Еңбек құқығы | Жеке еңбек шарты еңбек құқығының негізгі институттары

 Еңбек құқығы | Жеке еңбек шарты еңбек құқығының негізгі институттары

Кіріспе
Жеке еңбек шарты еңбек құқығының негізгі институттарының қатарына жатады. Оның әлеуметтік рөлі, бәрінен бұрын, еңбек бостандығын, түрі мен мамандық таңдау бостандығын, еңбекті ұйымдастыру және қолдану өрісіндегі негізге алынатын құқықтар мен бостандықтарды жариялаған Қазақстан Республикасының Конституциясының 24-бабымен анықталады. Әлемдік практикада еңбек шарты еңбек бостандығын жүзеге асырудың жалпы мойындалған және ең жақсы заңдық формасы болып табылады, оның шеңберінде, бір жағынан - әркімге өзінің деген ынтасымен қабілетін жүзеге асыруына, екінші жағынан – жұмыс берушінің өз өндірісінің сипаты мен ерекшеліктеріне сәйкес өзінің жұмысшы күніне деген сұранышын қамтамасыз етуге мүмкіндік туады.
Құқықтық мемлекет жағдайында еңбек қатынастарындағы заңдылықты, құқықтық тәртіптілікті және еңбек құқықтары мен азаматтардың міндеттерін құқық қағидаларына сүйене отырып, дамыту керек. Себебі, құқықтық мемлекет деген түсініктің өзі еңбек қатынастарында азаматтарға мейлінше құқықтар мен бостандықтар беруге итермелейді. Бұл аталған құқықтар мен бостандықтар Қазақстан Республикасының Конституциясында нақты көрсетілген. Осы Конституцияның 24-бабына сәйкес әркімнің еңбек ету бостандығына, қызмет пен кәсіп түрін еркін таңдауына құқығы бар. Аталмыш еңбек құқықтарын азаматтар Қазақстан Республикасындағы Еңбек туралы заңына сәйкес жеке еңбек шарты мен ұжымдық шарттар негіздерінде жүзеге асырады. Сондай-ақ, осы заңның 1-бабына сәйкес еңбек қатынастары – тараптардың әдетте жеке еңбек және ұжымдық шарттар негізінде белгілі бір еңбек қызметін жүзеге асыруы жөнінде туындайтын жұмыс беруші мен қызметкер арасындағы қатынастар.
Жеке еңбек шарты – қызметкер мен жұмыс берушінің арасында жазбаша нысанда жасалатын екіжақты келісім, ол бойынша қызметкер жұмыс берушінің актісін атқара отырып, белгілі бір мамандық , біліктілік немесе лауазым бойынша жұмысты орындауға міндеттенеді, ал жұмыс беруші қызметкерге жалақысын және заңдар мен тараптардың келісімінде көзделген өзге де ақшалай төлемдерді уақытында және толық көлемінде төлеуге, еңбек туралы заңдар мен ұжымдық шартта көзделген еңбек жағдайларын қамтамасыз етуге міндеттенеді.
І – тарау. Қазіргі кезеңдегі еңбек Заңнамаларындағы жеке еңбек шартының анықтамасы.
1.1. Жеке еңбек шартының түсінігі және ерекшеліктері
Жеке еңбек шарты дегеніміз жұмыскер мен жұмыс беруші арасында жазбаша формада жасалынатын екі жақты келісім, онда жұмыскер белгілі бір мамандық, кәсіп немесе лауазым бойынша, ішкі еңбек тәртіп ережелеріне бағына отырып белгілі бір мамандық, кәсіп, біліктілікпен жұмыс атқаруға міндеттенеді, ал жұмыс беруші жұмыскерге еңбек жағдайы және еңбек заңнамаларында, өзара келісімде көзделеген ақшалай және басқа материалдық төлемдерді нақтылы, уақытылы және толық көлемде төлеп тұруға, жұмысқа қауіпсіздік еңбек жағдайларын жасауға міндеттенеді. Жеке еңбек шарты жұмыскердің жеке басының ерекшеліктері мен кәсіби тәжірибесін, мамандығын ескере отырып, оның өзінше ынта көрсетуіне жағдай туғызуға, тараптардың өзара жауапкершілігін арттыруға, жұмыскердің құқықтық және әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз етуге бағытталған келісімді айтамыз. (Еңбек туралы Заң)
Жеке еңбек шартында тек өзіне тән нысандары мен ерекшеліктері бар. Мұндай нышандардың бірі – шарт мәнінің ерекшелігі - жеке еңбек шартына сәйкес жұмыскер қызметтің белгілі бір түрін, яғни кәсіпті, мамандықты, біліктілікті немесе лауазымды тараптар көрсетілген уақыт аралығында, өндірістің талабына, күрделілігі сапасы мен санына қарай атқарып шығуға міндеттенеді. Кәсіп дегеніміз еңбек құқығының заңнамаларына сәйкес – жұмыскердің өз мамандығын өз біліміне, тәжірибесіне және қабілетіне сәйкес қолдана алатын кең ауқымды еңбек өрісі. Мамандық дегеніміз – белгілі бір кәсіп шеңберіндегі еңбектің тар саласы, бұл жағдайда жұмыскер өз білім – тәжірибесін терең, әрі жан-жақты қолданып, неғұрлым ұтымды пайдалы еңбек ете алады. Біліктілік дегеніміз – жұмыскердің қаншалықты
күрделі жұмыс жасай алу қабілеті. Жұмыскердің біліктілік деңгейі разряд, санатпен, т.б. анықталады.
Жеке еңбек шартына сәйкес жұмыс беруші жұмыскерден оның өзара келісілген еңбек міндеттін ішкі еңбек тәртіп ережелеріне атқаруын талап етеді, тек ерекше жағдайларда ғана жұмыс беруші жұмыскерден келісімде көрсетілмеген жұмысты орындалуын, атқарылуын талап ете алады.
Еңбек міндеті, функциясы туралы келісім жеке еңбек шартын жасасқан кезде жұмыскердің жұмыс берушіден өзіне белгілі бір мамандық, кәсіп біліктілік және лауазым бойынша жұмыс берілуін талап етуіне құқық береді.
Жеке еңбек шартының басқа бір нышаны – жұмыскердің меншік түріне және шаруашылық жеткізудің ұйымдық –құқықтық формасына қарамастан кәсіпорынның өндірістік қызметіне жеке қатысуы. Бұл жағдайда жұмыскер кәсіпорынның жеке құрамына (штатына) келеді, оның жұмысына қамтылады. Жұмыскердің еңбекке деген дара қабілеті жеке еңбек шарты формасында жүзеге асыралатындықтан, бұл жұмыскерді жұмыс берушінің келісімінсіз басқа жұмысқа жіберуге, ауыстыруға жол берілмейді.
Жұмыскердің ішкі еңбек ережелер тәртібіне бағынуын жеке еңбек шартының келесі нышаны болып табылады. Ішкі еңбек ережелер тәртібінің мазмұнына кәсіпорынның ішкі жұмыс тәртібін анықтайтын нормалар кіреді, бұл тәртіп ұжымның үйлесімді жұмыс істеуін, жұмыскердің бірлескен өндірістік қызметін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Ішкі еңбек тәртібінің ережелерін сақтау, орындау жұмыскердің міндеті болып табылады. Бірақ, ішкі тәртіпті құрайтын ережелер кәсіпорынның барлық жұмыскерлеріне тарайды деп ұғынуға болмайды.
Жұмыстарының сипатына және ерекшеліктеріне байланысты бұл ережелер кейбір жұмыскерлерге немесе топтарға қатысты болмауы мүмкін. Мұндай жағдайлар жеке еңбек шартында жазбаша міндетті түрде көрсетілуі тиіс.
Жеке еңбек шартының ерекшелігі – жұмыс берушінің жұмыскерге еңбек ақы төлеуге міндетті екендігі, қауіпсіздік және еңбек қорғау ережелерін сақтау болып табылады.
Еңбекақыда, жалақыда мынадай ерекшеліктер бар:
а) жұмыстың көлемі мен саласына қарай және бір ыңғай өлшемдер бойынша бағалап төлеу;
ә) төлем алдын ала белгіленген нормалар бойынша жүргізіледі;
б) төлеудің негізгі бөлігі кәсіпорынның табыстылығына байланысты емес, ал қосымша бөлігі (сыйақы және басқа төлемдер) кәсіпорынның табыстылығына қандай да бір тәуелділікте болады;
в) әдетте, ақшалай формада төленеді;
ғ) мөлшеріне шек қойылмайды;
д) заңнамада белгіленген ең аз мөлшерден төмен болуға тиіс емес.
Жеке еңбек шарты мазмұнының элементі ретінде еңбек ақы, жалақы жұмыс берушінің күшіндегі заңнамаға, жеке еңбек, ұжымдық шарттарға сәйкес жұмыскердің еңбегіне ақы төлеуі тиіс екендігін көрсетеді (Еңбек туралы заңның 70 бабы)
Жеке еңбек шарттарының жағдайларында кәсіпорынның құпиялық сипаты жеке еңбек шартында көрсетілуі мүмкін. Себебі, шарттық жағдайларын шарттасушы тараптар өздері анықтайтындықтан, оған қандай да бір жеңілдіктер, кепілдіктер, т.б. еңбек жағдайлары көрсетілуі көзделуі мүмкін. Бұл ретте, шарттағы құпияны жария еткендік үшін жауаптылық белгіленеді. Мысалы, қызметтік және коммерциялық құпияны заңсыз әдістер арқылы алған адам, жұмыскер сондай-ақ, жеке еңбек шартын бұзып, ондай құпияларды жария еткен жұмыскер келтірілген залалдың орнын толтыруға міндетті (ҚР ӘК-нің 126 бабы 2б.)
Еңбекті ұйымдастырудың жеке-шарттың формасы экономиканың осы саласының және кәсіпорынның өндірістік қызметінің ерекшелігін ескеруге тиіс. Жеке еңбек шарты соған байланыстырылып жасалады, онда жұмыскерлердің кейбір санаттарының сипаты, ерекшелігі және оларға қойылатын талаптар ескеріледі, сондай-ақ жұмыс беруші мен жалданушының өзара мүдделерінің неғұрлым үйлесуі қамтамасыз етіледі.
Сонымен, жеке еңбек шартында, оған тән нышан, мазмұн, оны жасаудың, өзгертудің және тоқтатудың рәсімдері болғандықтан, ерекше сипат болады. Еңбек қатынастарын реттеудің жеке-шарттық формасының қызметтік рөлін мына негізгі позициялардан көрсетуге болады:
1. Жұмыскер мен жұмыс берушінің өзара мүдделері мен мұқтаждықтарын оңтайлы үйлестіру арқылы азаматтардың еркін еңбекке және жұмыс таңдауға деген конституциялық құқықтарын жүзеге асырудың жаңа тетігін құру;
2. Азаматтардың еңбекке деген өз қабілетін көрсету еңбек ету бостандығы құқығын, сыйақыға және өздерінің мамандығы мен мүдделеріне сай келетін басқа да еңбек жағдайына құқығын жүзеге асырудың тәсілі ретінде еңбек қатынастарын реттеудің жеке-шарттық әдістерін жаппай дамыту және әлеуметтік кепілдіктерге құқыққа ие болу.
3. Шартта көрсетілген жағдайларға сәйкес жұмыскердің құқықтарын, міндеттерін және жауапкершілігін нақтылау арқылы оның кәсіпорынның еңбек ұжымындағы жеке құқықтық мәртебесін белгілеу; жұмыскердің өзіне тапсырылған жұмыс орындағы белсенділігін арттыру мақсатында оның жеке басының жүріс-тұрыс тәртібін, яғни субьективтік құқықтары мен міндеттерін белгілеу және анықтау болып табылады.
Жеке еңбек шартының барлық негізгі, оның ішінде жеке еңбек шартының қосымша жағдайлары бойынша жақтар келісімге келген болса, шарт жасалған болып саналады. Жеке еңбек шарты міндетті түрде жазбаша жасалынады, онда мына мәселелер қамтылады. Еңбек туралы заңның 9-бабына сәйкес:
а) Тараптардың реквизиттері:
Жұмыс беруші – заңды тұлғаның толық атауы және орналасқан жері,
жұмыс беруші – заңды тұлғаның құрылтай құжаттарының мемлекеттік тіркеу мен уақыты;
Жұмыс берушінің немесе оның өкілінің тегі, есімі, әкесінің аты (егер жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе) және қызметі, ал жұмыс беруші – жеке тұлға болған жағдайда оның тұрақты тұрғылықты жерінің мекен-жайы, жеке басын куәландыратын құжаттың атауы, нөмірі, берілген күні;
Қызметкердің тегі, есімі, әкесінің аты (егер жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе), жеке басын куәландыратын құжаттың атауы, нөмірі, берілген күні; әлеуметтік жеке кодының нөмірі (ӘЖК), салық төлеушінің тіркелу нөмірі (СТН);
1. Еңбек міндеті (белгілі бір қызмет, мамандық, кәсіп бойынша жұмыс);
2. Жеке еңбек шартының мерзімі;
3. Еңбек міндеттерін жүзеге асыру басталатын күн;
4. Еңбек жағдайларының сипаттамалары, қызметкерлерге ауыр дене жұмысын немесе зиянды немесе қауіпті жағдайларда жұмыс істегені үшін берілетін кепілдіктер мен өтемақылар;
5. Жұмыс уақыты мен демалыс уақытының режимі;
6. Еңбекке ақы төлеу және еңбекті қорғау жағдайлары;
7. Жұмыс берушінің құқықтары мен міндеттері;
8. Қызметкердің құқықтары мен міндеттері;
9. Жеке еңбек шартын өзгерту, бұзу және ұзарту тәртібі;
10. Өтемақылар төлеу кепілдіктер беру тәртібі;
11. Тараптардың жауапкершілігі көрсетілуі тиіс.
Тараптардың келісімі бойынша жеке еңбек шартына өзге де
жағдайлардың енгізілуі мүмкін (Еңбек туралы заңның 9 бабы).
Жеке еңбек шарты кемінде екі данадан жасалынады, оған тараптар қол қояды. Жеке еңбек шартының қол қойылған бір данасын жұмыс беруші, біреуін жұмыскер алады.
Жеке еңбек шарты жасасу кезінде жалданған жұмыскердің еңбегін төлеудің және оны материалдық ынталандырудың жағдайларын тараптар өзара келіседі және жеке еңбек шартында көрсетеді. Ал, жұмыскердің еңбек табысының мөлшері кәсіпорынның өндірістік – шаруашылықтың және коммерциялық қызметінің нәтижелеріне, табыстарға, қосқан жеке үлестерге байланысты белгіленеді. Жалақының жоғарғы мөлшеріне жалпы ережелер бойынша шек қойылмайды. Осыған байланысты әр кәсіпорында ынталандырудың жеке тәртібін және қызметкерге төленетін сыйақының мөлшерін белгілейтін немесе өзгертетін нақты көрсеткіштердің, сондай-ақ қандай жиілікте төленетіндігін өзінше белгілеген дұрыс. Сонымен қатар жеке еңбек шартында әлеуметтік-экономикалық және заңдық кепілдіктерді, өтемақыларды қарастырған жөн. Атап айтқанда, жеке еңбек шарттында белгіленген жағдайлар жұмыскердің еңбек қатынасындағы құқықтық жағдайын күшіндегі заңнамамен салыстырғанда, ондағы белгіленген жалақының ең аз мөлшеріне, өтемге, басқа да әлеуметтік төлемдерге қарағанда нашарлатып жіберуге жол берілмейді.
Жеке еңбек шартында жақтар күшіндегі заңнамада көзделмеген жеңілдіктерді, қосымша төлемдерді және өтемдерді, оның ішінде ақшалай және заттай төлемдерді белгілеп алады. Сонымен қатар, тараптардың келісімімен шартта жұмыскерді және оның отбасы мүшелерін тұрғын үймен қамтамасыз ету, олардың тұрғын-үйді пайдалануы немесе тұратын орын жалдауы белгіленуі мүмкін.
Жұмыскермен жеке еңбек шартын жасағанда кәсіпорынның алдына қойған нақты мақсатына, сондай-ақ оның материалдық – қаржылық мүмкіндіктеріне сүйене отырып, кәсіпорын жұмысының ерекшелігі, өндірістің салалық өзгешелігі ескеріледі.
Жеке еңбек шартының жобасын жасау кәсіпорынның кадрлар мәселесімен айналысатын қызметкеріне тапсырылады. Жеке еңбек шартында көрсетілген жұмыстың басталу күні қызметкердің еңбек міндетерін орындауының басталуы деп есептеледі. Жеке еңбек шарты белгілі жасқа толмаған және шарт жұмыс берушінің тарапынан тиісті түрде ресімделмеген жағдайларда жеке еңбек шартының күші жұмысқа нақты жіберілген кезден басталады.
Жеке еңбек шартында жақтар күшіндегі заңнамада көзделмеген жеңілдіктерді, қосымша төлемдерді және өтемдерді, оның ішінде ақшалай және заттай төлемдерді белгілеп алады. Сонымен қатар, тараптардың келісімімен шартта жұмыскерді және оның отбасы мүшелерін тұрғын үймен қамтамасыз ету, олардың тұрғын-үйді пайдалануы немесе тұратын орын жалдауы белгіленуі мүмкін.
Жұмыскермен жеке еңбек шартын жасағанда кәсіпорынның алдына қойған нақты мақсатына, сондай-ақ оның материалдық – қаржылық мүмкіндіктеріне сүйене отырып, кәсіпорын жұмысының ерекшелігі, өндірістің салалық өзгешелігі ескеріледі.
Жұмыскермен жеке еңбек шарты жасалғаннан кейін оны жұмысқа қабылдау рәсімі басталады. Жұмыс беруші оның тиісті жұмысқа қабылданғаны жайында бұйрық береді. Бұйрық жұмыскердің назарына бес күндік мерзім ішінде жеткізіледі, ол өзіне хабарланғанын, танысқанын растап қол қояды.
Жұмыскерден жұмыс берушінің талап етуіне құқығы бар құжаттар тізбесі заңнамада көрсетілген. Мысалы, жеке еңбек шартын жасау үшін жұмыс беруші жұмыскердің еңбек қызметін растайтын құжаттарды, жеке куәлігін, зейнеткерлік шартын, 16 жасқа дейінгі адамдардан тууы туралы куәлігін, білімі немесе кәсіби дайындығы туралы құжатты және заңнамда көзделген басқа да құжаттарды талап етуге құқылы.
Жұмысқа тұру кезінде қандай да бір кепілдік болу заңнамда қарастырылған. Өз еңбек құқығын жүзеге асыруда барлық адамға бірдей мүмкіндік беріледі. Жасына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тегіне, мүліктік және лауазымдық жағдайына, тұратын жеріне, діни сеніміне, қай азаматтыққа, қоғамдық бірлестікке жататындығына, жұмыскердің кәсіби шеберлігі мен оның еңбегінің нәтижесіне байланысты емес басқа да мән-жайларға қарай ешкімнің еңбек құқығы шектелмейді және ешкімге қандай да бір артықшылық берілмейді. Еңбек өрісінде өзіне қатысты кемсітушілік фактісі орын алды деп санайтын адам сотқа шағынуға құқылы (Еңбек туралы заңның 4 бабы).
Жеке еңбек шартында тек өзіне тән нышандар бар. Мұндай нышандардын бірі шарт пәнінің өзгешелігі. Еңбек шартына сәйкес жұмыскер қызметтің белгілі бір түрін, яғни кәсіпті,- мамандықты немесе лауазымды, көрсетілген уақыт аралығында, өндірістің талабына сай атқарып шығуға міндеттенеді. Кәсіп дегеніміз - жұмыскердің өз мамандығын өз біліміне, тәжрибесіне және қабілетіне сәйкес қолдана алатын кең ауқымды еңбек өрісі. Мамандық дегеніміз - белгілі бір кәсіп шеңберіндегі еңбектің тар саласы, бұл жағдайда жұмыскер өз білім-тәжрибесін терең әрі жан-жақты қолданып, неғұрлым ұтымды еңбек ете алады. Біліктілік дегеніміз - жұмыскердің қаншалықты күрделі жұмыс жасай алу қабілеті. Жұмыскердің біліктілік деңгейі разрядпен, санатпен, т.б. анықталады.
Жеке еңбек шартына сәйкес жұмыс беруші жұмыскерден оның өзара келісілген міндетті атқаруын талап етеді, тек ерекше жағдайларда ғана ол жұмыскердің атқаруы келісімде көрсетілмеген жұмысты оның орындауын талап ете алады.
Жеке еңбек шартының баска бір нышаны жұмыскердің меншік түріне және шарушылық жеткізудің ұйымдық-құқықтық формасына қарамастан кәсіпорынның өндірістік қызметіне жеке қатысуы. Бұл жағдайда жұмыскер кәсіпорынның жеке құрамына кіреді, оның жұмысына қамтылады. Жұмыскердің еңбекке деген дара қабілеті жеке еңбек шарты формасында жүзеге асыратындықтан, бұл жұмыскерді жұмыс берушінің келісімінсіз басқамен алмастыруға жол берілмейді.
Жеке еңбек шартының ерекшелігі жұмыс берушінің жұмыскерге еңбекақы төлеуге міндетті екендігі.
Еңбекақыда мынадай ерекшеліктер бар:
- жұмыстың көлемі мен сапасына карай және біріңғай өлшемдер бойынша бағалап төлеу;
- төлем алдын ала белгіленген нормалар бойынша жүргізіледі;
- төлеудің негізгі бөлігі кәсіпорынның табыстылығына байланысты емес, ал қосымша бөлігі кәсіпорынның табыстылығына қандай да бір тәуелділікте болады.
- әдетте, ақшалай формада төленеді;
- заңнамада белгіленген ең аз мөлшерден төмен болуға тиіс емес;
- мөлшеріне шек койылмайды.
Жұмыс берушімен келісімге отырған және жеке еңбек шарты бойынша тікелей жұмыс атқаратын, белгілі бір жасқа толған жұмыскер бір жағынан, сол жұмыскер еңбек шартын жасасқан, оған тиісті жұмыс беретін заңды немесе жеке тұлға -жұмыс беруші, екінші жағынан, сол жеке еңбек шартының жақтары болып табылады. Бірақ, еңбектік құкық қатынастары туындау үшін жеке еңбек шартына қатысушыларда белгілі бір заңдық қасиет - құқықтық мәртебе болуға тиіс, ол - жақтардың кұқықтық субъектілігін, жақтардың құқықтары мен міндеттерінің жүзеге асырылуына кепілдікті, еңбек шарты бойынша міндеттеменің орындалуына жауапкершілікті қамтиды. Жұмыскердің жеке еңбек ..........
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!