Халқымыздың бойында жинақталған асыл мұраларымызды еске алып отырсақ, олардың бізге қымбат әрі қастерлі екендігін ұға түскендей боламыз. Сондай қасиетті ұғымдар ол өз халқыңның тілі, тарихы, салт-дәстүрі тағы басқалар болмақ.
Менің ана тілім – қазақ тілі. Оның ғасырдан ғасырларға жасап келе жатқан бай мұрасы бар екендігі бізге белгілі. Халқымыз – ежелден-ақ тіл өнеріне аса ден қойған халық. Тіпті ұлтымызда асыл ана тілімізге арналған мақал-мәтел, түрлі нақыл сөздер де көптеп кездеседі. Халқымыз, мысалы, «Өнер алды – қызыл тіл» деп, тіл өнерін аса жоғары бағалады. Сондықтан да сол кезеңде тіл өнерін биік меңгерген адамдарды шешен деп құрметтеген еді. Тарихымызда мұндай би-шешен тұлғаларымыз аз болмаған. .....
Нақтылы жазба дерек бойынша, түрік дәуірінде, Ұмай Ана мектебі жұмыстаған. Ұмай Ана мектебіндегі тәрбие туралы Орхон-Енисей ескерткіштері біршама мағлұмат бар. (Ана мектебінің кейбір ұлық ұстаздарының педагогикалық ой-пікірлері Батыс және Шығыс жазба әдебиеттері арқылы бізге жетті) Қазақ мектебінің басы – Ана мектебі. Оның даму тарихы тым тереңде жатыр. Ол даму тарихында Дана мектебі дәрежесіне жеткен. Қазақтың жеке ел болып, еңсе көтерген сол бір дәуірде, текті ата әулеттерінде Қарашаңырақ мектебі орнаған. Әулет, ауыл, ру, тайпа аумағында ақсақалдар мектебі тым ерте дәуірде қалыптасқан. Бұлар тіршіліктің бар саласында, өмірдің әр белесіне етене араласып, әже-ата, әке-шеше, жезде-женге мектебі аталып, қазақ қоғамында ауқымды педагогикалық іс-әрекет жүргізді, жас ұрпақты өмірге дайындады, үлгі-өнеге ұқтырды. Оларды жалпысынан Әулет мектебі деп атадық. Осы үрдіс сабақтастығын үзбей отырып, күні бүгінге жетті. Ұмай Анадан Ұлпанға дейін, Қарашаш анадан Алтыншаш анаға дейін, Домалақ анадан Зереге дейін дегендей ұзақ тізбекті жаңылмай жасай аламыз. Бұл жолы қазақтың қараңғы төріне, мектеп орнатып, жастарды білім-ғылым үйретіп, үлгі өнеге көрсеткен ұстаз аналар туралы әңгіме етпекпіз. .....
Кіріспе 2006 жылы біздің экологиялық заңнамаларымызды халықаралық озық актілермен үйлестіруге, жаңа стандарттарға көшуге, мемлекеттік бақылау жүйесін жетілдіруге бағытталған Экология Кодексі қабылдануға тиіс. Түтас алғанда, біз 2010 жылы қоғамның тұрлаулы дамуының негізгі экологиялық стандарттармен жасауға тиіспіз. Қоршаған ортаны қорғау XXI ғасыр басында ең негізгі проблеммаға айналды. Қазіргі кездегі өндіріс орны өзінің түп негізінде адаммен табиғат технологиялық байланыс бар екендігін көрсетеді. Соңғы кезге дейін адам баласы табиғат ресурстарын (жер, су, ауа т.б) таусылмайтын, тегін деп түсініп келді. Осы дай көз-қарас салдарынан табиғат ресурстары азайып, қоршаған орта ластануда, табиғи экологиялық тепе-теңдік бүзылды. Қазіргі таңда қоршаған ортаны қорғауға іс-шаралар, әртүрлі табиғат қорғау заңдылықтары пайдаланып, гшешімдер қабылдануда. Қоршаған ортаға келтірілетін зиянды заттарды азайту және соңынан оны мүлдем тоқтату қазіргі жаңа технологиялар мен процестерді ойнап табушыларға біраз шектеулер қоюда. Мүндай шектеулерді өндіріс қойылатын талап деп көрсетуге болады.....
Еліміздің экономикалық дамуында агроөнеркәсіптік кешеннің, оның ішінде ауыл шаруашылығының маңызы зор. Қазақстан агроөнеркәсіптік кешені – еліміздегі халық шаруашылығындағы агроөнеркәсіптік кешеннің негізгі құрамдас бөлігі. Онда материалдық игілік өндіру саласындағылардың жартысынан астамы қызмет етеді және Республикадағы негізгі өндірістік қорлардың тең жартысына жуығы шоғырланған, жалпы өнімнің және ұлттық табыстың жартысы осы саланың еншісінде. Азық – түлік бағдарламасын бүкіл еліміз көлемінде шешу, халықты азық – түлікпен және өнеркәсіптің салаларын шикізатпен толық қамтамасыз ету, көбінесе, агроөнеркәсіптік кешеннің әр түрлі салаларының дамуымен анықталады. Бұл тақырыпта «агроөнеркәсіптік», «ауыл шаруашылығы», «ауыл шаруашылығына жарамды жер», «жайылым», «егістік жер», «өсімдік және мал шаруашылығы», «дәнді дақыл шаруашылығы», «ауыл шаруашылығы кәсіпорындары», ұғымдары төңірегінде қалыптасады. Сонымен қатар агроөнеркәсіптік кешеннің негізгі салаларымен, ауыл шаруашылығымен, оның ішінде өсімдік және мал шаруашылығы салаларымен таныс боласыздар. ХХ ғасырда дүние жүзілік шаруашылықтың дамуындағы маңызды кезең ғылыми техникалық прогреске (ҒТП) байланысты өнеркәсіптік кешендердің кіріктірілуі (АӨКК). Бұл процесс Қазақстан шаруашылығына да әсерін тигізеді. АӨКК – тің басты факторлары, негізінен ауыл шаруашылығы шикізаттарынан дайындалған және қайта өңдеуден өткізілген тағам өнімдері мен халық тұынатын тауарларға деген сұраныстың артуы.....
Кіріспе. Менің бұл курстық жұмысымның басты тақырыбы мәліліметтер базасын басқару жүйелері, оларды пайдаланушылар және пайдалану барысында атқарылатын жұмыстар туралы болып табылады. Жұмыстың тақырыбы өте ауқымды болып келеді. Және қозғалып отырған сұрақ қазіргі уақыттағы ең белсенді сұрақтардың бірі болып табылады. Жұмысты жазу барысында келесідей негізгі тақырыбтар қозғалмақшы: 1. Мәліметтер базасы, оның бүгінгі күнгі жағдайы және жұмыс атқаруы. 2. Мәліметтер базасын пайдаланушылар, олардың категориялары және оның әкімшілігінің функциялары. 3. Мәліметтер базасын жобалау (практикалық көрінісі). Мәліметтер базасының пайда болуы жалпы алғанда есептеуіш техникалардың жетілдірілуі мен олардың құнының төмендеуіне байланысты. Алғашқы кезде есептеуіш техникалар тек “қолмен” шығаруға болмайтын математикалық кұрделі есептеулерді шығару үшін қолданылды.....
1 КІРІСПЕ 1.1 Тақырыптың өзектілігі мен практикалық маңыздылығы. Көптеген инфекциялық аурулардың қоздырғыштарын тарататын және халық шаруашылығына орасан экономикалық зиян әкелетін қауіпті зиянкестердің бірі - үлкен қалалар, елді мекендер мен ауыл шаруашылығындағы қора-жайларда, егіс алқаптарында, өндіріс орындарында қоныстанған тышқан тектес кеміргіштер болып келеді. Дүниежүзілік деңсаулық сақтау ұйымының эксперті Грэй Томастың пайымдауынша жер жүзінде кеміргіштер, эсіресе егеуқұйрықтар, жыл сайын тек қана дэнді дақылдар мек күріштің 33 млн-ға жуық тоннасын жеп қүртады. Әр жылы егін жиналып болғанша кеміргіштер оның 20%-дан астамын өз алдына жояды екен. Дәнді дақылдардан. басқа ет, сүт, балық өнімдерін, жас балапандарды, жұмыртқаларды жейді екен [1]. Бұрынғы Атырау құс фабрикасы, қазіргі "Қарлығаш" акционерлік қоғамында болған уақиғаға көңіл аударсақ, онда егеуқұйрықтар түн сайын 1200-1300 балапанды өлтіріп, 1500-1600 дана жұмыртқаларды жарып ішіп отырған. Егеуқұйрықтардың қауіпті инфекциялық ауруларды таратуының нәтижесінде әкелетін шығынды есептеу қиын. Көптеген жұқпалы аурулардың, оның ішінде аса қауіпті аурулардың қоздырғыштарын таратушысы болуымен қатар, олар жер-жерде адамдар арасында, үй жануарлары мен құстардың ішінде ауру тудырып, қауіпті инфекциялар ошағын үнемі тұтандырып отырады. ....
Қоғамда қаржылық талдау біреудің орынсыз тілегінен емес, өмірлік аса қажеттілік салдарынан туындадыды: салмақ, ұзындық өлшемін және есептеу жүргізбей, шаруашылық субъектінің мүліктік жағдайы мен оған әсер ететін себептерді білмей, табыс пен шыгыиды өзара салыстырмай, біріншісінің екіншісінен артық болуына қол жеткізбей шаруашылықты ойдағыдай жүргізу мүмкін емес. Қай уақытта да болмасын бұл өте маңызды. Қазіргі қоғамның әкімшілік-әміршілік жүйеден шығып, нарықтық қатынасқа ену кезеңінде оның мәнділігі одан әрі арта түседі. Нарықтық экономика оған қатысушылардың барлығынан ой жүйесі мен өзгеше іс-әрекетті талап етеді. Ол зауыт қоймалары мен ашық алаңдарда, материалдар мен шикізаттың қисапсыз қорларының көгеріп, тот басып жатуына, яғни миллиондаған теңгенің доғарылып, бекерге ысырап болуына жол бере алмайды. Кәсіпорын мүлкіне салынған әрбір теңге жаңа табыс әкелу үшін осы қорларды қозғалысқа келтіреді. Жасанды көрсеткіш пен жоспар үшін жүмыс істеу келмеске кетеді. Тақырыптың өзектілігі. Қазіргі уақытта болып жатқан нарықтық қатынастар кәсіпорындардың шаруашылықты жүргізуші субъект ретінде құқық жағдайларын едәуір нығайтып, олардың көптеген өндірістік және қаржылық мәселелерді өз бе-тінше шешуіне мол мүмкіншілік ашты. Атап айтқанда, ішкі және сыртқы рынокта білікті серікті таңдауға қол жетті, өйткені болашақтағы бірлескен іс-әрекеттің тиімділігі көбінесе осыган байланысты болады. Кәсіпорындар бұрынғыдай жоғаргы жақтың жөн сілтеуімен емес, контрагенттерді (жабдықтаушы, сатып алушы, мердігер, банк және т.б.) қазіргі кезде өз қалауы бойынша алады. Олардың өздеріне іскер серіктерді қаншалықты дәл және қатесіз таңдауымен нарықтық қатынастар негізінде мүмкіндігінше тез және дұрыс бағдар тауып, оны ұстануына қарай жұмыстарының тиімділігі әр түрлі болады. ....
Білімділік: Ұлттық ақшамыз теңге туралы түсінік беру. Ақша түрлері (қағаз, темір, ірі, ұсақ) туралы ұғымдарын тереңдету. "Теңге" ұғымын қалыптастыру. Тәрбиелік: Балалардың қызығушылығын арттыру, тиянақтылыққа, бірін - бірі тыңдай білуге тәрбиелеу. Дамытушылық: Балалардың зейіні мен логикалық ойлауын, есте сақтау қабілетін дамыту. Сабақтың типі: Жаңа сабақ Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, суреттер, үлестірмелі материалдар Сабақтың әдісі: әңгімелеу, түсіндіру, сұрақ - жауап. Пәнаралық байланыс: Көркем әдебиет .....
Кәсіпорындар мен ұйымдардың басқа заңды немесе жеке тұлғалардан оларға сатқан тауарлары, көрсеткен қызметтері сондай-ақ аванс ретінде алдын ала төлеген төлемдері үшін алашақ борыштары – Дебиторлық борыштары /Алынуға тиіс шоттар/ деп аталады. Осы кәсіпорындар мен ұйымдарға берешек борышы бар заңды және жеке тұлғалар дебиторлар болып табылады. Өтелетін /алынатын/ уақытына қарай алынуға тиісті дебиторлық борыштар ағымдағы алынуға тиісті борыштар және ұзақ мнрзімді алынуға тиісті борыштар болып екіге бөлінеді. Бұл борыштардың есебі «Алынуға тиісті шоттар бөлімінің шоттарында есептеледі. Есеп беретін уақыттан кейінгі бір жыл ішінде алынатын /өтелінетін/ дебиторлық борыштар ағымдағы активтер қатарында есептеледі. Олардың катарына жататындар: - ағымдағы активті сатып алуға төленген аванстық /алдын ала төленген/ төлем; - тапсырылған /берілген/ шоттар бойынша алынуға тиісті борыштар; - вексельдер бойынша алынуға тиісті борыштар; - негізгі ұйымдар мен оның еншілес серіктестігі арасындағы түрлі операциялар негізінде туындаған дебиторлық борыштар; - ұйымның лауазымды адамдарының /тұлғаларының/ дебиторлық борышы: - басқадай дебиторлық борыштар. Кәсіпорынның балансындағы алынған вексель деп аталатын бабындағы сома басқа заңды немесе жеке тұлғалардың ұйымға вексель бойынша төлейтін ресми берешегі болып есептелінеді. Алынуға тиісті шоттар бойынша шоттар /дебиторлық борыштар/ иелік ету хұқығымен қоса, заңды құқығымен байланысты актив болып саналады. Қорытындылап айтатын болсақ «дебиторлық борыш» дегеніміз, бұл – иелік ету құқығын қосқандағы заңды құқықтармен байланысты активте қамтылған алдағы уақыттағы экономикалық тиімділік. Ұйымның қаржы жағдайын сипаттайтын көрсеткіштердің қатарына дебиторлық борыштардың айналымы жатады. Яғни дебиторлық борыштардың есептелген уақыты мен өтеу уақытының арасындағы мерзім күндерінің саны. Ұйымның дебиторлық борышы оған байланысты кіріс танылған жағдайда ғана анықталады. Дипломдық жұмыста «Қос қанат» ЖШС нің мәліметтерін негізгі ала отырып, ізденіс жасадым. Дипломдық жұмыс кіріспе, 3 тараудан және қорытындыдан тұрады ....
КІРІСПЕ Диплом жұмысының өзектілігі: «Қaзaқстaн – 2050» дaму бaғдaрлaмaсы, Қaзaқстaн Республикaсының «2003-2015 жылдaрғa aрнaлғaн индустриaлды-инновaциялық дaмуының стрaтегиясы» негізінде нaқты инвестициялық жобaлaрды қолдaу және отaндық кәсіпкерлерге қолдaу көрсету мaқсaтындa жобaлaрдың жүзеге aсуын қaдaғaлaу. Диплом жұмысының мaқсaты: Инвестициялық жобaның тиімділігін бaғaлaудa тиімділікіті есептеудің нaқты көрсеткіштерін пaйдaлaну және шынaйы инвестициялық және бизнес жобaлaрды құруды меңгеру. Есептеулерді Project Expert aрнaйы прогрaммaсы aрқылы жүргізу, кәсіпорын тиімділігін бaғaлaу aрқылы болaшaқтaғы кәсіпорын тaбысын игеру және жобaны іске aсырудa отaндық және шетелдiк инвестицияны тaрту, 2015-2020 жылдaрғa стрaтегиясын құру,сонымен қaтaр aлынғaн нәтижелерді ескере келе осы жобaны іс жүзінде жүзеге aсыру. Диплом жұмысының мiндеттерi: - экономикaлық кaтегория ретінде инвестициялaрдың жіктелуі мен aнықтaмaсын қaрaстыру; - кәсіпорындaрдa инвестициялық процестерді ұйымдaстыру ретін үйрету; - инвестициялық жобaның тиімділігін бaғaлaу; - инвестициялық жобaның тиімділігін бaғaлaу әдістерін бaзaлық тaлдaу; - инвестициялық жобaлaр мен әдістеріндегі тaлдaудың зерттемелері; - инвестициялық қызметтерді жетілдіру жолдaрының зерттемесі және aлынғaн нәтижелердің негіздемелері. Дипломдық жұмыстың зерттелу объектісі: «Aтырaу гипс зауыты» ЖШС кәсіпорын мысaлы. Зерттеудің теориялық және методологиялық бaзaсы зaмaнaуи қaржы-экономикалық бaсқaрмасының теориясы, инвестициялық менеджмент, инвестициялық тиімділікті тaлдaу, сонымен қосa стaтистикaлық тaлдaу теориялaры болып тaбылaды. Кез келген кәсіпорын инвестициялық стрaтегиясын құрғaн кезде қaржы бaсқaрмaсының инвестициялық портфельі негізінде өзінің инвестициялық жобaсын тaңдaйды. Кез келген жобaны тaңдaмaс бұрын ең aлдымен технолгия, өнім, жaңa тәжірибелік - құрaстырылмaлы қызметтерге және жүргізілетін қолдaнбaлы немесе фундaментaлды зерттеулер бaрысындa күтілетін нәтижелерді ескере отырып идеялaр жинaқтaлaды. Жaңa идеялaрды іздеуде ұжым мaмaндaрының шығaрмaшылық қaбілеттері үлкен мaңызғa ие. Жобaлaрдың әртүрлілігіне қaрaмaстaн мұндaғы тaлдaу aрнaйы бөлімдерге: жобaның институтционaлды және экономикaлық орындaулaрынa, қaржылық, техникaлық, коммерциялық бaғaлaулaрғa қосылaды. Идеяның шынaйылығын келесі көрсеткіштер бойыншa бaғaлaуғa болaды: өнімдер мен қызметтердің бәсекеге қaбілеттілігі; экологиялық ортaның жaқсaруы; кірістердің өсуі; өндірілетін өнім көлемі мен қызмет көрсетулердің aртуы; қызмет көрсетулер мен өндірілетін өнімдерді шығaрудa шығындaрды төмендету; бaсқa нaрыққa шығу мүмкіндіктері; кaпитaлдaрды тиімді пaйдaлaну; кәсіпорын мен инвестордың имиджін aрттыру.....
Кіріспе Тәуелсіздік жылдарында Қазақстан Республикасының экономикалық дамуы бұрын соңды болып көрмеген деңгейге жетті. Экономика - тәуелсіздіктің діңгегі, экономиканы дамытпай, ешқандай саяси-әлеуметтік жетістікке жете алмаймыз, егеменді ел де бола алмаймыз. «Алдымен экономика, сосын саясат» айдарымен алысты көздеген Президенттің стратегиялық тұжырымдамасы дүниеге келді. Оны орындау мақсатында тиянақты іс-шаралар жүзеге асырыла бастады. Осы мақсатпен тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында Президенттің заңдық күші бар 140-тан астам Жарлығы жарияланды. Олар экономика саласында реформалардың елімізде екпінді жүруіне негіз салды. Реформалардың заман талабына сәйкес нормативтік-құқықтық базасын қалыптастырды. Нәтижесінде алдыңғы қатарлы дамушы елдер қатарына шықтық. Қазақстан реформаларды табандылықпен жүргізіп жатқан ел екенін шетел басшылары мен мамандары айта бастады. Барлық қазақстандықтардың әл-ауқатын, қауiпсiздiгiн жақсартуға арналған "Қазақстан–2030" Стратегиясында Елбасы Н.Назарбаев атап өткенiндей, республика дамуының басым бағыттарының бiрi тұрғындардың материалдық және әлеуметтiк әл-ауқаты болып табылады [1]. Осы Стратегияда айқындалғандай, біздің елімізде қалыптасқан нарықтық экономиканың әлеуметтік бетбұрыс алуы, оны Елбасы Стратегиялық басым бағыттардың бірі деп белгілеуі, аталмыш саланың әлі бірнеше онжылдықтар бойы өзектілігін жоймайтын ғылыми-зерттеу объектісі болатындығының айқын көрсеткіші. Ал, оның жүзеге асу барысы мемлекеттің әлеуметтік саясатының негізі болып қалануынан көрінеді де, басты мақсаты – халықтың әл-ауқатын арттыруға қол жеткізу болып табылады. Осы тұрғыдан алғанда, экономикалық жетістіктерге жетуде, ғылым мен инновацияның дамуында жетекші рөл атқаратын адам факторы – әлем қауымдастығының инвестициялық тартымды ресурс көзі ретінде қалыптасып келе жатқандығы, аталмыш объектінің XXI ғасырдың өзекті зерттеу мәселесі екендігі сөзсіз деп ой-тұжырым жасауға болады. Бүгінгі Қазақстан мемлекеттің әлемдік қауымдастықта дамудың жаңа кезеңіне аяқ басып отыр. Жаңа әлемдік шарттар мен жаңа ғасырдың алғашқы жылдарындағы жетістіктеріміз мол. Міне, осы ерекшеліктерді айқындай келе, еліміздің қазіргі заман тарихындағы даму көрсеткіштерін жылдар бойынша сараптауды міндет етіп қойып отырмыз. Дүниежүзі елдері танып, экономикалық даму қарқыны жағынан алғашқы орындарда тұрғандығын мойындап отырған тәуелсіз Қазақстан мемлекеті тарихын қайта ой елегінен өткізу әрбір халық үшін терең мәнге және маңызға ие. Еліміздің әлеуметтік – экономикалық тарихын зерттеп, оған баға беру өзекті мәселелердің бірі екендігі даусыз. Зерттеу жұмысының негізгі нысаны. 1991-2011 жылдардағы Қазақстан Республикасының әлеуметтік – экономикалық дамуының эволюциясы мен басым бағыттары болып табылады. Тақырыптың зерттелу деңгейі. Қазақстанның 1991-2011жж аралығындағы әлеуметтік – экономикалық дамуы тақырыбына қалам тартқан біршама авторлардың еңбектері жарық көріп үлгерген. Жалпы оларды мынадай екі топқа бөліп қарастырауға болады: Бірінші топта, үкіметтің жоғарғы қызмет орындарында еңбек етіп, болған жайларды өз көзімен көріп қана қоймай, нақты іс – шараларды жүзеге асырудың басында болған саяси қайраткерлердің еңбектері. Мұндай еңбектердің ішінде еліміздің президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың біздің тақырыбымызға тікелей қатысты «Әділеттің ақ жолы», «Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуының стратегиясы», «Ғасырлар тоғысында», «Қазақстан 2030», «Тәуелсіздік белестері», «В потоке истории», «Сындарлы он жыл» деп аталатын шығармаларын ерекше атап өткен жөн....
- Мені жұрт қатал оқытушы деп айтады, - дейді оқытушы. - Студенттерін қинайды дейді, оларға қоймайды дейді. Мұндай әңгімелер өзімнің де құлағыма жетіп жатады. Тіпті бірде ректорға дейін жетіпті. "Өркен, сені жұрт солай деп айтып жүр ғой, неге студенттеріңді қинайсың?" - деді ректор. "Онда сабақ сұрамастан қойып бере берейін", - дедім. "Мен олай деп тұрған жоқпын, - деді ректор. - Бірақ студенттер де адам баласы ғой. Кішкене түсіністікпен қарасаңдар болмай ма?"
Бірде бір қызық оқиға болды. Жазғы уақыт еді. Жазғы сессияның басталған кезі. Оқу орнынан шығып, жаяу жүргіншілер жүретін соқпаққа түсіп алып келе жатқанмын. Бір кезде жолдың жиегінде отырған бір келіншекке көзім түсіп кетті. Әлгі келіншектің түрі деген әбден әбіржіп кеткен. Өзі жерге төселіп, жайғасып отырып алыпты. Жанына еріксіз аялдадым. Түріне қарап аяп кеттім .....
Корпорациядағы қаржылық жоспарлау және бақылау – қаржы жүйесінің барлық буындарының ресурстарын жасау, оны қадағалау, бөлу және оларды пайдаланудың негізділігін тексеру үшін бағытталған. Яғни, корпорацияның қаржысын жоспарлау, бақылау және қаржыны оперативті басқару сияқты элементтермен тығыз байланысты. Сонымен бірге олар бір мезгілде жүзеге асырылады. Мысалы, қандай кәсіпкер болмасын ол - өзінің кәсіпорынын ашу үшін, біріншіден қаржылық жоспарлауға сүйенеді, ал екіншіден, бақылауға. Бұның себебі: алдағы уақытта кәсіпорын үлкен жетістіктерге жету үшін, ең алдымен кеткен шикізат ресурстарын үнемді пайдалану т.б. жатады. Негізінен жоспар дегеніміз- қандайда бір мақсатқа жету үшін көзделген іс-әрекет болып табылады. Яғни, бақылау функциясы қаржыны бақылаудың құралы ретінде пайдалану үшін объективті жағдай жасайды, ал оны саналы түрде қолдану қоғамдық өндірісте қаржының іс-әрекет ету барысында жүзеге асырылады. Корпорациядағы қаржылық бақылау- қондырмалық категория болып табылады. Ғылыми негізделген қаржы саясатын, тиімді қаржы механизмін қалыптастыруға жәрдемдесу қаржылық бақылаудың мақсаты болып табылады. қаржылық бақылаудың көмегімен қаржы жоспарларының орындалуы, қаржы-шаруашылық қызметтің ұйымдастырылуы тексеріледі. Басқа жағынан, қаржылық бақылаудың нәтижелігі қаржылық жоспарлауда, оперативті басқаруда пайдаланылады. Қаржылық бақылаудың өзгешелігі – оның ақша нысанында жүзеге асырылатындығында. Корпорациядағы қаржылық тәртіп- бұл белгіленген ұйымдардың және мемлекеттің, оның шаруашылық жүргізуші субъектілерінің ақша қорларын жасаудың, бөлудің және пайдаланудың тәртібін айқын сақтау. Мемлекеттік қаржылық бақылау сыртқы және ішкі мемлекеттік қаржылық бақылау объектілерінің республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуы, олардың атқарылуы бойынша есепке алу мен есептемені жүргізу, олардың атқарылуын бағалау, мемлекеттің гранттарын, активтерін, мемлекет кепілдік берген қарыздарды мемлекеттік мекемелердің тауарларджы өткізуден түсетін өз игілігінде қалатын ақшаны пайдалану бөлігіндегі қызметтің ҚР-ның заңдарына сәкестігін тексеру. Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің қауылысын ол арналған барлық мемлекеттік органдар, ұйымдар мен лауазымды адамдар орындауға міндетті. Жоспарлау негізінен өндірілген өнімдерді өткізу шығындарын тиімді саясатын жүргізуге қажет. Корпорациядағы қаржылық жоспарлаудың басты шарты- ауыспалы және тұрақты шығындарды жоспарлауды анықтау керек. Тұрақты экономикалық жағдайда ауыспалы шығындарды жоспарлау қиындық туғызбайды. Бұл, ауыспалы және тұрақты шығындар арасындағы қатнастарды өзгерте отырып, пайда көлемін ұтымды ету мәселелерін шешуге болады.....
Мектепалды даярлық тобы Егеменді елім менің Армысыздар ата-аналар және тәрбиешілер! Бүкіл қазақ елінде тойланып жатқан Тәуелсіздігіміздің 20 жылдық мерекесімен құттықтаймыз! Бүгінгі «Егеменді елім менің» атты мерекелік іс-шарамызға хош келдіңіздер! Бүгініг ертеңгілігімізді ашып беру үшін сөзді балабақша меңгерушісі Ұ. Аширбековаға береміз.
Жүргізуші: Ғасырлар бойы азаттықты аңсаған ата-бабаларымыздың тағдыры ауыр болған. Талай зорлық-зомбылықты, алапат қырғынды басынан кешірді, іргелі ел болуды аңсады. Бұл күнде егеменді ел болдық. Тәуелсіз Қазақстан мемлекеті көк туын желбіретіп, өзінің тарихи таңдауын жасады. Н. Ә. Назарбаев еліміздің тұңғыш президенті болып тағайындалды. Ел халқының елбасына айналып Шықтың қайта төр басына сайланып Тәуекел деп абройға сүйенген Қазағыма жетер дейсің қай халық Көре алмайтын дұшпандарым күйінсін Ардақтаған адал достар сүйсінсін Тұғырына қайта қонды елбасым Желбіретіп Тәуелсіздік жалауын .....
Кіріспе Тақырыптың өзектілігі. Біріккен Ұлттар Ұйымы - халықаралық қауіпсіздікті және тыныштықты, мемлекеттер арасындағы бірлікті сақтауға бағытталған ұйым. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін пайда болды және қазіргі таңда 150-ден астам мемлекеттің үстінен қадағалайды. Бұл ұйым 1945 жылы әлемнің тыныштықты сақтауды көздейтін мемлекеттер тарапының инициативасымен құрылды. Осы іспеттес ұйым 1815 жылы Рейн бойындағы су жолын қадағалайтын Орталықтанған комиссия ұйымдастырылды. БҰҰ-ның мақсаттарымен сәйкес мақсаттас ұйымдар Еуропада пайда бола бастаған. Кейініректе бұл ұйымдардың саны және мақсаттарына сәйкес ерекшеліктері көбейе бастады. Мәселен, Халықаралық телеграф одағы мен Әлемдік почталық одағын айтуымызға болады. Осы ұйымдардың барлығы дерлік әлемдік қауымдастықты басқарудың қазіргі механизмінің бейнесін қалыптастыруында өзіндік қызметтерін атқарған [1. 56]. Ең алғашқы құрылған халықаралық ұйымдар қатарына «Жер өлшеуші халықаралық ұйымын» (1864 жылы), «Дүниежүзілік почта одағы» (1874 жылы), «Әдебиет және өнер шығармаларына меншікті қорғау халықаралық одағы» (1886 жылы) мен «Құлдыққа қарсы халықаралық одақты» (1890 жылы) жатқызуға болады. Қазіргі таңда құрылған халықаралық ұйымдардың өздеріне тән белгілері бар. Бұл белгілерді төмендегідей атап өтуге болады: -әр халықаралық ұйым көпжақты келісім шарт негізінде құрылады. Бұл көпжақты келісім шарт ұйымдарының халықаралық құқық нормаларына сай заңды түрде іс атқарғандығын дәлелдейді;....
1.1 Жұмыспен қамту саясаты және еңбек нарығы Адамзат тарихының тәжірибесі, адамның еңбекке деген ең жақсы ынтасы, яғни, талаптануы, тек нарық, оның ішінде еңбек нарығы жағдайында ғана іске асатындығын көрсетті. Еңбек нарығы дегеніміз бұл ең алдымен жұмыс күшіне сұраным мен ұсыным. Әрине, бұл тым ерекше, өзгеше нарық. Жұмыс күшін реттеуде оны әкімшілдік-әміршілдік әдіске қарама-қарсы әдіс деп қарауға болады. Еркін еңбек – бұл тиімді экономиканың негізі. Осы уақытқа дейін біздің елімізде еңбек нарығы болмады. Мамандарды қайта дайындаудың тым қарапайым жүйесінің болуы – тұрғындарды толық, бірақ тиімсіз түрде жұмыспен қамтуға жағдай туғызды, өмір суру ресурстарын бөлуде теңгермешілдікке жол берді, ал ол белгілі бір дәрежеде қоғамның өндіргіш күштерінің дамуын тежеді. Әкімшілдік-әміршілдік басқару жүйесі жағдайында мемлекет, жұмыспен толық қамту мәселесін өндіргіш күштерді орналастыру бағдарламасына сәйкес орталықтанған жоспар бойынша өндіріс салалары мен аймақтарына бөлу арқылы шешіп отырды. Жаңа жұмыс орындарын жасау еңбек етуге қабілеті бар тұрғындардың санынан асып кетіп отырды, ал ол, өз кезегінде жұмыс күшінің тапшылығын тудырды.....
Кіріспе Әр дәуірдің өз ақыны болады. Ал, әр дәуір өз ақынын туғызады десек, біз сөз еткелі отырған ғаламат ақын Жүсіп Қыдыров шығармалары өз заманының тұтас бір шежіресі секілді; көз алдыңа жан-жақты жүрек тебіренісімен, асқақтаған өз үнімен, қайталанбас өз ерекшелігімен көркем де шыншыл отты сөзбен жасалған тұлғалармен сомдалған соны дүниені қарсы алдыңа жайып салады. Иә, сонау 1960 – жылдары ұланғайыр қазақ поэзиясына еркіндей кірген бір топ дарынды ақындардың ішінде ақын Жүсіп Қыдыров та өзіне тән қолтаңбасымен, форма жағынан өзінше ізденісімен, көркемдеуші құралдардың жаңа да, тың бір түрлерін тапсам деген талпынысымен көзге түскен еді. Оның небәрі қамшының қысқа сабындай ғана ғұмырында поэзия әлеміне жасаған қарымды қадамы өте сәтті болды деп айтуға толық негіз бар. Яғни поэзия - өмірдің сән берер әрі, сөл берер нәрі. Абай сөзімен айтсақ: ! Туғанда дүние есігін ашады өлең, Өлеңмен жер қойнына кірер денең.» Міне, осы өнерді өрге сүйреп, уақыт өзгерісін сергектікпен қабылдап, ақын деген ардақты атты қадір тұтқан көрнекті өкілдерінің бірі де, ақын Жүсіп Қыдыров еді. Демек, парасатты ақынның артына қалдырған мұралары қазақ әдебиетінің үлкен бір тарихы, ол әлі жан-жақты зерттеуді керек ететін аса ірі рухани байлық. Жүсіп өзі өлгенмен, ақынның артына қалдырған отты жырлары өлген жоқ, өлуге тиісті де емес. Данышпан ақын Абайдың сөзімен айтсақ: ! Өлді деуге сия ма, ойлаңдаршы, Өлмейтұғын артына сөз қалдырған.» Иә, бұл нағыз шындық! Ерсіз елдің өсіп-өнуі жоқ дегендей, халқының аяулысы, поэзия заңғарындағы жарық жұлдыз, ақын Жүсіп Қыдыров сүйікті халқын қандай да қиын-қыстау заманда өзінің сан қырлы шығармаларымен сүйсіндіре білді. Бірақ, Жүсіп жырларының сырлы құпиясы өз кезінде талай тағдырлы сын мен мінді, бағалау мен даттауды бастан кешірді. Алайда, ақын ешбір тайсалмады, берілмеді, ол қазақтың бай сөз өнерін өз бойына толық сіңіре қабылдай отырып, қажырлы ізденісті еңбегінің арқасында поэзияда қалыптасып орныққан өлшем - өрнекті керекті жерінде қырлап - өңдеп, түрлендіріп қолдану жағынан асқан шеберлік қырын таныта алды. Осы негізде жаңа өлшем, тың тақырып, ұйқас түрлерін қолдана отырып, ұлттық поэзияның ырғақтық, формалық, көркемдік бояу, әуезділік байлығын молықтыра түсті. Демек, біздің қарастыратынымыз, Ілияс Жансүгіров атындағы сыйлықтың иегері, ақын Жүсіп Қыдыров лирикасының көркемдік ерекшелігі болмақ. Сөз жоқ, Жүсіп Қыдыров шығармашылық қырлары сан алуан дарын. Ол – драматург, ол – зерттеуші, ол – аудармашы. Десе де Жүсіп талантының басты белгісі – ақындығы болып есептелсе керек. Алайда бір өкініштісі, Жүсіп Қыдыровтың лирикасы, шығармашылығы туралы бұрын да, тіпті бүгінде де зерттеу еңбектер жазылған жоқ, ал мақалалар жазылмады деп айта алмаймыз. Оның поэзиясы туралы: М. Қаратаев, Ә. Кекілбаев, Д. Досжан, Қ. Ергөбек, Қ. Мырзалиев, Б. Алдамжаров, Ф. Сахиев, Б. Айнабеков сынды әдебиеттанушы ғалымдар мен жазушы-сыншылар өз пікірлерін білдірген еді. Жүсіп қаламының қуаты, құдіреті – желмен жарысып жаңалық ашуында емес, топырақпен табысып, дәстүр тілін дамытуында, қазақтың қара өлеңінің кем - кетігін түгендесіп, келісім кестесінде өзінің қасиетті қолтаңбасын қалдыруында, бүтін ғұмырын қазақ өлеңінің ұлттық үні мен сырын естіртуге бағыштауында, қатардағы қарабайыр құбылыстан шырайлы шындық туғызуында, сөйтіп қазақ халқының көркемдік тұлғасын біртұтас көркемдік жүйе арқылы бейнелеуінде. Сөзінде кездесетін әдемі әуез, сыршыл ырғақ кейде жүректі тебірентіп, кейде мұңға батырып, алыс арманға құлаш ұрғызады, кейде мына әлемнен басқа әлемді ұғындыратын, тылсым дүниенің қаттылығы мен тәттілігіне тәнті етеді, көркем ойды сұлу суретпен өзіне тән айшықпен өрнектей отырып, сөз құдіреті арқылы құлаққа жылы үн, көңілге әдемі әсер қалдырады.....
Тақырыптың өзектілігі. Салықтар барлық елдерде олардың қоғамдық экономикалық құрылысы мен салал іс бағытына қарамастан ұлттық мемлекет кірістерінің негізгі көзі - ұлттық табысты қайта бөлудің басты қаржылық инструменті, мемлекеттің кірістерін және бюджеттің кірістерін қалыптастырудың шешуші көзі болып табылады. Салықтар мемлекетпен бірге пайда болды және мемлекеттің өмір сүріп, дамуының негізі болып табылады. Мемлекет құрылымының өзгеруі, өркендеуі әрқашан салық жүйесінің қайта құрылуымен, жаңаруымен қаббаттаса жүреді. Салықтардың экономикалық мәні мемлекеттің заңды және жеке тұлғалармен қалыптасатын ақша қарым-қатынастарымен сипатталады, сондықтан салықтар экономикалық категория ретінде қаралуы мүмкін. Салықтарда мемлекеттің экономикалық мазмұны нақты түрде көрінеді, ал салықтардың әлеуметтік-экономикалық мәні, олардың түрлері мен рөлі қоғамның экономикалық құрылысымен, мемлекеттің табиғатымен және функцияларымен айқындалады. Белгілі философ Френсис Бэкон салықтарды төлеу әрбір азаматтың қасиетті борышы деген еді. Қазақстан Республикасы Конституциясының 35-бабында: заңды түрде белгіленген салықтарды, алымдарды және өзге де міндетті төлемдерді төлеу әркімнің борышы әрі міндеті болып табылады, - деп жазылған. ....
Сөйлем мүшелерінің алғашқы мәжілісі «Абай жолы» романының... бетінде шақырылды.
Мұнда шешуші дауыспен қатынасып отырғандар: Бастауыш, Баяндауыш, Толықтауыш, Анықтауыш және Пысықтауыш. Бұлар мәжілістің толық праволы мүшелері.
«Қатынасамыз дегендерге есік ашық» деп хабарландырылғаннан кейін бүгінгі мәжіліске грамматика майданының өзге саласында еңбектеніп жүрген талаптылардың да өкілдері келіпті. Сөз таптары атынан Сан есім, сөйлеммен грамматикалық байланыстары болмаса да Қыстырма, Қаратпа, Одағай сөздер қатысып отыр.
Бірінші болып, Бастауыш сөйледі.
— Мен Бастауышпын. Сөйлемде менің мойныма ұшан - теңіз жауапкершілік жүктеледі. Meн сөйлемдегі ойдың иесімін. Менсіз сөйлем басы жоқ теке тәрізді. «Кім? Не?» деп сұрай келген жан болса, атау тұлғада тұрған мені қиналмай бірден тауып алады. Рас, кейде көзге түспей жасырынып та қаламын. Бірақ ол менің кінәм емес.
Бастауыш осы сарында қыза желпініп, ұзақ сөйледі. Даусынан бұрқырап шаң көтерілгендей болды.
Екінші болып Баяндауыш сөз алды:
— Бәкен, тамаша сөйледі, — деп, сөзін ол Бастауышқа жағынудан бастады.— Бір ауыз артық сөзі болған жоқ. Ал енді мен өзім жайында айтайын. Мен Баяндауышпын. Қызметім — сөйлемде айтылған ой иесінің яғни Бәкеңнің іс-қимылын, күй - жағдайын білдіру. Бәкен жайын білгілері келген жұрт «Не істеді? Не істеп жатыр? Не болды? Хал -тұрмысы қалай?» — деп сұрайды. Осынын бәріне тиісті жауабын беріп, мен тиянақтаймын. Бәкен екеумізсіз сөйлем басы мен аяғы жоқ дене тәрізді. Міне, сондықтан да бізді ғалымдар тұрлаулы мүшелер деп атайды.
— Лепіріп, шалқып, дандайсып бүл не өзі! — деп, кенеттен Баяндауыштың сөзін Пысықтауыш бөліп жіберді.— «Мен! «Мен!» деп, кеуде қаға сөйлеуді осы қашан қоясыңдар! Тұрлаулы мүшелеріміз деп, бөлектенуді қашан доғарасыңдар? Бастауыш пен Баяндауыш бізсіз, сөйлемнің тұрлаусыз мүшелерінсіз, сендер күрделі ойды бере аласыңдар ма? Бере алмайсыңдар. Ал мен болсам, Баяндауыш, сенін мағынаңды айқындап, суреттей түсем. Олай болса, сенің мені неге танығың келмейді, а!
Пысықтауыштың шанқ - шанқ етіп, ашынған үні парақтың арғы бетіндегілерге естіліп жатты.
Бұдан кейін Толықтауыш сөз алды. Ол Пысықтауышқа тиісті:
— Біреулерді сынай тұрып, өзің неге лепіресің? Баяндауыштың мағынасын айқындайтын сен ғана ма екенсің?! Етістіктен болған Баяндауыштарды қолдап - жебеп, көркейту, ол менің ісім емес пе? Менің бұл еңбегімді сөйлем мүшелерінің қайсысы жоққа шығара алады?!
Осылайша гүж - гүж етіп, жуан денелі Толықтауыш ол да бірқауым сөйледі.
Манадан бері бір қуарып, бір қызарып құбыла тыңдап отырған Анықтауыш сөз алды:
— Кімнің қандай кызмет атқарып жүргенін, жолдастар, өмір көрсетеді. Өмірге, шындыққа жүгініп сөйлеген жөн. Біз, Анықтауыштар, өздеріңізге мәлім, есім сездерді анықтаймыз. Одан басқа да сөз таптарымен байланысып, белгісін, сыр - сыпатын білдіретін кездеріміз болады.
Алдындағы сия сауыттан сияны қылқ еткізіп жұтып қойып, лепіріп сөйлей берді Анықтауыш:
— Біз, Анықтаушытар, есім сөздердің ғана емес, бүкіл сөйлемнің көркіміз, бояуымыз. Нелер ділмәр шешендер бізді, Анықтауыштарды, тіліне тиек етпей сөз сөйлемейді. Өмірдегі әдемілік пен сұлулықтың, асқақтықтың бір де біреуі біздерсіз сипатталмайды. Жамандық пен жауыздықтың нелер лас бояуын да біз келтіреміз... Біз... Біз...
Анықтауыш қақалып-шашалып, түр-түсі құп-қу болып барып сезіп бітірді.
— Шіркінің бөседі - ақ екен! — деп, босаға жақтан Шылаудың бірі кепке естірте күбір етті.
Парақ бетіндегі сөздер тыңдаудан жалығып, қақырынып, жөтеліп, қозғалақтап кетіп еді.
— Жолдастар, үзіліс жасасақ қайтеді? — деп Қаратпа сөз ұсыныс енгізді.
Екі үтірге шынтақтап, шаршап отырған Қыстырма сөз:
— Үзіліс жасаған, әрине, дұрыс болады, — деп қостады.
— Тым болмаса бес минут, — деді Сан есім.
Мәжілісті басқарып отырған Бастауыш үзіліс жариялады.
Меншік нысандарының трансформациялануы және әлеуметтік -еңбектік қатынастардың екі жаңа субъектілері – жұмыс берушілер мен жалдамалы жұмысшылардың қалыптасуы сияқты белгілермен сипатталатын Қазақстан Республикасындағы нарықтық өзгерістердің жаңа кезеңі еңбек ақы сияқты көптеген экономикалық категорияларға дәстүрлі қалыптасқан көзқарастарды қайта қарастыруды талап етеді. Сондықтан бүгінгі таңдағы қалыптасқан жағдайларда еңбек ақыны реттеудің нарықтық механизмдерін қалыптастыру проблемасы нарықтық жағдайлардағы еңбек ақының мәнін және оның мөлшерін дифференциациялаудың объективті факторларын анықтау қажеттілігін туындатады. Жоспарлы жүйе жағдайында қалыптасқан еңбек ақыны төлеу мен еңбекті ынталандыру жүйесі жұмысшы күшінің тауарлық сипатын мойындамауға негізделді, ал жұмыскер жалпы халықтық әлеуметтік меншіктің иесі деп қарастырылды. Сол себептен осы кезеңде еңбек ақы жұмыскердің жұмсаған еңбегінің саны мен сапасына сәйкес оған бөлінетін ұлттық табыстың бір бөлігі ретінде қарастырылды.....
Еркін күрес, гректер заманында пайда болған күрес түрі. Белдесу қарсыластар түрегеліп төрттағанға түскенде аударылып, домалатып әдістер қолдану арқылы өткізіледі. Мұнда балуандардың бір- бірлерін белден төмен ұстауына, аяғынан шалуына, қағуына рұқсат етілмейді. Еркін күресінің мақсаты лақтырған немесе төрттағаннан аударған, домалатқан кезде қарсыласының екі жауырынын бір мезетте немесе бірінен соң бірінің қайтарымынан кілемге тигізу. Мұндай басымдылық таза жеңіс деп есептеледі де белдесу тоқтатылады. Жүйке жүйесі - адам мен жануарлар организмдерінің қоршаған ортаға бейімделуін реттейтін жүйе. Жүйке жүйесін зерттейтін морфологияның бөлімін гр. neurologia (грек, neuron — жүйке, жүйке жасушасы; logos — ілім) деп атайды. Жүйке жүйесінің қызметтері рефлекстер арқылы іс жүзіне асады. ....
Қазір бүкіл әлем жұртшылығы эко¬но¬микалық дағдарыстың қиындықтарын бастан өткеруде. Жаһандық дағдарыс дауылы алпауыт мемлекеттерді де шайқалтты. Дағдарыс салқыны бізді де айналып өткен жоқ. Дағдарыс бізге сырттан келді. Оның көздері елдің ішінде емес, әлемдік экономиканың сәйкессіздігінде жатыр. Дағдарысты болдырмау және бәрін алдын ала көздеу мүмкін емес еді. Оны еңсеруге әлемнің жетекші экономикалары қазірдің өзінде 10 триллионнан астам АҚШ долларын, яғни бүкіл әлемдік ЖІӨ-нің іс жүзінде 15 пайызын жұмсады. Бірақ та ахуал жақсы жаққа қарай әлі өзгеретін емес. Дағдарыс өз ауқымына дәйектілікпен Америка континентін, Еуропа мен Азияны тартты. Бүкіл жағдайға қарағанда, ол ұзаққа созылады. Талдамашылар айтқанындай, әлемдік экономика өз құлдырауында әлі шыңырау түбіне жеткен жоқ. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев өзінің 2009 жылғы 6 наурыздағы Қазақстан халқына «Дағдарыстан жаңару мен дамуғаң атты Жолдауында: «Қаржы жүйесінің тұрақтылығын сақтау үшін біз банктерге қосымша өтімділік бердік. Бұл шағын және орта бизнестің, ірі кәсіпорындардың эконо¬микалық белсенділігін қамтамасыз ету үшін жасалды. Жеке тұлғалардың салымдары бойынша кепілді өтеудің сомасы 700 мың¬нан 5 миллион теңгеге дейін ұлғай¬тылды. Мемлекет сыртқы қарыз алумен және меншік капиталының жеткілік¬тілігімен байланысты банк секторының тәуекелдерін төмендетуге көмектесті. Тұрғын үй құрылысына және үлес-керлер проблемаларын шешуге қолдау білдіруге 545 миллиард теңге жұмсалды. Елде іскерлік белсенділігін сақтау үшін біз шағын және орта бизнес субъектілеріне 275 миллиард теңге көле¬мінде бұрын-соңды болмаған қаржылық қолдау жасадық. Әкімшілік кедергілерді табанды қысқарту жөніндегі жұмыс жалғастырылдың деп айта кетті [1].....
Баланың үлкенді тыңдауы, тіл алғыш болуы тәрбиеден басталады. Тәрбие заңына бағынған бала мәдениеттің не екенін түсінетін болады. Ал бала тіл алмаса не істеу керек?
Балаңыз даладан келгенде киім-кешектерін жинағанын қаласаңыз, мына әдіске жүгініңіз. Бала көріп үйренеді. Сол үшін өзіңіз даладан келгенде киімді қалай жинау керегін бір рет көрсетіңіз. Келесісінде шкафтың ішіне киімдерді жинау нұсқаулығын мынадай етіп көрсетіп қойыңыз. Балалардың көпшілігі нұсқаулықпен жүріп үйренеді, уақыт өте келе нұсқаулықты үйреншікті әдетке айналдырады. ......
Кіріспе Менің курстық жұмысымның тақырыбы «Лизингтік операциялар есебі». Лизинг экономика өмірінінің ең қиын кезеңдеріне қатысады, сатып алу және сату қатынастарын және аренда және займдарды қарастырады. Сондықтан да лизинг түсінігі нақты белгілі бір анықтамада болмайды. Лизинг түсінігі үш негізгі аспектілерді қамтиды: 1. Лизинг маркетингтің белсенді бөлігі ретінде қызмет атқарады: а) машина –техникалық өндіріс ретінде ұйымдастырылады; б) материалдық – техникалық өндірісті қамтамасыз етеді; 2. Лизинг – ішкі нарыққа капитал салу және инвестициялық форманы ұйымдастырады: а) банктік қызметтің жаңа формасы ретінде көрінеді; б) лизинг – лизингтік компанияларды несиесіз қаржыландыру көздері. 3. Лизинг – экономикалық жоспардың ұйымдастыру формасы: а) ұлттық экономикада сыртқы нарықтық бәсекелестікті көтеру; б) мемлекеттің сыртқы қарыздарының көбеюіне жол бермеу. Бірінші бөлімде, лизингтің қалай пайда болғаны және оның түрлері, яғни шұғыл лизинг, ақша лизингі және тікелей – қаржылық лизингі және олардың атқаратын қызметтері туралы жеке – жеке тоқталамыз. Екінші бөлімде, лизингтің артықшылықтары мен кемшіліктері және лизингтік келісімшарт туралы мәселелер қарастырылады. Яғни лизинг беруші мен алушы, жабдықтаушы мен жалға беруші және банк пен кәсіпорындар арасындағы келісімшартты білдіреді. Үшінші бөлімде, Қазақстан Республикасындағы лизинг бизнесі, оны дамыту жолдары және сыртқы елдермен байланысты мәселелері қарастырылады.....
1. Балалардың өз бойларындағы өнерлерін, ерекше қабілеттерін көрсете отырып, білімге, өнерге деген сүйіспеншілігін қалыптастыру. 2. Сөздік қорларын, есте сақтау қабілеттерін дамыту, сахналық қойылымдар арқылы әртістік шеберліктерін шыңдау. Рухани – адамгершілік қасиеттерін дамыту. 3. Аналарды құрметтеуге, үлкендерді сайлауға тәрбиелеу.
Барысы: Кіріспе көңілді музыка ойнап тұрады. Балалар музыка әуенімен сахнаға шығады. Мұғалімнің құттықтау сөзі. Негізгі бөлім: 1 – оқушы: Құрметті Аналар! Көктемгі күндей жарқырап, гүлдей құлпырған гүл мерекелеріңіз, күн мерекелеріңіз құтты болсын! Ақжан: Нұршуақ: Қуанышы баланың – Бізді өсірген апатай, Қуанышы ананың. Еңбегіңіз зор екен, Қуанышы ананың – Құтты болсын апатай, Қуанышы баланың. Құтты болсын мерекең! Аяулым: Айналайын апашым, Аялайсың, бағасың, Менің үшін не керек – Бәрін іздеп табасың. .....
Мақсаты: Сынып қыздары арасында кішкентай арулардың өзін - өзін таныстыра білуге, өнерлерін көрсете отырып, ұлттық өнерді үйрету. Әдептілікке, сыпайылыққа, сұлулыққа, кішіпейілділікке, өнерге ұмтылған қыз балаларды тәрбиелеу. Көрнекілігі: гүлдер, магнитофон, нақыл сөздер, интерактивті тақта. Жоспары: 1. «Мен қазақтың қызымын» (таныстыру) 2. Білім мен дәстүр (сұрақ - жауап) 3. «Шебердің қолы ортақ» (гүл қиып жапсыру) 4. «Өнерліге өріс кең» (өнер сайысы: ән, би, күй, өлең оқу) 6. Сән үлгісін көрсету Мұғалім сөзі: .....
І ТАЛАП ӨНДІРІСІНІҢ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ МӘНІ. Жеке адамдар мен заңды тұлғалардың Конституцияның Құқықтарын соттың қорғауы осы тұлғалардың сотқа талап арыз беру жолымен және талап өндірісіне жатпайтын істер бойынша шағым беру арқылы іске асырылады.АіЖ нормаларына сәйкес әрбір мүдделі өзінің бұзылған немесе дау тудырып отырған құқын немесе заңмен қорғалатын мүддесін сот қорғауына құқылы.Осы құқығынан бас тартудың күші жок.Заңмен мүдделі адамның талаптарының сипатына карай нақты азаматтың істерді қараудың қатаң процедурасы да көрсетілген.(Мысалы;Талап өндірісі,Әкімшілік-құқықтың қатынасынан туатын істер бойынша өндіріс,ерекше өндіріс).Талап өндірісінің бірінші аталуы жайдан-жай емес.Бұл азаматтық істерді қараудың негізгі процедурасы.Себебі тұлғалардың талаптарының көпшілігі құқық туралы даулардан туындайды.Талап өндірісін реттейтін процессуалдық нормалар бүкіл азаматтың сот өндірісі үшін,Жалпы ережелер сипатында болады.Егер заңмен арнайы өзгертулер мен қосымшалар қарастылмаса,кез келген азаматтың іс осындай осындай ережелер қаралады. Талап өндірісінің қозғау құралы талап қою болып табылады.....