Ұлы тұлға

Ұлы тұлға

М.Әуезов — бір туар кесек тұлға, таным-тамырлары терең жайылған күрделі талап иесі. Оның жан сарайын түсінуге тырысу- қазақпын деген әр адамның асыл парызы. Оның өміртанымын, көзқарасын сөз еткенде, Ұлы Абай есімінсіз талдау мүмкін емес. Онсыз Мұқтар тұлғасы толық ашылмайды.

Роман соңында қу өмірде шер-шеменін арқалап, қырық жамау жүрегі соңғы рет соғып жатқанда ұлы адамның былай дейтіні бар:

«Мен өлейін, бірақ сол сан жылдарда сенің желдерің қуып әкеткен гүлдерім, дәндерімнен ұрпақ, нәсіл қалар ма?»

Сол зарға жауап ретінде Дәрмен аузымен сөз айтылады: «Абай аға, қадірлім! Ол дәндерің өлген жоқ, жойылған жоқ. Рас, бұл күнде бір апаға біткен дүм тоғай болмасын. Үлкен бақ боп тұрмасын… Бірақ ен дала, мол сахараның бойында ол дәндерің өсіп келеді… Көп өсіп, көктей өсіп келеді…»

Өсе бермек күн санап та, жыл санап… Сол үшін де өз өмірімде, өле-өлгенше асыл сөзіңді сақтармын, ата тәрбиеңді ақтармын, ағажан!» — деп үн қатып серт етеді. Сол дән — Мұхтар болатын. (148 сөз)


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу
Пікірлер 1
  1. Кажмуратова Гульмира Камидолловна
    0 + 0 -
    Эссе
    Тақырыбы: Мұхтар Әуезов – Ұлт мақтанышы

    Мұхтар Әуезов – қазақ халқының ұлы жазушысы, ғалымы және қоғам қайраткері. Ол өз еңбегімен ұлттық әдебиетті жаңа биікке көтеріп, қазақ руханиятының дамуына өлшеусіз үлес қосты.

    Әуезовтің әлемге әйгілі «Абай жолы» роман-эпопеясы – қазақ халқының өмірін, тұрмысын, салтын және ұлы ойшыл Абайдың тұлғасын терең бейнелеген ұлы туынды. Бұл шығарма арқылы қазақ әдебиеті әлемдік деңгейге көтерілді.

    Мұхтар Әуезов әрқашан елін, жерін сүйген, ұрпаққа өнеге болған тұлға. Оның шығармаларындағы басты идея – адамгершілік, білім мен әділдікке ұмтылу, туған елге адал қызмет ету.

    Мұхтар Әуезовтің мұрасы – мәңгілік. Ол – ұлттың мақтанышы, қазақ сөз өнерінің асқар биігі. Оның есімі халқымен бірге мәңгі жасай береді.

    Орындаған: Линник Сафия, 4-сынып
    «Балаларды қолдау орталығы», Ақкөл қаласы

Ілмектер: қазақ тілі Ұлы тұлға диктант по казахскому языку казак тили, қазақ тілі диктанттар жинағы, қазақ тілінен диктанттар жинағы, қазақ тілінен диктант жазу, диктанты по казахскому языку, диктанты на казахском языке, диктант казак тили сабагында казакша, диктант казак тилинен, Ұлы тұлға, қазақ тілі мұхтар әуезов диктант по казахскому языку казак тили, мұхтар әуезов, мухтар ауэзов туралы диктант казакша, мұхтар әуезов туралы диктант