Химияның негізгі стехиометриялық заңдары 1-сабақ (Химия, 10 сынып, I тоқсан)

 Химияның негізгі стехиометриялық заңдары 1-сабақ (Химия, 10 сынып, I тоқсан)

Пән: Химия
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Стехиометрия
Сабақтың тақырыбы: Химияның негізгі стехиометриялық заңдары 1-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 10.1.1.1 химияның негізгі стехиометриялық заңдарының тұжырымдамасын, қолдану аясын атау: зат массасының сақталу заңы, көлем қатынастар заңы, Авогадро заңы;
Сабақтың мақсаттары: Оқушыларға химиялық негізгі заңдары мен оның қолданылуы туралы білімдерін қалыптастыру;
Оқылатын заңдар табиғаттың жалпылама заң болып табылатынын көрсету.

Оқушылармен амандасу.Оқушыларды түгелдеу.
Сыныпта ынтымақтастық орнату. Слайдта төмендегі сурет көрсетіліп, оқушыларға тақырыпты болжауға уақыт беріледі.

Кейін оқушылармен сабақ мақсаты болжанады!

Сабақтың басында біз сіздермен жеке тапсырма көмегімен өткен тақырыпты қайталайық.

Егер, кім дұрыс жауап берсе сол кісі өзіне топ құрады. Жалпы топ саны 3 болады. Бірінші партадан кубиктерді лақтыру арқылы бастайсыз.
Сандар Сұрақтар

Индекс қайда қойылады және ол нені білдіреді?

Реагент дегеніміз не?

Өнім дегеніміз не?

Коэффициент қайда қойылады және ол нені білдіреді?

Химиялық теңдеуге анықтама беріңіз.

Моль дегеніміз не? Химияда оның маңызы қандай.

Проблемалық сұрақ: Химиялық реакция барысында өнім массасы реагент массасымен салыстырғанда өзгере ме?
Бұл сұраққа жауап беру үшін келесі видеоны қараңыз.
Видео-эксперимент: Мысты қыздыру.
Қорытынды: Колбаның массасы қыздырудан кейін өзгермейді. Зат массасы реакциядан кейінде өзгеріссіз қалды.
Бәріміз бірге зат массасының сақталу заңын құрып көрейік. (оқушыларға топта талқылауға уақыт беріңіз, талқылағаннан кейін бағалау карточкасы арқылы өз-ара бағаланады (қосымша 1))
Зат массасының сақталу заңы: реакцияға қатысқан заттардың массасымен реакциядан кейінгі түзілген заттардың массасы тең болады.
Зат массасының сақталу заңы химиялық реакцияны теңестіруде қолданылады.
Кім бірінші. (Жұптық жұмыс).
Берілген реакцияларды теңестіріңіз!

І топ
5 л сутек қ.ж. қанша молекуландан тұрады?
ІІ топ
5 л оттек қ.ж. қанша молекуландан тұрады?
ІІІ топ
5 л азот қ.ж. қанша молекуландан тұрады?
Оқушылар жауаптарын тақтаға жазғаннан кейін не байқағандарын сұраңыз.
Қане бәріміз бірге Авогадро заңын құрып көрейік. (оқушыларға топта талқылауға уақыт беріңіз, талқылағаннан кейін бағалау карточкасы арқылы өз-ара бағаланады (қосымша 1))
Авогадро заңы: бірдей жағдайда алынған кез-келген газдардың бірдей көлемінде бірдей молекулалар саны болады.
Авогадро саны – бір моль заттағы бөлшектер саны; NA = 6,02∙1023 моль–1.
Молярлық көлем – бір моль кез-келген газдың қ.ж. көлемі (температура 273 К, қысым 101,3 кПа); 22,4 л∙моль–1.

Мына суретке қарап көлемдік қатынастар заңын құрыңыз.
(оқушыларға топта талқылауға уақыт беріңіз, талқылағаннан кейін бағалау карточкасы арқылы өз-ара бағаланады (қосымша 1))
Егер химиялық әрекеттесу газтектес заттардын катысуымен жүрсе, онда көлемдік қатынастар заңы қолданылады. Оны француз ғалымы Гей-Люссак бірдей жағдайда (температурада ж\е қысымда) реакцияеа қатысқан газдардыц көлемдерінің және сол реакцияда тузілген газтектес өтмдердің көлемдерінің өзара қатынастары — кішкентай бүтін сандар........


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 869



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!