Махамбет Өтемісұлы (1804-1846)

 Махамбет Өтемісұлы (1804-1846)

Қазақ халқының XIX ғасырдағы ең көрнекті ақындарының бірі Махамбет Өтемісұлы 1804 жылы қазіргі Батыс Қазақстан облысының Орда ауданына қарайтын Бекетай құмы деген жерде туып, 1846 жылы қазан айының ішінде жалынды ақын жау қолынан қапыда қаза табады.
Өтемістің он баласы болып, Махамбет Бекмағамбеттен кейінгі екінші бала болады. Жас кезінде хан ордасында тәрбиеленген ақын кейін бөлектеніп кетеді. Халықты, қарашаны қолдаған Махамбет 1829 жылы түрмеге қамалады.
1836 жылы 14 көкекте Исатай мен Жәңгір кездеседі. Ханның қайын атасы Қарауылқожаның ауылын шауып алады.
1837 жылы 2 қарашада хан ордасына қайта атттанады. 1838 жылы 12 шілдеде орыс әскерімен шайқаста, Исатай қаза табады. Ары қарай Махамбет ақынның азапты күндері туады. Орынбор түрмесіне қамалады.
1846 жылы өз үйінде қастандықпен қаза табады. Бейіті Атырау облысы, Индер ауданы, Индер поселкесінен оңтүстік-шығысқа қарай 40 ш.
Ақынның өлеңдері ерлікке, өрлікке арналады. Не үшін соғысып жүргенін айтады. Ел қандай болу керек деген сауалдарға жауап іздейді.
Азаматтың міндетін көрсетеді. Осыған ұқсас «Беркініп садақ асынбай ...» деп басталатын өлеңі де бар. Алғашқыда ерлер ісі жорық пен оның қиындығына шыдау туралы болса, соңғыда жауын жеңу, ерлікпен қасқая соғысу ерлер ісі деп толғайды.
Исатай жолдасын мақтап нағыз ер бейнесін жасайды. Ақынның әр өлеңінде ел үшін, жұрт бақыты үшін қан төккен, сол мақсатқа бел буған ерлер бейнесі жасалса, Исатай ─ сол ерлерді бастаушы, халық үшін жанын қиған батыр, әрі соғыстағы ерліктің, жүректілік пен өрліктің символы да. «Исатай деген ағам бар», «Мұнар күн», «Тайманның ұлы Исатай», «Мінкен ер», «Тарланым», «Исатайдың сөзі», «Мінгені Исатайдың Ақтабаны ─ ай» өлеңдерінде тұтастай ел бастаған ер бейнесі сомдалады. Егер жыраулар поэзиясы XV ─ XVIII ғасырлар шежіресі, сол заман батырларының ерлік дастаны десек, Махамбеттің Исатай туралы өлеңдері ─ сол жыраулар дәстүрінің жалғасы. Үмбетей, Ақтамберді, Бұқар жыраулар Абылай, Бөгенбай, Қабанбай бейнелерін сомдаса, Махамбет Исатайдай ердің биік тұлғасын үлгі етті.
Исатайдан, жерінен айрылып өкінеді, өксиді. Сол күндерін сағынады.
Қызғыш құсқа зар айтады. Құсқа мұңданады.
Махамбет поэзиясы ─ ерліктің, өрліктің поэзиясы. Ақынның асыл сөзінің маржан ырлары ─ жыраулар поэзиясымен үндестігі. Арнау, ханға қасқая сын, мін айту, жауынгерлік рух, батыр бейнесі жаңа үлгіде көрінді.
Махамбет жас шағында Жәңгір ханның қолында болады, бірақ туысынан өр мінез, өжет жанды Махамбет хан сарайында әділетсіздік пен теңсіздіктің куәсі рөлінде ұзақ тұра алмайды, көп кешікпей өзі шыққан халықтың арасына оралады.
Исатай Тайманов бастаған шаруалар көтерілісінің Махамбет ең белсенді ұйымдастырушыларының бірі, жалынды жаршысы болды. Трибун ақынның әлеуметтік өмірге қатынасуының өзі шаруалар көтерілісімен тығыз байланысты еді. Махамбеттің көтеріліске үндеген тамаша шығармаларын шектен тыс езушілік пен теңсіздікті қарсы шықан халық күші туғызды. Демек, ақын толғауларының барлығынан дерлік көтеріліс рухы, елді езгіші хан - сұлтандарға қарсы үндеушілік айқын сезіледі.
Махамбеттің толғаулары түр жағынан алғанда ескі дәстүрді сақтады, дегенмен өзін мазмұны, жалынды пафосы, зор жігері секілді қасиеттерімен қазақ поэзиясына ерекше жаңалықтар әкелді. Кейін ұлы ақынның үлгісін Батыс Қазақстанды мекендеген ақындардың көпшілігі пайдаланды, үйренді.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу
Пікірлер 7
  1. Айдана Сариева
    Айдана Сариева 04.11.2016 10:44
    0 + 0 -
    Бейіті Атырау облысы,Маxамбет ауданында емес! Атырау облысы, Индер ауданы, Қараой деген жерде.Бала күнімізде "Маxамбеттің мазарына" жиі бардық.Киіз үйлер құрылып,Маxамбет оқулары өтетін.Фариза Оңғарсынова, Тұманбай Молдағалиев т.б көрнекті тұлғаларымыз вертолетпен келетін☺️ Маxамбет бабамыздың зираты туралы мәлімет қате жазылмауы керек!
  2. Dinnara Orunbasar
    Dinnara Orunbasar 15.09.2016 17:04
    0 + 0 -
    Дамболсн жазлган????
  3. Баходыр Бакоев
    Баходыр Бакоев 13.11.2015 09:15
    0 + 0 -
    Помогло
  4. Адилям Заитова
    Адилям Заитова 29.10.2015 18:29
    0 + 0 -
    Классно
  5. Айбек Шарипов
    Айбек Шарипов 15.03.2015 17:54
    0 + 0 -
    класс
  6. Айбек Шарипов
    Айбек Шарипов 15.03.2015 17:53
    0 + 0 -
    Класс
  7. Айбек Шарипов
    Айбек Шарипов 15.03.2015 17:53
    0 + 0 -
    кушти

Ілмектер: Қазақша өмірбаян: Махамбет Өтемісұлы, Қазақша өмірбаян, Махамбет Өтемісұлы өмірбаяны, махамбет өтемісұлының өмірбаяны, махамбет отемисулы отемисов омирбаяны, махамбет өтемісұлы биография на казахском, махамбет өтемісұлы туралы қазақша реферат, махамбет утемисов туралы казакша реферат, махамбет утемисов туралы казакша омирбаяны, махамбет өтемісұлы туралы қазақша өмірбаяны, реферат на казахском языке махамбет утемисов, биография на казахском языке махамбет утемисов, биография на казахском языке, махамбет утемисов, реферат на казахском языке, махамбет өтемісұлы туралы, қазақша реферат, махамбет өтемісұлы