипломная работа сборник готовых дипломных работ на казахском языке скачать бесплатно готовые дипломные работы проекты на казахском дайын д, Дипломдық жұмыс: Ветеринария | Мaл төлдeрінің кoлибaктeриoзынa диaгнoз қoю әдістeрін жeтілдіру дипломдық жұмыс тақырыптары дипломдык жумыс дипломдық жоба тақырыптарыкурстық жұмыс тақырыптары педагогика курстық жұмыс тегін курстық жұмыс курстық жұмыс тақырыптары педагогика курстық жұмыс тегін