Назгүл Кенжетай

 Назгүл Кенжетай

«Kyzylorda-news.kz» ақпараттық агенттігі «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасының ІІ кезеңіне Қызылорда облысынан ұсынылған үміткерлермен таныстыруды жалғастырады.

Назгүл Кенжетай – халықаралық әскери тілші, фотограф-журналист. Оның фотосуреттері BBC ақпараттық агенттігінің сайтында жарияланған, Катар, Түркия және Еуропа елдерінде өткен көрмелерге қойылған.

Түрік бұқаралық ақпарат құралдары Назгүлді Қазақстаннан шыққан тұңғыш әскери тілші әйел ретінде таниды. 23 жастағы бойжеткен босқындардың шынайы өмір салтын көрсету үшін БҰҰ мен ЮНИСЕФ-пен бірлесе отырып, бірнеше рет Түркия мен Сирияның шекарасына арнайы барған. Өзінің айтуынша, мақсаты – Отанынан, түп қазығынан айырылған адамдардың тағдырына әлемнің назарын аудару, сол арқылы бейбітшілікті насихаттау.

- Мен босқын аналар мен сәбилердің тағдырына алаңдаймын. Әлем оларды керексіз етіп, елеусіз қалдырмаса екен деймін. Әлемнің назарын осы бір жағдайға аударғым келді. Ол үшін фотоны таңдадым. Сол арқылы соғыстың көлеңкелі жағын, одан зардап шеккен тағдырларды, босқындар шатырындағы шынайы өмірді көрсетуді қолға алдым. Соғыс салдарынан үйсіз-күйсіз қалған бейкүнә адамдардың жанайқайын үнсіз суреттері арқылы жеткізгім келеді. Бұл – бір мемлекет үшін үлкен күйзеліс. Көптеген экономикалық дағдарыстарға себепші болады, өмір сүру деңгейі құлдырады. Олар 2 доллар үшін кез келген қара жұмысты істеуге әзір. Ал ол тек нанға ғана жетеді. Көшелерде қайыр сұраған кішкентай балалардың санына жету мүмкін емес. Ең алғаш рет қолындағы нанын маған бөліп бермекші болған сәбидің портретін түсірдім. Сол кезде бар жан-тәніммен түсіндім: Бала – бұл әлемнің болашағы. Ал қайыр сұрап, аштықтан, соғыстан әбден титықтап, шарасыз күйге түскен, тағдырдың тәлкегіне тасталған сәбилерді құтқару болашағымызды құтқарумен бірдей", - дейді ол.

Қазір Назгүл Еуропаның жергілікті ақпарат агенттіктерінің Түркиядағы штаттан тыс тілшісі болып қызмет атқарады.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді