Мұхтар Шаханов (Жігерлендіру)

 Мұхтар Шаханов (Жігерлендіру)

Сен жыладың, жігітім,
Көп көрдім деп тұрмыстың тапшылығын,
Қайтпады деп жұртқа еткен жақсылығым.
Сен жыладың,
Сезімің жасып ағып,
Кіп-кішкентай балаңды қасына алып.
Қырмызы күнім өтті деп.
Сенгенім сатып кетті деп.
Сен жыладың:
Аңғармай қалдым орды деп,
Қадамым сәтсіз болды деп,
Бір қатты соққы алдым деп,
Бақытсыз болып қалдым деп.
Сен жыладың,:
Мен бірақ селт етпедім,
Білем сені тағдырдың ерке еткенін,
Білем сені - өр көңіл, жомарт едің,
Енді бүгін... қалай бұл кер кеткенің?
Жә, жә, жарар,
Өткен күн оралар ма,
Қарау керек, бауырым, саған алға.
Басындағы бөрік пе,
Орамал ма?
Бөрік болса, ауыс тез басқа күйге,
Көз жасыңды көрсетпе жас сәбиге.
Көз жасыңды көрсетпе, сұранамын,
Әй, әй, жігіт, сен маған ұнамадың.
Жас нәресте көруге тиісті емес,
Әкесінің еңкілдеп жылағанын,
Әкесінің тым күйреп құлағанын.
Ерлік пенен ездіктің жолы қатар
Екеуінің арасы бір-ақ адым.
Көз жасыңды көрсетпе, сұранамын.
Көтер, кәне, басыңды, қалай бұның,
Мұз боп еріп кеткен бе бар айбының?
Көтер, кәне, басыңды,
Күніңді босқа өткізіп пе едің,
Тағдырың неге сыр айтты сараң?
Өмірдің барлық сәтсіздіктерін
Бақытсыздық деп кім айтты саған?
Кім айтты саған:
Тұлпарды сүрінбейді деп,
Асауды мінілмейді деп,
Ақкөйлекті кірлемейді деп,
Қара ешкі мүжіген ағаш
Қайтадан гүлдемейді деп?
Кім айтты саған:
Жұрттың бәрі мейірбан, арайлы деп,
Жұрттың бәрі шындықты қалайды деп,
Биікті ардақтайды деп,
Асылды қорлатпайды деп...
Тоқырау білмес айбыны
Адалдық деген - әлемнің ұлы байлығы.
Бетіне жиған ұятты
Әйтсе де, кейде ол кінәмшіл бала сияқты.
Тірлікте осы баланы
Өкпелететіндер бар да,
Жұбататындар бар.
Жек көретіндер бар да,
Ұнататындар бар.
Арын сатып қорлайтындар бар да,
Жанын сап қорғайтындар бар.
Қиналып бекер алаңдадың-ау,
Ойынды шығар өріске.
Өзің-ақ айтшы ғаламда мынау
Жеңудің бәрі жеңіс пе?
Жігітке арман жеткізіп пе еді
Өз сорын өзі жеңбесе.
Өмірдің барлық сәтсіздіктері
Бақытсыздық емес, ендеше!

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
Пікір жазу
Пікірлер 16
  1. Оқырман Нұргүл
    Оқырман Нұргүл 14.02.2023 23:44
    0 + 0 -
    АҒА! Керемет ақынсыз ғой!!!!!
  2. Еділ Балхашев
    Еділ Балхашев 18.03.2019 08:56
    0 + 0 -
    толық нұсқасы осы ғой?
  3. Ақторғын Басхан
    2 + 0 -
    Мен негізі көптеген ақындардың өлеңдерін оқығанмын.Бірақ ең қатты ұнайтыны М . Шахановтың шығармалары.
  4. Nur-Aidyn Qanat
    Nur-Aidyn Qanat 12.03.2019 08:24
    3 + 0 -
    Ия Мақатаев пен Шахановтың кей өлеңдері ұқсас келеді. Бірақ екеуінің өлеңдерін шатыстырмаңыз. Бұл өлең Шахановтыкі
  5. Didar Galymzhanov
    Didar Galymzhanov 24.02.2018 19:13
    0 + 0 -
    Көкемау, бұл Мұқағали Мақатаевтің өлеңішінде емес пе?
  6. Радиф Валиев
    Радиф Валиев 16.05.2016 11:57
    0 + 0 -
    ттт
  7. Радиф Валиев
    Радиф Валиев 22.04.2016 09:51
    0 + 0 -
    жақсы
  8. Радиф Валиев
    Радиф Валиев 22.04.2016 09:47
    0 + 0 -
    өте жақсы өлең
  9. Айсулу Орынбекова
    0 + 0 -
    Bul olen kuwti aitilgan adamdi jigerlendirp jibered
  10. Культай Какимова
    0 + 0 -
    Тамаша
  11. Гульбаршын Карсыбаева
    0 + 0 -
    Оте керемет олен мағыналы
  12. Гульбаршын Карсыбаева
    0 + 0 -
    Кушти олен мағынасы бар
  13. Aiana Nesipbaeva
    Aiana Nesipbaeva 11.04.2015 14:20
    0 + 0 -
    Оте керемет созим Жок!
  14. Islam Tuieshiev
    Islam Tuieshiev 24.03.2015 15:28
    0 + 0 -
    Айтарга созим жок.
  15. Islam Tuieshiev
    Islam Tuieshiev 24.03.2015 15:26
    0 + 0 -
    унады
  16. Didar Boranbai
    Didar Boranbai 24.02.2015 15:30
    0 + 0 -
    жақсы өлен