Астана

Астана, арман қала, жас қала!
Кең аланың ортасында орналасқан.
Астана – Отанымның бас қаласы,
Астанада Бәйтерек бар даңқы асқан....
Тақпақтар
Толық

Бақыт

Ең бірінші бақытым –
Осы дүниеге келгенім.
Одан кейінгі бақытым –
Ата-анам, әулетім.

Бақыттырдың бақыты –
Туған елім, Отаным.
Арайлы таңның атқаны,
Аспанда күннің шыққаны,
Осының бәрі мен үшін,
Бар бақытым, аңсаған.
Тақпақтар
Толық

Анам жайлы

Менің анам тамаша,
Ән салады жараса.
Айтқан сөзін тыңдаймын,
Кіп-кішкентай болсам да.
Тақпақтар
Толық

Атама арнау

Аяулы да ардақты атам менің,
«Бақытты бол, ер жет» - деп бата бердің.
Еңбек етіп, еліңе құрметті боп,
Әрдайым ортамызда жүре бергін.
Тақпақтар
Толық

Анашым

Құстар келіп көктемде
Ағаштар да гүлдеді.
Қырдан теріп қызғалдақ
Апам үйге әкелді.....
Тақпақтар
Толық

Еліме

Күн шуақты Қазақстан
Саған ғана үн қосқан.
Жүрегімнің дүрсілі
Төгіледі жыр дастан.
Тақпақтар
Толық

Ғарышкер

Балабақшам "Құлыншақ"
Әлпештейді аялайды.
Анамыздай апайым
Құшақ жая қарсы алады.....
Тақпақтар
Толық

Абай атама

Қазақ елін жырлаған,
Абай атам ұлы адам.
Ақылын беріп ұланға,
Қара сөз жазып қалдырған.

Ағартушы тағы да,
Ақылды бір таза адам.
Дана ақын бұл адам,
Абай атам ұлы адам.
Тақпақтар
Толық

Құстар

Құстар өте тамаша
Жерімізге келеді
Дауыстары тамаша
Бұлбұлда енді келеді.
Тақпақтар
Толық

Әнші бала

Әнші бала ән салады бұлбұлдай
Айтты маған жәй дыбыспен сыбырлай
Ән айтамын ән айтамын жалықпай
Әндері оның неткен сұлу әсем-ай.
Тақпақтар
Толық

Мультфилымдер

Әли мен аяны көремін
Алдар көсені білемін
Мультфилымдер тамаша
Көз тоймайды караса.
Тақпақтар
Толық

Аю

Тоңпан–тоңпан жүретін
Аю үлкен жануар
Балды жақсы көретін
Аю деген жануар.
Тақпақтар
Толық

Еңбек сабағы

Білім берер алабы
Еңбек өнер сабағы
Қуыршақпен аюды
Өздері жасап алады.
Тақпақтар
Толық

Мезгілдер

Жазда гүлдер тереміз
Қыста шаңғы тебеміз
Күзде еккен егіндей
Көктемде өсіп өнеміз.
Тақпақтар
Толық

Демалыс

Құмнан қамал тұрғызып
Суда шомылып ойнаймыз
Демалыста қыдырып
Әлемдерді шарлаймыз
Тақпақтар
Толық

Мектеп

Мектебім менің мектебім
Сағынып аңсап жетемін
Мектебім сені күтемін
Сені ойлап өтемін.
Тақпақтар
Толық

Арайлы

Арайлы да таңдарым
Жаны жайсаң жаңдарым
Суық болған күздерім
Мөлдіреген көздерім
Жарқылдаған жүздерім.
Тақпақтар
Толық

Алақай

Көктегі жұлдыздай
Сыбырлап бұлбұлдай
Ойнайық балақай
Алақай, алақай.
Тақпақтар
Толық

Өтірік өлең

Мініп алып құмырсқаға,
Барып келдім жұмысқа
Мен келіппін бір жаққа
Жұмысым екен ол жақта.
Тақпақтар
Толық

Белқопа

Туған ауылым Белқопа,
Астана ол елорда.
Белқопа орта мектебі.
Құстар әлемі көктегі.
Тақпақтар
Толық

Апайыма

Кішкене ғана ауылдың,

Арманы үлкен қызымын

Арайгүл апай сияқты,

Намысты қыздың ізімін.
Тақпақтар
Толық

Ана

Менің анам көрікті,

Менің анам аяулы.

Анамды мақтан етемін,

Қайтсем мақсатқа жетемін.
Тақпақтар
Толық

Мектеп

Мектеп - білім бұлағы,
Оқушы-оның шырағы.
Мектептен білім алып,
Азамат болып шығады.
Тақпақтар
Толық

Медеу ағама

Даусы десе даусы бар,
Танымал әнші ағам бар.
Медеу ағам сияқты,
Әсем дауыс кімде бар.....
Тақпақтар
Толық

Қайрат Нұртас ағама

Қайрат ол - бар қыздардың арманы,
Қатарында ешкімнен де қалмады.
Эстраданың ең жарық жұлдызы боп,
Сахнада қырандайын самғады.....
Тақпақтар
Толық