👈 қаріп өлшемі 👉

Көзімнің қарасы - Абай Құнанбаев

Көзімнің қарасы - Абай Құнанбаев

Көзімнің қарасы
Көңілімнің санасы
Бітпейді іштегі
Ғашықтық жарасы

Қазақтың данасы
Жасы үлкен ағасы
"Бар" демес сендей бір
Адамның баласы

Жылайын, жырлайын
Ағызып көз майын
Айтуға келгенде
Қалқама сөз дайын

Жүректен козғайын
Әдептен озбайын
Өзі де білмей ме
Көп сөйлеп созбайын.


«Көзімнің қарасы» өлеңінің шығу тарихы

«Көзімнің қарасы...» –Абайдың 1891 ж. жазған өлеңі. Әрқайсысы 4 тармақты 22 шумақтан тұрады. Ақын шығармаларының өзекті тақырыбы - махаббат мәселесі бұл өлеңінде ерекше ыстық сезіммен, Абайға тән шеберлікпен өрнектеледі. Өлеңде ақын аз сөзге көп мағына сыйғызу ниетін көздеген. Ғашығына деген ішкі сезімін де ірікпей айтқан, жігіт сөзінен үзіккен жүрек лүпілі, тағат таптырмай тынышын қашырған, бір ысып, бір суыған іңкәр ниет, алабұртқан көңіл кұйі сезілгендей. Ғашықтық сезім жүрек жарасына айналған, оңайлықпен жазылар емес. Қыз - айтулы сұлу;

«Кең маңдай, қалың шаш, Ақ тамақ, қызыл жүз, Қара көз, имек қас, Қыр мұрын, қыпша бел. Ақын өзі бой тасалап, кейіп- керін алға ұстап сөйлетеді. Жігіт сүйгенін кінәламайды, әдептен озбай наз айтады. Имене сөйлеп «Өзі де білмей ме, көп сөйлеп созбайын?» деп, сабырмен шыдайды. Туынды жігіттің нәумез күйінде аяқталады. Сөйтіп оның тағдыры неболды дегізіп, оқушысын ойға қалдырады.«Көзімнің қарасында»шығыс поэзиясында (Науаи, Физу- ли) көп орын алған үлгілердің әсері де жоқ емес. Бұл өлеңде«тәңір, ие»көп кездеседі. Бұнда жастар махаббатының нақтылы шындығынан гөрі сұлудың көркін мадақтау көп» , - деп жазады М. О. Әуезов (Шығармалар жинағы. 20-т., - А., 1985, 157- б.). ‘’«Пайғамбар сүннеті»’’ сияқты мүсылманшылық жолдары қызға діни сезім арқылы ықпал етуді көздегенімен, мұнда философиялық ой тербету де бар.
Бұл өмірдің өзінде кездесетін қайшылық, яғни қиындықта алланы аузынан тастамайтын, жайшылықта ұмыт қалдыратын қазақы мінез. Өлең бұрын-соңды ешқандай қазақ ақыны қолданбаған 6 буынды қара өлең ұйқасымен өрнектелген. Алғаш рет 1909ж. Санкт-Петербургте жарық көрген «Қазақ ақыны Ибраһим Құнанбайүғылының өлеңі» атты жинақта жарияланған. Олеңнің басылымдарында текстологиялық өзгерістер кездеседі. 1909, 1933 жылғы басылымдарда алғашқы шумақтың соңғы жолы «Ғашқыңның жарасы», 1939, 1945, 1954 жылғы басылымдарда «Ғашықтың жарасы» болып берілсе, 1957, 1977 жылғы басылымдарда Мүрсейіт қолжазбаларына сәйкес «Ғашықтық жарасы» ретінде түзетілген. 1945,1954 жылғы жинақтарда 7-шумақтың жолы «Кең маңдай, қолаң шаш» түрінде жазылса, бұл жол 1957, 1977 жылғы жинақтарда Мүрсейіт қолжазбалары мен 1909, 1939 жылғы басылымдар негізінде «Кең маңдай, қалың шаш»деп жөнделген. Мүрсейіт қолжазбаларында 10-шумақтың 2-жолы «Қараса көз тоймас», 14-шумақтың 4-жолы «Жолыңа берсем аз» делінсе, басылымдарда «Қараса көз тоймас», «Жолыңа берсем де аз» болып берілген. Сондай-ақ 1933,1939, 1945, 1977 жылғы басылымдарда кездесетін 17-шумақтың ‘’«Артықша жаратқан, Алланың рахматы»’’ деген соңғы 2жолы мен 18-шумақтың ‘’«Көрік - тәңір дәулеті, қылса ұнар құрметі» деген алғашқы 2 жолы Мүрсейіт қолжазбалары мен 1909,1954, 1957жылғыбасы- лымдарда ұшыраспайды. Мүрсейіт қолжазба- лары мен 1909 жылғы жинақта 20-шумақтың 4- жолы ‘’«Жүрегім лүпілдеп’’» деп жазылған. Әйтсе де мағынасына нұқсан келмейтін болғандықтан, жұртшылық арасында түсінікті қолдануын ескеріп, кейінгі басылымдарда’’ «Жүрегім лүпілдеп»’’ түрінде алынған. 1954, 1957 жылғы жинақтарда, 8-, 9-шумақ берілмеген.


Көзімнің қарасы өлеңінің видеосы



Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:


Қарап көріңіз 👇



Жаңалықтар:
» Қазақстандағы жеңілдетілген автокөлік несиелері: Автосалондар қосымша қызмет алуға мәжбүрлейді 20.05.2022
» 220-дан астам адам арыз жазған: Алматыда Qnet қаржылық пирамидасына қатысты қылмыстық тергеу басталды 18.05.2022
» Мектепте оқушы зорланды: мектеп директоры мен мұғалімдері соттала ма? 18.05.2022

Пікір жазу

Пікірлер 9

  1. Оқырман Айару
    Оқырман Айару 20.04.2022 23:40
    0 + 0 -
    Керемет !!!!!!❤💐
  2. Нұрғали Таңат
    Нұрғали Таңат 24.10.2021 22:54
    1 + 0 -
    Мә күшті өлен екен
  3. Құстар біздің досымыз
    3 + 2 -
    Құстарды абайлайық
  4. Nurzhanat
    Nurzhanat 23.11.2020 14:38
    4 + 0 -
    Күшті
  5. Alimzhan
    Alimzhan 05.01.2019 09:19
    2 + 0 -
    Абай ата лутши
  6. Alimzhan
    Alimzhan 05.01.2019 09:19
    3 + 1 -
    Абай ата лутши
  7. Алинур Адамбаев
    2 + 0 -
    Друс айтасын
  8. Айза Бакыт
    Айза Бакыт 25.02.2015 18:46
    2 + 1 -
    керемет
  9. Гость Медина
    Гость Медина 19.10.2020 20:40
    2 + 0 -
    Мағжан жұмабаев Балалық шақ туралы олени

Ілмектер: абай құнанбаев көзімнің қарасы өлеңі, абай құнанбаев көзімнің қарасы текст песни, көзімнің қарасы өлеңінің шығу тарихы, көзімнің қарасы әнінің шығу тарихы, көзімнің қарасы шығу тарихы, стихи абая кунанбаева на казахском языке, казакша олен абай кунанбаев, абай кунанбаев стихи на казахском языке скачать, абай құнанбаев өлеңдері скачать, абай құнанбаев өлеңдері, көзімнің қарасы, абай кунанбаев олендери козимнин карасы, козимнин карасы текст на казахском

Келесі мақала, жүктелуде...
Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы