Жігіттің басынан шерте аласың ба?

 Жігіттің басынан шерте аласың ба?

Екі жігіт кинотеатрда киноның бастағанын күтіп отыр екен. Бір кезде алдыңғы орынға бір тақырбас жігіт келіп отырыпты. Бірінші жігіт екіншісіне айтыпты:
- Давай 500 теңгеге бәстесейік, сен ана жігіттің басынан шерте алмайсың!
Екінші жігіт сәл ойланып:
- Жарайды келістік.
Екеуі солай бәстесіпті. Бір кезде әлгі жігіт тақырбастың басынан шертіп қалып:
- Ау Бәке қанша ай, қанша жыл өтті қайда жүрсің?
Тақырбас жігіт артына бұрылып:
- Кешіріңіз сіз қателесіп тұрсыз!
Біраз уақыт өткеннен кейін бірінші жігіт тағы да досына:
- Екінші рет тағы шерте аласың ба? Бұл жолы 1000 теңгеге бәстесейік,
- Жарайды бәстесейік, тағы шертіп көрейін.
Алгі жігіт тақырбастың басынан тағы да шертіп тұрып:
- Ау Бәке неге мені ақымақ қылып отырсың, шашыңды алып тастағаныңмен қоймай мені танымайсың?
Тақырбас жігіт жынданып орнынан тұрып алдыңғы қатарға өтіп кетіпті, екі жігіт мазамды алмасын деп.
Бірер минуттан соң:
- Үшінші рет шерте аласың ба бұл жолы 2000 теңгеге бәстесейік?
- Жарайды келістік.
Әлгі жігіт тақырбасқа қарай жақындап барып тағы да басынан шертіп тұрып:
- Ой Бәке сен осында отыр екенсің ғой, ал мен болсам ана жақта жарты сағат бойы сен деп ойлап басқа жігіттің мазасын алып отырсам...

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі
» қазақ тілі тестілеуде_келген_сұрақтар_зерттеуші
» Наурыз мейрамы Қазақстанда жаңа форматта тойланады