Поиск по сайту

По Вашему запросу найдено 116 ответов (Результаты запроса 1 - 50) :

Сәкен Сейфуллин өмірбаяны

Сәкен Сейфуллин (1894-1938 жж.)

Сәкен Сейфуллин 1894 жылы бұрынғы Ақмола облысы Ақмола уезі, Нілді болысының Бірінші ауылында (қазіргі Жезқазған облысы, Жаңаарқа ауданы) туған.
Өмірбаяндар (биография)
Толық

Қазақстан азаматтық қарсыластық жылдарында (1917-1920 жылдар) (Қазақстан тарихы, 9 сынып, І тоқсан)

Пән: Қазақстан тарихы
Ұзақ мерзімдік жоспардағы тарау: 9.1А ХХ ғасырдың басындағы Қазақстан
Сабақ тақырыбы: Қазақстан азаматтық қарсыластық жылдарында (1917-1920 жылдар)
Осы сабақта қолжеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 8.3.1.2 XX ғасырдың басындағы Қазақстандағы қоғамдық-саяси процестерге баға беру
Сабақ мақсаттары: Қазан төңкерісінің орнауына қатысты Қазақстандағы оқиғаларды біледі және өткен кезеңмен салыстыра отырып өзгерістер мәнін анықтайды.
Тарихи дерек көздердің объективтілік деңгейін бағалайды.
Қазақстандағы қоғамдық–саяси үдерістерді біледі......
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық

Халықаралық құқық

Халықаралық құқық тарихынан екі диаметралдық қарама-қайшы теориялар белгілі. Әмбебап құқық мирасқорлық теориясы ХVІІ-ХІХ ғасырларда пайда болған. Бұл теорияның мәні субъект-мирасқордың барлық құқықтар мен міндеттерді толық көлемде мұраға алуынан көрінеді. Бұл теорияны Г.Гроций енгізген болатын. Ал келеңсіз теория XX ғасырдың басында пайда болды. Оның өкілі А.Кейтс болды, ол халықаралық құқықтың жаңа субъектісінің бұрынғы субъектісіне ешқандай қатысы жоқ деп есептейді. Осы теорияның бірқатар жүйесі де болды. Ол: tabula rasa теориясы - "таза тап теориясы" мен "мінсіз бедел теориясы" еді. Құқықмирасқорлықтың қазіргі жағдайында қарастырылып отырған теориялардың бірде-бірі дәлел таппай отыр. ....
Рефераттар
Толық

Тәуелсіздік туралы шығарма жоспарымен

 «…Уақыт қарқыны зымыран. Күні кеше өткен сияқты уақиғалар бүгінде тарих беттеріне айналып та үлгірді. Бұл жаңа мемлекет пен жаңа қоғамның дүниеге келуінің азапты толғаққа толы, сонымен бірге ғаламат сәті еді. Сол сәт әлі аяқталған жоқ, бірақ ең қиын белестерден аса білдік. Ең қиын жылдар дәл қазір артымызда қалды, сондықтан да мен еліміздің еңсесі биіктей беретініне сенемін.»

(Н.Назарбаев)

Жоспар:
Кіріспе
Жаңа ғасырға аяқ басқан жаңа Қазақстан.
Негізгі бөлім
1.Тарих беттерін парақтасақ…
2.Ұмтылмайды Желтоқсанның ызғары.
3.Менің бар бақытым-қасиетті Отаным.
Қорытынды

Қазақстан тәуелсіздігі мәңгілікке.
Адам баласы, адамзат қоғамы қашанда алдағы болатын оқиғаны әрі аңсай, әрі абыржи тосқан ғой. Әсіресе, ғасыр, мыңжылдық сынды,тарихта өшпес ізі қалатын межелі кезеңдер таянғанда қатты қобалжығаны рас. Үшінші мыңжылдыққа аяқ басу үшін де бір ғасыр бойы дұрыстап әзірленіп, әр қилы милленаристік қозғалыстарды бастапты. Сарыуайымшылдар қауымы: «Киелі кітапта айтылатын қиямет-қайым деген орнаса, осы жолы орнайды. Жасаған күнәміз,істеген жаман істеріміз шашымыздан да асып кетті. Ол үшін күллі.... 

Шығармалар
Толық

Әдебиет | Міржақып Дулатов

Міржақып Дулатов 1885 жылы 25 қарашада бұрынғы Торғай облысы,Торғай уезіне қарасты Сарықопа болысында,қазіргі Торгай облысының Жанкелдин ауданында, «Қызбел» совхозының жерінде туған.
Әкесі Дулат әжептеуір ескіше оқыған,өз дәулеті өзіне жетерліктей дөңгелек қана шаруасы бар тауфихты адам болса керек.Балаларының үлкені Асқарды әуелі мұсылманша,сонсоң орысша оқытып,заң қызметіне бейімдеп үлгірген Дулат кіші баласы Міржақыпты да сол дәстүрмен әлдегенде ауыл молдасына береді.
Бірақ Жақаңның (Міржақыпты кейін ел осылай атап кеткен) өз айтуынша,екі жыл азап шеккеннен басқа ештеңе ала алмағаннан кейін,әкесі молдадан шығарып алып,ауылдық мектепте орысша оқытатан Мұқан Тоқтабайұлы деген мұғалімге береді.
«Менің алғаш білімге көзімді ашқан сол кісі еді» - дейтін Жақаңның тағы бір сөзі оның өнер - білім жолындағы ұзақ жылдар бойғы жемісті ізденістерінің бастауы дәл сол Торғайдың өз топырағында жатқанын аңғартса керек. ....
Рефераттар
Толық

Торғай облысындағы 1916 жылғы Ұлт-азаттық күрес

Торғай облысындағы көтеріліс ең бұқаралық, ең ұзаққа созылған ен табанды және ұйымдасқан көтеріліс болды. Көтеріліс барлық уездерді: Торғай, Ырғыз, Ақтөбе және Қостанай уездерін қамтыды. Облыста көтеріліс қамтылмаған ауыл немесе елді мекен болмады. Бұл кездейсоқ емес еді. Істің мәні мұнда жұрттың көп жері тартып алынып, аграрлық мәселенің шиеленісуі өте күшті болғандығында еді.
Барлық жерлердегідей көтеріліске түрткі болған 1916 жылғы 25 июньдегі указ болатын. Торғайдың әскери губернаторы М.М.Эверсмин «құрметті ақсақалдармен» бірге старшындарды арнайы шақырып алдырды: олар патшалық өкімет орындарын қолдайтынын білдіріп, патша указы орындалады деп сендірді. Либералдық феодалдық-бай интелегенция патшаның отаршылдық әкімшілігінің жетегінде кетті де, патша указын орындауға шақырып ауыл-аулдарды аралап кетті. Алайда олардың әрекетінен ештеңе өнбеді. Еңбекшілердің наразылығы мен ашу-ызасы күннен-күнге ұлғая түсті.
Торғай облысының әскери губенаторы М.М.Эвераменға қазақ еңбекшілерінің қару алып, жаппай көтерілгендігі туралы хабарлар күнбе-күн түсіп жатты. Көтерілісшілер почтаға шабуыл жасады, темір жол табанын бұзып, болыс басқармаларын ойрамдады, болыстарды өлтірді. Көтеріліс бүкіл облысты қамтыды. Оған жұрт арасында танымал халық батыры Аманкелді Иманов басшылық етті. Ол 1873 жылы Торғай уезінің Қайдауыл батысындағы ауылдардың бірінде, кедей шаруаның семьясында туған еді. Әкесінен ерте айрылған Аманкелді байлардың етегінде жүріп, бала күнінен-ақ жоқшылық пен мұқтаждық көрді.
Аманкелді Имановтың ұйымдастырушылық қабілеті халық көтерілісінің алғашқы күндерінен бастап-ақ айқын көрінді. Ұшы-қиырсыз Торғай даласының барлық түкпірлерінде көтерілісшілер отрядтары құрылып, барлық түкпірлерінде көтерілісшілер отрядтары құрылып, оларға Байқоңыр руднигінің Шоқпаркөл тас көмір кен орындарының және Орынбор – Ташкент темір жолының жұмысшылары келіп қосылып жатты. ....
Рефераттар
Толық

Табиғат қорғау

Табиғат — адам баласының тіршілік тынысы әрі таусылмас қазынасы. Адам табиғаттың туындысы ретінде біте қайнасып, өміріне қажетті азық корын алады. Алғашқы адамдар табиғат ресурстарын тұрпайы күйінде пайдаланып келді. Бертін келе, саналы түрде шаруашылықпен айналысып, өсімдіктерді баптап өсіріп, жануарлардың кейбір түрлерін колға үйретті.
Адам баласының саны артқан сайын табиғат байлықтарын пайдалану еселеп өсті. Енді бос жатқан жердің, судың иесі табылып, одан әрі жер мен оның байлығы үшін талас-тартыс өрбіді. Осының бөрі табиғатқа бүрын-соңды болмаған шығын әкелді. Алғашында табиғат қорлары сарқылмайтын сиякты көрінгенімен, бірте-бірте оның қоры таусыла бастағанын адам баласы сезінеді. Мысалы, дүние жүзіндегі орман қоры 40 млн км2 деп есептесек, оның соңғы 150 жыл ітттінде 35% -ы кесілген екен. Кейін адамзат кауымдастығы табиғатты қорғау қажет екенін түсіне бастады. Ол үшін табиғат корларын есепке альш, оларды тиімді пайдалану керектігін үғынды. Табиғат қорғау туралы маңызды құжаттар кабылданып, оның ғылыми негіздері қаланды.
Табиғат қорғау дегеніміз — тірі (өсімдіктер әлемі мен жануарлар дүниесі) жөне өлі (топырак, су, атмосфера, жер койнауы, климат, т.б.) табиғатты корғау, тиімді пайдалану және калпына келтіру жөніндегі шаралар кешені. Табиғат корғауға ғылыми түрғыда бағытталған халықаралық, мемлекеттік және қоғамдық ауқымдағы іс-шаралар жатады. ....
Рефераттар
Толық

ЫБЫРАЙ АЛТЫНСАРИН

Ыбырай Алтынсарин - өткен заманның биік тұлғасы, қазақ педагог ағартушысы, жазушы, фольклоршы, этнограф. Қазақ халқын оқу-білімге, мәдениетке үндеп, халық - ағарту саласында көп енбек сіңірген қазақтың, тұңғыш тамаша педагогі. Бірінші қазақ мұғалімі, қазақ даласында бірінші болып қазақ мектебін ашушы, балаларға арналған алғаш қазақша және орысша тілдердегі кітаптардың авторы.


Үміт еткен көзімнің нұры - балам,
Жаныңа жәрдем берсін хақ тағалам.
Атаң мұнда анаңмен есен-аман,
Сөйтіп сәлем жазады бүгін саған.

Атаңды сағындым деп сағынарсың,
Оқуға көңіл бөлсең, басырарсың.
Ата-анаңды өнер білсең, асырарсың,
Надан боп білмей қалсаң, аһ ұрарсың.

Бұл өлеңді Орынборда оқып жүрген жас Ыбырайға атасы Балқожа би жолдаған екен. Оқу - өнердің маңызын жақсы түсінген ол 5 жасар баланы (Ыбырайды 1841 жылы 20 қазанда Қазіргі Қостанай облысының Затобол ауданында туған. Әкесі Алтынсары ерте өліп, атасы Балқожаның тәрбиесінде болған) Орынборда ашылмақ болашақ орыс-қазақ мектебіне жаздырып қойыпты.1850 жылы сол мектеп ашылғанда түскен 30 қазақ балаларының бірі - Ыбырай еді. Ыбырай мектепті "өте жақсы" деген бағамен бітіреді. 1859 жылы Ыбырай Орынбордағы шекаралық комиссияға тілмаш болып ауысады.
1860 жылы орал сыртындағы қазақтар үшін төрт бастауыш мектеп ашуға ұйғарылған кезде, ол өзі мұғалім болуға рұқсат алады. Оның мектебі 1864 жылы ғана ашылады. Онда 14 қазақ баласы оқиды. 1876 жылы Петербург, Қазан қалаларына барады. Осы жылы "Қазақ хрестоматиясын" жазуға кірісіп, осы Орынборда басылады. Қазақтың тұңғыш педагогы, әрі ақын, әрі жазушы қазақ халқын мәдениетке үндеп, халық ағарту мәселесіне көп еңбек еткен Ыбырай Алтынсарин 1889 жылы дүние салған.
Ұлы ағартушы мектеп ашу және оны жақсы мұғалімдермен қамтамасыз ету ісіне баса мән берумен бірге, сол мектептер мен мүғалімдердің хал-жағдайларына, тұрмысына, шаруашылық істеріне де ерекше көңіл бөліп отырған. Бұл жөнінде ол: «Мектептің шаруашылық жағдайлары жаман болса, оның ісі еш уақытта да оңға баспайды, пайдалы еш нәрсе бермейді, оның оқушылары да, оқытушылары да істен күдер үзіп кетеді» деп жазды. Ұлы педагог-ғалымның бұдан жүз жыл бұрын жазған бұл сөздері осы уақытқа дейін өзінің маңызын, актуалдығын жоғалтпай келеді, бәлкім, ол өмір бойы жоғалмас та. Өйткені қазірдің өзінде де халыққа білім беру, мек-теп ашу, оқытушылар дайындау, балаларға сапалы білім, саналы тәрбие беру мәселелері күн тәртібінде тұр. ....
Рефераттар
Толық

Ұлттық мәдениет Мәдениет және оны білдіретін ұғымдар

Ұлттық мәдениеттің ойдағыдай зерттелуі этникалық немесе ұлттық психологияның мәліметтері де тығыз байланысты болып келеді. Нақты тарихи тәжірибе негізінде әрбір нәсілдің, тайпалар мен халықтардың психикалық өмір салтының ерекшеліктерін байқай отырып, "этнопсихология" рухтың не белгіш бір ұлттың қайталанбайтын өзіндік қаситтері жөніндегі Гегелъдің, Гумбольдтың және олардың ізбасарларының философиялық қағидаларына барып тіреледі. Ресейде жекелеген халықтардың, олардың ішінде, орыс халқының мәдени-психологиялық сипаттамасын Н.А.Бердяев тамаша сипаттап берген болатын. Этнопсихологиялық зерттеулер ұлттық мәдениетті жасаушылардың психологиялық ерекшеліктерін есепке ала отырып, кез келген ұлттық мәдениеттің өзіне тән ғана сипатын ашып көрсетуде қомақты табыстарға жетіп отыр. Мысалы: орыс биінің, аргентин тангосының, негрлер музыкасының терең ұлттық мәнін тамаша рухани дүниелерді өмірге келтірген халықтың ұлттық мінезін ескергенде ғана толық түсінуге мүмкіндік алған болар едік.
Халық туралы және қоғамдық факторларға байланысты оның даму заңдылықтары жайындағы демография ғылымының да мәдениеттануға тікелей қатысы бар. Ұлттық мәдениеттің тоқырау немесе оның орны толмас ауыр зардаптарға ұшырауы, қоғамдық саяси-жағдайларға және т.б. тікелей байланысты екендігін дәлелдеп жатудың кажеті бола қоймас, өйткені мың өліп, мың тірілтен қазақ халқының өткен тарихы сөзімізге нақты дәлел бола алады. "Азшылық" халықтардың немесе тұтастай өркениеттердің құрып кету отаршылдықпен, басып алушылықпен шектен тыс қанаушылықпен, табиғат апаттармен, эпидемиялармен, маскүнемдікпен, нашақорлықпен және т.б. тығыз байланысты болды.
XX ғасырда мәдениеттану ғылымының дамып, одан әрі қалылтасуына өзіндік үлес қосқан ғылым салаларына сипаттама беруді аяқтай отырып, тағы бір ғылым саласын ерекше атап өтуді жөн көрдік. Ол-белгілер мен таңба жүйесін зерттейтін семиотика ғылымы. Бұл жас, әрі кажетті ғылым салалсы аз уақыт шеңберінде мәдениеттану ғылымымен біте қайнасып кетті десек қателеспеген болар едік. Семиотикалық тәсіл лингвистика, әдебиет, кино, театр теориясында, қоғамдық ғылымдарда және басқа да ғылым салаларында кеңінен қолданылуы, онымен тіпті информатика мен кибернетика да тамашща үндестік табуда. Демек, мәдениеттанудың басқа ғылым салаларымен өзара сабақтастықта дамуына және "мәдениет" мәселесімен барлық ғылымдардың айналысатындығына қарап. "мәдениеттану жеке пән ретінде бар ма ? деген ой да туып қалуы ғажап емес. Біздің айтарымыз, мәдениеттану-ғылымның жеке саласы ретінде өзінің алғашқы қадамын жасауда, сондықтан оның болашағы да зор болмақ.....
Рефераттар
Толық

Сталинград шайқасы Сталин (Джугашвили) Иосиф Виссаронович

Сталинград шайқасы – екінші дүниежүзілік соғыстағы басты шайқастардың бірі. Ол қорғаныс (1942 жыл 17 шілде – 18 қараша) және шабуыл (1942 жыл 19 қараша – 1943 жыл 2 ақпан) кезеңдерінен тұрады. 1942 жылдың жазында Фашистік Германия мен оның одақтастары Еуропада екінші майданның ашылуын пайдаланып, кеңес – герман майданының оңтүстік қанатына басты соққы беруді ұйғарды. Олар Қызыл Армияны Орелдің оңтүстігінде талқандап, Донбасс, Дон және Кубань экон. маңызды аудандарын алуды, Кавказ арқылы өтетін жолдарды, Сталинградты басып алуды басты мақсат етіп қойды. Жау 1942 жылдың жазында шабуылға шығып, үлкен табыстарға жетті. Тамыздың 23 – інде майдан шебі Сталинградқа келіп тірелді. Сталинград бағытында Германия мен оның одақтастарының қару – жарақтардың барлық түрімен жақсы жарақталған, 6 далалық армиядан құралған 14 дивизиясы тұрды. Қаланы Қызыл Армияның 62 (қолбасшысы – генерал – лейтенант В.И.Чуйков) және 64 (қолбасшысы – генерал – мойор М.С.Шумилов) армияларының бөлімдері қорғады. Қаланы қоршауға шұғыл түрде жұмысшы және халық жасақтары тылдағы бөлімдер ұйымдастырылды. 1945 жылы 25 тамызда неміс әскерлері батыс жақтан Сталинград түбііне жетті. Сталинград майданы құрылып, қалаға тың күштер жіберілді. Қалаға жақын жерлерде қорғаныс шептері салынды. Бұл майданның ерекше маңызын ескеріп, Мемлекеттік Қорғаныс комитеті 12 тамызда Бас штаб бастығы генерал – полковник А.М.Василевскийді, 29 тамызда армия генералы Г.К.Жуковты көмекке жіберді. Гитлершілдер қалаға солтүстік жағынан ғана емес, оңтүстік тұстан да басып кірді. Неміс – фашист әскерлері қаланы шабуылмен алмақ болып, қатарынан төрт рет әрекет жасады. Кеңес әскерлері қыркүйектің басында екі рет қарсы шабуылға шықты, бұл қаланы қорғаушылардың жағдайын едәуір жеңілдетті. Жау әскері біршама шығынға ұшырағанына қарамастан, 13 – 15 қыркүйекте Волга (Еділ) шебінде шабуылды қайта үдетті. Қыркүйектің 15 – іне қараған түнде қорғаушылар жағдайының нашарлағаны соншалық, әрбір үй қамалға айналып, оның әр қабаты үшін табанды күрес жүрді ....
Рефераттар
Толық

Ұлы жұт

1932 жылдың дүрбелеңінен кейін арадағы бірнеше оңжылдықтардан соң, ақиқатқа көзді енді ашып қарап отырмыз. Алайда, ащы шындықтардың құпия сырына үніліп, нақты шығындарын есептеп шығу қиынға соғуда. Оның үстіне бірде-бір архивте, түрлі қорларда бір жүйеге түсірілген деректер жоқтың қасы. Сұрапыл жылдардың куәгерлері естеліктері өткенді танып білудің құнды айғағы екендігі екендігі рас.
Мәселен, осыған орай “Қазақ әдебиеті” газеті жазушы Ө.Қанахиннің “Көрген көзде жазық жоқ” атты естелігін жариялады. Онда жазушы: “қазір мен 65-темін. Ашаршылық жылдары 9 жаста болатынмын. Мен 1931, 1932, 1933 жылдары өзім куәсі болған оқиғаларды айтпай тұра алмаймын.” – деп жазады. 9 жасар жетім баланың көз алдында адамдар, көп адамдар өліп жатады. Балалар үйінде, ол тәрбиеленген жерде 57 баланың екеуі- ақ ажал құрығынан аман өтіпті. Ал, жазушының от басындағы 12 адамнан ашаршылықтан жалғыз оның бір өзі ғана аман қалады. Жазушы З.Ақышев аштық туралы өзінің “Білсін мұны ұрпақтар” деген естелігін жазады. Онда автор: “Бұл зауалға тек қазақ өлкелік партия комитетінің бірінші хатшысы Ф.И Голощекин ғана кінәлі емес. Ол кезде онымен қатар 1925-1929 жылдары екінші хатшы болып О.Исаев, 1930-1933 жылдары И.Құрамысовтар қызмет істеген.”-дей келіп, 1935 жылдың мамыр айында Қазақстан мәдени-ағарту мекемелері қызметкерлерінің съезінде сөз сөйлеген О.Исаев: “Өткен жылдардың қиыншылықтарын әркім әр түрлі түсінеді. Оған кім кінәлі? Қазақ халқының өздері кінәлі. Қазақтар еңбек ете алмайды. Сондықтан, қиындықтарға кезігіп, социалистік құрылыстың қарқынына ере алмай қалды” деп соқты. Сонда, шынымен мыңдаған жылдар бойы көзі еңбекпен ашылған қазақтар айналдырған екі жылдың ішінде жатыпішер, арамтамаққа айналғаны ма?” деп ашына еске алады өткен күндерді жазушы.
Ал, С.Байжановтың “жариялауға жатпайды” атты мақаласы архивтік құжаттарға негізделіп жазылған. Онда Т.Г Невадовскаяның альбомы туралы сөз болады. Москва түбінде тұратын Т.Гаврилованың мамандығы дәрігер-хирург. 1932-1933 жылғы ашаршылық кезінде ол дәрігер әкесі, профессор Г.С.Невадовскиймен Алматы түбінде орналасқан “Шыңдәулет” ауылындағы “союзсахар” аймақтық тәжірибе станциясында жұмыс істейді. 19 жасар қыз сол кезде қазақ арасындағы ашаршылық зардабын бар жан-тәнімен сезіне білген. Оның барлығы да кейіннен өзі құрастырған альбомнан орын алған. Альбомда ашыққандардың 23 фотосуреті, естеліктер, 19 жолдан тұратын “Қазақстан қасіреті” деген өлең бар. ....
Рефераттар
Толық

Пунктуация туралы жалпы мағлұмат

Пунктуация жазуда қолданылатын тыныс белгілерінің құрамын атқаратын қызметтері мен білдіретін мағыналарын және оларды қолдану ережелерін зерттейді. Пунктуация – латынның «пунктум» деген сөзінен алынған. Пунктумның мағынасы – нүкте. Қазіргі уақытта пунктуация тіл білімінің тыныс белгілері туралы, оларды қолдану ережелері ілім деген мағынаны білдіреді. Тіл дыбыстарының таңбалары сияқты, тыныс белгілері де графикалық шартты белгі болып табылады. Бірақ шартты белгі болғандарымен, атқаратын қызметтері жағынан да, қолданылатын орындары жағынан да бұл – екі бөлек категория.
Әріп сөздің және оның формасының жеке дыбыстарын таңбалайды. Сондықтан ол - сөздің бір бөлшегі, жеке бір элементі болып есептеледі, де лексика мен морфологияға байланысты болады, яғни әрбір жеке сөзде қолданылады. Ал тыныс белгісі олай емес. Ол жеке дыбыс түгіл, тұтас сөзбен де беруге болмайтын күрделі ұғымды білдіреді. Мағыналарының күрделілігі жағынан алғанда, тыныс белгілері жазу тілінің көнерек заманында қолданылған пиктографиялық немесе идеографиялық белгілер тәріздес. Қолдану орны жағынан алғанда,тыныс белгілері, әріп сияқты, сөзде емес, сөйлеуде, сөйлемде қолданылады. Сөйлеудің, сөйлемнің қандай бөлшектерден құралғандығын, оларды қандай ырғақпен, қандай мәнермен, қандай сазбен оқу керектігін, қай жерде үзіліс, қай жерде кідіріс барлығын байқату қызметін атқарады. Сондықтан пунктуация сөйлеуге, сөйлемге, яғни синтаксиске, байланысты қолданылатын категория болып табылады.
Пунктуация, емле сияқты, дұрыс жазудың, жазылғанды дұрыс оқып, дұрыс түсінудің құралы.
Пунктуация жазылған мәтіннің мазмұнын, негізгі ойды дұрыс түсінуге, оны мәнерлеп оқуға мүмкіндік жасайды. «Пунктуацияның негізгі қызметі – сөйлемді жазуда ойды беруге қатысты бөліктерге бөлуді нұсқау», - дейді С.И.Абакумов. Яғни пунктуация тілдің басқа элементтері сияқты жазуда ойды дұрыс беруге қызмет етеді. Пунктуацияны игеру – адамның сауаттылық мәдениетін арттырады. Мектеп оқушыларының тыныс белгісін еркін қоюын қамтамасыз ету үшін мұғалімнің пунктуациялық іскерлігі болуы тиіс. Ондай іскерлікті пунктуацияны оқыту оқыту әдістемесі қарастырады.
Пунктуация – адамдар арасында қатынас құралы қызметін атқаратын жазу тілінің маңызды бір саласы. Сондықтан жалпы тіл, қала берді жазу тілі сияқты, пунктуация да жалпы халықтық болып табылады. Оны қолдануда болсын, оқып тануда болсын жалпы халық таныған заң, ережелер басшылыққа алынуға тиіс. Олай болмаған жағдайда, пунктуацияның әрбір белгісінің мәнін, атқаратын қызметтері мен қолданылатын орындарын тануда, білуде жазушылар мен оқушылар арасында бірлік болмаған жағдайда, тыныс белгілері өзінің қатынас құралылық қызметін атқара алмайды. Егер ол жазу практикасында орныққан, көпшілікке танылған заң, ережелерге сай болмай, теріс қолданылса, оқуды, түсінуді жеңілдету былай тұрсын, қайта оны қиындатады, теріс ұғымның, теріс түсініктің тууына себепші болады.
Жазғанды, айтқан ойды басқалар қалай қабылдайды дегенді әр уақытта естен шығармаған жөн. ....
Рефераттар
Толық

Рысқұлов Тұрар Рысқұлұлы 1916 жылғы қайраткердің қалдырған дерегі

Рысқұлов Тұрар Рысқұлұлы 14 (26).12.1894, Верный уезінің Шығ.Талғар болысы, қазіргі Алматы облысында дүниеге келген. 10.2.1938 өмірі қиылады. Кеңес мемлекеті және партия қайраткері. 1917 жылдан Компартия мүшесі болған. Көшпелі кдей шаруаның семьясында туған. Әулиеата уезіндегі 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістің ұйымдастырушысы, Ұлы Қазан социалистік революциясына, Азамат соғысына, Орта Азиядағы, Қазақстан мен РСФСР-дегі социалистік құрылысқа белсене қатысты. Әкесі Рысқұл Жылқайдаров 1904 жылы желтоқсанда патша үкіметінің зорлық – зомбылығына қарсы шыққаны үшін 10 жыл каторгалық жұмысқа кесіліп, Сахалинге жер аударылды. Он жасар Тұрар да верныйдағы түрмеде әкесінің қасында болды. Он екі жасынан Тұрар жалшылықта байдың малын бақты. 1907 жылы ол Қырғызбаев деген жалғанфамилиямен Әулиеатадағы бұратаналарға арналған орысша бастауыш мектепке түсті. 1910 – 1914 жылдар ішінде Пішпектегі (Фрунзе) ауылшаруашылығы мектебінде оқыды. 1916 жылы Тұрар Рысқұлов Ташкенттегі мұғалімдер интернатыга түскенімен, оны аяқтап үлгермеді. Қазақстан мен Орта Азияда ұлт – азаттық көтерілісі бұрқ ете түсті. Әулиеатадағы осы көтеріліске белсене қатысқан Рысқұолвты патша үкіметі сол жылы тұтқынға алды.
Ақпан революциясынан кейін ол қазақ жастарын революциялық жолға жұмылдырды. 1917 жылдың басында Т.Рысқұлов Қырғыз (қазақ) жастарының одағын ұйымдастырып, Әулиеата Советімен тығыз байланыс жасады.
Кеңес үкіметі орнасымен Рысқұлов 1917 жылы қарашадан 1918 жылдың маусымына дейін Әулиеата уездік Совдепі аткомының председателі болды. 1918 жылдың шілдесінен сол жылыдың аяғына дейін Түркістан республикасы денсаулық сақтау халкомы, 1918 жылдың ақырынан 1920 жылдың қаңтарына дейін Түркістан республикасы ОАК пердседателінің орынбасары, 1919 жылғы наурыздан 1920 жылдың ақпанына дейін РК(б)П Мұсылман бюросының председателі, 1920 жылғы қаңтардан желтоқсанға дейін Түркістан республикасы ОАК-нің председателі, сол жылдың аяғынан 1921 жылға дейін Ұлт істері Халық Комиссариатынң Азербайжан республикасы бойынша уәкілі, 1921 жылдан 1922 жылдың қыркүйегіне дейін РСФСР Ұлт істері Комиссариатының қызметкері, коллегия мүшесі және халкомның 2 – орынбасары, 1922 жылдың қыркүйек айынан 1924 жылдың сәуір айына дейін Түркістан республикасы халкомсовының председателі болып жұмыс істеді....
Рефераттар
Толық

Әдебиет | Қазақстанда ұлттық интелекцияның қалыптасу тарихы

Біздің Қазақ тарихымызда көптеген тарихи оқиғалар болып тұрса да өткенімізді ұмытпау болып табылады. Ұлттық инттелегенттеріміз турасында ол интелегенция өкілдерінің қалыптасу тарихы жаңаша интелегенция деп ХІХ ғасырдың 60 жылдарынан бастап Ресей құрамына кіріп біткенен кейін одан алдында білім іздеп елін қараңғы заманна жарық заманға жиелеу мақсатында Білім іздеп ілімді білімді елге жетуге үгіттеген насихаттары текке кетпеді деуге болады. Олар келешек ұрпаққа жол сілтеп заман талабына көпке самғауға, білім мен бірлік керектігін айтып кетсе солар салған ізді жалғастырып елдерді бірлік құшағына шақырып кетті деуге тұрады. Қазақтарға діни сауатқана емес онымен қоса Дүниауи сауаттылық та керек есеп жаратылыс тану барша барлық білімді үйрену керектігі туралы талап армандары арқылы келешек үмітінде кетті деуге болады.....
Рефераттар
Толық

Тарих | ИРАН

(1935 жылға дейін Парсы елі), Иран Ислам Республикасы - Азиянын онт.-батыс бөлігінде орналасқан мемлекет. Жер көл. 1,648 млн. км 2. Халқы 65,2 млн. адам (1999). Халқынын үлттық күрамы: парсылар (51%), эзербайжандар (27%), күрдтер (5%), арабтар, турікмендер, белуджилер, армяндар, еврейлер, т.б. Қала халқы 58,3%. Астанасы - Тегеран қаласы (айналасын қосканда 12 млн-нан астам). Одан басқа Мешхед (1,5 млн.), Исфаһан (1 млн.), Тебриз (852 мын), Шираз (800 мын) сияқты ірі қалалар бар. Ресми тілі - парсы тілі. Мемл. Діні - ислам дінінің шиит тармағы. Иран - діни мемлекет. Елдегі саяси жөне діни билік аятолла Сейд Әли Хаменеидің колында. Президент (1997 жылдан бастап Сейд Мохаммед Хатами) 4 жылға сайланады және Мин. Кабинетін басқарады. Жоғ. зан шығарушы орган - бір палаталы парламснт - Ислам кеңссі жиналысы (меджлис) 4 жыл сайын сайланып отыратын 270 депутаттан тұрады. 1981 жылғы конституциясы бойынша, елде саяси жөне діни емес үйымдарға тыйым салынған. Ұлттық мейрамы 11 ақпан - Революция күні (1979). Ұлттық ақша бірлігі - риал. ....
Рефераттар
Толық

Тарих | Иран Ислам Республикасы

Иран Ислам Республикасы – Азияның оңтүстік-батыс бөлігінде орналасқан мемлекет. Жер көлемі 1,648 млн. км2. Халқы 65,2 млн адам (1999). Халқының ұлттық құрамы: парсылар (51%), әзербайжандар (27%), күрдтер (5%), арабтар, түрікмендер, белуджилер, армяндар, еврейлер, т.б. Қала халқы 58,3%. Астанасы – Тегеран қаласы (айналасын қосқанда 12 млн-нан астам). Одан басқа Мешхед (1,5 млн), Исфаһан (1 млн), Тебриз (852 мың), Шираз (800 мың) сияқты ірі қалалар бар. Ресми тілі – парсы тілі. Мемлекеттік діні – ислам дінінің шиит тармағы. Ислам – діни мемлекет. Елдегі саяси және діни билік аятолла Сейд Әли Хаменеидің қолында. Президент (1997 жылдан бастап Сейд Мохаммед Хатами) 4 жылға сайланады және Министрлер Кабинетін басқарады. Жоғарғы заң шығарушы орган – бір палаталы парламент – ислам кеңесі жиналысы (меджлис) 4 жыл сайын сайланып отыратын 270 депутаттан тұрады. 1981 жылғы конституциясы бойынша, елде саяси және діни емес ұйымдарға тыйым салынған. Ұлттық мейрамы 11 ақпан – Революция күні (1979). Ұлттық ақша бірлігі – риал. ....
Рефераттар
Толық

Әдебиет | Қорқыт

Қорқыт оғыз-қыпшақ тайпаларының VIII—IX ғасырда ғұмыр кешкен ұлы ойшылы, батагөй ақыны, дәулескер күйшісі, келер күнді болжайтын көріпкел бақсысы. Ата жағынан Қорқыт оғыз тайпасының Қамы (Қайыспас) дейтін атасынан тараса, ана жағынан қалың қыпшак нағашы жұрты болып келеді. Қорқыттың әкесі оғыз тайпасына белгілі Қарақожа деген кісі болса керек.
«Қорқыт батыр емес, абыз (патриарх), халық даналығын бас болып паш етуші және сақтаушы, оның парасатына дүйім жұрт ден қояды»,— дейді В. В. Бартольд. Қорқыт қазақ үшін ең алдымен күй атасы, Қобызда күй шалу дәстүрін алғаш орнықтырушы. Оның күйлерінде айқын байқалатын стилдік тұтастық, өмірді бейнелеу тәсілінің тұрақтылығы, әуен-сазындағы бақсы сарындарымен үндес қарапайым көнелік, сөз жоқ, дара тұлғаның қолтаңбасын айқын аңғартады. Бұл орайда, Қорқыт туралы аңыз-әңгімеден де бұрын, Қорқыттың бейітінен де бұрын, тіптен, «Қорқыт ата кітабынан» да бұрын, оның тарихта болған нақтылы тұлға екеніне музыкалық мұралары дәлел.
Қорқыт күйлері: «Қорқыт» (үш нұсқасы бар), «Аққу», «Әупбай», «Башпай», «Желмая», «Елім-ай, халқым-ай», «Сарын» (екі нүскасы бар) «Тарғыл тана». ....
Рефераттар
Толық

Тарих | КІШІ ҚАЗАН ТӨҢКЕРІСІ

“Кіші Қазан” ұғымын ойдан шығара отырып, іске асырған Голощекин. Ол — саяси-теориялық білімі аса төмен, ең бастысы Қазақстанның экономикалық-әлеуметтік даму ерекшеліктерінен хабары жоқ адам-тын. 1925 жылы басшы болып келгеннен бастап, оның тар өрісті солақай саясатының арқасында Қазақстан халықтары бұрын-соңды болмаған көптеген ауыртпалықтарды бастан кешірді. Соның алғашқыларының бірі — “Кіші Қазан” науқаны болды. Голощекин Қазақстанда Қазан революциясы іске аспаған, сондықтан “Кіші Қазан” революциясын жасау керек деп байбалам салды. Голощекин мен оның төңірегіндегілер жергілікті әлеуметтік-экономикалық дамудың ерекшелігін түсінбегендіктен, қазақтарда әлі де рулық құрылыс өктемдік етуде, байлар жойылмаған, тіпті капиталистік қатынастар өмір сүруде деп көрсете отырып, оларды жою қажет деп жариялады. Голощекин түсінбеген, немесе түсінгісі келмеген мәселесі мынау еді. Қазақтардың негізгі байлығы мал болып есептелетін. Көшпелі мал шаруашылығының негізгі талабы жайылымдықтарға ие болу еді. Малы жоқтарға жайылым да қажет емес, керісінше, малы барларға ғана жайылым керек болды. Сондықтан да байлар рулық меншік деп есептелетін жайылымдар мен шабындықтардың иесі болатын. Малдан айырылса оларға да жер көп қажет болмай қалатын. Мұны түсінуге өресі жетпеген Голощекин мен оның жандайшаптары қазақ байларына қарсы күресті малды бөліп беруден емес, жерді қайта бөлуден бастады. Бұл қате науқан 1926 ж. 20 мамырда қабылданған “Жерге орналаспай жер пайдаланатын көшпелі және жартылай көшпелі аудандардың шабындық және егістік жерлерін уақытша қайта бөлу туралы” заңы негізінде басталды.
Шабындық және егістік жерлерді бөлу науқаны 1926 жылдың маусым және шілде айларында басталды. 1927 жылы өткен VІ Бүкілқазақтық партия конференциясындағы баяндамасында Голощекин бұл науқан барысында 319.516 қожалықтың 2387.384 десятина жері бөліске салынғанын айтты. Дәл осы конференцияда былай деді: “Біз маңызын әлі өзіміз де ұға қоймаған орасан зор науқанды өткердік — бұл жайылымдық және егістік жерлерді қайта бөлу. Жайылымдық жерлерді қайта бөлу дегеніміз не? Бұл дегенің Кіші Қазан болып табылады. Бұл 2-ші пленумда Сәдуақасов қарсы айқай көтерген нәрсе, бұл Кіші Қазанның дәл өзі. Біз шын мәнінде, іс жүзінде жерге мүдделілік негізінде кедейді байдың жерін тартып алуға зорлай және көмектесе келе, кедейді баймен қақтығыстырдық. Бұл ауылдағы тап күресінің нағыз өзі”. Байқап отырғанымыздай Голощекин 1926—1927 жылдардағы шабындық және егістік жерлерді бөлу науқанын “Кіші Қазан” деп атады. Бұл тек 1926—1927 жылдарда жүргізілген, бірақ сәтсіз аяқталған, жартыкеш науқан ғана болып шықты. Ол науқан қазақ ауылына елеулі әлеуметтік өзгерістер әкелген жоқ. Голощекиннің “Кіші Қазаны” — шабындық және егістік жерлерді қайта бөлуі сәтсіз аяқталды. Оны біз мына ресми мәліметтен де айқын көреміз: “Қайта бөлуді өткізу бірқатар қиыншылықтарға кездесті: жерлерді есепке алу жүргізілмеді — олар көзбен, доңғалақтардың айналымымен, адамдардың және аттардың адымдарымен, арқанмен және т.с.с өлшенді; байлар оған қарсыласып, әр түрлі өсек-аяңдар таратты, уәкілдерді және жасырылған жайылымдарды көрсеткен кедейлерді соққыға жығып тастаудың бірқатар жағдайлары болды ....
Рефераттар
Толық

География | ДҮНИЕ ЖҮЗІНІҢ САЯСИ КАРТАСЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ ЖӘНЕ МАЗМҰНЫ

Дүние жүзінің казіргі саяси картасының қалыптасуына адамзаттың тарихи-әлеуметтік даму кезеңдерінің ықпалы зор. Бұл — өте ұзақка созылған, мыңдаған жыл тарихы бар процесс. Адамзат қоғамының дамуы бірнеше тарихи кезеңдерді басынан өткізді. Осыған сәйкес дүние жүзінің саяси картасының қалыптасуының да әр түрлі кезеңдері бар. Қоғам дамуының негізгі заңдылықтарына сүйене отырып, дүние жүзі саяси картасының қалыптасуын төмендегідей кезеңдерге бөлеміз: ежелгі, ортағасырлық, және қазіргі заманғы. Осы себепті саяси картаны "дәуір айнасы" деп бекер айтпаймыз.
Ежелгі кезең (б. з. V ғ. дейін) — алғашқы қауымдық құрылыстың соңы мен құл иеленушілік дәуірді толық қамтиды. Жер шарындағы ең алғашқы мемлекеттік құрылымдар — Египет, Ежелгі Қытай, Парсы патшалығы, Финикия, Ассирия, Ежелгі Грекия мен Рим империясының және басқаларының дамуымен немесе күйреуімен сипатталады. Осы мемлекеттер әлемдік өркениетке зор үлес қосты. Сол кезеңде жер бөліктеріндегі негізгі келбетті өзгерістер әскери күш қолданысы арқылы жеңіске жеткендердің есебінен жүзеге асырылды.
Келесі ортағасырлық кезеңде (V—XV ғғ.) саяси картаның қалыптасуы феодализм заманымен тұстас келеді. Феодалдық мемлекеттердің саяси билік құрылымдары құл иеленушілік құрылыстан гөрі күрделі әрі жан-жақты еді. Оларда жер аумақтарын жаулап алу мүддесі айқын байқалып отырды. Осы себепті ұлан-байтақ жерді мемлекеттер үнемі бөлісумен келді. Ол заманда жер шарының көптеген аймақтарының саяси картасы өте тұрақсыз еді. Ондай мемлекеттер сапында: Византия, Араб халифаты, Киев Русі, Шыңғыс хан және Осман империялары, Франция мен Англия, т.б. болды.
Жаңа кезең (XV ғ. соңынан — XX ғ. басына дейін) — капитализм дәуірінің пайда болуына, өрлеуіне және орнығуына сәйкес келеді. Капиталистік қоғамдық қатынастардың бас кезінде болған Ұлы географиялық ашылулардың өзі Жаңа Дүние материктеріне жол салып, дүние жүзі картасын үлкен өзгеріске ұшыратты. Ол адамзат баласына жат құбылыс — отаршылдық, құлдар саудасы және еріксіз түрде өз діндерін жергілікті ұлт өкілдеріне күштеп таңуға ұласты. Әсіресе дүние жүзінің саяси картасын бөлісу жолындағы күрес отаршыл мемлекеттер арасында XIX ғасырдың ортасынан XX ғасырдың бас кезіне дейін барынша еріді. Мұны біз Африка материгі мысалынан айқын көреміз. 1876 жылы осы материктің бар-жоғы 10%-ы еуропалық мемлекеттердің отары болса, ал 1900 жылы бұл көрсеткіш 90%-дан асты. XX ғасырдың басында дүние жүзінің саяси картасы түгелдей өзгеріп, ендігі жерде оны күштеп қана қайта бөлуге тура келді. Ол ірі державалар арасында әскери-саяси топтар құруға және оны қайта бөлісу үшін болған аймақтық қақтығыстар мен Бірінші дүниежүзілік соғысқа әкеліп соқты.
Қазіргі саяси картаға тарихи-географиялық шолу. Қазіргі заманғы, яғни саяси картаның қалыптасуындағы ең жаңа кезеңнің басталуы Бірінші дүниежүзілік соғыстың аяқталуымен тұспа-тұс келіп, ол бүгінге дейін созылуда. ....
Рефераттар
Толық

Тарих | ЖАҺАНША ДОСМҰХАМЕДОВ

Досмұхамедов Жанша (Жаһанша) — Алаш қозғалысының аса көрнекті қайраткері, Алашорда үкіметінің мүшесі, Алашорданың Батыс бөлімшесінің төрағасы, заңгер.
1887 жылы Орал облысы, Орал уезі, Жымпиты болысының, № 1 ауылында дүниеге келген.
1899 жылы тамыз айында Орал әскери реалдық училищесіне түсіп, онда 1905 жылы 31 мамырға дейін толық курсын оқып бітіріп, сол жылғы 27 қарашада № 991 аттестатпен 1906 жылы тамыз айында, Орал облысының стипендиаты ретінде Мәскеу университетінің заң факультетіне түсіп, оны № 175 бітіру куәлігімен 1910 жылы 4 наурызда бітіріп шыққан.
1917 жылғы Ақпан төңкерісіне дейін округтық соттың прокурорының жолдасы (орынбасары) міндетін атқарған.
1917 жылы 1-11 мамыр аралығында Мәскеуде өткен Бүкілресейлік мұсылман сиезіне басқа да қазақ делегаттарымен бірге қатысып, мұсылман істерін басқаратын «Шуро-и-Ислам» комитеті төрағасының орынбасарлығына сайланады. «Шуро-и-Исламның» ісімен Мәскеуде біраз болады. Сол жылы 21-26 шілдеде Орынборда өткен Жалпықазақтық сиезде Орал облысынан Бүкілресейлік Құрылтай жиналысына депутаттыққа ұсынылады. ....
Рефераттар
Толық

Әдебиет | Ғұмар Қараштың педагогикалық көзқарастары

Қазан төңкерісіне дейінгі Қазақстанда қоғамдық-саяси, ағартушылық-педагогикалық ой-пікірдің дамуына өзінің өлшеусіз үлесін қосқан ХХ ғ.бас кезіндегі қазақ әдебиетінің ең көрнекті қайраткерлерінің бірі, ағартушы, педагог Ғұмар Қараш болды. Ол туралы соңғы жылдары ғана баспасөз беттерінде мақалалар жарыө көріп, шығармалар жинағы басылды. Көп жылдар бойы оның педагогикалық-ағартушылық қызметі, сол кезеңнің көкейтесті мәселелерін көтерген еңбектері коммунистік идеологияның тікелей әсерімен тең басып, кітап қоймаларының түкпір-түкпірінде қажетсіз болып жатты. Халық тарихы мен оның рухани мұрасына балта шапқан коммунистік партияның идеологтары Ғ.Қараштың есімін жазуға да, айтуға да тыйым салды.
Тарихи ақиқаттың орнауы нәтижесінде Ғ.Қараштың құнды мұралары ортамызға қайтып оралды. Ғ.Қараш туралы деректер Қазан төңкерісіне дейінгі мерзімді баспасөз беттерінде, мұрағат қазыналарында жиі-жиі кездеседі. Оның есімі ХХ ғасырдың бас кезеңінде татар, башқұрт, қазақ және орыс тілдерінде жарық көрген газет, журналдар мен кітаптардың беттерінен түскен емес, оның өз заманында Ресейдің бүкіл түркі тілдес халықтарын аузына қаратқандығын мақтан тұтуға болады.
Отарлық саясаттың тікелей салдарынан, жаппай орыстандыру әрекетінен жапа шеккен, халқын ұлттық бірлік пен ынтымақтастыққа шақырып, қазақ еліне даналы ақыл бергендердің бірі – осы Құмар Қараш болды. Оның алаш партиясын жақтап, құрамына белсенді мүше болуы, көрнекті қайраткер есімін тарих бетінен мүлде сызып тастады.
Ғ.Қарашты бұрынғы одақ жұртшылығына таныстыруда белгілі ғалым, академик С.З.Зиманов пен зерттеуші-ғалым, М.Ш.Ысмағұлов көп үлес қосты. Сонымен қатар Ғ.Қарашты ақындық қырынан зерттеп, кандидаттық диссертациясына арқау еткен филология ғылымдарының кандидаты Мақсат Әнесұлы Тәжірмұратов болды.
Халқымыздың осынау абзал перзентінің шығармашылығын насихаттауға жазушы, ғалым М.Мағауин біршама еңбек сіңірді. Ол 1978 жылы цензорлық бақылауға қарамастан, Ғұмар Қараштың бірнеше өлеңдерін Ленинград қаласында басылып шыққан «Қазақстан ақындары» жинағына енгізді.....
Рефераттар
Толық

Тарих | Ә Бөкейхановтың қызметі

Қазақ халқы көптеген қиыншылықтарды басынан кешірді. Осы кезде азын-аулақ болса да халық жағдайын ойлаған азаматтарымыз бұл тығырықтан шығуға тырысты.
Сол азаматтарымыздың бәрі тарихта өте маңызды орынға ие болған. Әлихан Бөкейханов, А. Байтұрсынов, М. Шоқай секілді қайраткерлерді атап өтуге болады.
Ұлттық мемлекет құру Бөкейханов және басқа буржуазиялық – демократиялық бағыттағы интелегенция өкілдерінің түпкі мақсаты болды. Бұл интелегенция өкілдері конституциялық демократия шеңберінде қазақ ұлтына автономия алып беруді меңзеді.
Тарих сахнасына Алашорда – Халық Кеңесі үкіметін алып келген жалпы ұлттық күрестің басында ұлттық интелегенция тұрды.
70 жылдан астам уақыт жүріп өткен тарихи жолымыз көрсетіп бергендей. Қазақ қоғам қайраткерлері туелсіз дербес мемлекет құру жолын таңдай отырып, қателескен жоқ.
Аты аңызға айналған барлық түркі халықтарының атасы – «Алаш» атын алған партия қазақ даласындағы алғашқы дербес партия. Бұл партия либералдық көзқарасты жақтайтын ұлт зиялыларынан құралды. Сол кездегі басты мақсаттардың бірі ұлт пен ұлттық интелегенцияны біртұтас саяси ұйым төңірегіне топтастыру болды. Тағы да бір мәселе халыққа болып жатқан саяси мәселелерді түсіндіру, бұқараның сауатын ашу, оларды жаңа мемлекет құруға жұмылдыру.
Алаш қозғалысының жетекші қайраткерлері мен қатардағы мүшелері 1920-30 жылдары саяси қуғын – сүргіннің құрбандары болды. Осыған қарамастан Алаш қайраткерлерінің іс-әрекеттері қоғамдық өмірдің әр саласында олардың әрқайсысына тән ерекшеліктері мен тарихта хатталып қалды.
Тарихтың қилы кезеңдерінде сан алуан оқиғалар болған. Олардың бір қатары уақыт өте келе ұмытылып, тарихтың ақтаңдақтарына айналды.
ХХ ғасырдың бас кезіндегі ұлт-азаттық қозғалыс тарихының өзекті мәселелерінің бірі, әрине, Алаш партиясының құрылуы, оның тарихи негіздері, саяси әлеуметтік сипаты және қазақ тарихында алатын орны. Қазақ зиялылары қоғамдық сұранысқа сай құру әрекетін бірінші орыс революциясы жылдарында –ақ қолға алғандығы мәлім. Мұны Алаш қозғалысы тарихын алғаш зерттеушілер де дәл сезіп байқаған. Бірақ олар бұл мәселеге тар таптық, партиялық методология тұрғысынан келіп, ұлт зиялыларының осы бағыттағы қызметін «буржуазиялық ұлтшылдық көрінісі есебінде бағалаған. Енді осы алғашқы партия құру әрекеті неден басталды, немен аяқталды, соған тоқталайық.
1905 жылғы жаздағы революциялық өрлеу барысында патшалық билік, еңбекші бұқаралық таптық наразылығына шет аймақтардағы отарлық тәуелділіктерді елдегі өз бостандығы үшін қуаттық қозғалысын қосып алудан қаймықты. 1905 жылы 6 тамыздан мемлекеттік дума, жөніндегі патша манифесі басқа «бұратаналармен» бірге қазақ еліне депутат сайлау құқығын берді. Осы жылы қазақ зиялылары сайлау науқаны сияқты күрделі саяси шараға араласа отырып, ірі мәселеге кезікті. Қазақ қоғамында бұл уақытта белгілі бір қоғамдық позияциядан үгіт насихат жұмысын жүргізе алатын саяси ұйымдар жоқ еді. Міне, осындай жағдайда думаға даярлық мерзімнің тар қыспағына іліккен ұлт зиялылары тұңғыш рет саяси партия құру әрекетін қолға алады.
Саяси күрес жолына енді ғана түсе бастаған қазақ зиялыларының осі кезектегі саяси әлеуметтік бағдары, белгілі дәрежеде, Ресейдің радикалдық буржуазиялық партиясы – кадеттердің ұстанған бағыты ма тоғысқандығы тарихи факті. ....
Рефераттар
Толық

Экономика | Германия мен Францияның әлеуметтік экономикалық дамуы

1815-1848 жылдары герман мемлекеттерінде капиталистік қатынастар қарқынды дамыды. Пруссияда помещиктік шаруашылық буржуазиялық –юнкерлік шаруашылыққа айнала бастады. Батыс және Оңтүстік-батыс Германияда ірі шаруашылықтардың пайда болуы және шаруалардың кедейленуі кең ауқым алды.
Жеке мемлекеттердің экономикалық бірігуінде 1834 жылы Пруссияның ынтасы бойынша құрылған Неміс кеден одағының зор маңызы болды. Неміс мемлекеттерінде өнеркәсіптік төңкеріс кең орын алып, темір-жолдар салынды, тау-кен және металлургиялық өнеркәсіп өсті. Машина жасау және тоқыма өнеркәсібі дамыды.
Германияның бірігуі. Пруссия Сардиния корольдігіне қарағанда, ХІХ ғасырдың ортасына қараай ұлы дәрежесі бойынша соңында болды. ХІХ ғасырдың басындағы әскери реформаның нәтижесінде күшті әскер құрылып, Пруссия ұлы державалар қатарына қосыла алды және басқа герман мемлекеттерінің есебінен өз аумағын ұлғайтты. Пруссияның құрамына табиғи ресурстары бай Германияның дамыған аумақтары кірді. Пруссия аумағына өзге герман мемлекеттері сыналай кіріп жатқандықтан, Пруссия жалпыгермандық істерге араласуға мәжбүр болды.
Пруссия неміс тұрғындары мекен еткен протестанттық мемлекет болды. Неміс ұлттық қозғалысын жақтаушылар Пруссияның Германияны біріктіру әрекеттеріне үлкен үміт артты.
Король ІV Фридрих Вильгельм науқастанып, өз өкілеттігін ағасы І Вильгельмге бергеннен кейін Пруссия ішкі германдық істермен айналыса бастады. Оны толғандырған басты мәселе Австрияны әлсірету және барлық герман мемлекеттерін Пруссия маңына біріктіру болды. 1862 жылы жаңа король өзінің бірінші министрі етіп 47 жастағы Отто фон Бисмаркті тағайындады.
ХІХ ғасыр басындағы реформалар пруссия әскерін жалпыхалықтық әскерге айналдырды. Бисмарк әскерге баса көңіл бөлді. Бисмарктің және оның көмекшілері - әскери министр Альбрехт фон Роонның және Бас штаб басшысы гельмут фон Мольткенің арқасында пруссиялық әскер Еуропадағы ең күшті әскердің біріне айналды.
1864 жылғы Пруссия мен Австрияның Данияға қарсы соғысы Австрияның талқандалуына бастама болды. Дания мемлекетінің құрамында немістер тұратын екі провинция –Шлезвиг және Гольштейн болатын. Дания бұл соғыста жеңіліске ұшырағаннан кейін Пруссия Шлезвигті, ал Австрия Гольштейнді басқару билігін иемденді. ....
Рефераттар
Толық

Әдебиет | Александр Блоктың өмірі

А.А.Блок(16.11.1880-07.08.1921)ақын,драматург. Әкесі Варшава университетінің профессоры, философ. Анасы –А.А.Бекетова балалар жазушысы, аудармашы. Блоктың ата-аналары болашақ ақын туылғанға дейін ажырасып кеткен, кейіннен ол анасының отбасында тәрбиеленді. Олар Петербургтың профессорлар отбасыларының біріне жататын еді.
Атасы А.Н.Бекетов атақты орыс ботанигі,бірнеше уақыт бойы Петербург университетінің ректоры болған, әжесі және барлық қыздары әдебиетпен арналасқан, шығармалар жазып, аударған ал оардың біреуі (Е.А.Краснова) өзінің өлеңдер жинағы үшін академиялық шақыруға ие болған. Ақын ретінде Блок ғұрыпқа айналған орыс классикалық әдебиетінің негізінде қаланды. Бекетовтер отбасында діннің элементтерні де бар ед,ол өнерді бағалы категориясы сияқты болды.Ақындық жолдың басында оған В. А. Жуковскийдің мистикалық романтизмі «Менің алғашқы талаптандырған ұстазым, Жуковский» болды.
Теоретикалық философиялық доктриналардың орыс Блоктың романнизм поэзиясы өнер символизмнің принциптеріне кіреді. Оның білімінің түйіні қазіргі әлемнен шығатынан теократия патшалығы туралы арман, ол ашу мен қасіретке толы, бірақта кейіннен әлемдік жанмен, мәңгілік жамен сақталады. Олар әдеміліктің, жақсылықтың және гармонияның синтезі болады, барлық тіршіліктің бастамасы. Бұл бұлбұлдық тақырып Блоктың ертедегі өлеңдеріндегі негіз еді, оның алғашқы «Стихи о прекрасной Даме» (1904) атты өлеңдер кітабынын көруге болады. Өлеңнің негізгі қалыңдығына деген нағыз махаббатында, кейннен поэттің әйеліне Л.Д.Менделееваға (әйгілі химик Д.И.Менделеевтің қызы) арналған лирикалық тақырып Соловьевтің идеалдық құдіретті махаббат тақырыбында әуенді болды.
«Стихи о Прекрасной Даме» атты өлеңі шыққаннан кейін Блок символистер арасында орталық орынды алды. Блоктың кітабында эстетика символы анық көрінеді.....
Рефераттар
Толық

Экономика | Ақшаның мәнi қызметтерi және ақша айналысы

Ақша туралы осы уақытқа дейiн талай – талай шығармалар жазылып, ақшаны бiреулерi пайдалы тауар деп мақтаса, ал бiреулерi оны қоғамға зиянын тигiзедi деп даттауда. Өйткенi ақша үшiн бүкiл қоғам жұмыс iстейдi, ол бiреулердi бақытты тұрмысқа кеңелтсе, ал бiреулердi қайғылы оқиғаға ұшыратады.
Сонымен, ақшаны ешкiм ойлап тапқаны жоқ, ол тауар айналысының дамуына байланысты тарихи түрде көптеген жағдайларды басынан кешiрiп, осы күнге ақша болып жеттi. Заттардың тауарға айналуы ақшаның пайда болуындағы объективтi алғышарттарды құрайды. Әрбiр тауар қажеттi тұтыну құның алу құралы бола отырып , өзiнiң өндiрушiсiне қатынасы бойынша айырбас құны ретiнде көрiнедi. “Айырбас құн тауарлардың өзiнен бөлiнiп шыққан және олармен бiрге өз бетiнше өмiр сүретiн тауар, ол ақша”.
Егер ақша айналысы болмаса, онда тауар айналысы да болмайтын едi. Ақша түрiнде көрiнетiн тауарлардың құны , оның бағасы болып табылады.
Сондай-ақ қоғам дамуының әр түрлi формациясында , сол уақыттың талабына сай ақшаның бiрнеше теориясы дамыды. Олар ақшаның металдық, номиналистiк және сандық теориялары болып табылады. Олардың экономикалық қызметтi жүзеге асыруда алатын орны өте зор.
Сондықтанда мен курстық жұмысымның тақырыбын “Ақша теориясының дамуы” деп алдым. Өйткенi ақша экономикада ең маңызды категорияның бiрi. Оны мына теңдестiрулерден көруге болады: “ Ақша – жалпыға бiрдей эквивалент ” , “ Ақша – ерекше тауар ” , “ Ақша зат емес, ол қоғамдық қатынас ” , “ Ақша – еңбек өлшемi ” , “ Ақша бастапқы капитал ” деп аталуы тегiннен – тегiн болмаса керек. ....
Рефераттар
Толық

Құқық | Азаматтық құқықтарды қорғау ұғымы

Сөздiң кең мағынасында алғанда құқықты қорғау деп құқықтың бұзылуына жол берiлмейтiндей жағдай жасайтын қоғамдық қатынастар тәртiбiн мемлекеттiң қолдауын айтамыз.
Қорғау құқығы бұзылған азаматтық құқықтарды қалпына келтiрудi қамтамасыз ету принципi, оларды сот арқылы қорғау азаматтық заңның негiзгi бастауы ретiнде айтылады (АК-тiң 2-бабы).
Қатысушылардың қарауындағы субьективтi азаматтық құқықтар тек қана нақты жүзеге асырылуға тиiс емес, сонымен бiрге олар субьективтiк құқықтың бұзылуымен пайда болған барлық жоғалтуларды өтеп, қалпына келтiрудi бұзылған құқықтарды түзетуге мүмкiндiктер бередi. Бұл тұрғыдан проф. В.П. Грибановтың мынадай пiкiрi көңiлге қонады: “Құқық қорғау сипатының мүмкiндiгi оның құқық өкiлеттiгi ретiнде субьективтiк материалдық талаптар мазмұнының өзiмен белгiленедi.
Демек кез келген субьективтi азаматтық құқық қорғауға жатады, сонымен бiрге осы құқықтың жүзеге асырушысы заңда қаралған құралдардың көмегiмен оны қорғауға тиiстi құқықты еншiлейдi.
1. Азаматтық құқықтарды қорғау тәсiлдерi. Азаматтық кодекстiң 15-тарауының шеңберiнде азаматтық құқықтағы қорғануды кең мағынадағы меншiк иесiнiң мүддесiн қорғаудан айыра бiлу керек. Кең мағынада меншiк иесiнiң мүддесiн қорғау екi негiзгi нысанға бөлiнедi: юрисдикциялық және юрисдикциялық емес.
Қорғаудың юрисдикциялық түрi субьективтi құқықтар бұзылғанда немесе дауға түскенде өкiлеттi мемлекеттiк органдардың оны қорғауға араласуы болып табылады. Құқығы немесе заңдық мүддесi бұзылған тұлға мемлекеттiк немесе басқа да құзыреттi органдарға (сот, аралық сот, жоғары инстанция және т.б.) шағынады, әлгi аталған органдар өз кезегiнде бұзылған құқықты қалпына келтiру және бұзушылықты жою үшiн өкiлеттiгiне сай қажеттi шараларды қолданады.
Қорғаудың юрисдикциялық нысаны бұзылған құқықтарды қорғаудың жалпы және арнайы тәртiбiн белгiлейдi. Жалпы тәртiпке сәйкес заңмен қорғалатын азаматтық құқықтардың мүддесiн қорғау сот (төрелiк немесе аралық сот) арқылы жүзеге асады.
Азаматтық кодекстiң 9-бабы жалпы тәртiппен қатар әкiмшiлiк тәртiбiн де қарастырған. Әкiмшiлiк тәртiппен жүзеге асырылатын мнешiк иесiнiң құқығын қорғау құралы шағым болып табылады, ол құқық бұзушылық нәтижесiнде зардап шеккен құқық иесi мүддесiн қорғауға орай тиiстi өкiлеттi органға берiледi.
Кейбiр заңдарда аралас, яғни меншiк құқығы мен басқа да заттық құқық қорғаудың әкiмшiлiк сот тәртiбiн қолданады. Мұндай жағдайда мүлiктiң меншiк иесi мен иеленушiсi сотқа шағымбас бұрын мемлекеттiк басқару органына шағымданады.....
Рефераттар
Толық

Биология | Адамның шығуы мен қалыптасуы

Адамның тегі. Эволюциялық теория. Философиялық антропологияның негізгі мәселесі адамның шығуы мен қалыптасуы болып табылады. Антропологияның адамның шығу тегін зерттейтін саласы антропогенез (грек. antropos — адам, genesis — шығуы) деп аталады.
Саналы адам (пото sapiens) осыдан 50 мың жылдай бұрын қалыптасты. Ол адамның тарихы Жер бетінде алғашқы тік жүруші адамдар пайда болған осыдан 1,5—2 млн жыл бұрынғы тарихтың койнауына кетеді. Бұл Шығыс Африкада бірнеше себептердің түйісулеріне байланысты орын алған. Бұл туралы ғалымдар арасындағы пікірталас осы уақытқа дейін жалғасып келеді. Бұлардың қатарларына климаттың, планетамыздың радиациялық фонының өзгеруі, жақын ғарыштың Жерге әсері болуы да мүмкін.
Эволюциялық теорияның негізін қалаушы Чарльз Дарвин (1809— 1882 жж.) адамның ата-тегі мен жануарлардың дамуын айқындаушы факторлардың ортақтығына, адам мен приматтардың дене тұрпаттарының ұқсастығына баса назар аударған. Бірақ казіргі заманғы ғалымдар адамның дамуы мен қалыптасуына әсер еткен факторлар ретінде әлеуметтік және мәдени-тарихи тұрғыларға Дарвин көбірек маңыз береді.
Соның өзінде де тұқым қуалаушылық ерекшелігіндегі биологиялық факторды ешкім жоққа шығармайды. Демек, адам эволюциясында табиғи және әлеуметтік-мәдени факторлар өзара әрекет етеді.
Бұл үдеріс, шамасы, ұзаққа созылған болуы керек. Мұнда секірістер де, бір сарынды даму да болған. Адам тәріздес маймылдардың эволюциясында көптеген бағыттар тұйыққа тіреліп, олардың өкілдерінің (мысалы, неандертальдықтардың) жойылуымен аякталған.
Философиялық антропология үшін эволюция үдерісінде адамның бас сүйегі мен ми көлемінің ұлғаюы маңызды айғақ болып саналады. Бұл көп жағдайларда жануар ақуызы бар азық-түліктерді тамаққа пайдалану нәтижесінде іске асқан. Ең алдымен, қабығы жаңа байланыстармен байып дамыған. Осылардың нәтижесінде сөйлеу, ойлау және еңбек әрекеттері үшін алғышарттар қалыптасқан.
Сөйтіп, табиғи даму адамның аман қалуы мен жетілуінің түбегейлі жаңа, биология мен табиғаттан тыс төсілінің пайда болуы үшін негіз қалады. Бұл тәсілдің аты адам мәдениеті. Мұның мәнісі — ақпарат арналары арқылы адамдардың өзара қарым-қатынастарының тәсілдерін, әдет-ғұрыптарын, дәстүрлерін және сөзбен жететін нәрсенің барлығын беру болып табылады. Сөйтіп, адамда оның өмірі мен әрекетін қамтамасыз ететін екі арна бар:
1) биологияльщ дамудың негізінде жататын генетикалық;
2) адамның ерекшеліктерін білдіретін мәдени-лингвистикалық.
Адамның еңбекке, өндіруге қабілеттілігі сияқты маңызды ерекшелік сипатына осы екіншісі себепкер болып, адам қоғамының шығуына тікелей әсер етеді. Бұл «еңбек теориясында» кеңінен түсіндіріледі. ....
Рефераттар
Толық

Экономика | ХІХ ғ-ХХсоңындағы Батыс Еуропа елдері Әлеуметтік экономикалық дамуы

1815-1848 жылдары герман мемлекеттерінде капиталистік қатынастар қарқынды дамыды. Пруссияда помещиктік шаруашылық буржуазиялық –юнкерлік шаруашылыққа айнала бастады. Батыс және Оңтүстік-батыс Германияда ірі шаруашылықтардың пайда болуы және шаруалардың кедейленуі кең ауқым алды.
Жеке мемлекеттердің экономикалық бірігуінде 1834 жылы Пруссияның ынтасы бойынша құрылған Неміс кеден одағының зор маңызы болды. Неміс мемлекеттерінде өнеркәсіптік төңкеріс кең орын алып, темір-жолдар салынды, тау-кен және металлургиялық өнеркәсіп өсті. Машина жасау және тоқыма өнеркәсібі дамыды.
Германияның бірігуі. Пруссия Сардиния корольдігіне қарағанда, ХІХ ғасырдың ортасына қараай ұлы дәрежесі бойынша соңында болды. ХІХ ғасырдың басындағы әскери реформаның нәтижесінде күшті әскер құрылып, Пруссия ұлы державалар қатарына қосыла алды және басқа герман мемлекеттерінің есебінен өз аумағын ұлғайтты. Пруссияның құрамына табиғи ресурстары бай Германияның дамыған аумақтары кірді. Пруссия аумағына өзге герман мемлекеттері сыналай кіріп жатқандықтан, Пруссия жалпыгермандық істерге араласуға мәжбүр болды.
Пруссия неміс тұрғындары мекен еткен протестанттық мемлекет болды. Неміс ұлттық қозғалысын жақтаушылар Пруссияның Германияны біріктіру әрекеттеріне үлкен үміт артты.
Король ІV Фридрих Вильгельм науқастанып, өз өкілеттігін ағасы І Вильгельмге бергеннен кейін Пруссия ішкі германдық істермен айналыса бастады. Оны толғандырған басты мәселе Австрияны әлсірету және барлық герман мемлекеттерін Пруссия маңына біріктіру болды. 1862 жылы жаңа король өзінің бірінші министрі етіп 47 жастағы Отто фон Бисмаркті тағайындады.
ХІХ ғасыр басындағы реформалар пруссия әскерін жалпыхалықтық әскерге айналдырды. Бисмарк әскерге баса көңіл бөлді. Бисмарктің және оның көмекшілері - әскери министр Альбрехт фон Роонның және Бас штаб басшысы гельмут фон Мольткенің арқасында пруссиялық әскер Еуропадағы ең күшті әскердің біріне айналды.
1864 жылғы Пруссия мен Австрияның Данияға қарсы соғысы Австрияның талқандалуына бастама болды. Дания мемлекетінің құрамында немістер тұратын екі провинция –Шлезвиг және Гольштейн болатын. Дания бұл соғыста жеңіліске ұшырағаннан кейін Пруссия Шлезвигті, ал Австрия Гольштейнді басқару билігін иемденді.
Даниямен соғыс аяқталғаннан кейін, Бисмарк провинцияларды басқару жөніндегі келісімді бұзды деп Австрияны айыптай бастады. Пруссия Герман одағының қарауына Одақты қайта ұйымдастыру жоспарын ұсынды. Жоспарға сәйкес, Австрия одақтан шығарылатын болды. Герман одағының жалпы әскері және жалпы дауыс беру негізінде сайланатын парламент – рехстаг құрылды. Австрия Пруссияның әрекеттерін айыптады. Жауап ретінде Пруссия Герман одағынан өз еркімен шықты және герман мемлекеттерінің өз жағына шығуын талап етті. 1866 жылы сәуірде Пруссия Италиямен австрияға қарсы әскери одақ құру туралы шарт жасасты.....
Рефераттар
Толық

Тарих | XX ғ әлеуметтанушысы П.А. Сорокин

Социологиялық зерттеулер 50-ші жылдардың аяғында ғана өмірге келе бастады. 60-ші жылдары өзіндік «социологиялық өріске» даңғыл жол ашылады. Ғылым социологтар ұрпағы пайда болып, социологиялық орталықтар мен мектептер қалыптасты. Ленинград мектебі – А.Г. Эдиславов, А.С. Кон, В.А. Ядов және басқалар, мәскеу мектебі – Г. С. Осипов, Ю.А. Левада, Б.А. Грушин және басқалар, Урал мектебі – Л.И: Когон, М.И. Руткевич, Г.А. Заславская, В.И. Лейкин ілімдері айтарлықтай дамып келеді. Ал Қазақстанда мұндай мектеп болмады, бірақ 60-жылдардың ортасында социологиялық зерттеу өріс ала бастады. Оның орталығы Қазақстан Ғылым академиясының Философия және құқық институты болды.
80- жылдардың басында «социологиялық өріс» шын мәнінде тоқтап қалды. Бұл партиялық және мемлекеттік әлеуметтік болмыс жөнінде шындық білгісі келмеуге, социологтардың туындыларына қатал цензура мен бақылау қоюға, партиялық құрылымдардың зерттеумен ғылыми бағамдар нәтижелеріне араласына байланысты болды. Бұл жылдарды жергілікті социологияны дамуына әлемдік социологиялық ақыл-ойдың оқшау болуы көп қырсығын тигізді. Соның салдарынан кеңестік социологиялық ғылым әлемдік социологияның дамуынан артық қала берді.
80-жылдардың басында ғана социологияның дамуы үшін қолайлы жағдайлар туды. Социологияға дербес ғылым мәртебесі берілді. Материалдарды зерттеп, жариялау үшін социологияға еркіндік пен жариялылық жағдайы туғызылды. Социологиялық кәсіби білім беру жүзеге асырыла бастады. Түрлі орталықтар мен қызметтер пайда болып, қоғамдық пікірді зерделеумен айналысты. Алайда Қазақстанда, кеңестік дәуірден кейінгі басқа да елдердегідей социология кең құлаш жаймай отыр. Оның шетқақпай болуы республикада материалдық ресурстардың жоқтығынан ғана емес, жақсы даярлығы бар социологиялық кадрлардың жеткіліксіздігінен де болып отыр. Бұл сондай-ақ социологиялық білімінің керек деп танылмауымен байланысты. Ірі социологиялық мектеп жоқтығы кері әсер етуде. Сонымен бірге өтпелі кезеңнің күрделі проблемаларын жан-жақты социологиялық талдау жасау, республикада кәсіби және жалпы социологиялық білім берудің дамыту, әлемдік социологиялық ғылымға қатысу мүмкіндігі Қазақстанда көп кешікпей социологияны ойдағыдай дамытуға нақты жол аша алады.
ХХ ғ. Ұлы әлемтанушылардың бірі – Питирим Александрович Сорокин (1889-1968) – шығармашылығы ерекше назар аударарлықтай.
1889 ж 23 қаңтарда Турья ауылы, Еренский уезді, Вологод губерниясы, Ресей империясында дүниеге келген. Әкесі қолөнерші болған. 1914жылы Санкт-Петербургке құқық және заң университетін бітірді. ....
Рефераттар
Толық

Тарих | 16 желтоқсан тәуелсіздік күні

Сіздерді келе жатқан 16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Халқымызға ғасырлар бойғы арман болған тәуелсіздік, егемендік ұстанымдарын биікке көтеретін бұл күн – біздің Отанымыздың әрбір азаматы үшін қастерлі мереке. Азаттық аңсаған елдің түпкі мақсатының орындалып, бүгінгі Қазақстан Республикасы өз мемлекеттілігін бұдан 12 жыл бұрын жариялаған болатын. Бұл мереке күнтізбеде «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық Заңының 1991 жылы 16 желтоқсанда қабылдануына байланысты тұрақты түрде аталып өтіледі.
Бізді бұл күнге дейін жеткізген ұмытылмас оқиғалар – ел қорғау соғыстары, ұлт-азаттық көтерілістері, қандай ауыртпалықты да көтере білген, жасымайтын асқақ жігерлі рухы, қайтпайтын табандылығы – өшпес өнеге, өлмес мұра ретінде сақталуға тиіс. Бұл еркіндік сүйгіш, патриоттық дәстүр 16-желтоқсан оқиғаларына дейін жалғасты. Осылайша бұл тәуелсіздік күнінің оңайлықпен келмегенін білеміз. Елбасымыз өткен дәуірдегі қаһармандық оқиғалардың тізбегін таяудағы Махамбет Өтемісұлының 200 жылдығына арнаған сөзінде: «Ұлы далада бірінен соң бірі толас таппай жүріп жатқан 200-ге тарта көтерілістер эстафетасы, біздің бүгінгі тәуелсіздігіміздің бастау көздері» деп бағалаған болатын. Елдің біртұтастығы мен тыныштығын сақтауға бар өмірін сарп еткен хан-сұлтандары мен батырларын тарихқа өлшеусіз үлес қосқан ірі тұлғалар ретінде ардақтап, олардың өлмес рухын ұлт мақтанышы ретінде күні бүгінге дейін жеткізді. Бұл қасиетті шежіре – бүгінгі буын арқылы келер ұрпақтың бойына жастайынан сіңірілетін баға жетпес игілік. Осы өнегені, елжандылық, отансүйгіштік дәстүрді жастардың бойына дарыту, патриоттық рухта тәрбиелеу – бүгінгі таңда әрбір қазақстандықтың қасиетті борышы болып табылады.
Тәуелсіздігімізді жариялағаннан бергі мезгіл ішінде көптеген елеулі табыстарға қол жеткіздік. Бұл Президентіміздің жүргізіп отырған парасатты көреген саясатының нәтижесі – Еліміздің тыныштығы мен қауіпсіздігінің, көп ұлтты Қазақстан халқының жарастығы мен ынтымақтастығының арқасында болып отыр. Еліміздің тәуелсіздігі мен мемлекеттілігінің орныға түсуі, ұлттық қауіпсіздігі, экономикамыздың жедел қарқынмен дами беруі, Қазақстан халықтарының өз болашақтарына деген берік сенімі, қазіргі замандағы өркениетті қауымдастық ортасында іргелі елге айналуы – стратегиялық негізгі бағыттарды құрайды. ....
Рефераттар
Толық

Тарих | 1917 ж. Қазан революциясы және Қазақстанда Кеңес өкіметінің орнауы Өлкедегі азамат соғысы (1917-1920 жж.)

1914 жылы басталған дүниежүзілік соғыстың салдарынан Ресей империясы үлкен дағдарысқа ұшырады: бірінші – экономикалық , екінші – саяси дағдарыс.
Соғыстың салдарынан елдің шаруашылығы қирады, өндіріс орындары тоқтады, теміржол қатынасы бұзылды, ауыл шаруашылығы күйреді. Бұл дағдарыс жұмысшылар мен шаруалардың өкіметке деген үлкен наразылығын туғызды.
Патша өкіметі бұл дағдарыстан шығудың жолын таба алмады, сөйтіп елді басқару қабілеті төмен болды.
Осы аталған дағдарыс патша өкіметінің 1917ж. ақпан айында құлауына себеп болды. Оны Ақпан төңкетісі деп атайды. Осы төңкерістің нәтижесінде қос өкімет - жұмысшылар мен шаруалардың кеңесі және буржуазиялық Уақытша өкімет құрылды.
Патша өкіметі құлатылғаннан кейін бүкіл Ресейдегі сияқты Қазақстанда да қос өкімет орнады. Бұрынғы патша шенеуліктері, эсерлер, меньшевик- тер және буржуазиялық ұлтшылдар басқарған буржуазиялық Уақытша өкі- мет органдарымен қатар халықтық өкіметтің жаңа органдары–жұмысшылар, шаруалар және солдат депутаттарынң кеңестері құрылды.
Жергілікті жерлерде Уақытша өкіметті органдары құрыла бастады.
Қазақстанда қазақ интеллигенциясы басқарған қазақтардың ұлттық облыстық және уездік комитеттері ұйымдастырлды. Оларға комиссарлар болып ұлттық интеллигенцияның өкілдері, атап айтқанда Торғай облысында Әлихан Бөкейханов Жетісу облысында Мұхамеджан Тынышпаев, Түркістанда Мұстафа Шоқаев тағайындалды.
Патша өкіметінің құлатылуын Қазақстан еңбекшілері саяси және ұлттық азат алудың бастамасы ретінде қабылдады. Бұл жеңіс өлкедегі еңбекшілердің саяси белсенділігін арттырды. Қазақстанның әртүрлі қалаларында қазақ жастарының 20 шақты үйірмелері мен топтары пайда болды. Олар халық арасында листовкалар, сол күндердің көкейтесті мәселелеріне арналған тақпақ-өлеңдер таратты. Әулиеатада Тұрар Рысқұлов «Қазақ» жастарының революцияшыл одағы деген ұйым құрды. Оның құрамына қазақ халқының орташа және кедей топтарынан шыққан алдыңғы қатардағы жастар енді
Буржуазиялық уақытша өкіметке үміт артқан қазақ зиялылары өз халқын еркіндікке жеткізуді, отарлаудан құтылуды арман етті. Осы мақсатқа жету үшін олар қазақтың ұлттық саяси партиясын құру жолын іздеді. Олар «Қазақ» газеті арқылы қазақ халқына арнайы үндеу жолдады. 1917ж. 21-26 шілдеде Орынборда болған «Бүкілқазақтық» съезде Алаш партиясы қалыптасып, басшы органдарын сайлады. Оның құрамына Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Мұстафа Шоқай, Мұхаметжан Тынышпаев т.б. кірді.....
Рефераттар
Толық

Қазақ әдебиеті | Шәкәрім және оның заманы

І тарау. Шәкәрімнің тұлға ретіндегі қалыптасуы
1.1. Шәкәрімнің тұлға ретінде қалыптасуы.
1858 жылы 24 шілдеде Семей облысы, Абай ауданы, Қарауыл ауылында туған. Ақын, ойшыл, композитор, аудармашы. Ата-анасынан ерте айрылған Шәкәрім немере ағасы — қазақтың ұлы ақыны Абайдың қолында тәрбиеленді. Шәкәрімнің әкесі Құдайберді жасынан сырқат болып, 37 жасында дүние салған. Ол кісі әділетті, жұртына қамқор, ел дауынан сырт жүретін өте кісілікті жан болған. Ақынның өз шығармаларындағы өмірбаяндық деректерге сүйенсек, оның бал дәурен балалық шағы жеті жаста әкесінен жетім қалғанына қарамастан, ,беделді де, дәулетті қажы атасы Құнанбайдың саясында сүйкімді немересі болып, уайым қайғысыз, емін-еркін, тоқшылық баршылықта өтіпті. Ақын ағасы Абайдың ықпалымен 16— 17 жасында Шәкәрім өлең жаза бастады. Шәкәрімнің бозбала жастық шағы іздену, үйрену, оқу бағытында Құнанбай қажы ауылында қалыптасқан өнерлі ортада өтті, яғни ұлы Абай ұйтқы болған өнер - білім мектебінің шәкірті болып өсті; сөз өнеріне, қол өнеріне, музыка өнеріне төселіп тәлім-тәрбие алды, үлгі-өнеге көрді. Шәкәрім осы тұста жазу жұмысымен біржолата айналысып кете алмады. Жиырма жасқа толар-толмаста Шәкәрім ел басқару жұмыстарына араласып кетті. Жастықтың қару қайратын ел ішіндегі қарым-қатынастарды қалыпты күйге түсірмекке жұмсамақ болды. Сайлауға қатысып, шарға түсіп болыс болып та сайланды.....
Курстық жұмыстар
Толық

Тарих | Чжоу Эньлайдың революциялық қызметі

КІРІСПЕ
Бұл тақырыпты алуымыздың негізгі себебі бүгінгі таңда дүниежүзінің терезесі тең елдерінің қатарына ұзақ жылдар бойы антиманжурлық, антиимпериалистік және революциялық күрес жолымен жеткен Қытай Халық Республикасының мемлекет болып құрылуына ат алысқан революционер, мемлекет қайраткері, дипломат Чжоу Эньлай еңбегін көпшілік қауымға таныстырғымыз келеді. Қазіргі кезде өз егемендігін қолына алған Қазақстан 70 жылдан аса советтік империяның бұғауында болып келді. Ал Қытай елі соңғы 100 жылда әсіресе 19-ғасырдың соңы 20-ғасырдың басында Шығыста шиеленіске түскен елдің бірі болды. Мұны Қытай революционер қайраткері Чен Бо-да: "Қытай халқы өз еліне басқыншылық еткен барлық елдермен соғысты. Қытай жері революциялық күрес ең ұзақ уақыт жүргенжер" - деп жазды.
В.И.Ленин: "Қытай халқы ғасырлар бойы жаншып келген құлдығына бас ұрмай, бостандық пен теңдігін армандап қана қоймай, Қытайдың қанаушыларына қарсы күреске шықты"-деп көрсетті.
Қытай - көп ғасыр бойы манархиялық дәстүр сақтаған, шаруалар қауымы әліде жойылмаған, жартылай отарлық ел болды.
Қытай пролетариатының күреске шығуының да негізгі себебі осы болды. Халық манжурлық және өз жеріндегі феодалдық қанауда болды. Жұмысшылар өнеркәсіп орындарында ұсталды. Деревнядағы кедейлер қанаушылыққа ұшырады. Осындай себептен Қытай еңбекші бұқарасы революциялық күреске араласып, әскери күшке айналды.....
Курстық жұмыстар
Толық

Криминология | Халықаралық экстремизм және терроризм

Кіріспе
Қазіргі заманда болып жатқан экономикалық, саяси, ақпараттық, мәдени және діни кеңістіктің жаһандануы әлемдік үрдістердің маңызды факторы болып табылады. Бұл құбылыс жағымды аспектілермен қатар белгілі бір негативті жағдайларға да әкеледі.
Адамзат өткен ғасырдағы қырғи- қабақ соғыс кезеңінің қорқыныштарын басынан кешіріп, енді тыныштық заманға қол созып отырғанда, тағы да жаңа бүкіләлемдік мәселемен тікетіресті. Енді қазіргі әлемнің алдындағы өзекті мәселелер халықаралық экстремизм мен лаңкестіктің агрессивті көріністері және соның ішінде діни-саяси экстремизм, ислам фундаментализмі, ваххабизм және т.с.с түрлі-түрлі пішіндер болып табылады.
Ғылым және технология дамудың шырқау шегіне шыққанына және адамзат бірін-бірі оңайлықпен тани алатын мүмкіншіліктерге ие болғанына қарамастан, соңғы жылдары діни экстремизм мен лаңкестік тақырыбы бұқаралық ақпарат құралдарында өте жиі орын алуда. Хақ дін исламды да шарпып өтетін осы мәселенің мән-жайы хақында көптеген ойлар да, зерттеулер де бар екені мәлім. Дін мәселесінің ушығуы өзінен өзі пайда болған жоқ. Ол – ұлттық тәрбие, тіл, діл мәселелерімен астарласып жатыр. Сондықтан осы сұрақтың астарына үңілерде жоғарыда айтылған мәселелерді тұтастай қамти қарастыру керек сияқты.....
Курстық жұмыстар
Толық

Тарих | Фашистiк Германияның өркендеуi

Кiрiспе
ХХ ғасырдағы Германиядағы ең елеулi оқиғалардың бiрi фашистердiң билiк басына келуi болды. Фашистердiң билiк басына келуi тек Германиядағы саяси өмiрдi ғана түбiрлi өзгерiске ұшырытып қана қоймай, бүкiл европадағы, сәл кейiнiрек бүкiл дүние жүзiндегi саяси өмiрдiң шиеленiсiп кетуiне әкелдi. Фашистер Гермениядағы билiктерiн қанағат тұтпай, әлемдi билеу идеясын тудырып, нәтижесiнде әлемге қасiрет әкелген екiншi дүниежүзiлiк соғыстың тұтануына тiкелей себепкер болды. Сондықтан осындай агрессияшыл өкiметтiң әлеументтiк – экономикалық және саяси қызметтерiмен танысу, оны зерттеп бiлу, болашақта мұндай қатерден сақтануға, бұндай жолдан аулақ болуға септiгiн тигiзерi анық. Германияның экономикалық-саяси тұрақтануы елде ірі буржуазияның империалистік бағыттағы сыртқы саясаттың қалыптасуына әкелді. 1924 жылғы желтоқсан айындағы рейхстаг сайлауында iрi буржуазия партиялары жеңіске жетті. Германияның канцлері Лютер үкімет құрды. Үкіметтің құрамында ірі буржуазия болды. ГСДП-сы бұрынғыша оппозицияда қалды. 1925 жылы елдің президенті Эберт өліп, оның орнына реакциялық топтан кайзер генералы монархияны жақтаушы Гинденбург сайланды. Германия үкіметінің сыртқы саясаты Версаль бітімін жою үшін күреске шығып, қайта бөлу бағытында жүргізілді. Лютер үкіметі елдегі фашизмге арқа сұйеп, Ұлтшылдық саясатты жалғастырды. Фашизм ұйымдасқан түрде саяси күшке айналып, 1925 жылы А.Гитлер Ұлттық социалист неміс жұмысшы партиясын (НСДАП- неміс сөзінен қысқартылған) құрды. ....
Курстық жұмыстар
Толық

Банк ісі | Ұлттық банк жүйесі

Кіріспе.
Кеңес үкіметі кезінде Қазақстанның өзінің банктік жүйесі болған жоқ, себебі республика аумағындаКСРО ның орталықтандырылған несие жүйесінің филиалдары мен бөлімдері қызмет етті. Осыған байланысты банктік жүйенің тарихы КСРО мен революцияға дейінгі Ресей тарихы мен тығыз байланысты болып келеді. Патшалық Ресейдің банктік жүйесіне: мемлекеттік банк, акционерлік банктер, қалалық банктер, ипотекалық несие банктері мен басқа да несиелік мекемелер кіреді.
Ресейдің мемлекеттік банкі (өз қызметі 1860 жылы болды) барлық несие жүйесінің Орталық банкі болып табылады. Ол айналымға қағаз ақша шығарудың монополиялық құқығына ие болды. Сөйтіп, 1914 жылы Ресейдің мемлекеттік банкі бұл іске барлық акционерлік коммерциялық банктердің салымдары мен ағымдағы шоттардың жартысынан көбін және есептік қарыздық операцияларының 1/3 бөлігіне жуығын жұмылдырды. Басқа орталық эмисиондық банктеріне қарағанда, Ресейдің мемлекеттік банкі тек банктерді ғана емес, сонымен бірге, өнеркәсіпті, сауданы, қор жинаушыларды да несиелендіреді. 1914 жылы қарсаңында ол 10 кеңсе, 124 бөлім мен мемлекеттік қазынашылықтың 791 тіркелген кассасына иелік етті.
Акционерлік коммерциялық банктер (47 банк 743 фирмасымен) қарыз капитал нарығында басымдық жағдайға ие болып, 1914 жылы шоғырланудың жоғарғы дәрежесіне жетті.....
Курстық жұмыстар
Толық

Саясаттану | Үндістан-Қытай арасындағы қарым-қатынастарын жан-жақты сараптау

Үндістан мен Қытай елдері өз тәуелсіздігін алғаннан кейін және халықаралық аренаға жеке субьект ретінде шығуына байналысты, экономикалық, әскери және ғылыми-техникалық потенциалды қайта құруды және мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатына түзетулер енгізе отырып, сыртқы саясатта белсенділік көрсетіп, халықаралық қатынастарда өз елінің беделін жоғары көтеру мақсатында әлемдегі дамып келе жатқан мемлекеттермен саяси, экономикалық байланыстар орнатуды көздеді. Сонымен қатар, Үндістан мен Қытай өзара екіжақты қарым-қатынастардың орнауына да ат салысып, екі ел арасындағы байланыстардың даму барысында пайда болған бірқатар күрделі мәселелерге шешім табуға тырысты. Алпауыт елдер арасындағы қатынастар достық қарым-қатынас пен жауласу кезеңдерін өткеріп, қазіргі заманғы серіктестікке бағыт алды.
Қазіргі уақытта да Үндістан мен Қытай арасындағы қарым-қатынастардың жалпы дамуындағы өзгерістер тек Азия құрылығына ғана емес, бүкіләлемдік стратегиялық саясатқа да өзіндік ықпалын тигізуде. Сондықтан да осы екі алпауыт елдер арасындағы қарым-қатынастардың даму үрдісін зерттеу заман талабына сай өзекті мәселелердің бірі болып табылатыны даусыз.....
Курстық жұмыстар
Толық

Қазақ тілі | Тіл білімінің басқа ғылымдармен байланысы, тіл білімі және салалары

КІРІСПЕ
Қазақ тіл білімінің даму кезеңдерінде әсіресе, Қазан төңкерісінен кейінгі онжылдық ерекше аталады. Қазақ әдеби тілінің Кеңес дәуіріндегі дамуын мерзімді баспасөз тілінің негізінде зерттеген С. Исаев: «Совет өкіметінің алғашқы жылдарының өзінде–ақ көркем шығарма тілінің дамуымен қабат ресми стильдің көрінісі ретінде ғылми шығарма, публицистикалық шығарма, баспасөз тілі өз алдына жеке қалыптасып дами бастады», - деп жаза отырып, мынадай қорытындыға келеді: «Совет дәуіріндегі газет-журнал тілін зерттеудің нәтижесінде жазба тіліміздің бір ізге түсіп, нормалана бастауын да байқай аламыз. Басқасын былай қойғанда, тіпті 1920 жылдардың бас кезі мен аяқ кезіндегі газет-журналдың тілінде біраз айырма байқалады. 20 жылдардың аяқ шенінде баспасөз тілінің екшеленіп, сараланып, қажетсіз элементтерден арыла түскенін көреміз. Әсіресе, «кітаби» тіл дәстүрінің элементтері құлдырап, кеми бастағанын анық байқауға болады»
20-жылдары А. Байтұрсынұлы бастаған қазақ зиялыларының ғылым тілін ана тілінде қалыптастыру жөніндегі бастамалары ғалымдарымыздың айрықша назарын аударатындығы ілгеріде де айтылды.
Сөз мәдениеті пәнінің қазіргі жай-күйі алдымен қазақ тіл білімінің өткендегісімен және бүгінгі даму деңгейімен, жалпы тілтанымдағы дәстүрлі парадигмалардың жаңа парадигмаларға ығысып орын беру үрдісімен де байланысты. Қазақ сөз мәдениетінің пән ретінде қалыптасуының алғышарты ретінде әсіресе қазақ тілі бойынша жазылған алғашқы оқулықтар мен оқу құралдарында (А.Байтұрсынұлы, Қ.Жұбанов, І.Кеңесбаев, М.Балақаев, С.Аманжолов т.б.) грамматикалық, орфографиялық, орфоэпиялық нормалардың ереже түрінде берілуі әдеби тілдің кодификацияланған нормаларды қалыптастыруда маңызы ерекше болды....
Курстық жұмыстар
Толық

Мәдениеттану | МҰСЫЛМАН МӘДЕНИЕТІНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ, ХАЛИФАТТЫҚ КЕЗЕҢ ОРНАУЫ

КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі. Ұлан-ғайыр Аравия жері - әлемдік тарихтың ажырамас бөлігі екені сөзсіз. Бүкіл мұсылман қауымының, ислам дінінің қасиетті діңгегі орнаған жер. Араб қоғамы мен рухани әлемі, мәдениеті ислам дінімен тығыз байланысты. Ал саяси тарихына көз салар болсақ, арабтар шығыстағы тіпті әлемдегі десем қателеспегендігім болар, жаңа мемлекеттік ұйым, бірлестік-халифаттың негізін қалады. Қазіргі күнде жылдам өзгеріске ұшырап отыратын әлемде дін беделді және ықпалды қоғамдық құбылыс. Әлемдік діндердің ішіндегі ислам-тек сенім мен салт-жоралар ғана емес, сонымен қатар өмір сүру салты.
Бұрынғы Орта Азия мен Қазақстан мұсылмандарының Діни басқармасының төрағасы муфтий Мухаммед-Садық Мухаммед-Юсуф былай дейді: “Ислам-барлық кезеңде және әр түрлі халықтарда адамзаттық негізгі сұраныстарына жауап береді. Біздің басқа діндерден айырмашылығымыз өмір діни және әлеуметтік болып бөлінбейді. Ислам дегеніміз-әрі сенім, әрі өмір сүру түрі. Исламды уағыздай отырып біз қоғамымыздың барлық проблемаларын шешуге жетістікпен қатынаса аламыз”/1/. ....
Курстық жұмыстар
Толық

Экономика | Металл ақша айналысы және оның қағаз ақшаға өту себептері

КІРІСПЕ
Ақша туралы осы уақытқа дейiн талай-талай шығармалар жазылып, ақшаны бiреулерi пайдалы тауар деп мақтаса, ал бiреулерi оны қоғамға зиянын тигiзедi деп даттауда. Өйткенi ақша үшiн бүкiл қоғам жұмыс iстейдi, ол бiреулердi бақытты тұрмысқа кеңелтсе, ал бiреулердi қайғылы оқиғаға ұшыратады. Бүкіл қоғамның қызмет етуге ынталандыратын негізгі құрал ақша болып табылады.
Ақшаны ешкiм ойлап тапқаны жоқ, ол тауар айналысының дамуына байланысты тарихи түрде көптеген жағдайларды басынан кешiрiп, осы күнге ақша болып жеттi. Заттардың тауарға айналуы ақшаның пайда болуындағы объективтi алғышарттарды құрайды. Әрбiр тауар қажеттi тұтыну құның алу құралы бола отырып , өзiнiң өндiрушiсiне қатынасы бойынша айырбас құны ретiнде көрiнедi. “Айырбас құн тауарлардың өзiнен бөлiнiп шыққан және олармен бiрге өз бетiнше өмiр сүретiн тауар, ол ақша”.
Егер ақша айналысы болмаса, онда тауар айналысы да болмайтын едi. Ақша түрiнде көрiнетiн тауарлардың құны , оның бағасы болып табылады.
Ақша - жалпыға бiрдей эквивалент, ерекше тауар, онда барлық басқа тауардың құны бейнеленедi және оның делдал ретiнде қатысуыменнен тауар өндiрушiлер арасында еңбек өнiмдерiнiң айырбасы үздiксiз жасала бередi.
Ақша өзінің даму тархында көптеген даму сатыларынан өтті. Ол сонау ақшаның алғашқы белгілерінен бастап қазіргі замаңғы электронды, несие ақшаларына дейін сан алуан формаларға ауысумен және дамумен болды.....
Курстық жұмыстар
Толық

Тарих | Мемлекеттік реттеудің тоталитарлық варианты (Германия негізінде)

КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі. Германия жәнс Италия елдерінің тарихы дүниежүзілік тарыхтың құрамдас бөлігі болып табылады. Бұл екі мемлекеттегі әлеуметтік, экономикалық, саяси жағдай фашизмнің орнауына мүмкіндік тудырды. Италияда алғашқыда демократия барлық проблемаларды шешудің кілті болып есептелінген еді. Алайда, демократия дегеніміз жалпы сайлау құқы, бостандық, көппартиялық, өзімен-өзі жұмыссыздықты, бағаның өсуін, өндірістің қүлдырауын жоя алмайтындығы айқындалды. Кей жағдайларда демократияның орнауы мемлекеттік өкімет билігін әлсіретті. Демократия көңіл толмағандық та бірден жалпы сипат алды. Осылайша, Италияда фашизм орнады.
Дүниежүзі халықтарының сұрапыл қанды қырғынға ұшыратқан Италия және Германия фашизміне біршама сипаттама берсек: Фашизм (итальянша fascisma деген сөзден шыққан. Байланыс, одақ деген мағынаны білдіреді.) -реакциялық саяси ағым. Оның негізгі идеологиясы шовинистік, агрессиялық бағыт болып табылады. Ол өзінің пайда болу кезінен бастап адамзат прогресіне қауіп төндірді. Фашизмнің билік басына келуімен буржуазия ашық террорлық іс-әрекет жүргізген фашистерге жол берді. Барлық фашистік режимдерге тән сипат, ол күресудің террорлық әдісімен антикоммунистік және антисемиттік бағыт ұстанды.....
Курстық жұмыстар
Толық

Қазақ әдебиеті | М.Горькийдің шығармашылық жолы

Кіріспе
Ұлы орыс халқының классикалық және совет әдебиетін, қазіргі әдебиетін, туысқан ұлттардың халық демократиясы елдерінің және дүниежүзілік әдебиеттік үлгілерін қазақ тіліне аудару – идеологиялық және мәдени зор маңызы бар іс. Бұл әдебиетіміздің шеберлік жағынан жетеле түсуіне көмегін тигізіп қана қоймайды. Сонымен бірге халқымыздың рухани мәдениетін ерекше байытады.
Аударма ісінің белгілі бір сатыға көтерілуінің нәтижесінде қазақ оқырмандары Пушкин, Лермонтов, Горький, Тургенев, Гоголь, Толстой, Маяковский, Шолохов т.б. орыстың классикалық және советтік әдебиетінің тамаша өкілдерінің шығармаларын өз тілінде оқитын болды.
Қазақтың көркем әдебиет баспасы қазір орыс классиктерінің шығармаларын , мемлекеттік сыйлық алған шығармаларды түгел дерлік қазақ тілінде шығару мақсатын қойып отыр.
Әдебиетіміздің аударма саласында елеулі - жұмыстар істеліп белгілі бір кезеңнен өтіп, енді алда айрықша зор міндеттер тұрғанда, өткен жолымызды шолып, іс тәжірибемізді қорытып, болашақтағы міндетіміздің негізгі бағытын белгілеп, көркем аударма өнеріндегі басты мәселелерді шешіп алу кезек күттірмейтін мәселеге болу тиіс. Орыс тілден қазақ тіліне жүздеген кітаптар аударылды. Бұл үлкен іс ірі кемшілігіне қарамастан, үлгілі тәжірибесіз емес.
Осы жолдағы М. Горькийдің әнгімелерін қандай тәжірибеде аударғанын көретін боламыз.
Жалпы Горький әңгімелерін игере бастауы аударма әдебиетіміз үшін ғана емес қазақ әдебиеті, көркем әдебиеті үшін де елеулі кезең.
Біз әдебиетіміздің қыруар байлығын мақтан ете аламыз. Қазір дүние жүзі халықтары сүйіп оқитын М.В. Маяковскийдің мағыналы, жалынды поэзиясы, М. Горкийдің мәңгі өлмес асқақ та терең мұралы т.б.....
Курстық жұмыстар
Толық

Қазақ әдебиеті | М.Горький шығармаларының аударма нұсқасы

Кіріспе
Ұлы орыс халқының классикалық және совет әдебиетін, қазіргі әдебиетін, туысқан ұлттардың халық демократиясы елдерінің және дүниежүзілік әдебиеттік үлгілерін қазақ тіліне аудару – идеологиялық және мәдени зор маңызы бар іс. Бұл әдебиетіміздің шеберлік жағынан жетеле түсуіне көмегін тигізіп қана қоймайды. Сонымен бірге халқымыздың рухани мәдениетін ерекше байытады.
Аударма ісінің белгілі бір сатыға көтерілуінің нәтижесінде қазақ оқырмандары Пушкин, Лермонтов, Горький, Тургенев, Гоголь, Толстой, Маяковский, Шолохов т.б. орыстың классикалық және советтік әдебиетінің тамаша өкілдерінің шығармаларын өз тілінде оқитын болды.
Қазақтың көркем әдебиет баспасы қазір орыс классиктерінің шығармаларын , мемлекеттік сыйлық алған шығармаларды түгел дерлік қазақ тілінде шығару мақсатын қойып отыр.
Әдебиетіміздің аударма саласында елеулі - жұмыстар істеліп белгілі бір кезеңнен өтіп, енді алда айрықша зор міндеттер тұрғанда, өткен жолымызды шолып, іс тәжірибемізді қорытып, болашақтағы міндетіміздің негізгі бағытын белгілеп, көркем аударма өнеріндегі басты мәселелерді шешіп алу кезек күттірмейтін мәселеге болу тиіс. Орыс тілден қазақ тіліне жүздеген кітаптар аударылды. Бұл үлкен іс ірі кемшілігіне қарамастан, үлгілі тәжірибесіз емес.
Осы жолдағы М. Горькийдің әнгімелерін қандай тәжірибеде аударғанын көретін боламыз.
Жалпы Горький әңгімелерін игере бастауы аударма әдебиетіміз үшін ғана емес қазақ әдебиеті, көркем әдебиеті үшін де елеулі кезең.
Біз әдебиетіміздің қыруар байлығын мақтан ете аламыз. Қазір дүние жүзі халықтары сүйіп оқитын М.В. Маяковскийдің мағыналы, жалынды поэзиясы, М. Горкийдің мәңгі өлмес асқақ та терең мұралы т.б.....
Курстық жұмыстар
Толық

Мемлекет және құқық | Құқықтық мемлекеттің жалпы сипаттары

КІРІСПЕ
Мемлекеттік өз жұмысын заң негізінде іске асыратын ұйым ретіндегі ойлар адам баласының өркениетті дамуындағы алғашқы кезеңдерінде пайда бола бастаған. Жетілген және қоғам өмірінің адал нысандарын іздеу құқықтық мемлекет идеяларымен жалғанған. Ертедегі ғалымдар (Сократ, Демокрит, Платон, Аристотель, Полибий, Цицерон) құқық пен мемлекеттік билік арасындағы қарым-қатынасты көрсетуге талаптанғандағы мақсаттары – сол дәуірдегі қоғамды қамтамасыз ететін қатынастарды болжау болатын.
Ертедегі ғалымдардың ойынша құқықты мойындайтын, сонымен қатар құқықпен тежелген мемлекеттік билік адал мемлекеттік болып саналған. «Заңның күші жоқ жерде, - деп жазды Аристотель,- мемлекеттік құрылымның қандай болмасын нысаны жоқ» . Цицеронның айтуынша мемлекет – «халықтың ісі», құқықтық араласу және «жалпы құқықтық тәртіп».....
Курстық жұмыстар
Толық

Мемлекет және құқық | Құқықтық мемлекеттің белгілері

КІРІСПЕ
Мемлекеттік өз жұмысын заң негізінде іске асыратын ұйым ретіндегі ойлар адам баласының өркениетті дамуындағы алғашқы кезеңдерінде пайда бола бастаған. Жетілген және қоғам өмірінің адал нысандарын іздеу құқықтық мемлекет идеяларымен жалғанған. Ертедегі ғалымдар (Сократ, Демокрит, Платон, Аристотель, Полибий, Цицерон) құқық пен мемлекеттік билік арасындағы қарым-қатынасты көрсетуге талаптанғандағы мақсаттары – сол дәуірдегі қоғамды қамтамасыз ететін қатынастарды болжау болатын.
Ертедегі ғалымдардың ойынша құқықты мойындайтын, сонымен қатар құқықпен тежелген мемлекеттік билік адал мемлекеттік болып саналған. «Заңның күші жоқ жерде, - деп жазды Аристотель,- мемлекеттік құрылымның қандай болмасын нысаны жоқ» . Цицеронның айтуынша мемлекет – «халықтың ісі», құқықтық араласу және «жалпы құқықтық тәртіп»......
Курстық жұмыстар
Толық

Құқық негіздері | Құқықтық мемлекет

Кіріспе
Қазақстандық жалпыұлттық идеяның негізгі астарында «Қазақстан кімнің мемлекеті: қазақтардың ба әлде қазақстандықтардың ба?» деген сауал тұр. Жауап: Қазақстан – елді мекендегі барша ұлтар мен ұлыстардың, этникалық-әлеуметтің топтардың Отаны. Этникалық тұрғыда жер қазақ халқының жері болғанымен, мазмұны жағынан демократиялық-құқықты, азаматтық қоғамды құруға бағыт алып отырған Отанымыз көп ұлтты. Қай ұлт өкілі болмасын, олар – Қазақстан Республикасының тең құқықты азаматы, қазақстандық. Бұл кез келген дамыған демократиялық әлемдік мемлекеттерге тән қасиет. Франция – франциялықтардың, АҚШ – американдықтардың Отаны.
Азаматтық қоғамның, құқықты мемлекетің қайнар көзінде де осы қасиет жатыр. Азаматтық қоғамның біздің түсінігіміздегі нақты анықтамасы мынадай: ол – құрамындағы мүшелерінің арасындағы экономикалық, мәдени, құқықытық және саяси қатынастары дамыған, мемлекеттен тәуелсіз, бірақ онымен өзара әрекеттесуші қоғам, мемлекетпен бірлесе отырып, дамыған құқықтық қатынастар құрушы, жоғары дәрежелі әлеуметтік, экономикалық , саяси, мәдени және моральдық мәртебелі азаматтар қоғамы.....
Курстық жұмыстар
Толық

Мемлекет және құқық | Құқықтық мемлекет

Кіріспе
Қазақстандық жалпыұлттық идеяның негізгі астарында «Қазақстан кімнің мемлекеті: қазақтардың ба әлде қазақстандықтардың ба?» деген сауал тұр. Жауап: Қазақстан – елді мекендегі барша ұлтар мен ұлыстардың, этникалық-әлеуметтің топтардың Отаны. Этникалық тұрғыда жер қазақ халқының жері болғанымен, мазмұны жағынан демократиялық-құқықты, азаматтық қоғамды құруға бағыт алып отырған Отанымыз көп ұлтты. Қай ұлт өкілі болмасын, олар – Қазақстан Республикасының тең құқықты азаматы, қазақстандық. Бұл кез келген дамыған демократиялық әлемдік мемлекеттерге тән қасиет. Франция – франциялықтардың, АҚШ – американдықтардың Отаны.
Азаматтық қоғамның, құқықты мемлекетің қайнар көзінде де осы қасиет жатыр.....
Курстық жұмыстар
Толық

Экономика | Қазақстан Республикасының мемлекеті бағалы қағаздар рыногын құру

Кіріспе
Бағалы қағаздар кез келген мемлекеттің төлем айналымында маңызды орын алады, себебі олар арқылы мемлекеттің инвестициялық қызметі жүзеге асырылады. Дәлірек айтқанда, бұл күрделі қаржы тікелей халық шаруашылығының ең тиімді саласына жіберілді, яғни оларды рыног жүйесіндеі ең өміршең субъектілер ғана ала алады.
Тақырыптың өзектілігі: біздің экономикалық жағдайымызда немесе әлемдік рыногқа енуіміздегі ең өзектісі, бұл әлемдегі бағалы қағаздар рыногына байланысты жинақталған барлық құндылықтарды оқып үйрену, хабарлау және оның әрі қарай даму тенденциясына әсер етуінің маңыздылығын қарастыру болып саналады. Мемлекеттің дамуы мен экономикалық өсуі тікелей елдегі жүргізілетін саясатардың дұрыстығына негізделеді және соған байланысты болады. Сондықтан бағалы қағаздар рыногын құру шаруашылықты орталықтан қаржыландырудың тиімсіз жүйесі мен ресурстардың сала аралық қайта бөлінуін ауыстыру, рыногтық құрылымдардағы инвестицияға деген сұранысты қанағаттандыру, бұл рыногқа капиталдың сала аралық қайта бөлінуін реттеуші болу, ірі кәсіпорындар мен банктердің тиімділігіне барометр болу маңыздылығы ерекше, өйткені ол елдегі іскерлік қызметтің артуына және төлем балансының тұрақтылығын қамтамасыз етуіне бағытталады.....
Курстық жұмыстар
Толық

Экономика | Қазақстан Республикасының мемлекеті бағалы қағаздар рыногын құру

Кіріспе
Бағалы қағаздар кез келген мемлекеттің төлем айналымында маңызды орын алады, себебі олар арқылы мемлекеттің инвестициялық қызметі жүзеге асырылады. Дәлірек айтқанда, бұл күрделі қаржы тікелей халық шаруашылығының ең тиімді саласына жіберілді, яғни оларды рыног жүйесіндеі ең өміршең субъектілер ғана ала алады.
Тақырыптың өзектілігі: біздің экономикалық жағдайымызда немесе әлемдік рыногқа енуіміздегі ең өзектісі, бұл әлемдегі бағалы қағаздар рыногына байланысты жинақталған барлық құндылықтарды оқып үйрену, хабарлау және оның әрі қарай даму тенденциясына әсер етуінің маңыздылығын қарастыру болып саналады. Мемлекеттің дамуы мен экономикалық өсуі тікелей елдегі жүргізілетін саясатардың дұрыстығына негізделеді және соған байланысты болады. Сондықтан бағалы қағаздар рыногын құру шаруашылықты орталықтан қаржыландырудың тиімсіз жүйесі мен ресурстардың сала аралық қайта бөлінуін ауыстыру, рыногтық құрылымдардағы инвестицияға деген сұранысты қанағаттандыру, бұл рыногқа капиталдың сала аралық қайта бөлінуін реттеуші болу, ірі кәсіпорындар мен банктердің тиімділігіне барометр болу маңыздылығы ерекше, өйткені ол елдегі іскерлік қызметтің артуына және төлем балансының тұрақтылығын қамтамасыз етуіне бағытталады. Сондықтан, бұл тақырыптың өзектілігі күмән тудырмайды, өйткені мемлекеттің қалыпты дамуын, әрі экономикалық өсуін немқұрайлықпен немесе мүлдем қарастырмай кету үлкен қателік болар еді.....
Курстық жұмыстар
Толық