Балаларға күлкілі анекдоттар мен әзілдер


Мазмұны:

Түлкі қоянға қоңырау шалады:

- Екеумізге піл сәлемдеме жіберіпті. Ашып қарасам ішінде он апельсин бар екен. Сегізі саған, ал сегізі маған.

- Түлкі, сегізді сегізге қоссам он болмайды ғой?

- Ешнәрсе білмеймін. Сегізін жеп қойдым.

 


Пингвин мен зебра фотографқа келеді. Фотограф сұрайды:

-  Сіздерге суретті түрлі-түсті қылып шығарайын ба?

Зебра айтады:

-  Керек емес, ақ-қарасы да жеткілікті.


Қоян кинотеатрға келіп:

-  Киноның билеті қанша тұрады?

-  Екі жүз теңге.

-  Менде жүз-ақ теңге бар. Өтінемін мені кіргізіңізші. Мен бір көзіммен көремін.


Таңертең Самат жағада балық аулап отыр.

Қасына суда жүзгісі келген Есен келіп:

-  Су калай екен?

-  Керемет! Балықтар тіпті шыққылары келмейді.


-  Әке, сіз маған түсімде кішкентай шоколад сатып алып беріпсіз.

-  Балам, бұзықшылық жасамай, тәрбиелі болсаң, түсіңде үлкен шоколад та сатып алып беремін.


Әкесі мен баласы балық аулауға келді. Әкесі баласына айтады:

-  Балам, маған жеуге нан берші.

-  Әке, мен нанды жеп қойдым.

-  Балам, онда ботқаны берші.

-  Мен оныда жеп қойдым.

-  Олай болса, шылаушындарды да жей сал, үйге қайтайық.


Кішкентай қыз көршісіне келіп:

- Әкем ауырып қалды және құлпынай тосабын жегісі келіп жатыр.

- Тезірек жазылып кетсін. Тосапты қайда салып  берейін? Өзіңмен бірге банка не ыдыс әкелдің бе?

- Қажеті жоқ. Мен осында жей саламын.


Су мен сүт

Бірде Қожанасыр базарға барып сүт сатады.Ыдыстағы сүт азая бергенде үстіне су қосып жіберіп отырады.Алушылар мұны аңдамай сатып ала береді.Осылайша сүттің бәрін сатып болған әпенді базардан шығады.Үйіне қайтып келе жатып өзен жағасында ақшасын санай бастайды.Сол кезде қатты соққан желден қағаз ақшалары ұшып кетіп,өзенге түседі де,қолында тек тиындары қалады.Сонда Қожекең сақалын сипап тұрып:
-Суы-суға кетті,сүттікі қолда қалды,-деп жөніне кете берген екен.


Ақылдың үстемдігі

    Құрылыста істейтін бір жас жігіт күшінің көптігімен және өзінің зеректігімен мақтанып, кез келген адамды сайыста артта қалдыратынын айтып қоймайды. Күнде өзінің осы үстемдіктерін айтып қасындағы әріптестерінің мазасын қашырады. Тағы бірде осылай тәкаппарлығын паш ете бастағанында әріптестерінен бір қарт кісі шыдай алмай: «Жарайды, мен сенімен сайысқа түсемін, бірақ жеңілсең бір апталық айлығыңды маған бересің. Мен мына алдымыздағы ғимаратқа дейін арбаға салып сондай бір затты апарамын, сен оны сол арбаға салып қайтадан осы жерге әкеле алмайсың, келісесің бе?» дейді. «Жарайды ата, келісемін» деп жауаптайды жас жігіт. Қарт кісі арба әкеледі де әлгі жігітке айтады: «Қане, кел мін арбаға!..»


Кім керең

Бір кісі дәрігерге барып:
    - Дәрігер мырза, әйелімнің құлағы естімей қалған сияқты, не істеуге болады?- дейді.
    - Үйге барғанда әйеліңіздің артында, біраз ұзағырақта тұрып, орташа дауыспен оған сұрақ қойыңыз. Егер сізді естімесе жақынырақ барып сол сұрағыңызды тағы қайталаңыз. Қандай қашықтықта еститінін анықтайық, соған қарай бір ем қарастырамыз.
Әлгі кісі үйіне қайтады. Асхананың есігінде тұрып орташа дауыспен:
    - Ханым, кешкі асқа қандай тамақ жейміз?- дейді.
Әйелі жауап бермейді. Ол жақынырақ келіп тағы да сұрайды:
    - Ханым, кешкі асқа қандай тамақ жейміз?
Әйелі тағы да жауап бермейді. Ол жанына келіп тағы қайталайды:
    - Ханым, кешке қандай тамақ жейміз?
Әйелі жауап береді:
    - Үшінші рет айтып тұрмын ғой саған, котлет!..


Жастар

- Мына жастарды түсіну қиын болып кетті, қарашы мыналарға. Анау тұрған қыз еркекке ұқсайды ғой?
- Иә, ұқсайды. Өйткені ол қыз емес, менің ұлым.
- Ой, кешірерсіз. Әкесі екеніңізді білмей қалыппын!
- Тағы қателестіңіз. Мен әкесі емеспін, шешесімін...


Араша

    Қожа керілдесіп тұрған екі жігіттің үстінен шығып қалып, арашаға түсіп, бірін жетектеп ол жерден алып кетеді.
Ызадан қалшылдап келе жатқан жігіт былай шыға бере:
    - Қожеке, сен арашаламағанда әлгінің жағын айырып жіберетін едім, - дейді кіжіне сөйлеп.
    - Пайданы білмейді екенсің, - деп ұрсыпты Қожа сонда әлгі жігітке, - оның жағын жұдырығыңғды ауыртып айырғанмен ол саған бір теңге де бермейді. Сен одан да менің отынымды жарып, балтамен-ақ айырып бер. Шайлық ақша таппағаныңды көрейін.


    Иномарка!

    Жүргізушілік куәлігін жақында ғана алған бір адам судай жаңа микроавтобус сатып алады. Алғашқы жұмысқа шыққан күні жолаушыларды толтырып жолға шығады. Автобусты қатты айдаған шопырға соңғы қатарда отырған бір қарт кісі былай дейді:
    – Сәл ақырын айда, балам! Жол апатына ұшырап жүрмейік!
    – Ата, сіз мына маркалы автобусты білесіз ба?
    – Жоқ, білмейді екенмін балам.
    – Олай болса, жөніңізге қарап отырыңыз! Жұмысыма араласпаңыз!
Бір бұрылыстан өте қатты жылдамдықпен бұрылғанда, әзер дегенде жол апатынан аман қалады. Осы кезде орта жастағы әйелдің дауысы шығады:
    – Әй шопыр бала, өтініш, жай айда! Үйде бала-шағамыз күтіп отыр.
    – Апа, сіз осы маркалы автобусты білесіз бе?
    – Жоқ, қайдан білейін?
    – Олай боса, үндемей отырыңыз! Маған кедергі жасамаңыз!
Автобус өте қатты жылдамдықпен ызғытып бара жатқандықтан барлығының жүрегі аузына кеп тіреледі. Сол кезде жүргізушінің артында отырған бір адам шыдай алмай айқайлап жібереді:
    – Әй шопыр, сен өзің өлгің кеп жүр ма?
    – Аға, сіз осы маркалы автобусты білесіз ба?
    – Иә, білсем, не бопты?
    – Тез айтыңызшы, мұның тежегіші қайда?!..


Жас келін   

    Шалмен кемпірдің жаңа түскен келіні есік алдын сыпырмайды екен. Шалмен кемпір өзара келісіп екеуміз таласайық сен “мен сыпырамын” де, мен “жоқ мен сыпырамын” дейін мүмкін келін ұялғаннан мен сыпырамын дейтін шығар депті. Сөйтіп шалмен кемпір сыпырғыны алып таласа бастапты. Мұны көрген келіні келіп “не болды неге таласып жатырсыздар, бір күн сіз сыпырыңыз, бір күн енем сыпырсын” деген екен.


    Бастықтың тапсырмасы

    Бір адамның қолданып жүрген принтері оғаш дауыстар шығарып, техникалық қызмет көрсету бөліміне хабарласады. Телефон тұтқасын көтерген қызметші тұтынушыға: Ешқандай ақаудың болмағанын, принтердің ластануынан оғаш дауыстардың шығатынын және оны тазалау керектігін айтады. Артынша: «Принтерді тазалау үшін бізге әкеліп ақша төлеп жатудың қажеті жоқ. Принтердің нұсқаулық кітапшасында қалай тазалау керектігін іздеп таба аласыз» дейді. Мұны естіген адам: «Көмектескеніңіз үшін үлкен рахмет. Бірақ техникалық қызметті осылай ауызша айтып, ақысын ала алмайтыныңызды бастығыңыз біле ме? Мұндай жолмен сіздер қалай ақша табасыздар?» дегенде қызметші былай жауап береді:
    – Бұл біздің бастығымыздың берген тапсырмасы. Техникалық ақаулар шыққанда ең әуелі тұтынушыға бұл мәселеден қалай құтылу жолын айтып, телефонмен кеңес береміз. Тұтынушы өзі жөндеуге кіріскені үшін, осы арқылы жөндеудің бағасы ілгеріде одан да қымбатқа түседі.


Медосмотр

    Медициналық тексеру кезінде жас жігіт әскерге жарамсыз болу мақсатымен көз дәрігеріне кіреді. Дәрігер тақтайшадағы әріптерді көрсетіп сұрайды:
    - Мынау қандай әріп?
    - Қай әріп?
    - Мына тақтайшадағы әріптерді айтып тұрмын, көрмей тұрсың ба?
    - Қандай тақтайша?
    - Міне мына қабырғадағы ілулі тақтайша.
    - Ол жерде қабырға бар ма не?
Ақыры әскерге жарамсыз болып шығады. Сол күні кешке әлгі жігіт кинотеатрға барады. Кино бітіп жарықтардың қосылуымен жанына қараса, күндіз өзінің әлгі қабылдауында болған дәрігерді көріп қалмай ма?! Дәрігер де оны танып қояды. Дәрігер енді сөйлей бастағанда, жігіт бірінші болып дәрігерден сұрайды:
    - Кешіресіз ағай, қателесіп мінбеген сияқты едім ғой, бұл Айнабұлаққа баратын автобус емес па?


Дүниеде жоқ бір күн

    Қожанасыр мата бояу жұмысымен айналысып жүрген кезінде, өзін әзілкеш деп ойлайтын бір кісі Қожанасырға бір мата алып келіп былай депті:
    – Қожеке, бұл матаны дүниеде жоқ бір түске бояшы.
    – Дүниеде жоқ түс деген ол қандай түс?
    – Қызыл емес, қара емес, жасыл емес, сары да емес, көк те емес, дүниеде жоқ бір түс,- депті әзілкеш.
    – Мейлі, сіздің айтқаныңыздай етіп бояйын.
    – Қашан келіп алып кетсем болады?
    – Дүниеде жоқ бір күні. Яғни дүйсенбі емес, сейсенбі емес, сәрсенбі емес, бейсенбі емес, жұма емес, сенбі де, жексенбі де емес, осы күндерден басқа бір күні келіп ал кет!


Қанша метр

    Тәкаппар бір адам жамағаттың арасында аяғын созып, керіліп отырған еді. Мұны көрген Қожанасыр да оған қарай аяғын созып алады. Бұған тәкаппар адам ашуланып, айғайлай бастайды:
    - Өй, сенің есекпен қандай айырмашылығың бар өзі, маған құрметсіздік жасап жатырсың ғой?- дейді.
Қожанасыр дереу өзімен әлгі адамның арасындағы қашықтықты өлшеп:
    - Есек пен менің арамдағы айырмашылық 3 метр,- деп жауап берген екен.


Қолшатыр

Бір күні бір кісі базарға шығып бара жатқанында әйелі қолшатыр алуды ұмытпауы үшін қайта қайта ескертіп: «Қолшатыр алуды ұмытпа! Маған бір дана ал, өзіңе бір дана анама және балаларға да бір-біреуден ал» дейді. Күйеуі қалаға қатынайтын автобусқа барғанша ұмытып қалмау үшін «Қолшатыр, қолшатыр» деп іштей қайталап барады. Автобусқа мінген кезінде де ойында тек қана қолшатыр тұрады. Оның осы ойға шомғаны соншалық, түсер кезде біреудің қолындағы қолшатырға қолын созып ұстап тұрып қалады. Қолшатырдың иесі түсінбей, артына қарағанында, есін жиып кешірім сұрамақшы болады, бірақ ол естімейді. Қаладағы жұмыстары біткен соң, бірнеше зонт сатып алып автобусқа мінеді. Жолда әлгі қолшатырынан ұстаған кісі де сол автобусқа мінеді. Ол өзінің қолшатырын мықтап қолтығына қыстырып, күлімдеп былай дейді: «Ооо достым! Бүгін жұмысың жақсы жүрген сияқты ғой.» Сірә мұны қолшатыр ұрысы деп ойлап қалса керек. 


Сағат бес болды

Жақында үйленген ерлі зайыптылар араздасып, ренжісіп қалады. Бір-біріне еш сөйлемей жүреді. Бірдеңе айтуға мәжбүр болған кезде сөздерін қағазға жазып жүреді. Бір күні кешкісін күйеуі: «Мені таң ертең сағат 5 те оятасың ба?» деп жазады. Күйеуі ертеңіне сағат 8 де тұрып қараса, әйелі: «Тұр, сағат 5 болды» деп жазып қойған екен.


Кімге бермекші

Үйіне жүгіріп кірген бала анасына:

- Анашым 100 теңге бересіз бе?-дейді.
- Оны қайтесің балам?
- Бір кәрі апаға берейін деп едім.
- Өй жарайсың балам! Дұрыс, қайырымды болу керек! Ол кісі қай жерде?
- Мына көшенің бұрышында, балмұздақ сатып отыр.


Чемпион

Бір жас жігіт көл жағасына барып шомылмақ болады. Көлге түсер алдын киімдері ұрланбауы үшін қағазға «Бұл киімдер ауыр салмақтағы кәсіптік бокс чемпионының киімдері» деп жазып киімдерінің үстіне қойып кетеді. Біраз уақыт жүзіп қайтып келсе, киімдерінің ұрланғанын көреді. Киімдерінің орнындағы қағазда: «Бұл киімдерді ұрлаған адам жеңіл атлетика, яғни марафон жарысының чемпионы» деген мәтіндер жазылған болады. =)


Жоғалған кілт

Қожанасыр бір күні кілтін жоғалтып алады. Бақшада іздеп жүргенінде әйелі:

– Кілтті қай жерге түсіріп алған едіңіз?-деп сұрайды. Қожа:

– Қай жерге түсіргенімді білсем іздеп жүрер медім?- депті.)))


Оңай оқу

Көзілдірік тағу арқылы оқу оңай болады деп естіген бір кісі көзілдірік сататын жерге келеді. Сатушысының берген әр көзілдірікті тағып көріп: «Жоқ...», «Бұл да болмады...» деп, алдындағы газетке қарап басын шайқап тұрады. Шаршап шыдамы таусылған сатушы: «Сіз өзі әріп танитын бедіңіз, оқи аласыз ба?» дейді. Сонда әлгі кісі сатушыға таңдана қарап: «Оқи алатын болсам көзілдірікті қайтем» деген екен.    

Класта қазақ әдебиеті сабағы өтіп жатыр. Апайы:
- Кім айтады? Барлық тілдердің негізі, бірақ ол тілде ешкім сөйлемейтін тілге кім мысал келтіреді?
Арман:
- HTML.


Мектепке баруды бірі ұнатса, екіншісі тез бітірсем екен деп тілейді. Алайда ұстаз бен шәкірт туралы жеңіл әзілдер барлығыңызға ұнайды деген ойдамын.
1. Оқушы сабақ айтып болған соң:
- Мен бұл бағаға лайық емеспін, - дейді.
Ұстаз:
- Ренжімеңіз, бұдан төмен баға жоқ.
2. Ұстаз:
- Балалар, білесіңдер ме, суықта барлық заттың көлемі азаяды, ал жазда керісінше. Кім маған өмірден мысал келтіре алады?
Фариза қолын көтеріп:
- Мысалы, жазғы демалыс қысқы демалысқа қарағанда ұзақ, деп айтқан екен.
3. - Бүгін сабақта жолым болды!
- Қалай?
- Ұстазым мені бұрышқа тұрғызып қойғысы келген еді. Барлық бұрыш бос емес екен.
4. Экзаменнен кейін:
- Тапсырдың ба?
- Тапсырған сияқтымын.
- Не сұрады?
- Өзім түсінбедім. Ағылшын тілінде сұрады ғой.

Жолдаған: Бағдатова Шұғыла Дарханқызы 8 жас
Ақтөбе облысы,Темір ауданы, Алтықарасу ауылы


АҚЫЛДЫ

     Төсек тартып жатқан төреші өлер алдында патшаны шақырып:
- Мен енді өлейін деп жатырмын. Төрешілікті саған тастап кетіп барамын.
- Мен қалайша дауларды шеше аламын?
- Еш уайымдама. Егер алдыңа ақылды адам мен тентек келсе, әуелі ақылдыны тыңда, сосын шешімін соған қарап бер. Егер екі тентек келсе, мәселесін сот төрағалары-ақ шешіп тастайды.
- Жарайды. Егер екі ақылды келсе ше?
- Өй, болмайтын әңгіме ғой. Қырық жылдан бері төреші болып, екі ақылдының келгенін көрмеппін.


     Баяғыда екі жалқау болыпты, жалқаулықтары соншалықты, тіпті еріндерін қимылдатуға да ерінеді екен. Күндердің күні екеуі алма ағашы түбінді жатқанда, бірінің көзі көк алмаға түсіп:
- Алма піс, аузыма түс!- депті. Сонда екінші оған:
- Ерінбей-жалықпай соны қалай айттың? - депті.


Бір студент емтихан тапсырып жатыр.
Мұғалім:
- Екі жыртқыш аңды айт, - депті.
Студент:
- Арыстан, жолбарыс.
Мұғалім:
- Енді 5 жыртқыш аңды айт.
Студент:
- 2 арыстан, 3 жолбарыс....


Бір адам киви алу үшін дүкенге келеді. Қандай жеміс алатынын ұмытып қалады.

Сонда әлгі адам дүкеншіге:

- Маған жүн өсіп кеткен картошка береңізші - депті.


- Қыс болса да жаңбыр жауып тұр, - деген әжесінің сөзін 3 жасар Қайрат іліп әкетіп:
- Аспандағы қар еріп, сонан соң ағып тұрған шығар, - деді.


Мұғалім:
- Табиғаттың негізгі төрт элементін ата! - деді.
Оқушы:
- Жер, ауа, от...
- Енді біреуі қандай? Білмейсің бе? Тамақтың алдында қолыңды немен жуасың?
Оқушы:
- Таптым, сабынмен!


Жирафтың азанда ішкен тамағы асқазанына кешке барады екен. Мойнымен жүргенше қай заман.


Қожанасырдың күнде әр нәрсе сұрап келе беретін көршісі бар екен. Бірде көршісі есегін сұрап келеді.
Сонда Қожанасыр ашуланып:
- Есек жоқ, - депті. Көршісі кетіп бара жатса есегі ақырып жібереді. Көршісі:
- Ау, Қожанасыр есек жоқ дегенің қайда? Есегің қораңда аңырап тұр ғой,- депті. Қожанасыр:
- Шыншыл көршіңе сенбегенде ақымақ есекке сеніп тұрсың ба?- депті


Биология сабағы.
– Өмірбаев, қаңқа не үшін қажет?
– Тері түсіп қалмау үшін апай.


Мұғалім оқушыдан:
- Шыңғыс ханның алғашқы жеңіске жеткен жері қайда ?
- "Тарих" оқулығының 92-бетінде.


- Қыс болса да жаңбыр жауып тұр, - деген әжесінің сөзін 3 жасар Қайрат іліп әкетіп:
- Аспандағы қар еріп, сонан соң ағып тұрған шығар, - деді.


Математика сабағы жүріп жатыр. Айдос ағай Мейрамгүлді тақтаға шақырды.
- Сенің колыңда 8 қалам бар. Оның төртеуін достарыңа бердің, өзіңде қанша қалам қалды? - деді.
- Мен оларға бергенше, үйдегі сіңілілеріме бергенім жақсы ғой, - деді Мейрамгүл.


Мұғалім:
- Қатты зат килограммен, сұйық зат литрмен өлшенеді. Ал арақашықтық немен өлшенеді? - деді.
- Сызғышпен деді оқушы.


Әдебиет сабағы. Оқушылар шығарма жазып отыр. Мұғалім:
- Асан, сен неге қайта-қайта Гүлсімнің дәптеріне үңілесің?
- Жазуын тани алмай жатырмын, апай!


Қармақ салып тұрмызба

    Бiр адам велосипедпен кыдырып келе жатады. Су жағасында демалып тұрганда, қармақ салып тұрған балықшыны байқайды. Жөн сұрамақ болып жанына келедi.
    - Қалай бауырым, қармақ салып тұрмыз ба?
Үн жок. Екiншi рет сұрайды.
    - Қалай бауырым, қармақ салып тұрмыз ба?
Тағы да үнсiздiк. Ашуланып кеткен саяхатшы:
    - Сен не мылқау болып қалғансың ба. Әлде есiң дұрыс емес пе. Солай болса тұр. Осыны айтады да ол көлiгiне мiнiп кетiп қалады. Жүз метр ұзағаннан кейiн балықшы оны қол бұлғап шақырып алады. Саяхатшы алқынып жетедi.
    - Не айтасың?
    - Калай, велосипедпен қыдырып жүрмiз бе?
 


Еркектердің қаны...

Баласы әкесінен:
    - Папа, 8 наурыз неге күнтізбеде қызылмен боялған?
    - Ол біздің еркектердің қаны, балам!
 


Жалықтырмайтын жұмыс

    - Қайда істейсіз?
    - Почтада. Хаттарды мөрлеймін.
    - Әбден жалықтыратын шығар?
    - Жо-оқ, күн сайын жаңа дата.
 


Жазықсыз оқушы

Оқушы мұғалімге:
    - Кез-келген адамды ол істемеген нәрсе үшін жазалауға бола ма?
    - Әлбетте, болмайды!
    - Рас па?
    - Рас.
    - Онда мен үй тапсырмасын орындамадым.


Көргендей боламын

Қожанасырдың қолында өте әдемі жүзікті көрген саудагер досы Қожанасырға былай депті:
    - Қожеке екеуміз бұрыннан доспыз. Жақында қажылыққа барамын, сізді қатты сағынатын боламын. Сондықтан жүзігіңізді маған сыйға берсеңіз, сізді сағынған кезімде жүзікке қарап сізді көргендей болар едім.
    - Мен де сізді сағынатынға ұқсаймын. Ең дұрысы жүзік өзімде қалсын. Жүзікке қараған кезімде, досым сұрағанда бермеп едім деп сізді еске алып тұрамын.


Бәлкім

    Қожанасыр там үстіндегі қардан аяғы тайып жолдың ортасына құлап, орнынан тұра алмай қалған екен. Жолдан өтіп жатқандар жиналып Қожадан жағдайын сұрапты:
    - Мырзам сізге не болды? Неге жерде жатырсыз?
    - Неге тұрмай жатқанымды білгілерің келсе, тамға шығып өз-өздеріңді тастаңдар, сол кезде бәлкім менің тұруым үшін көмектесу ақылдарыңа келіп қалар.


Ұялғанымнан

    Қожанасырдың үйіне ұры түскен екен. Қожа дереу бос сандықтың ішіне жасырынып алыпты. Ұрылар сандықты ашып, ішінен Қожаны көргендерінде таңданысып:
    - Сандықта не істеп отырсыз Қожеке? - деп сұрапты. Қожанасыр дереу:
    - Үйімде сіздерге беретін түгім жоқ болғаны үшін ұялғанымнан сандыққа жасырындым. – деген екен.


Жазғы күн

    Ерлі-зайыптылар демалысында палатка, керек жарақтарын алып табиғатқа шығады. Демалыстарының екінші күні кешкісін жақсылап тамақтанып ұйқыға батады. Бірнеше сағаттан кейін әйелі күйеуін оятады. Күйеуі ұйқысын бөлгеніне ренжігендей болып “Не болды, неге ояттың?” деп сұрайды. Әйелі үрейлі дауыспен:
    - “Жоғарыға қарашы, не көріп тұрсың?” деп сұрайды.
Күйеуі аспанға бір қарап жауап береді:
    - Осыған бола ояттың ба мені? Ал қарадым, миллиондаған жұлдыздарды көріп тұрмын.
    - Жарайды бұлар саған нені көрсетіп тұр?
Әбден ұйқысы ашылған күйеуі кішкене ойланып тұрып былай жауап береді:
    - Теологиялық жағынан қарағанда Аллаһтың құдіретін және өз әлсіздігімді көріп тұрмын. Философиялық тұрғыдан қарағанда аспанның шексіздігін және оның алдында өзімнің түкке тұрғысыз екенімді көріп тұрмын. Астрономиялық жағынан галактикалардың, жұлдыздардың, планеталардың бар екенін көрдім. Ал жұлдыздардың орналасуына қарап арыстан шоқжұлдызына кіргенімізді және сағаттың түнгі 3 болғанын көріп тұрмын. Метеорологиялық тұрғыдан да ертең күннің ашық болатынын көріп тұрмын. Түннің ортасында неге сұрадың бұларды? Жарайды, ал енді сен айтшы, бұл саған нені көрсетіп тұр?
    - Маған палаткамызды ұрлап кеткенін көрсетіп тұр...


Әдепсіз директор

Директор лауазымына отырған әдепсіз бір кісі жүргізушісінен сұрайды:
    – Айтшы шопыр бала! Есекпен шофердың арасында қандай айырмашылық бар?
Жүргізушісі біраз ойланып ұялған сыңай танытып:
    – Білмедім басеке-дейді. Сонда бастығы былай дейді:
    – Есекке “ышша” десең тоқтайды, ал шопырға “тоқта” десең тоқтайды.
Жүргізуші бұған қатты ашуланады, бірақ бастығы болғандықтан ешнәрсе айта алмайды. Біраз уақыттан кейін жүргізуші директордан сұрайды:
    – Бір сұрақ сұрасам бола ма басеке?
    – Иә сұрай бер.
    – Есекпен бастықтың арасында не айырмашылық бар?
    – Таппадым, сен айтшы жауабын!
    – Ант етейін басеке мен де таппадым...


Әңгіме сәлдеде болса

Сауаты жоқ бір шаруа адам бір хатты алып, Қожаға келеді:
    – Мына хатты оқып бересің бе?
Қожа хатты қарап шығады. Қараса ешқандай мағынасы да жоқ, қалай болса солай жазылған бірнәрсе. Хатты қайтарып:
    – Мен мынаны оқи алмадым,- дейді.
    – Мен сенің сәлдеңе қарап, ғалым деп ойласам.
Шаруаның қорлаған сөзіне шыдай алмаған Қожа басындағы сәлдесін оның басына кигізіп:
    – Әңгіме сәлдеде болса, ал сен оқы, көрейін,- деген екен.


Парашют

Бір кісі парашют алу ниетімен дүкенге барады. Парашют таңдап жүріп сатушыға "мына парашют ашылмай қалса не болады?" дейді. Сатушы "ашылмай қалса запастағы парашютты ашасыз" дейді. Әлгі кісі "Ал егер запастағысы да ашылмай қалса ше?" дейді. Сатушы "біздің тауардардың бәрінің гарантиясы бар, қайтып алып келсеңіз, басқасына ауыстырып береміз" деген екен... 


Сараң диқан

     Бір диқан сараңдығымен аты шыққан екен. Бір күні құдықтан су тартып
жатып құдықтың ішіне құлап түседі. «Көмектесіңдер»- деп айқайлағанында әйелі естіп, құдыққа жүгіріп келеді. Құдық ішіндегі күйеуін көріп:
- Сәл шыдай тұрыңыз байеке, қазір егістіктегі жұмысшыларды шақырып келемін сізді шығарып алсын,- дейді.
- Тоқта бәйбіше, сағат қанша болғанын айтшы маған?
- 11:30
- Онда жұмысшыларды қазір шақырма, түскі үзілісте шақыр. Мен
оған дейін жүзе тұрамын.


Жаман әдет

Бір кішкентай қыз басбармағын емуді әдетке айналдырады. Анасы қаншама қой деп айтқанмен қойдыра алмайды. Бір күні қызына:

– Тыңда қызым, бұл әдетің жақсы емес. Егер саусағыңды аузыңа салуды
тоқтатпасаң ісініп-ісініп, кейін жарыласың,- дейді.

Анасының сөзінен қатты әсерленген қыз, бұл әдетін тоқтатады. Бір күні
үйіне бір семіз кісі қонаққа келеді. Әлгі қыз келген қонаққа қарап:

– Аға сіздің не істегеніңізді білеміз. Әлі де кеш емес, қолыңызда мүмкіншілік барда бұл жаман әдетті тастасаңыз жақсы болады,- депті.


Сауда-саттық

Қожанасыр базардан бір келі алма сатып алмақ болады. Сатушының таразыдан жегенін көріп:

– Кем өлшеп, толық ақша алмақпысың, мұның не?- дейді. Сатушы езуін тартып:

– Ауыр болып, сізді көтеріп жүруге қиналмасын дегенім ғой!- деп жауап береді. Бұған Қожекең:

– Олай болса, Міне ақшаң, санауда қиналып қалмасын деп мен де саған ақшаны кемітіп бердім!-дейді.      


Бірінші сыныптың оқытушысы:
- Ал, балалар бүгін «Ш» әрпін өтеміз,
«ш»-дан келетін қандай аттарды
білесіңдер? - дейді.
Тып-тыныш болып қалған сыныптың
артқы партасында, қолын көтерем
ба, көтермейін ба деп отырған бір
оқушыдан,
- Ой, айналайын сен білесің-ау деймін,
айтып жіберші дейді.
Әлгі бала :
- “шыбын”, -депті,
Мұғалім:
- Жақсы-жақсы деп қолпаштап,
көтермелеп жібергені сол, әлгі бала тағы
қолын көтеріпті,
- Кәне тағы айтып жібер,- десе.
Әлгі бала:
- “Тағы бір шыбын”,- депті.


Қорқынышты баға

Баласы қобалжыған дауыспен анасына:

-       Анашым! Анашым! Тез жүгіріңіз, әкем есіктің алдында құлап түсті. Қолында бір квитанция, ал жерде үлкен бір пакет жатыр,- дейді.

-       Ее, түсіндім. Демек дүкеншілер тапсырыс берген шубамды әкелген ғой. 


Назар тартатын айла

       Бір жас жігіт мотоциклмен Мексиканың шекара бекетіне келеді. Арқасына асынған екі үлкен сөмкені көрген шекара сақшысы күмәнданып, ішінде не бар екенін сұрайды. Әлгі жігіт: «Ішінде жай ғана құм.» дейді. Сақшы: «Қане, ашшы көрейік!» дейді. Жігіт сөмкелерді ашады. Шекара қызметкерлері сөмкенің барлық жағын ақтарып қарайды, бірақ құмнан басқа ештеңе таба алмайды. Шекара сақшысы сөмкелерді қайтарып беріп,  шекарадан өтуіне рұқсат береді. Бірнеше күннен кейін әлгі жігіт мотоциклде арқасындағы екі сөмкесімен тағы да шекараға келеді. Сақшы әлгі жігітті тағы тоқтатып, сөмкесін ақтарады. Ештеңе таба алмаған соң жігітті жібереді. Бұл жағдай сақшы зейнетке шыққанға дейін жалғасады. Бір күні зейнеткерлікке шыққан сақшы паркте отырғанында әлгі жігітті көріп сұрайды: «Сенің қаншама жылдардан бері бірдеңе ұрлап жүргеніңді білемін. Айтшы, не ұрлайтын едің, арамызда қалады.» Жігіт күлімдеп: «Мотоцикл» деп жауап береді.   

 


Репортаж

Жол апаты болған жердің айналасын бір топ адам қоршап алады. Жиналған адамдарды көрген тілші, машинасын тоқтатып, апаттың жанына барады. Болған апатты бейнетаспаға түсіріп, ең бірінші болып эфирге шығару үшін адамдардың арасынан өтпекші болады. Адамдардың тым көптігінен арасынан өте алмайды. Дереу қулық жасап: «Жол беріңдер! Жолды ашыңдар! Мен апатқа ұшырағанның баласымын!» -деп жылай бастайды. Адамдар дереу шетке тұрып, жол береді. Тілші жақындап барып қараса, машинаның қарсысында үлкен бір есек жан таласып жатқан екен.


Сәлемдеме

    NASA алдағы уақытта ғарышқа жіберетін ғарышкерлерін жаттықтыру үшін оларды жерінің қыртысы айдың бетіне қатты ұқсайтын “Туба сити” деген жерге жіберіпті. Аталған жерге келген ғарышкерлер жаттығуларын бастап жібереді. Сол маңдарда “қызыл тәнді” (индеец) қарт кісі немересімен бірге қой бағып жүрген екен. Қойшы ағылшынша білмегені үшін немересі арқылы бұл өзгеше киімді адамдардың кім екенін сұратыпты.
    NASA-ның маманы «Ол адамдар айға ұшатын ғарышкерлер, мұнда жаттығу жүргізіп жатыр» дегенде қойшы «Олар арқылы айға бір сәлемдеме айтып жіберсем бола ма?» деп сұратыпты немересінен. Бұл ұсынысты өте керемет ой деп тапқан NASA маманы қарияның сәлемдемесін үнтаспаға басып алады. Жазып біткеннен кейін баладан атасының сәлемдемесін ағылшыншаға аударып беруін сұрайды. Бала былай деп аударыпты:
    «Бұлардан абай болыңдар! Бұлар жерлеріңді алуға келді!»
 


Машина дәметкен әйел

Күйеуі әйелінен сұрап жатыр:
    - Сүйіктім, туған күніңе не сыйлайын?
Әйелі:
    - Маған үш секундта 100-ге дейін жететін нәрсе сыйлашы.
Күйеуі ойлана келіп, таразы сыйлапты.


-Кеше ойнап жүріп 10 теңге тауып алдым.
-Оны не істедің ?
-Тастай салдым.
-Неге?
-Бір нөлі артық екен.


Бір ғалым адам немересіне:
– Әй, балам, мынау менің жазған ғылыми еңбегім ғой. Бұл кітапты қайдан алдың?
– Бүгін университетте керек емес кітаптарды макулатураға өткізіп едік. Сіздікін танып, алып қалдым...


Әжесі бес жасар немересіне айтады:
– Құлыным, қарашы, «бип-бип» келе жатыр.
– Әже, қойшы, қайдағыны айтпай. Бұл BMW 325 қой!


Біреу келіп, Қожадан арқан сұраса керек, Қожа үйіне кіріп, қайта шығады да:
- Арқан бос емес, әйелім ұн салып қойыпты, - дейді.
- Не айтып тұрсың өзің, арқанға ұн сала ма екен? - дейді келген кісі.
- Кісіге бергісі келмегенде, арқанға ұн салып қоюға да болады - депті Қожа


Барсакелмес қорығы туралы не білесің?
Ұстаз сауалына парталас достың бірі былай жауап берді:
– Барсакелмес қорығы... Бұдан бұрын солай болған... Қазір тікұшақпен барып келуге болады...




- Сен бәліш жедің бе?

- Жоқ, ол мен емес.

- Тағы жегің келе ме?

- Ия.


Мейрамханаға қоян, қасқыр және түлкі келеді. Даяшы қояннан сұрайды:

- Не тапсырыс бересіз?

- Сәбіз.

Қасқырдан:

- Менің қарным ашса, екеуі мұнда отырмас еді.


Мұғалім оқушыдан сұрайды:

- Адамның қай тісі соңында шығады:

- Жасанды тістер.


Баласы әкесінен сұрайды:

- Әке, неге сіздің көлігіңіз жоқ?

- Балам, көлікке ақшам жоқ. Міне, сен ерінбе, жақсы оқы.Сонда жақсы маман боласын, өзіңе көлік сатып аласың.

- Әке, ал неге сіз мектепте еріндіңіз?


Ағасы тоқаш жеп отыр.Қасына інісі келіп:

- Аға, тоқашыңнан бір тістейінші?

- Бұл тоқаш емес... бұл самса!

- Самсаңнан бір тістетші.

- Бұл самса емес... бұл бәліш!

- Бәлішіңнен бір тістетші.

- Мазамды алмашы, сен не жегің келіп тұрғанын өзін білмейсің!


Екі қасқыр отыр. Сұр қасқыр қарасына айтады:
- Мен жазуды үйрендім!
Қара қасқыр айтады:
- Сөйтіп, не жаздың?
Сұр қасқыр біраз ойланып, былай дейді:
- Білмеймін. Оқуды әлі үйренген жоқпын!


Сатушы кішкентай Айдардан сұрайды:
- Балақай, сені 3 килограмм конфет пен 200 грамм картоп сатып әкелу үшін жібергенге сенімдісің бе?


- Әже, әр жамандыққа жақсылықпен жауап беру керек деген, рас па? – деп, немересі сұрайды.

- Рас, балам, рас.

- Онда маған 50 теңге беріңізші, мен сіздің көзәйнегіңізді сындырдым.


Баласы сұрайды:

- Апа, түтікте қанша тіс пастасы бар?

- Білмеймін.

- Ал мен білемін: диваннан есікке дейін!


Әжесі немересін оятып:

- Балам, ерте тұрсаң ырысың артар.

Немересі оянбайды.

- Құлыным, мысалы, көшеге шықсаң толы әмиян тауып аласың.

- Оданда ерте тұрған адам сол әмиянды жоғалтты ғой, әже.



Мамасы Жанарға:
– Жанар, есіңде болсын, бүгін істеймін деген ісіңді ертеңге қалдырма, – деді. Сонда Бауыржан:
– Мама, ертең жейміз деп қойған торттан неге бүгін жемейміз? – деді.


–  Теңіздің суы неге ащы? – деп сұрапты біреу Қожанасырдан.
–  Теңіздің суы қозғалыссыз бір жерде тұрады, сондықтан ашып кеткен ғой, – депті Қожанасыр.


Әпенді мен Алдаркөсе Ыстықкөл жағалауын айналып жүр екен. Алдаркөсе Әпендіден:
–  Қожеке, мына көлдің суы неше шелек шығар екен? – деп сұрапты.
Әпенді ойланбастан:
–  Осы көлдей шелек тапсаң, бір-ақ шелек шығады, – деген екен.


– Мен жақында есік алдына өрік шыбығын отырғыздым. Жеміс берген кезінде бәріңді өрікке сылқитып бір тойғызбақшымын, – дейді Қожа жолдастарымен отырғанда.
– Ой, рахмет, Қожеке. Осы тәтті лебізіңнің өзіне өрік жегендей тойып қалдық, – деген олардың сөзін естіген Қожа:
– Өрікке тойып қалсаңдар, отырғызған шыбықтарымды жұлып тастап, алма ағашын отырғызайын. Бұған да мерзімінен бұрын әлгіндей тойып қалсаңдар мені тер төгіп еңбектенуден құтқарар едіңдер, – дейді.


Қожекең бірде бояу шеберханасын ашады. Шеберханаға келіп-кетіп жатқандардың бірі Қожекеңді мұқатпақ болып:
– Қожеке, мына бір затты ешкім естімеген, ешкім көрмеген яғни, қара да емес, ақ та емес, көк те емес, қызыл да емес, сары да емес, жасыл да емес, қоңыр да емес, сұр да емес, бір түске бояп берші, – дейді.
Қожанасыр оның кекесінін түсіне қояды:
–  Жарайды, айтқаның болсын, тастап кет.
–  Қашан келейін? –  дейді анау, қулығын асырдым деп мәз болып.
–  Қашан келсең де өз еркің. Бірақ сен келетін күн дүйсенбі де, сейсенбі де, сәрсенбі де, бейсенбі де, жұма да, сенбі де, жексенбі де болмасын, – дейді сонда Қожанасыр.


Хат

    Қожанасыр бір досына хат жазып жатқан кезде біреу артынан келіп жасырын түрде оқи бастайды. Мұны байқап қалған Қожанасыр: «Сүйікті досым, тағы көп нәрсе жазатын едім. Бірақ тәрбиесіз біреу хатымды оқып жатыр» деп жазады. Мұны көрген артындағы адам:
    - Аға маған неге тәрбиесіз деп айтасыз. Мен сіздің хатыңызды оқып жатқан жоқпын ғой!- дейді. Қожа да жауапты тауып айтады:
    - Оқымаған болсаң саған тәрбиесіз дегенімді қайдан шығардың. Мен оқыған адам үшін айттым.


Тауып айтылған жауап

Қожанасыр бір мейрамхананың алдына тауарларын жайып қойып сауда жасап жатқанында, мейрамхананың иесі Қожанасырға:
    - Қожеке, әр күні мейрамхананың алдында тамақтардың иісінен пайдаланасыз, мұның ақшасын төлеуіңіз керек!- дейді.
    - Тамақтың иісіне де ақша төлене ме?
    - Иә, менің тек қана палау мен мантыларыма ғана емес, олардың иістеріне де ақша төлейсіз, әйтпесе қазыға барып сөйлесеміз.
Екеуі бірге қазыға барады. Қазы:
    - Ал Қожеке, бұған не айтасыз?-дейді.
    - Дұрыс, депті Қожа. Тамақтардың иісінен аузымның суы құритыны рас, бірақ әр күні санаған ақшамның дауысын естіген бұл кісінің ойына ақша келетіні де рас. Ендеше тамақтың иісіне ақшаның дауысымен төлеп, бұл есепті жабайық...


Ішті күйдіреді

    Қожанасыр бір танысының үйіне қонаққа барады. Үйдің иесі тұрып қалған нан мен бір табақ бал алып келеді. Қожанасыр, қатқан нанға тісі өтпегеннен кейін, балды қасықпен алып жей бастайды. Оны көрген сараң үй иесінің көзі шыға жаздап:
    - Ойбай абайлаңыз! Бал нансыз желінетін болса адамның ішін күйдіріп жібереді,- дейді.
Қожанасыр балды жеп бітірген соң:
    - Кімнің іші күйіп жатқанын бір құдай біледі,- деген екен.


Дұрыс өлшеді ме?

    Бір ауылда көре алмаушылық етуімен, қырсықтығымен танымал болған біреу бар екен. Әр нәрсеге қарсы шығып, наразылық білдіреді екен. Ауылдағы адамдарға көмектескенді жақсы көретін бір бай кісі, кедейлерді тамаққа шақырады. Жеп, ішіп болғаннан кейін: «Әр қайсысыңа бір-бір қап 40 келілік бидай дайындап қойдым. Мына жұтшылық, тапшылық заманда оларды үйлеріңе апарып, бала-шағаларыңмен азық етіңдер!» дейді.
    Кедейлер қаптарын арқалап кетер кезде үй иесіне алғыстарын айтып, игі дұға етеді. Ал әлгі қырсық былай дейді:
    «Көреміз әлі, бидайларды дұрыс өлшеп салды ма екен?»


Аңшы

    Бір аңшы достарымен әңгіме барысында былай дейді:
    - Арыстан аулағанды ұнатамын. Бірақ еш қолға түсіре алмадым. Өткенде бір мүмкіндігім болды. Арыстанның алдына шығып оны нысанаға алып, енді мылтықтың шүріппесін баспақшы едім,- деп Аңшы біраз тұрып, сөзден кідіріп қалды. Тыңдап тұрғандар да қатты қобалжып, бәрі бір ауыздан сұрайды:
    - Айт, айтсаңшы! Не болды содан кейін?...
    - Сол мезетте цирктің басшысы қолыма жабысып, «Сен не істеп жатырсың?» демей ме?


Ұйқысы келіп жатыр

Түннің ортасында төменгі қабаттағы бала есікті қағып:
    - Әкем магнитофоныңызды сұрап жатқан еді,- дейді.
    - Не істейсіңдер? Ән тыңдайсыңдар ма?- деген сұраққа бала былай жауап береді:
    - Жоқ, әкем ұйықтағысы келіп жатыр!...


Мен ба?

Сот кінәлідан сұрайды:
    - Атың кім?
    - Менің атым ба?
    - Иә сенің атың?
    - Мұрат.
    - Әкеңнің аты кім?
    - Менің әкемнің аты ма?
    - Иә сенің әкеңнің аты?
    - Мақсат.
    - Не жұмыс істейсің?
    - Мен ба?
    - Иә сен?
    - Егіншімін.
    - Жасың қаншада?
    - Менің жасым ба?
Сот ашуланғаны соншалық, өзін ұстай алмай айқайлайды:
    - Жоқ менің жасым?!
Кінәлі иығын жоғары көтеріп, басын екі жақа шайқап:
    - Сот мырза, не айтарымды білмей тұрмын, бірақ 50-55 жастан үлкенге ұқсамайсыз!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
Пікір жазу
Пікірлер 1
  1. Оқырман Айша
    Оқырман Айша 26.05.2023 23:09
    2 + 1 -
    Түк те қызық емес
    Екен