Біздің Қазақ тарихымызда көптеген тарихи оқиғалар болып тұрса да өткенімізді ұмытпау болып табылады. Ұлттық инттелегенттеріміз турасында ол интелегенция өкілдерінің қалыптасу тарихы жаңаша интелегенция деп ХІХ ғасырдың 60 жылдарынан бастап Ресей құрамына кіріп біткенен кейін одан алдында білім іздеп елін қараңғы заманна жарық заманға жиелеу мақсатында Білім іздеп ілімді білімді елге жетуге үгіттеген насихаттары текке кетпеді деуге болады. Олар келешек ұрпаққа жол сілтеп заман талабына көпке самғауға, білім мен бірлік керектігін айтып кетсе солар салған ізді жалғастырып елдерді бірлік құшағына шақырып кетті деуге тұрады. Қазақтарға діни сауатқана емес онымен қоса Дүниауи сауаттылық та керек есеп жаратылыс тану барша барлық білімді үйрену керектігі туралы талап армандары арқылы келешек үмітінде кетті деуге болады.....
Гүлнар Абдуллақызы Досматова - (5.11.1964 жыл, Алматы) - киноактриса, тележүргізуші, ҚР халық әртісі,. ҚазҰУ-ды бітірген (1989). Кинодағы алғашқы елеулі рөлі "Даладағы қуғын" (Бандыны қуған Хамит) фильміндегі - Әйгерім (1979). Сол фильмнен Гүлнар кішкентай болғанымен де бірден атақты бола шықты. 1985 жылдан "Қазақфильм" киностудиясының актрисасы. Досматова 20-дан астам фильмге түскен. Мысалы, "Жеңімпаз" (1982), "Мерекенің үш күні" (1981), "Кардиограмма" (1995), т.б. Отандық "Тоғысқан тағдырлар" телесериялында ойнады. 1985 ж. Минскіде өткен Бүкілодақтық кинофестивальда "Адамдық фактор" фильміндегі ролімен "Ең үздік әйел бейнесі" үшін жүлдесін жеңіп алды. 2000 ж. "Жыл таңдауы" байқауында "Жылдың үздік актрисасы" атанды. Ал 1982 жылы оны диктор болуға телевизияға шақырылды.....
Халқымыздың “Жақсы адам-қазына” деген нақыл сөзі бар. Сондай адамдардың бірі емес, бірегейі Ақжан Жақсыбекұлы Әл-Машани өміріне көз жіберсек, ол кісінің өте бір бай өмір кешкенін байқаймыз.
Байлық деген, біреу үшін ақша, біреу үшін дүние-мүлік. Әрі беріден соң, біздің жер астындағы қазба байлықтармызды ысырапсыз пайдалана берсек, қайтадан қалпына келмейтінін, сарқылатынын білеміз. “Сонда таусылмайтын қазына не?” – дегенде, ол – адам бойына ана сүтімен бітетін дарын. Дарынды адамдар күнделікті өмірде, қарым-қатынаста, жұмыста, үйде, түзде жан- жағындағы адамдарға бойындағы қабілеттің шуағын шашып жүреді. Сондай, өмірінің ақырғы сағатына дейін біздерге білім мен ғылымның, өнеге мен үлгінің нұрын шашқан, таусылмас қазына қалдырып кеткен академик, Қазақстан ғылымына еңбек сіңірген қайраткер, профессор Ақжан Жақсыбекұлы Әл-Машани еді.
Ақжан Жақсыбекұлы 1906 жылдың 2 қарашасында Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданында дүниеге келген. “Тұлпар аунаған жерде түк қалады” дегендей, Ақаң атышулы Машан бидің немересі.
Машан Жамантай төренің кеңесші биі, аузымен орақ орған шешен болған. Қазақ ұлттық техникалық университетінің түлегі, тау-кен инженері, қазақтың заңғар жазушысы Ілияс Есенберлин өзінің “Қаһар” атты романында Машан бидің атақты Ағыбай батырдың досы, Құнанбай, Құдайберді тәрізді адамдармен үзеңгілес, туыстық та қарым-қатынаста болғанын, қаз дауысты Қазыбек бидің досы болғандығын жазған. Құнанбай қажы мен Машан би жылына бір рет Қоянды жәрмеңкесінде бас қосып отырған екен. Осындай бір кездесуде атасымен бірге жәрмеңкеге барған бала Ақжан Шәкәріммен де кездескен. Ақаңның әкесі Жақсыбек Құранға жүйрік, сол кездердегі “Айқап”, “Дала уалаяты” атты газеттерді жаздырып оқитын адам болған. Ақаң алғаш әліппе тануды өз әкесінен, кейін кеңес мектебінен үйренген. 1924 жылы Қарқаралыдағы Әлімхан Ермеков негізін қалаған педагогикалық техникумға түсіп, Әлекеңнен, Ахаңнан (Ахмет Байтұрсынов) дәріс алған. Міне, осындай думанды шаңырақта, ойшылдардың ортасында жүріп, тәлім-тәрбие алған Ақжан Жақсыбекұлының ғұлама ғалым болмауы мүмкін емес еді. Ақжан ата бойындағы әділдігі, сабырлылығы, зеректігі, зерделілігі, ізденімпаздығы атадан балаға ұласқан сарқылмас қазынаның жалғасы деп білеміз.
Еңбек жолын өзі оқыған мектепте мұғалім болып бастаған Ақжан Жақсыбекұлы 1933 жылдың күзінде Семейдің геологиялық техникумындағы – дайындық курсында оқып, 1934 жылы Алматыда ашылған Қазақ тау-кен металлургия (қазіргі ҚазҰТУ) институтының алғашқы студенттерінің бірі болып қабылданады. ....
Дипломатияда және тарихи әдебиеттердiрде XVIII аяғы мен XX басындағы халықаралық қайшылықтарды белгiлеу шарты Балкан хандықтарының түрiк басымдығымен күресi, Осман Империясының құлдырауы мен ұлы державалардың түрiк иелiктерiн бөлу мақсатында күрестерiн айқындады:( Австрия (1867-Австро-Венгриямен)Ұлыбритания, Пруссия, (1871-Германиямен) Ресеймен, Италиямен, Франциямен, соңынан АҚШ-пен). XVIII ғасырдығ аяғына таман Осман Империясының iшкi ыдырауының нәтижесiнде оның Еуропадағы иелiктерiн бөлу үшiн батыстың iрi-iрi державаларының арасындағы бiтiспес күресi басталды . Әр iрi держава өзiнiң талаптарын орындау үшiн барлық мүмкiндiктердi пайдаланды . Олардың әрқайсысы бiр-бiрiнiң Осман Империясында саяси және экономикалық ықпалын көбiрек болуына жол бермеуге тырысты . Ең өткiр қарама қайшылықтарды Түркия мемлекетiнiң Еуропалық иелiктерi туғызды . Патшалық Ресей Империясы Константинополь қаласын иемденiп, Қара теңiзде және оған шығу үшiн бұғаздарда еркiн жүзу құқығын қамтамасыз ету үшiн қатыгез күрес жүргiздi . Оған қарсы бiрiншi кезекте Англия мен Франция мемлекеттерi қарсы шықты . Себебi бұл мемлекеттердiң бұғаздарға қатысты өздерiнiң жеке мақсаттары болды . Ресей Империясы мен батыс державаларының арасындағы қарама – қайшылықтарды Балкан халықтары да туғызды . Ресей Империясы Балкан халықтарындағы Түркия мемлекетiндегi үстемдiгiне қарсы ұлт-азаттық күресiн әрқашанда қолдап отырды. Ал Англия мен Франция мемлекеттерi керсiнше сұлтан үкiметiн ұлт-азаттық қозғалыстарға қарсы күресте қолдады. Себебi , Түркия мемлекеттерiнiң Балкан түбегi елдерiндегi үстемдiгi батыс державалар үшiн жергiлiктi халықты шексiз сауда қанауының келiсiм-шартта бекiтiлген капитуляциялық режим мен төменгi төменгi кедендiк төлемдердiң кепiлi болды. Сонымен бiрге Еуропалық капиталдың айналымында ең тиiмдi жағдайларды жасады. Ал егер Балкан халықтары Түркия мемлекттерiнiң үстемдiгiнен босап, дербес мемлекеттердi құратын болса, онда батыстың ұлы державаларының мұндай артықшылықтары жойылатын едi. Сондықтан да Англия мен Франция мемлекеттерi «Осман Империясының мызғымастығы мен бiртұтастығы» лозунгiн ұстануға тырысты. Бiрақ шын мәнiнде батыс державалары Түркияны Еуропалық капиталға экономикалық және саяси тәуелдi ету, мемлекетте феодалдық құрылысты сақтау, балкан халықтарының босатылуына кедергi жасау, сонымен қатар, Ресей Империясының Константинопольге қарай қозғалуын тоқтату үшiн барлық күшiн салды, бүкiл мүмкiндiктерi жасады.....
XVI ғасырдың 90-жылдарынан XVII ғасырдың басына дейінгі Қазақ хандығының тарихы Шығайдың Абдаллахқа өтіп кетуі, Тәуекелдің одан қалуы, қазақ сұлтандары қатысқан 1588-жылғы Ташкент көтерілісі, 1594-1595 жылдардағы Тәуекел Түркістанды, Ташкентті, Ферғананы, Самарқандты басып алған кездегі соғыс оқиғалары сияқты деректермен белгілі. Бұл аймақтардың Қазақ хандығы құрамына қосылуының тарихи маңызы зор болды, бір тарихи кезеңнің екіншісімен алмасуын көрсетті. Бұл оқиғалар тек қазақ хандығына ғана емес, шайбанилік мемлекеттерге де елеулі ықпал жасады, өйткені Орта Азиядағы әулеттер ауысуының солармен тікелей байланысы болды.
1582 жылы Шығай хан өлгеннен кейін Тәуекел хан болды. Абдаллахқа вассалдық тәуелділік оның кезінде де сақталып қалды. Бірақ 1582 жылдың бас кезінде-ақ «Әндіжан мен Ферғанаға жорықтан қайтып келе жатқанда Тәуекел өзіне ханның теріс ниетінен күдіктеніп, оны тастап, өзінің Дешті Қыпшағына кетіп қалды» делінген дерек те бар.
Тәуекелді осындай қадам жасауға итермелеген себептер деректемелерде түсіндірілгенімен бірсыпыра пікір айтуға болады.
... Тәуекел Сыр өңірінің қалалары үшін күресті бастап, 1586 жылы Ташкентті алуға әрекет жасайды. Абдаллах ханның әскерлері оңтүстікте шоғырланғанын біліп, Тәуекел Мауараннахрдың солтүстік аймақтарына шабуылдайды. Оның шабуылы Түркістан, Ташкент, тіпті Самарқанд сияқты қалаларды талқандады, Тәуекел шайқасқа түспей, асығыс шегініп кетті. Сөйтіп, Тәуекелдің Ташкентті алуға жасаған алғашқы әрекеті сәтсіз аяқталды.
Ташкент өңірінде болған 1588 жылғы көтеріліс сол кезіндегі қазақ халқы тарихындағы маңызды оқиғалар қатарына жатады. Ол жөнінде Хафиз Тыныштың «Шараф-наме – ий шахи» және Мукимидің «Зафар - наме» деген еңбектерінде қызықты мәліметтер мен жағдаяттар келтірілген. Ташкент көтерілісіне зерттеушілер осы кезге дейін назар аудармай келді, ал ол Орта Азия – Қазақстан аймағындағы тарихтың дамуына едәуір дәрежеде ықпал еткен еді.
Сол кезде қазақ сұлтандары Сауран билеушісі Ишанкелді аутаршы мен Наурыз би құсшының өздеріне қакүнемдік жасауға дайындалып жатқанын біліп, өзбек әскеріне қарсы аттанды. Алайда бұл күресте Ишанкелді би жеңіп, қазақ сұлтандары мен бүлікші әмірлері жеңіліс тапты. Үш айға жуық уақытқа созылып, әскери бүлік сипатында болған көтеріліс осылай аяқталды. Көтеріліске бүлікші әмірлермен және қазақ сұлтандарымен қатар көшпелі тайпалар да қатысты. 1588 жылғы оқиғалар содан кейінгі 1598-1599 жылдардағы оқиғалардың, атап айтқанда, Шайбани әулетін Аштархани әулетінің алмастыруы сияқты елеулі оқиғаның алғы шарты болды.
Сонау 1585 жылы-ақ Абдаллахқа дербес қарсы шыққан Тәуекел бұл көтеріліске қатысқан жоқ. Ол жеңген жағдайда өзіне айтарлықтай пайда келтіретін болса да, басқа қазақ сұлтандары жүргізген бұл күреске қосылмады. Тәуекел 1582 жылдың аяғында Абдаллахтан кеткеннен кейін оның жоғарғы билік үшін ұзақ уақыт табан тіресе күресуіне тура келді. 1596 жылы оның хан атағы болғанымен, алайда ол осы заңды негізге алмаған еді. Тәуекелдің сол жылғы Ташкентті шабуын суреттей келіп, Ескендір Мұңшының өзі де «өзіне хан атағын алған қазақ Тәуекел сұлтан сансыз көп әскермен Ташкентке жақындап келді» деп хабарлайды. Бұдан Тәуекелдің хан жағдайын 1586 және 1594 жылдар арасында жүргізілген ұзақ та табанды күрес нәтижесінде жеңіп алғаны, оның содан кейін Мәскеумен қатынастар жасау кезінде нағыз хан ретінде әрекет еткені анық болады.....
Дербес компьютердің есте сақтау құрылғылары ДК-да жадының 4 деңгейі бар: • Микропроцессорлық жады (МПП) • Регистрлік кэш жады • Негізгі жад (ОП) • Ішкі жад (ВЗУ) Кестеде келтірілген жад типтерінің екі негізгі сипаттамасы (жылдамдығы және сиымдылығы) көрсетілген: Жад типтері Сиымдылығы Тезәрекеттестігі МПП Ондаған байт =0,001-0,002мкс
ОП,сонымен қатар ОЗУ Он-жүз шақты мегабайт =0,004-0,006мкс
ПЗУ Жүздеген килобайт =0,035-0,1мкс
ВЗУ,сонымен қатар НМД Он-жүз шақты гигабайт =5-30мс =500-3000 Кбайт/с
НГМД Бірлік мегабайт =65-100мс =40-150 Кбайт/с
CD және DVD Жүз-мың шақты мегабайт =50-300мс =150-5000 Кбайт/с
Есте сақтау құрылғысының салыстырмалы сипаттамасы
Есте сақтау құрылғысының алғашқы екі типі айналу уақытымен ( ),ал ішкі есте сақтау құрылғысының тезәрекеттігі-екі параметрмен:қол жеткізу уақыты ( ) және есептеу жылдамдығы ( ): • - іздеу уақытының ,ақпаратты жазу және есептеу суммасы • -тасымалдағыштағы ақпаратты іздеу уақыты • -ақпарат байтының кезекті есептеуінің жылдамдығы Жалпы қолданбалы қысқартылуларды айта кетелік: с-секунд, мс-милисекунд, мкс-микросекунд, нс-наносекунд, 1с= мс= мкс= нс ....
Ұйым – іс - әрекетіне көптеген күрделі күштер әсер ететін макроорта –дағы микроорганизм. Ұзақ мерзімді жоспарға сай тұрақты дамуы үшін оның іс – қимылы қоршаған орта жағдайлармен үйлесімді болуы шарт, өйткені жағдай мемлекеттік шешімдердің, заңдардың өзгеруі, бәсекелестер әрекеті мен тұтыну -шы мінез – құлқы салдарынан, сондай – ақ әлемдік нарықта болып жатқан про –цестердің болуына қарай қауіпті сипат алуы мүмкін. Сондықтан да маркетинг теориясына макро және микроортадан тұратын маркетингтік орта ұғымы енгізіледі. ....
Кіріспе Курстық жұмыстың тақырыбы - «Жеке тұлғаға несие берудің» ақпараттық жүйесі. Курстық жұмыстың мақсаты –несие беру жүйесінің мәнін ашып көрсету, біздің еліміздегі несие жүйесін жетілдірудің мүмкін болатын жолдарын анықтау және ақпараттық жүйесін құру болып табылады. Осы мақсаттарға жету үшін келесі міндеттерді орындауды жөн көрдім: • Қазақстан Республикасындағы несие жүйесінің ерекшеліктері мен мақсатын анықтау; • «Несиелік операциялар бойынша қызмет көрсету» ақпараттық жүйесін (АЖ) құрудың мақсатын анықтау; • «Несиелік операциялар бойынша қызмет көрсету» ақпараттық жүйе деңгейін бағалау және оны қолданудың мүмкін аумақтарын анықтау; • Курстық жұмысымың құрылымы . Жалпы курстық жұмыс үш тарау кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды және пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады. Курстық жұмыстың бірінші тарауында, теориялық бөлімінде, пәндік облыстағы сипаттамасы берілген, яғни несие жүйесінің түсінігі кіргізіледі. Бұл бөлімде жеке тұлғаларға несиелік операциялар бойынша қызмет көрсетудің ақпарат жүйесінің бағыты және оны құру мақсаты негізделген, ақпарат жүйесінің құрылымының талаптары анықталған, ақпарат жүйесінің ресурстарының талаптары қалыптастырылған: ақпараттық, программалық, техникалық, ұйымдастырушылық қамтамасыздандыру, ақпаратты қорғау талаптары, ақпарат жүйесінің қаржылық тәуекелділігін болжаудың концептуалды сызбасы жасалған.....
Пән: Жаратылыстану Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Ғылым әлемі Сабақ тақырыбы: Зерттеуді жоспарлау 1-сабақ Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 6.1.3.1 Зерттеуді жоспар бойынша жүргізу 6.1.3.2 Зерттеуді қауіпсіз жүргізу шарттарын анықтау Сабақ мақсаттары: Оқушылар; • Зерттеуді жоспарлаудың қадамдарын анықтай алады; • Зерттеуді жоспар бойынша жүргізеді; • Зерттеуді қауіпсіз жүргізу шарттарын сипаттайды......
Құттымбет (Құтпанбет) ұлы Наурызбай (1706-1781) жоңғар басқыншыларына қарсы күресте аты шыққан атақты батырлардың бірі, белгілі қолбасшы. Шыққан тегі Ұлы жүздің Шапырашты тайпасының Асыл руынан. Мекені Алматы қаласы маңындағы Жалпақтөс, Серіктас деген жерлер.
Ел басына түскен ауыртпалық өзге замандастары сияқты Наурызбайды да ерте есейтеді. Оның ересектер қатарына қосылуына нар тұлғалы алып денесі де септігін тигізген сияқты. Халық жадында оның «Торы ала тұлпарды, түйе тұрпатты» батыр бейнесінде қалуы да содан.
Наурызбайдың өмірі жоңғарларға қарсы күресте өтеді. Ол атақты Аңырақай шайқасына қатысып, жиырма үш жасында қалмақ батырлары Шамалхан мен Қаскелеңді жекпе жекте өлтіріп, батыр атанады. Батырдың ерлігіне риза болған елі: «Наурызбайдың екпіні таудан асқан тасқындай. Қалмақты қойдай қырады, оттан судан тартынбай. Тор ала тұлпар астында, шойын шоқпар қолында. Түйе тұрпатты тұтқыр ер, оңды солды ұрады» деп, оның атын жырға қосып, мақтан тұтады. ....
Қазақстан Республикасының білім беруді 2010 жылға дейін дамытудың Мемлекеттік бағдарламасында ақпараттық және коммуни-кативтік технологияны білім беру жүйесін жеделдетіп дамытуға қолдану негізгі міндеттердің бірі ретінде анықталады. Ақпараттық-комуникациялық технологияны бәсекеге қабілетті ұлттық білім беру жүйесін дамытуға және оның мүмкіндіктерін әлемдік білімдік ортаға енудегі сабақтастыққа қолдану негізгі мәнге ие болып отыр. Білім беруді ақпараттандыру, білім салаларының барлық қызметіне ақпараттық технологияны енгізу және ұлттық модельді қалыптастыру қазақстандық білім беруді сапалы деңгейге көтерудің алғы шарты. Аталған бағыттарды дамыту үшін құқықтық-нормативтік, материялдық-техникалық, ғылыми-әдістемелік және ақпаратттық жағынан қамсыздандыру педагог мамандарды даярлаудың негізгі бағыттарының біріне айналып отыр.....
Функция деген ұғым латын тілінде (gunctio) — орындау деген мағынаны білдіреді, математика, физиология, лингвистика салаларында кеңінен пайдаланылады. Функция ұғымы мемлекет және құқық теориясында да кеңінен пайдаланылады. Мемлекет басқару, билік жүргізу үшін құрылған саяси ұйым болғандықтан оның алдында тұрған міндеттер бар. Сол міндеттерді іс жүзінде асыру үшін мемлекетте арнайы функциялар қажет. Функция арқылы мемлекет статикалық (формалары, аппараттары, органдар) құрылымынан динамикалық, қозғалыс мағынасын айқындайды. Бұл жерде функциялар арқылы мем¬лекет алдына қойған мақсаттары мен міндеттерін жүзеге асырады. Мақсаттар әр түрлі болады: стратегиялық және бүгінгі күнгі. Мысалы, Қазақстан Республикасы мемлекетінің болашақтағы мақсаты экономикасы дамыған, халқының әл-ауқаты жоғары, кедейлік пен жұмыссыздық жойылған демократиялық құқықтық мемлекет құру. Ал бүгінгі күн мақсаты шағын және орта бизнесті, мемлекеттік тілді дамыту және т.б. міндеттер.....
Алты жасқа дейінгілер психикасының басты ерекшелігі — тәңірегіндегілерден ұйрену қасиетін баланың тез қабылдайтьшдығы. Осының арқасында ол айналадағы болмыс пен табиғат кұбылыстарына, адамдардың әлеуметтік тіршілігіне қатысты эмоциялық қатынас жайында мағлұмат беретін сөздерді оңай меңгереді. Бұл ретте жалпы ақыл-ой дамуы мен осыған байланысты дүние көрінісінің баланың өмір жағдайына, тәрбиесіне тікелей қатысты болатынын есте тұтқанымыз жөн. Қазіргі заманғы алты жасар баланын, ақыл-ой дамуы ерекшеліктеріне объективтік тұрғыдан талдау жасау үшін дүние керінісі туралы бала түсініктеріне және танымдық процестердің даму ерекшеліктерін талдауға арнайы жүгінген пайдалы. Бұл орайда сонымеи бірге алты жасар баланың жеке басы дегеніміз не, оған қандай сезімдер тән және бұл сезімдердін, әсер күші қандай дейтін. нәрселерге дұрыс бағдар жасалуы тиіс....
Қоғамдағы әлемдік проблемалар – бұл жағдай өте күрделі мәселе екенін баршамыз түсінеміз.Қазіргі уақытта біздің мемлекетіміз елу дамыған мемлекеттер қатарына қосылмақ, бірақ алдымен өз алдымызда жүк болып тұрған проблемаларды шешпей жатып еш ілгерілей алмаспыз.Және де бұл тек бізге ғана таныс проблема емес, сонымен қатар барша дамыған да, дамушы да, дамымаған да мемлекеттер алдында тұрған қақпа. Осы қақпаның кілтін тауып, түбімен әлі қарастыра алмай келе жатырмыз. Сіздерде қазір бұл қандай проблема деген ой туып отырған шығар? Олар өте көп, мысалы: біріншіден ол – экологиялық жағдай болса, осының әсерінен туындайтын мәселе жұқпалы аурулар болып табылады, тағы бір проблема осы уақытқа дейін естіп, білмеген – терроризм болып отыр. Бұл проблемаларды жіте қарастыруымның себебі сан қилы. Менің ойымша бұл проблемаларды білу бәрімізге қызықты, қызықты болмаса да әркім білуге тиіс. Сіздерге азда болса оыс проблемалар туралы мағлұмат беру, оларды шешудің жолдары барма? Осы проблемаларды шешуде қандай жұмыстар жасалуда? Ол мәселелер бейбіт жолмен шешілуде ме? Мінеки осындай біршама сұрақтарға менің баяндамамнан жауап аларсыздар. ....
Ақша тауар өндірісінің дамуындағы бірден – бір шарт және өнім болып табылады. Тауар – бұл сату немесе айырбастау үшін жасалынған еңбек өнімі. Ақша құн өлшемі қызметін идеалды, оймен ойлау арқылы орындайды. Яғни, тауардың құнын өлшеу ақшаға айырбасталғанына дейін орындалады, сонымен құнның тауар формасынан ақша формасына айналуы үшін тауардың бағасын белгілесек жеткілікті. Тауар бағасын өлшеу үшін қолма-қол ақшаның болуы қажет емес, себебі еңбек өнімін теңестіру ойша орындалады. Тауарларды ақшаның көмегімен өлшеуге болады, өйткені олар адам еңбегінің өнімі. Ақша төлем құралы тауар айналысы ақша қозғалысымен байланысты. Бірақ ақша қозғалысы міндетті түрде тауар қозғалысымен бір уақытта тоғысуы тиіс емес. Ақша құнның еркін формасында көрінеді. Олар өткізу процесін еркін аяқтайды. Ақшаның қозғалысы тауар қозғалысынан ерте немесе кеш жүруі мүмкін. Егер тауар мен ақшаның қарама – қарсы қозғалысы болмаса, яғни тауар төлем ақы түскенге дейін сатып алынған немесе керісінше болса, онда бұл жағдайда ақшалар төлем құралы қызметін атқарады. Ақшалар төлем құралы ретінде тек қана тауар айналысына ғана емес, сонымен қатар қаржы – несие қатынастарына да қызмет етеді. Ақша белгілері әр түрлі жағдайда қамтамасыз етіледі. Қолма – қол тұтыну заттары жәнне қызметтер жиынтығымен қамтамасыз етілседі. Егер «нағыз» ақшалар айналыста өзінің меншікті құнының арқасында жүрсе, ал қағаз ақшалар айналыс процесінде нарықтық құнға ие болады. Мемлекет сол елдің шеңберінде ғана оларға еріксіз өзіндік құн белгілейді. Бұл жерде ол ерікті түрде ақша бірлігінің номиналды құнын белгілеп, кез келген купюраларды шығаруы мүмкін. Ақшалар ешқашан да алтынға ауыстырылмаған. Бірақ кейбір жағдайларда мемлекет айналысқа шығарылған қағаз ақшаларды толық номиналдық бағасы бойынша алтынға ауыстырған кездері болған. Қағаз ақшалардың өздерінің меншікті құны болмағандықтан да, олар айналыс саласындағы ақшаның қызметтерін толық құнды ақшалардың қызметтері арқылы атқарады. Жалпы алғанда қағаз ақшалардың құнсыздануы тұрақсыз экономикаға тән. ....
Өз алдына тұтас халық болып қалыптасқанға дейiнгi этн. тарихы аса күрделi. Қазақ даласын қоныстанған әр түрлi тайпалар Қазақстан жерiн ерте тас дәуiрiнде-ақ мекендей бастаған. Оған айғақ болатын ежелгi адамдар тұрақтары Қаратау, Маңғыстау, Орт. және Шығ. Қазақстан, Бетпақдала, Мұғалжар таулары, Балқаш к. маңынан ұшырасады. Археол. жұмыстар нәтижесiнде палеолит дәуiрiне жататын 500-дей ескерткiш орындары анықталып, олардың саны жылма-жыл артып келедi. Мезолит дәуiрiнде садақ пен жебенiң пайда болуына орай кезбе аңшылар тобы бөлшектенiп кеткендiктен, бұл дәуiр тұрақтарының (жалпы саны 50 шақты) зерттелуi мардымсыз. Қазақстанның неолит (тұрақтар мен қоныстарының жалпы саны 800-дей), қола дәуiрiнен қалған ескерткiш мұралар аса бай, алғашқы аталық тайпалардың көбейiп, өркендей бастағанын және ол тайпалардың көршiлес Сiбiр, Орал, Едiл бойы, Орт. Азия халықтарымен тығыз байланыста болғанын көрсететiн археол., антропол., этнол. дәлелдер көп (қ. Дала өркениетi; Көшпелiлiк; Қазақстанның көне заман мен орта ғасырдағы тұрғындарының антропологиялық сипаттамалары). Б.з.б. 1-мыңжылдықта Қазақстан аумағында өмiр сүрген ежелгi тайпалар көшпелi тұрмысқа ауысып, олардың өзара бiрнеше тайпалық бiрлестiктерi құрыла бастады. Солардың ең iрiлерiнiң бiрi — сақтар. Олар Сыр бойы, Қаратау, Талас өлкесiнен бастап Тянь-Шань тауларына дейiнгi оңт.-шығыс беткейдi мекендедi. Арал т. мен Сырдарияның сағасын, Әмудария бойын мекендеген тайпалар массагеттер одағына бiрiктi. Сақ тайпалары Солт. Қара т. өңiрi мен Днепр бойын мекендеген скифтердiң және төм. Едiл бойы мен Оңт. Орал өңiрiндегi савроматтардың, Кир мен Дарий I және Александр Македонский дәуiрiндегi гректердiң тұсында өмiр сүрген. Сақ тайпалары тарихы мен олардың материалдық және рухани мәдениетiнiң аса маңызды деректерiнен (қорым, көмбе, т.б.) қазақ халқының мәдениетi бастау алады. Б.з.б. (3 — 1 ғ-ларда, б.з. басындағы 1 — 5 ғ-ларда) қазiргi Қазақстан жерiнiң оңт-нде, Сырдария, Талас, Шу өзендерiнiң бойында, Жетiсуда, Солт., Батыс, Шығыс және Орт. Қазақстанда ежелгi сақ тайпаларының негiзiнде өркендеп, жаңадан бiрлескен тайпалар одағы пайда бола бастады. Олардың iшiнде қуатты мемлекетке айналып, тарихта, мәдениетте, өнерде белгiлi iз қалдырғандары — ғұндар, үйсiндер, қаңлылар, сарматтар. Олар б.з. 5 ғ-на дейiн өмiр сүрiп, көп елмен қарым-қатынас жасады. Өркениеттi мемлекеттер олармен байланыс жасауға құштар болған. Бұл мемлекеттер, негiзiнен, көшпелi және жартылай көшпелi мал ш-мен, кен қазумен шұғылданып, Жетiсу төңiрегi мен Шу, Талас, Сырдария, т.б. өлкелерде отырықшылық жағдайда суармалы егiншiлiкпен, балық аулау кәсiбiмен айналысты. Қ-дың шығу тегiне ежелгi жергiлiктi сақтардан кейiн ерекше негiз болған, әсiресе ғұндар, үйсiндер, қаңлылар. Ұзақ заманғы бұл этн. процесс б.з.б. жүз жылдың 1-жартысынан басталып, б.з. 5 — 6 ғ-нда толық қалыптасып үлгердi. Қазақ халқының негiзiн құраған көп тайпалар 552 ж. Түрiк қағандығының құрамына кiрiп, чұмығұн, дай, ирки, чуре, чубан (Шуманақ), дулу деген әр түрлi атпен белгiлi болды. 603 ж. құрылған Батыс Түрiк қағандығының этн. саяси негiзi “он тайпа” (он оқ будун) болды, олар Қаратау баурайынан Жоңғарияға дейiнгi аралықта жатқан ежелгi үйсiн жерiн жайлады. Шу өз-нiң шығыс жағында дулудың бес тайпасы, ал батыс жағында бес тайпалы нушебилер мекендедi. Оның орнына Түргеш қағандығы (704 — 756), одан кейiн Қарлұқ қағандығы (756 — 940) орнап, жоғарыда аталған тайпаларға үстемдiк еттi. Бұл мемлекеттер дәуiрiнде отырықшылық бел алып, егiн ш. дамыды, қалалар өркендеп, сауда-саттық жанданды. Бұл кезде Жетiсу мен Талас бойында қарлұқтар, шiгiлдер, яғмалар, адғұлар мекен етсе, Орт. Қазақстан мен Сырдария бойында оғыздар мен қыпшақтар үстемдiк еттi. 9 ғ-дың аяғы мен 11 ғ-дың басында оғыз тайпалары Сырдарияның орта ағысынан Едiлдiң төм. бойына дейiнгi кең-байтақ аумақты мекендедi. Оғыздардың қоныс-өрiстерi Ырғыз, Орал, Ембi, Ойыл өзендерiнiң бойларында, Сырдария бойындағы Қаратау баурайлары мен Исфиджаб шегiне дейiн шашырап жатқан. Оғыздар құрамына Сырдария алқабы мен Арал — Каспий далаларының үндi-еуропа және финн-угор тектес ежелгi (негiзiнен, түркiлендiрiлген) этн. топтары және сонымен бiрге Жетiсу мен Сiбiрдiң халаджы, жагар, чарук, қарлұқ, имур, байандұр, қай секiлдi көшпелi және жартылай көшпелi тайпалар да кiрдi. Оғыздардың батысында Едiл мен Жайық арасында печенегтер (бесенелер) мекендедi. Кейiн оғыздар — түрiкмен халқының, бесенелер — қарақалпақ халқының негiзiн құрса да, олардың кейбiр топтары қазақ халқының да шығу тегiне әсерiн тигiздi. ....
Нұржан Жолдыбалинов – IT маман, кітапханашы, ақпараттық жүйелер бойынша маркетолог Нұржан Нұрланұлы – Астана қаласындағы Қазақстан Республикасы Ұлттық академиялық кітапханасы басшысының ақпараттық ресурстар бойынша жетекшісінің орынбасары, Қазақстандық Ұлттық электронды кітапхананы әзірлеуге қатысқан ең жас IT мамандардың бірі.
Сонау ертедегі 1995 жылы №63 Шар мектебіне 8 разрядты «Корвет» дербес компьютерін әкелген еді, осы компьютерде жұмыс істеуге алғаш отырғандардың бірі және сабақ арасында ұрлана кіріп мұнда шұғылдануға келетіндердің бірі тоғыз жасар Нұржан Жолдыбалинов болатын. Балалық қызығушылық оның мамандығын ақпараттық технологиямен байланысты айқындап бергендей. Бұл оқиғаның әсерін толықтай бағалау үшін Нұрлан Нұржанұлы қазіргі таңда Қазақстандық кітапхана алаңындағы түрлендірілген ақпараттық «брендті» - Қазақстандық Ұлттық электронды кітапхананы жасаушылардың бірі, сондай-ақ ҚР ҰАК ақпараттық ресурстар бойынша жетекшісінің орынбасары болып табылады.....
Пән: Жаратылыстану Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Тірі табиғат. Өсімдіктер. Сабақ тақырыбы: Өсімдік тіршілігіне не қажет? Осы сабақта қолжеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтемеу): 1.2.1.3 өсімдіктердің тіршілігіне қажетті жағдайларды зерттеу; Сабақ мақсаттары: Өсімдікке өсу үшін қандай қажетті жағдайлар керек екенін біледі; Болжамдар мен бақылау нәтижелерін салыстырады; Түрлі жағдайда өсімдіктердің өсу нәтижелерін салыстырып, қорытынды жасайды.........
Келедi деп Баб болжаған Бахаулла, яғни “Құдай даңқы” деген лауазымды қабылдаған Мырза Хұсеин Әли – мемлекет министiрi қызметiн атқарған Мырза Аббастың үлкен ұлы едi. Ол Парсының астанасы –Тегеранда, 1817 жылы 12 қарашада таң алдында дүниеге келдi.Ол еқашан мектептiң табалдырығын аттаған емес, үйде ғана аздаған бiлiм алды. Бiрақ ол сәби кезiнен бастап асқан зеректiк танытты. Ол бозбала шағына жеткенде әкесi қайтыс болып, iнi қарындастарына қамқорлық Бахаулланың иығына түстi. Ерекше қабiлеттерi Оның шектен тыс тәкәппарлығын оятпады. Ол кiшiпейiл әрi қайырымды болатын. Оның талғамы да қарапайым болатын. Ол табиғатты, құстарды, ағаштарды, гүлдердi,аңдарды жақсы көретiн және уақытын сарайдан гөрi қаланың сыртында өткiзгендi қалайтын.Ол ақшаға қызыққан емес, кедейлер мен жарлыларға жұмсайтын сол кездiң дәстүрi бойынша Ол ерте үйленген едi. Оның әйелi де бай отбасынан болатын, бiрақ оның талғамы да қарапайым едi. Өздерiнен гөрi өмiрде әлдеқайда нашар тұрып жатқандардың үлестерiн жеңiлдету үшiн олар тұрып жатқандардың үлестерiн жеңiлдету үшiн олар бiрiгiп жұмыс iстедi. Олардың үйлерiнiң есiгi әрқашан тамақ iздеген, баспана мен көмек сұрағандарға ашық болатын. Оларды “Кедейлердiң Әкесi мен Шешесi” деп атады. Бахаулланың әкесi қайтыс болғаннан кейiн, оған оның сарайындағы орнын ұсынды, дегенмен Ол болса бас тартты. 1844 жылдың жазында, Баб өзiнiң мiндетiн жария еткеннен үш ай өткен соң, Молла Хұсейiн Бабтыңүндеулерi бар шиыршықталған бұлама қағазды Тегеранға әкелдi және оның Бахаулланың қолына түсуiн қадағалады. Бахаулла шиыршықталған бұлама қағазды оқығаннан соң, Бабты мойындап және Оның iзбасары болды. Сол кезде Бахаулла жиырма жетi жаста едi. Бахаулла Бабпен ешқашан кездескен емес, бiрақ, онымен әрдайым хат алысып тұрды, бар жанымен оның iлiмiн қолдап және оны таратуға ұмтылды. Нәтижесiнде, Ол көпшiлiк әлi жөндi бiлмеген қозғалыстың қатарында болып шықты, мұның мүддесi болса мұның өз тобының мүдделерiне қарама-қарсы едi.....
Еңбекжолы Ақын 1939 жылы 20 желтоқсанда Қытай Халық Республикасы Тарбағатай ауданы «Үшқарасу» деген жерде дүниеге келген. Әкесі Балшабек Қытай жерінде болыс болған, ел басқарған. Хамит әкесі мен анасының тәрбиесі мен өнегесін көріп өседі. Халқының көне ән мен жырларына терең үңіліп солар жайлы сыр толғап, жастайынан өлең жазуға – әуестенеді.....
Елебеков Жүсіпбек (1904-1977) - әнші (тенор). Қазақстанның халық артисі. Қарағанды облысында туған. Елебеков бес жасынан ән айтуды бастаған. Ән өнеріне оны ағасы Ж. Балғабайұлы баулиды. Кейін Ғ. Айтбаевтан, Қ. Байжановтан, Ә. Қашаубаевтан дәріс алады. Елебеков музыкалық фольклордың талантты насихаттаушысы болып табылады. Халық композиторларының шығармалары (“Ардақ”, “Айтбай”, “Құлагер” және т. б.) Елебеков репертуарының негізін қалайды. Абай әндерін де ол аса шеберлікпен орындаған. Қазақ драма театрының сахнасында ол Жапал бейнесін (М. Әуезов “Еңлік-Кебек” ) , музыкалық театр сахнасында Әлібек (М. Әуезов пен И. В.Коцыканың “Айман-Шолпаны”), Төлеген (Е. Г. Брусиловскийдің “Қыз Жібегі”) бейнелерін сомдады. Елебеков өнері көңіл - күй иірімдері, сезім байлығымен ерекшеленеді.
Дарынды майталман әнші Қазақ КСР-ң халық әртісі, халқымыздың дәстүрлі ән мектебінің көрнекті өкілі Жүсіпбек Елебековтың шығармашылығы көп қырлы.
Жүсіпбек Елебеков өзінің көпқырлы сан-салалы әншілік таланты арқылы отандық музыкалық мәдениетіміздің тарихына өлшеусіз үлес қосты. Ол халқымыздың ән өнерінің жарқын беттерінде сөнбейтін жарық жұлдызына айналып оның атақ-даңқын биікке көтерген, бүкіл қазақ даласын оның әр тасы мен жылғасы, әр ауылына дейін әнге көмген, халқы мен жерін әнге бөлеген өнер тарланы.
Атақты Әміре Қашаубаев, Қали Байжанов, Ғаббас Айтпаев, Манарбек Ержановтар мәңгі өшпейтін даңқын шығарған екі ғасырлық тарихы бар халқымыздың ән мектебі қазақ еліне түгелдей тараған. Бұл арқа немесе сары-арқа дәстүрі делінеді. Арқа – Сары Арқа жері республикамыздың орталық, солтүстік және шығыс облыстары. ....
Талдықорған қаласында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы облысы Ішкі саясат басқармасы, Алматы облысының өңірлік коммуникациялар қызметі, Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің ұйымдастыруымен «Тұрақты даму мақсатындағы коммуникация және медиа» атты ІV Халықаралық РR Көктемгі мектебі өткізілді.
Көктемгі мектеп қазақстандықтардың сандық жүйені қолданудағы сауаттылығын арттыруға және білім беру, медиа ақпараттық сауаттылық жүйесін дамытуға арналды.
Адамзаттың жаһандық дағдарыстан шығудың жолдарын іздестіруі заңды. Жалпы әлемдік қауымдастық мойындаған дағдарыстан шығудың негізгі жолы – тұрақты даму. Оның басты идеясы – ысырапқа жол бермеу, ресурстарды әділетті әрі тең бөлу, қауіпсіздікті қамтамасыз ету. Осы үдерістердің барлығында маңызды рөл ойнайтын, дамудың негізгі факторы - ғылым және білім беру екендігі дау туғызбайды. Тұрақты даму тек экономикалық өсу, инновация және өнімділік қана емес, әлеуметтік даму мен тұрақтылықтың іргелі міндеттерін де қарастырады. Тұрақты дамудың 17 мақсаты бар. Соның 4-ші мақсаты – сапалы білімге қолжетімділік және өмір бойы оқуға (үздіксіз) мүмкіндік беру. Өңірлерде тұрақты инфрақұрылым қалыптастыру қажет. Сол себепті аймақтарда тұрақты даму мақсатындағы семинар-тренингтердің өткізілуі қажеттілік.
Тұрақты даму теория мен практиканы ұштастыруды, яғни дуалды оқытуды талап етеді. Университеттер енді тек оқу бағдарламаларымен ғана айналыспайды, қала, өңір, ел деңгейіндегі өзекті мәселелерді шешуге де белсене қатысады. Яғни, университеттердің қызметі өңірлердегі тұрақтылықты нығайтуға бағытталған ұлттық және халықаралық бағдарламалармен тығыз байланысты болуы тиіс. Осы орайда, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің БҰҰ-ның «Академиялық ықпал» Жаһандық хабына жетекшілік ету мерзімі 2020 жылға дейін ұзартылуы оқу орнына зор жауапкершіліктер жүктейді. Қазіргі таңда Қазақстанның 25 жоғары оқу орындары БҰҰ-ның «Академиялық ықпал» бағдарламасына қосылған.
Көктемгі мектепте «Әділ сөз» сөз бостандығын қорғау халықаралық қорының сарапшысы Ғ. Әженова, белгілі PR маманы Қ. Домбай, «Мінбер» журналистерді қолдау орталығы қоғамдық қорының президенті Е. Кәпқызы, Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі, ақын Б. Әшірбаев, Factcheck.kz редакторы Д. Смақов, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Телерадиокешенінің директоры Д. Мұхамеджанов, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ доценті, ф.ғ.к. А. Рожков, «Medianet» Халықаралық журналистика Орталығы, Factcheck.kz сайтының журналисі Ж. Тлеухан шеберлік сыныптарын өткізді. Қазіргі таңдағы медиакеңістік пен РR нарығындағы өзекті мәселелер ортаға салынып, шешілу жолдары көрсетілді.
Көктемгі мектептегі алғашқы шеберлік сыныпты «Рухани жаңғыру және ұлттық журналистика» тақырыбымен Б. Әшірбаев жүргізді. Ол заманға сай жаңғырудағы отандық мәдениеттің алатын ерекше орнына тоқталып, Қазақстанның бірегей тарихи және мәдениеті бар ел ретіндегі әлемдік дидарын айқындау, ұлттық бренд қалыптастырудағы қажеттілікті және ұлттық журналистикаға жүктелетін міндеттерді, Рухани жаңғыру бағдарламасы аясындағы ұлттық журналистика көтеретін тақырыптарды сараптады.
Бедел – материалдық болмағанымен, жеке адам үшін де, бүтіндей ұжым үшін де аса маңызды актив. Қазіргі заманда беделді басқаруға болады. Бұл ұзақ мерзімді стратегия – бедел менеджменті деп аталады. Белгілі PR маманы Қ. Домбай абырой-бедел менеджменті тақырыбына тоқталып, компания беделін қалыптастырудың жолдарын баяндады. Компанияның нарықтағы дұрыс позициялануы, ақпараттық кеңістіктегі тиімді іс-әрекеті дәрістің негізгі өзегін құрады. PR саласында ұзақ жылдық тәжірибесі бар маманның: «Компанияның құнына беделі де кіреді. Беделді компанияның бағасы да жоғары. Олай болса, бедел қаржымен өлшенеді. Көп жағдайда компанияның беделін басшысы емес, қызметкері қалыптастырады», - деуі көңілге қонымды. Қ. Домбай шеберлік сыныбы тыңдаушылардың қызығушылығын туғызып, аудитория тарапынан қойылған сауалдар көп болды.
Д. Мұхамеджанов қазіргі таңдағы заманауи технологияларға тоқталып, мектеп қатысушыларын хабар жасаудың қыр-сырларына қанықтырды. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ телерадиокешенінің мысалында студенттік телевидениенің ақпарат берудегі ерекшеліктерін сипаттады.
Factcheck.kz редакторы Д. Смақов пен осы сайттың журналисі Ж. Тлеухан жалған ақпаратты анықтау, тексеру, нақты дереккөздерін білу, фактілермен жұмыс істеу тәсілдерін көрсетіп, ақпаратты тексерудің теориялық және практикалық әдістері туралы өз тәжірибелерімен бөлісті. Тыңдаушыларға: «Әрбір адамның шындыққа таласы бар. Сіздер ақпараттағы нақты фактілерге назар аударып, қаншалықты тексерілгенін, қандай дереккөздерге жүгінгендігін, ақпараттың әлеуметтік маңыздылығын анықтай білулеріңіз керек. Әрбір мақаланы тексеруден қорықпау керек. Айтылған пікірді ресми, ашық ресурстар арқылы тексеруге болады», - деген кеңестер айтты.
Көктемгі мектептің екінші күні мазмұнды дәрістермен жалғасты.
Ғ. Әженова медиамәтіндердегі қорлау мен жала жабуға тоқталып, бейнесюжеттерді мысалға келтіре отырып, тыңдаушыларға мол ақпарат берді.
Е. Кәпқызының жасырын камераны пайдалану туралы ұтымды кейстері аудиторияға өте қызықты болды. Ақпаратты дереккөзден, ашық ресурстардан алу әдістері, сенімділігіне көз жеткізу, ақпаратты заңсыз және алдау арқылы алмау, жасырын камераны пайдалануға мәжбүрлейтін жағдайлар, қоғам білуі тиіс ақпаратты тарату және ақпараттың қайнар көзін көрсету қажеттілігі, ақпараттың жеке адамдарға зиянын тигізбеу мәселелері жан-жақты талқыланды. Е. Кәпқызы өзінің шеберлік сыныбын: «Жасырын камераға бару үшін, ол ақпараттың қоғамға қаншалықты пайдалы екендігін екшеп алуымыз керек. Яғни, ақпарат алу біздің шындық принципімізбен сәйкесуі тиіс», - деген пікірмен аяқтады.
А. Рожков тыңдаушыларға жаңа медиаға арналған коммуникативтік форматтар туралы ақпарат берді. БАҚ-тың қоғамға ықпал ету әдістері, ақпаратты қабылдаудың жаңа формалары, сторителлинг, PR-дың дәстүрлі және инновациялық құралдары туралы шеберлік сыныбы да қызықтылығымен ерекшеленді.
Интерактивті форматта өткен Көктемгі мектеп қатысушыларға мол ақпараттар беруімен, практикалық тренингтер өткізуімен құнды болды.
Қоғамды ақпаратты ақ-қарасын айырып, дұрыс қабылдауға, сұрыптауға дағдыландыруды мақсат еткен Көктемгі мектеп соңында қатысушыларға сертификаттар тапсырылды.
Несие жүйесінің негізгі буыны-банктер.Себебі масштабы және маңызы жөнінен несие қатынастарының басым көпшілігі банктер арқылы өтеді.Банктер мемлекет пен кәсіпорындардардың,акционерлік қоғамдар мен ЖШС-дің ,мектептер мен ауруханалардың,институттар мен бала бақшалардың және халықтың уақытша бос ақшасын шоғырландырып,оларды іс жузіндегі капиталға айналдырады.Сонымен қатар банктер төлем,есептеу,несие беру,сақтандыру және тағы да басқа көптеген сан алуан операциялар жүргізеді. Банк деген ұғым не,ол қалай пайда болды деген сұраққа жауап іздестірейік.Банк деген ұғым италиян сөзі bank-орындық,айырбас орындығы-айырбас орны деген мағына береді.Тарихта банктың ең жай қызметі,мысалы,тұқым сатып алуға несие алған жағдай б.э.д.VIII-Vғғ Вавилонда кездескен.Сол сияқты ақшаны несиеге алып ертедегі Египетте,Грецияда,Римде зәулім ғимараттар салған. Капитализмнің алғашқы даму сатысында комерциялық банктер банкнота шығаруды капитал шығарудың бір көзі ретінде кеңінен қолданды.Дегенмен несие жүйесінің даму барысында ақша шығару сенімді ірі банктерге шоғырланды.Бұл банкноталардың төлем айналымында кең қолдануын қамтамасыз етті.Сөйтіп тарихи орталық банктердің пайда болуы коммерциялық банктердің банкнота шығаруының бір жерге шоғырлануынан пайда болды.Алғашқыда ол эмиссиялық банк,кейіннен орталық банк деп аталды.Мұндай атақ оның несие жүйесіндегі басқаруына сай беріледі.ХIХ-ХХғғ көптеген мемлекеттерде банкноталарды шығару бір эмиссиялықбанкте шоғырланып,ол мемлекеттің неси жүйесінің түйіні ретінде экономиканы реттеудің орталық қызметін атқарады.....
АББАС (Аппаз) Жарасбайұлы (шамамен 1925/30, бұрынғы (Перовск уезі, Қараөзек болыстығы – 1922, Арқа өңірі) – белгілі би. Әкесі Бекназар 1800 ж. Сыр өңіріне келіп, тұрақтап қалған. АББАС 1868 – 88 ж. құрылған .....
«Журналистика — күнделікті өмірдің жаршысы». Сондықтан журналистика әр кезде өз биігінен көрінеді. Кеңес үкіметі тұсында цензураның мысы қатты болды. Ол кездегі қаламгерлер саясат, экономика жөнінде өткір мақалалар жаза алмады. Сондықтан қаламгерлер өнер мен мәдениет тақырыбын азық еткенді. Ал қазір жағдай мүлде басқаша. Қоғам алмасқанда журналистиканың баяғы деңгейінің артта қалғанына көзіміз жетіп отыр. Қазіргі қазақ журналистикасының деңгейі қандай?-деген сұраққа жауап беретін болсақ- қазіргі қазақ журналистикасы еркіндіктің босағасында, оның өзінің деңгейі мен дәрежесі бар. Кез-келген тақырыпта, кез келген мәселеге қалам тарта алады. Ол баспасөздің, Бақ құралдарының еркіндігі десек те болады. Бірақ дей тұрғанмен қазақ журналистикасының жолын дамыту бар ....
Доскей Әлімбайұлы (1850, Астана, Сораң атты жер - 21.09.1946, Қарағанды) - топжарғын ақын, айыр-көмей шешен, жезтаңдай әнші, дарынды композитор, Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген өнер қайраткері, халық ақыны. Арғын тайпасының Қуандық руының Мойын Байдәулет бөлімінен шыққан.
Жасынан жетім қалып, байларда жалшылықта жүрген. Жас шағынан өнер мәдениетін - әйгілі Ақан сері, Жаяу Мұса, Балуан Шолақ, Біржан салдардан үйреніпті. Доскей Орынбай, Кемпірбай сынды өнерпаздармен кездеседі, Үкілі Ыбырай және Ақан серімен айтысады. "Көмейің кең, тілің мірдің оғындай өткір екен…" - дейді Біржан, Доскейге домбрасын сыйлап.
Доскей әу бастан аңыз - әңгімелерге, ертегі - жырларға, ән-күйге құлағын түріп, зейініне тоқып, халықтың ақ жамбыдай асыл дүниелерін жадына ұстап жүреді. Жасынан жетім қалған, байлардың жалшысы болған ол 16 жасынан өзінің ақындығын таныта бастайды. Революцияға дейін Доскей патша үкіметі мен бай, билердің айуандық қылықтарын өзінің өткір жырларымен өлтіре шенеді. Халық ішінен шыққан ақын Доскей қанша қудаланып, қиындыққа кездессе де, үстем тап өкілдерінің алдына бас имеген. Кеңес заманы орнағаннан кейін Доскей көмірлі Қарағандыда өмір сүрген. Сондықтан шығармаларының негізгі тақырыбы Қарағанды кеншілерінің өмірі мен еңбегі болды. "Қарағанды", "Екі сайлау", "Жүрегім" деген өлеңдері ақынның таңдаулы шығармалары болып есептеледі.....
Қазақстан Республикасындағы Президенттік институттың қалыптасуы. Мемлекеттік егемендіктің қалыптасуы өкілетті мемлекеттік биліктік құрылымдардың қалыптасуынсыз мүмкін емес. Құқықтық мемлекет құру жағдайында мемлекеттік биліктің үш тармағы бірдей күшті болуға және өз функциясын қалыпты орындайтындай жағдайда болуға тиіс. Дегенмен, заң шығарушы және атқарушы билікті байланыстырушы звено тек Президент болуы мүмкін.Мемлекет басшысы институты тұңғыш рет Қазақ ССР-інің Президенті ретінде 1990 жылдың 24 сәуірінде 1978 жылғы Қазақ ССР Конституциясына толықтыру түрінде енгізілді.Президенттік институт 1991 жылы 25 тамыздағы «Қазақ ССР Конституциясына (Негізгі заң)» өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы заңымен одан әрі дамытылды. Онда өзінің міндеттерін жүзеге асыруға қабілетсіз болған жағдайда Қазақстан Республикасының Президентін мерзімінен бұрын қызметтен босату рәсімі Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесінің шешімімен белігіленді.Сөйтіп, президентік басшылық идеясын жүзеге асыру үшін құқықтық негіздер қалана бастады. Алғашында Қазақстан Республикасының 1991 жылғы 16 желтоқсанындағы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық заңнын 10-бабында «Қазақстан Республикасының басшысы және оның атқарушы өкіметі Президент болып табылады» деген ережені бекітті. 1991 жылдың 01 желтоқсанында жалпы халықтық дауыс беру жолымен Қазақстан Респубикасының тұңғыш Президенті болып Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды.Одан әріде Президенттік институттың да, Президенттің жеке басының да көзқарасы қоғамдағы рөлі мен маңызы бірден бірге арта түсті. Президент қызметіне кіріскен сәттен бастап Президент қызметінің құқықтық негіздері қаланып, оның мемлекетік билік органдары құрылымындағы жағдайы сараланды. Президенттік институтқа қатысты заңдылықтардың даму барысына қысқаша қайырым жасасақ, мынандай ой түюге болады: Президенттің барынша байыпты тұлғасы пайда болды, ол нақтылап айтқанда биліктің барлық үш тармағының қалыптасуында шешуші рөл атқарады. Мемлекеттік биліктің институттарын қалыптастырудың негізгі міндеті жүйе ретінде қоғамның даму деңгейі мен саяси, әлеуметтік және экономикалық жағдайына сәйкес оның саяси және құқықтық рәсімдеуін таңдау болып табылады. Мұндай таңдау мемлекетті қалыптастыруда саяси және құқықтық негізін және мемлекет пен қоғамның өзара іс-қимылының сипаттамасын анықтайды. ....
Ғылыми техникалық прогрестің жетістіктері нәтижесінде пайда болған және ақпаратты алмасудағы қажеттіліктермен түсіндірелетін территориялық компьютерлік желілер мемлекет аралық бағдарламаларын құрудың айнымас бөлігіне айналды.Қазіргі уақытта ғылыми және білім беру мақсатында қолданылатын,бизнесте,финанстқ—эканомикалық қызметерде,бірлескен ғылыми-техникалық бағдарламаларды жүзеге асыру үшін және т.б мақсаттарда қолданылатын көптеген компьютерлікжелілер жұмыс істейді.Алдын ала көптеген басқа желілерді біріктіретін және әлем жиынына енуге мүмкіндік беретін глобальді желі INTERNET-ті ерекшелген жөн.Internet қолданушыларғамүлдем шексіз ақпараттық ресурстарды ұсынады. Кез келген дамыған елде желілік құрылым сипаттамасының дамуы ГСЖ жалпы әлемдік тенденциялардың дамуында көрніс табады.Олардың бірі әлемнің кез келген нүктесінде орналасқан компьютермен қолданушыларға байланыс мүмкіндігін ұсынатын түрлі желілікқұрылымдар формаларының бірігу тенденциясы. ....
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Саяхат Сабақтың тақырыбы:Көлік туралы жазу үшін ақпараттар №3 Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме) 3.5 Қосымша ақпарат көздерінен алынған мәліметтерді оқу. 1.3.5.1 Үлкендердің көмегі арқылы ақпараттарды таңдайды. 2.2 Тыңдалған мәтінді мазмұндау, дәлелдеу. 1.2.2.1 Қарапайым әңгімелерді (мәтінді) мазмұндайды. Сабақтың мақсаттары: Барлығы: Үлкендердің көмегі арқылы ақпараттарды таңдайды. Мұғалімнің көмегімен қарапайым әңгімелерді (мәтінді) мазмұндайды. Көбі: Үлкендердің көмегі арқылы ақпараттарды таңдайды және түсініп оқиды. Сұрақтар қою арқылы қарапайым әңгімелерді (мәтінді) мазмұндайды. Кейбірі: Үлкендердің көмегі арқылы ақпараттарды таңдайды және мазмұндай алады. Өздері қарапайым әңгімелерді мазмұндайды.....
Еліміздің әлеуметтік-экономикалық жағынан қарыштап алға басуы қоршаған ортаны қорғау мәселесіне де ерекше назар аударуды алға тартуда. Бұл жәйтті Президент Н.Назарбаевтың биылғы Жолдауында басым бағыттардың бірі ретінде атап өткені мәлім. Онда экологиялық апаттарды болдырмау мәселелерін алдағы уақытта нығайта беру алға тартылды. Біз қазақ жерінің кеңдігін, оның орасан зор байлығын, әсем табиғаты мен жағымды ауа райын мақтан етеміз. Ал, оның ішінде Алматы облысы орналасқан, ежелден жер жәннаты – Жетісу атанған өлкенің орны өз алдына бір төбе. Жетісудың табиғатын аялап, оның байлықтарын қаз-қалпында сақтап, қолдан келсе, көркейтіп отыру – баршаға ортақ парыз екені анық. Бұған тікелей жауап беретін мемлекеттік деңгейдегі құзырлы мекемелер жұмыс істеп жатыр. Солардың бірі – Алматы облыстық аумақтық қоршаған ортаны қорғау басқармасы. Басқарманың басты міндеті – қоршаған ортаны қорғау жөніндегі біртұтас мемлекеттік экологиялық саясатты жүргізу және салалық бағдарламалардың орындалуын ұйымдастыру, орталық, жергілікті атқарушы органдардың бұл бағыттағы қызметін үйлестіріп, табиғатты тиімді пайдаланудың бірқатар түрлеріне лицензиялар беру. Сонымен бірге, жердің, судың, ауаның ластануына жол бермеу шараларын қарастырады. Аймақтарда экологиялық сараптама жүргізеді және экологиялық аудит жасауға құқылы. Үстіміздегі жылғы белгіленген жұмыстарды бас¬қар¬ма қызметкерлері биыл қабылданған Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің баптары негізінде жүргізуде. Басқармадағы инспекциялық жұмыстардың барлығы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің Табиғат қорғауды бақылау комитетімен келісілген жоспарға сәйкес жүргізілуде. Өткен мерзім ішінде қоршаған ортаны қорғау нысандарына 688 тексеру жасалып, 10 миллион 213 мың теңгенің айыппұлы салынды. Басқарманың мемлекеттік экологиялық сараптама бөліміне 865 құжат түсіп, оның 796-ы қаралды. Сонымен бірге, облыс көлемінде қоршаған орта туралы халық арасында экологиялық білім беру, насихаттық жұмыстарды жүргізу, тұрғындардың экология жөніндегі танымын кеңейту, бұл бағытта үкіметтік емес, қоғамдық саяси, жастар ұйымдары¬ның, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің мүмкіндігін пайдалануға баса назар аударылып отыр. Мәселен, Текелі және Талдықорған қалаларында үкіметтік емес, жастар ұйымдары өкілдерінің қатысуымен үш мәрте экологиялық сенбілік өткізіл¬ді. Бүкілдүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күніне байланысты дәстүрлі облыстық экологиялық форум болып, оған 600 адам қатысты. Қоршаған ортаны қорғау жөнінде 7 дөңгелек үстел өткізіліп, 38 лекция оқылды, 13 семинар ұйымдастырылды. Санитарлық тазалық айлығы қураған ағаштарды кесу, орнына ағаш егу және басқа да науқандық жұмыстар кезінде басқарма қызметкерлері 25 экологиялық рейдке қатысты. Экологияға байланысты тұрғындардан 112 өтініш түсті. Оның 111-і қаралып, қанағаттанарлық жауап берілді. Басқарманың қызметіне және өткізілген шаралар жөнінде газеттерге 80 мақала жарияланып, телеарналардан 19 телебейне көрсетілді. Сол секілді, дәстүрлі “Іле – Балқаш” регатасына арналған шаралар да өз нәтижесін беріп келеді.....