1 қыркүйек - білім күні. Не киемін?

1 қыркүйек - білім күні. Не киемін?

Ертең күллі оқушылар қауымының көптен күткен күні - 1 қыркүйек. Жаз бойы демалып үлгерген оқушылар, тіпті студенттер жаңа оқу жылын дұрыс бастап, сәтті өткізуді қалайды. Әрине көптен көрмеген достарының алдында жаңарған бейнемен, әдемі көрінуге тырысады. Ертең мектебіне не оқу орнына не киетінін әлі шешпеген жастарға мына мақала көмек болмақ.

Әрине 1 қыркүйек үшін дәстүрлі киім - іскерлік стильдегі ақ-қара түстегі белдемше не шалбар мен жейде. Алайда бұл кейіпті де жаңаша етіп көрсетсе болады. Осыған қоса пиджак киіп көріңіз. Жейдені орамалмен не галстукпен әшекейлесеңіз болады.

1 қыркүйек - білім күні. Не киемін?

Студент қыздарға бір жағынан іскерлік, екінші жағынан жастарға сай ойнақы стиль таңдауға кеңес береміз. Бұл тек киімнің ғана емес, сондай-ақ аксессуарлардың да әсері екенін ұмытпаңыз.

1 қыркүйек - білім күні. Не киемін?

Ақ түсті жейдені 11 жыл киіп шаршаған студенттерге кеңес: ақ түстің орнына ашық, пастель түстерінің бірін таңдаңыз. Аяқ-киім, сөмке сияқты аксессуарлардың түстерін де сәйкес қылып кисеңіз, тіптен нағыз сәнқой атанасыз.

1 қыркүйек - білім күні. Не киемін?

Ақ пен қара үйлесімінен шаршадыңыз ба? Ендеше олардың орнын ауыстырыңыз. Қара түсті жейде мен ақ шалбар не белдемше ерекше жарасады. Кереғар түсті аяқ-киім мен сөмке де сізді сәнді екеніңізді көрсетеді.



Ал мектеп оқушыларының арнайы формасы болған жағдайда ұстаздарының жүйкесін жұқартпай сол формасын киіп баруына кеңес береміз. Ерекшеленемін десеңіз аяқ-киім, сөмке, басқа да аксессуарларды сәйкестендіріп таңдаңыз. Әрине іскерлік стилін таңдаған дұрыс.











Шаш сәніне де көңіл бөлгеніңіз дұрыс. Шашты түйіп, жиек кисеңіз болады. Макияжда ашық түстерді таңдағаныңыз жөн.





1 қыркүйектеріңіздің ұмытылмастай болып өтуіне тілектеспіз!

Дайындаған: Сания Аринова, дереккөзі

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі
» қазақ тілі тестілеуде_келген_сұрақтар_зерттеуші
» Наурыз мейрамы Қазақстанда жаңа форматта тойланады