Үйленудің 5 түрі

Үйленудің 5 түрі

Өмір болған соң үй болып, отбасын құрудың түрлі формалары көрініс тауып жатады. Адам өмірінде екеу болып, шаңырақ көтеруді маңызды іс деп білеміз. Бірақ отау құрғандардың жүз пайызы да махаббаттың әлегіне түспей-ақ үйлене салады. Некенің қиылуы үшін махаббат қана керек емес деп біледі. Бүгінгі қоғамда үйленудің қандай жолдары бар? Қандай себептер некеге апарады?

Сезіммен үйлену

Бұл – ең маңыздысы. Әсілінде, адам біткеннің бәрі көңілдерінің жарасып, сезімдерінің байланғанынан үйленсе керек-ті. Бірақ сезіммен бас қосып жатқан адамдар көп те, аз да емес. Сезіммен үйленудің үлесі көп. Сезіммен бас қосқандарды көбіне тұрмыс жағдайы, әлеуметтік орны секілді басқа да жағдайлары қызықтырмайды. Олардың махаббаттағы жеңісі – неке.

Есеппен үйлену

Сезім жоқ жерде, сана тіріліп өзінше сайран салады. Сөйтеді де некені саудаға салғандай өз есебінше өмір сүреді. Есепке құрылған отбасындағы екеудің біреуі – әлденені көксейді. Оның материалдық дүние болуы әбден мүмкін. Есепке құрылған отбасының барлық шешімі саналы түрде шешіледі. Сезімнің жетегінде кетіп, есірмейді.

Ақылмен үйлену

Ақылдың көмегіне жүгініп, өмірлік шешім қабылдағандардың отбасы сезім мен есептің көмегіне жүгенгендерге қарағанда әлдеқайда берік болады. Өйткені олар үйленбей тұрып-ақ өздеріне қандай мінезді адам үйлесетінін, кіммен бірлесіп өмір сүре алатынын, отбасы болғанда қандай қиыншылықтар мен келеңсіздіктер туындайтынын алдын-ала бағдарлап, ойланып алады. Сөйтеді де, шешім қабылдайды. Ақылмен отбасын құрғандарда уақыт өткен соң өкіну сезімі аса көп бола бермейді.

Амалсыз үйлену

Амалдың жоғынан үйленуге шешім қабылдағандарда есеп те, сезім де, ақыл да жоқ. Олар үйлену керек болған соң ғана үйленуіне тура келгендігін айтып, ақталады. Бірақ сонда да кейбіреуі қыз таңдап, біраз жүріп алады. Амалсыз үйленетіндердің көбінде қиялындағы қыздар кездеспей күйдіреді. Сондықтан біразы амалсыз «дұрыстау» бір қызды ала салады.

Мәжбүрлі түрде үйлену

Қандай да бір қысыммен мәжбүрлі түрде үйленетіндер үшін шешімді өзге біреулер шығарады. Бұл көбіне қыз балаларының өмірінде кездеседі. «Алып қашудың» құрбанына айналып, барған жерінің табалдырығын кері аттауға ары жібермегендіктен, танымайтын немесе сүймейтін жігітінің қасында қалып қояды. Мұндай үйлену түрінің кейде жақсылыққа да апаратыны рас.

Дайындаған: Ақерке Әбілхан, дереккөзі

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!