Пән: Қазақстан тарихы Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 5.2В Сақтар Алматы қаласындағы физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебі Сабақтың тақырыбы:«Алтын адам» кім болды? Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары(оқу бағдарламасына сілтеме):Барлығы 5.2.3.1 қазақстандық ғалымдардың археологиялық жаңалықтарын біледі Көпшілігі: 5.2.2.4 «Алтын адам» жәдігерін өнер туындысы ретінде сипаттайды Кейбірі: 5.2.1.2 ежелгі тайпалардың дүниетанымын сипаттайды
Пән: Дүниежүзі тарихы Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Ислам тарихы Сабақ тақырыбы: Неліктен VIII-XII ғғ. ислам мәдениетінің "алтын ғасыры" деп атайды 1-сабақ Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): тарихи оқиғалардың өзара байланысын орнату арқылы діндерің әлемдік мәдениетке ықпалын анықтау Шығыстың ортағасырлық мәдениетінің ерекшеліктерін сипаттау Сабақ мақсаттары: Шығыс ғалымдарының жетістіктерінің маңыздылығын түсіндіріңіз......
Қазақтың берекесі мен қуанышын,қайғысы мен мұңын бірге бөлісетін,жақсылығыңды мақтап,жамандығыңды бетіңе басатын ағайынның,он шақты ұл ,моншақты қыз өсірген,шаңы мен түтінінің иісі,қымбат әтірдің иісіненде асып түсетін ауылдың қадірі мен қасиеті кереметқой! Міне ,арман қуып қалаға кеткен әрбір қазақ өз ауылын,бабадан мұра болып қалған қара шаңырақты сағынбасына кім кепіл? Ауылдан адам кетседе,адамнан ауыл кетпейді деген осығой!
Ауылым алтын бесігім! Неліктен ауыл мен үшін алтын бесік?
Қазақтың шығысында ойып тұрып орын тепкен Тарбағатай ауданың Зайсан көл маңында орналасқан Байтоғас ауылының қара домалақ баласы үшін,яғни мен үшін ауылдың орны бір бөлек.Ең алғаш кіндік қаным тамып,ең алғаш көйлегім тозған елдің қадірі мына мен үшін ерекше.Қаланың өршіген қарбалас тірлігінен қарағанда,ауылымның тыныш жатқан көрінісі,жаныма рақат беріп,бар ауыртпашылығымды жоқ қылып жібереді. «Бісміллә» деп алғаш қадамым жасалып,тұсауым кесілген жер,былдырлап алғаш сөйлеген сөзімде,естен кетпес ағайын- туыстың келбетімен жарқын күлкісі осы алтын ұям,алтын бесігім-ауылымның төрінде! Мінеки,жоғарыда қойылған сұраққа жауап ретінде осы қанатты сөздерді ұсынамын!......
Туған жер, қандай қасиетті , неткен ыстық сөз! Туған жер деп қай ақын толғамаған, қай жазушы тебіренбеді десеңші?! Әр адамның жүрек төрінен орын алатын қасиетті мекен, жырақ кетсең сағынатын мекен. Туған жер- алтыннан да қымбат қазына. Әр адамның туған жері туған анасындай қастерлі. Туған жердің әрбір тасы, әрбір сайы естелік тұнған ғажайыптар. Есейеміз, ер жетеміз туған жерді тастап арман қуып қалаға келеміз. Мүмкін шет елге де кетерміз, бірақ туған жерге деген сағыныш бәрібір жүрек түкпірінде тұрады-ау шіркін! Туған жерден жырақта жүрсең сол өңірдің өңі таныс....
Адам баласы тек өзіне, өзнің біліміне, ақылына, күшіне сену керек. Біреулерден жақсылық болса, ол – жақсы. Бірақ соған сеніп кетіп, өзіңді жетілдірмей, еңбек етуге ерінсең, нәтижесінде түксіз қаласың.
«Ау» деп басталатын әліппенің әуел сөзінен, Кім құтылар Алланың қойып қойған тезінен. Кешеде жүрген жан әкем, Ғайып бір болды-ау көзімнен. Сөзімнің басы биссимилла, Шерліден досым сөз тыңда. Иманды болғыр, жан әкем, Ақылың айтқан мың ділдә. Құдай салды, біз көндік, Қызыл тілім, қимылда. Жолыңа құрбан болар ем, Келмейсің ғой мың жылда. Пайғамбар аты Ыдырыс, Мүдірмей сөйле отыз тіс. Айрылып асқар белімнен, Басыма түсті қиын іс.....
Төгілген алтын Алтай сілемінде, Ертістің көкті қапқан иегінде Жез бесік, алтын құндақ Риддер жатыр, Сақтаған бар асылын жүрегінде. Тау сұлу Алтайдағы батсайыдай, Қар орап әсемдеген ақ шайыдай. Саңқылдап Алатаудан аққан бұлақ Боз малта, тасты төккен ақ сабындай. .....
Тарихымызды жазуда пәлен айтты, түген айтты деп, неше түрлі қазақ жерлерінде жолшыбай болғандардың айтқан, жазғандарына сүйеніп жүреміз. Әрине, оларды жоққа шығарудан аулақпыз. Ол да керек. Бірақ, өз материалдарымызды толық, ізгілікті пайдаланып жүрміз бе? Өкінішке қарай, бұл жағы бізде олқылау. Ойлап қарасақ, біздің тарихымыз халқымыздың ауыз әдебиетінде, өлең-жырларында, әдет-ғұрыпында тілі мен салтында екен. Олар біздің тарихымыздың өте ертеден келе жатқанын байқатады. Қазақта “Ұлы Ұрымға (Рим), қызы Қырымға қонды”, яғни, алысқа кетті деген мағынаны білдіретін сөз бар. Бұл бір замандарда біздің арғы бабаларымыз бүкіл жер шарын шарлағанын көрсетеді. Немесе, “Барған жерің Балқан тау, ол да біздің көрген тау” деген сөз тіркесін алайықшы. Бұл да жоғарыда айтылған ойды айқындай түсетін сияқты.
Мұсылмандарда басқа діндердегі сияқты “ақырзаман” бар. Ислам дінінде ол “Тажал” болып суреттеледі. Сол діни аңызда ол былай бейнеленеді. “Тажал” “Қойқап” тауының ар жағында тұрады. Ол “ақырзаман” боп келу үшін сол тауды түнімен жалап шығады –мыс. Тау әбден тесілуге айналғанда, әлемде “азан” шақырған дауыс шықса болды Қойқап тауы қайтадан бітеліп қалады. Олай болса, Тажал келмес үшін азан айту тоқталмауы керек. Бұл идеологиялық діни аңыз. Сонда айтылған Қойқап тауы деген, ол Қарпат таулары емес пе? Өйткені, Қарпат тауларының ар жағы христиан дінді ел. Олар Шығысқа крест жорықтарын жасаған перғауындар елі, “Мысыр” қаласы деген ұғымдар “Мың бір түнде” де кездеседі. Шынында перғауын ұғымы исламнан бұрын белгілі болса керек. Сірә, одан да бұрын айтылып жүрген. Сондағы перғауынә деген сөз фараон ұғымы екені анық. Ертедегі түркі тілінде аталған жер атауларында да көп мән-мағына бар, Мәселен, Үлкен Ене-Лена, Халқын – Гол-Халық көлі. Орал тауларының атауы да оралып өт, әйтпесе тура жүре алмайсың деген сияқты түркі сөздерінен туындаған.
Осы айтылғандардан екі түрлі қорытынды шығаруға болады. Бірі – әр жердің атауы, сол жерлерге жақын тұрған елдің тілінде туындайтыны. Батыс аймақта тұратындар Батыс жерлеріне ат қойған болса, Шығыста тұрғандар сол Шығыс жерлеріне ат қойып отырған. Мәселен, “Ене Сай”, (Енисей), “Бай көл”, (Байкал) деген атауларды өмірге әкелген скифтер емес. “Балкан”, “Карпат” деген аттарды қойған да алтайлықтар болмаса керек. Ал енді Балкан, Қарпат тауларына жақын тұрып, ол жердің тау-тасына, өзен-көліне қанық болғандар-көшпелі скифтер. Олардың мекендеген аймағы Қара теңіздің солтүстігі екені белгілі. Екінші, сол замандарда батыста да, шығыста да, орталықта да тұрған көшпелілер тек бір тілде ғана сөйлеген. Айталық, “Алтау ала болса!..”, “Аяз, әліңді біл...”деген сияқты мақалдарды айтқан Майқы би екені белгілі. Бүгін ғана айтылғандай көрінетін сөздерді қолданған Майқы би біздің заманымыздың басында Сыр бойында өмір сүрген. Олай болса, сол замандарда Алтайдан Карпатқа дейінгі бүкіл континент, яғни кең аймақты жайлаған көшпелілер, оның ішінде скифтер де түркі тілінде сөйлегендігін айқындатады. Бұл айтылғандарды дәлелдейтін дәйектер өте көп, тек соларды зерттеп, талдау қажет.....
Алтынай Бауыржанқызы Нөгербек (26 қараша 1976 жылы Алматыда туған) – қазақстандық кино және театр актрисаы. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері. Қазақстан жастар одағының «Серпер» сыйлығының лауреаты. ҚР Мемлекеттік степендиясының иегері. Биография 1976 жылы 26 қарашада Алматыда дүниеге келген. 1983-1993 жылдары Алматыдағы №12 қазақ орта мектебінде білім алған. 1993-1997 жылдары Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы (бұрынғы Қазақ Мемлекеттік театр және кино институты)ның «Кино» факультетінің «Кино және театр әртісі» бөлімін Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері,Мемлекеттік сыйлықтың иегері, театр сыншы Ә.Сығай және Қазақстанның халық әртісі, мемлекеттік сыйлықтың иегері, профессор Т.Жаманқұовтың сыныбынан қызыл дипломмен үздік нәтежемен бітіріп шығады. 1997 жылдан бастап Астана қаласының Қ. Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрында еңбек жасап келеді. ....
КІРІСПЕ Ел Президентінің Қазақстан халқына жолдауында «Біз Қазақстанның барлық азаматтарының отаншылдық сезім мен өз еліне деген сүйіспеншілігін, адамгершілік сезімдерін дамытуға тиіспіз», - деп атап көрсеткен. Елбасының осындай міндеттерін орындау үшін мектеп табалдырығынан аттаған оқушылардың бойына имандылық, еліне, жеріне деген сүйіспеншілік сезімдерімен бірге сабырлылыққа, қайырымдылыққа, талаптылыққа, терең ойлылыққа т.б. қасиеттерге сабақта, сабақтан тыс кезде көркем шығармаларды оқыту арқылы оқушы бойына дарытуымыз керек. Көркем әдебиеттегі кейіпкерлердің іс - әрекеті, бейнелері, оқиғалары баланы санқилы сезімге түсіріп ойландырады, қуантады, кейбіреуінен аулақ болуға жетелейді. Сондықтан диплом жұмысымды жазуда педагог, жазушы, балалар әдебиетінің атасы – Ыбырай Алтынсариннің өмірі мен алдына қойған мақсаттары жайлы, сол мақсатты орындау жолындағы қыруар еңбектерін оқушы қауымға түсіндіруді мақсат еттім. Ыбырай шығармаларын бастауыш сыныптан бастап оқыту арқылы оқушыларды еңбек сүюшілікке, оқу, өнерге ұмтылушылыққа, Отанын, елін сүюшілік, талаптылық, жігерлілік, іздемпаздық, кішіпейілділік, махаббат, қайырымдылық, адамгершілік, жинақтылық т.б. жақсы мінез – құлықтарға тәрбиелеуді алдыма мақсат етіп қойдым. ....
Кіріспе «Туған елге пайдалы іске қолдан келгенше үлес қосу-әрқайсысымыздың міндетіміз». (Ы. Алтынсарин) Қазақ халқының ұлы перзенті, қазақ жерінде оқу-ағарту ісін жүзеге асырған қазақ зиялылырының көшбасшысы, тұңғыш халық ағартушысы қоғамда өзгерісті жасау жолында талмай күрескен, сөйтіп халық игілігі үшін жан алмай еңбек етудің үлгісін көрсеткен. ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы акса көрнекті ағартушы-демократ - Ыбырай Алтынсарин Қазақстандағы қоғамдық ой-пікірдің өркендеу тарихында үлкен орын алды.Ол жас ұрпақты тәрбиелеу мәселесіне ерекше көңіл бөлді. Қазақ даласындағы аумалы төкпелі заманда ұрпақ болашағын ойлап, балалар мен жас жеткіншектердің тағдырына терең үңілген ағартушы –ұстаз. Ыбырай Алтынсариннің халық-ағарту ісіне жолдама алып алғаш аттануы. Мектепті үздік бітірген ол 1857-1859 жылдары арасында өз атасы Балқожа бидің писері (қағаз көшіруші) болады да, 1860 жылы Орынбор облыстық басқармасына кіші тілмаштыққа орналасады. Кейіннен өз қалауы бойынша Торғай қаласындағы бастауыш мектепке мұғалім болып келеді, ел ішінде орын алған саутсыздық пен білімсіздікке қарсы ашық күреседі. Осы кезден бастап, бұл бағыттағы асыл арманы Алтынсаринның ағартушылық педагогикалық қызметі басталады. Соныман бірге, Ресейде басталған азаттық қозғалыстың өрлеу кезінде қазақ ағартушыларының демократиялық идеяларының белсенді жаршысы болды.....
Еліміздің тұңғыш университеті Әл-Фараби атындағы білім ордасының құрылғанына биыл 83 жыл толып отыр. Осы кезеңде ҚазҰУ Қазақстан экономикасының, мәдениетінің, ғылымы мен білім саласының қалыптасуы мен дамуына үлкен үлес қосып, Отанымыздың барлық жоғары мектеп жүйесінің тірегіне, барлық ортаазиялық аймақ бойынша кадрлардың ірі кәсіби білім беру орталығына айналды. Жоғары білім сапасы, халықаралық танымалдылық, ғылыми және зерттеу қызметтерінің, инновацияның белсенділігі, мықты оқытушы-профессорлар құрамы және талантты түлектер – бүгінде, ҚазҰУ-дың мақтанышы болып табылады.
Еуропалық одақ жоғары рангы сарапшыларының бағалауынша, ҚазҰУ ғылыми-техникалық және инновациялық әлеуеті Қазақстанның жоғары оқу орындары арасында теңдесіз көшбасшы делінеді. Бүгінде ҚазҰУ әлемнің технологиялық дамыған үздік 50 білім ордасының ішінде 31-орынды иеленді. Соның негізінде ҚазҰУ қалашығының аймағында ҚазҰУ технологиялық паркі 1994 жылдан бастап қызметін атқарып келеді. Жаңа инновациялар мен мүмкіншіліктер мекені болып табылатын бұл парктің мақсаты – жаңа идеяларды жүзеге асыруға қолайлы шарттар құру, университеттің зиялы және жас зерттеушілерінің ғылыми-зерттеулері және тәжірибе-конструкторлық жұмыстарының нәтижелері негізде белсенді түрде ғылымды қажет ететін өндіріс саласын дамыту болып табылады. "ҒТП" басты міндеттерінің бірі - бұл инновациялық кәсіпкерлікті орнату мен дамыту үшін, ықтимал іскерлік серіктес ізденісінде, инвесторларды инновациялық ғылыми-техникалық жобаны жүзеге асыру және сапалық консалтинг қызметін ұсыну. Ендеше, ҚазҰУ технологиялық паркінде индустриялық-инновациялық қызметтен бөлек, оқыту семинарлары, тренингтер, курстар мен консультациялар ұйымдастырылады. Атап айтсақ, студенттерге өте төмен бағада ағылшын, түрік, орыс тілдерінің курстары бар. Жаңа мүмкіншіліктерге жол ашатын технопарктің технологиялар трансфертінде жәрдем көрсетіледі. Негізгі қызметі индустриялық-инновациялық жобаларды іске асыру болып табылатын ҚазҰУ технопаркі заңды тұлғаларды құруда айтарлықтай маңызға ие. ҚазҰУ технопаркі әрбір студентімен, әр жобаға үлкен акцент қоя отырып жұмыс жасайды. Оларға қажетті жағдай жасап, барынша бизнес-жобалардың іс жүзінде жүзеге асуына мән береді. Технопарк зерттеу аясында бірнеше жобалар жүзеге асырылады. Соның бірі 2013-2015 жылдар арасында ҚазҰУ ректоры Г.М.Мутановтың «Наноспутник үлгісінің ғылыми тәжірибесі мен бағдарламалық техникалық кешен жасап шығару» ғылыми-зерттеу еңбегі, Темирбаев А.А. «Сымды және сымсыз байланыс желілерін синхрондау», Дергунов С.А. «Кеуек полимерлі нанокапсулалардың негізінде жасалған тұрақты көпфункционалды бағдарлама» сияқты ірі ғылыми жобалар инновациялық жаңа ойларды алып келді. Инновациялар негізіндегі индустрияландыру біздің қоғамымыздың жаңа, құнды өзегіне айналып келе жатыр. Елбасы Н. Ә. Назарбаев: «Табысты университеттер дегеніміз, бірінші кезекте автономдық мәртебесі, академиялық еркіндігі бар және ғылыми-зерттеу қызметіне бағдар ұстанған ЖОО-лар» деп бір сөзінде айтып өткен еді. Соның негізінде бүгінгі таңда ҚазҰУ технопаркі ғылыми қызметкерлер мен ЖОО-ның ғалымдарымен орындалатын инновациялық өнiмдердi енгiзу, ҒЗЖ және НИОКР орындауда қызметкерлер мен университет оқытушыларының қатысуымен бюджеттiк, шаруашылық келiсiм құрал-жабдықтар, әр түрлi инновациялық қорлардың құрал-жабдықтарын тарту, инновациялық салада шағын кәсiпкерлiктiң танымалдығы, сонымен қатар Технопарктің жетістіктері мен мүмкіндіктерін бұқаралық ақпарат құралдары арқылы баяндау, университет жүзеге асыратын оқу процесiн қамтамасыз етуге білім аймағындағы әлемдік стандартта жауап беретін деңгейде алып шығуға мүмкіндік беруіне қатысу бойынша шаралар жүргізіп отыр.
КІРІСПЕ Психофизиология ұғымын XIX ғасырдың, басында француз филолсофы Н. Массиас ұсынған. Писхофизиология физиологияның нақты объективті әдістеріне (сенсорлық жүйелердің табалдырық күшін анықтауға, жауап реакциясының уақытын және т.б. бағалау) сүйене отырып, психиканың көптеген қасиеттін зерттеуден басталған, жаратылыстану саласын да, әлеуметтік гуманитарлық цикіліне де кіретін ғылым. Пән ретінде білім беру бағдарламалардың жоғары, орта және арнайы оқу орындарындағы писхология, биология, педагогикалық мамандар даярлайтын бөлімдеріне, болашақта барлық мамандықтарға да қажетті, әрі бүгінгі ғылым білім саласында өз орнына да ие болатынына толық сенуге тұратын кешенді теориялық-экспериментальдық ғылым. Психофизиологияның және физиологиялық психологияның да зерттейтін объектісі де, қолданатын әдістері де физиологияның негізінде болғандықтан, В.Вундтың XIX ғасырдың аяғында ұсынған физиологиялық психологиясы да немесе Н.Массиастың психологиялық физиологиясы да біртұтас мақсатағы үндес ғылымдар. Бұған дәлелді мағлұматтар: Дж. Хассет (1981), А.Р. Лурия (1973), Л.С. Выготский (1982), П.К. Анохин (1968), Н.А. Бернштейн (1963), Е.Н. Соколов (1995), Ю.И. Александров (1997), Н.Н. Данилова (1998) және т.б. ғалымдардың еңбектерінде ашылып берілген.....
Татар-монғол тайпаларының саяси жағынан басын біріктіріп, монғол феодалдық мемлекетінің негізін салушы Темучин болды. Ол 1155 жылы ірі ноян Есугей баһадүр отбасында туылған. Темучин ер жете келе қол астына монғолдың барлық тайпаларын біріктіреді. 1206 жылы көктемде Онан өзені жағасында Темучинді жақтаушы монғол ақсүйектерінің құрылтайы болып оны Шыңғысхан деген атпен монғол ұлысының әміршісі етіп жариялайды. Шыңғысхан әскери-ұйымдастыру принципін мемлекеттік құрылыстың негізі етіп алады. Елдің бүкіл жері мен халқы он қанат (барунғар), сол қанат (жоңғар) және орталық (гол) атты үш әскери әкімшілік округке бөліп, әрбір округте он мың адамнан тұратын бірнеше түмгелер (түмендер) болды. Олар өз кезегінде "мыңдық", "жүздік", "ондықтан" тұрды.
1207-1208 жж. қысында Шыңғысханның үлкен баласы Жошы Енесей қырғыздарын және Сібірдің оңтүстігіндегі басқа да "орман халықтарын" бағындырды. 1208-1209 жж. Шыңғысхан әскерлері тұтқиылдан шабуыл жасап, танпұттық Си ся мемлекетін күйретті. Шыңғыстың қахарынан сескенген қазіргі Шығыс Түркістан аймағындағы ұйғырлар монғолдарға өз еркімен берілді. 1211 ж. Шыңғысхан қолы Солтүстік Қытайға бет алды. 1215 ж. олар сол кезде Цзинь мемлекетінің астанасы болған Чжундуды (Пекинді) бағындырды.
Қытайда монғолдар соғыс ісінің сол замандағы жоғарғы техникасымен танысты. Қытайдан көптеген қару-жарақ, қамал бұзатын машиналарын, оны пайдалана білетін адамдарды алған Шыңғысхан жауынгерлік дайындығын күшейте берді.
Сөйтіп, ол Шығыс Европа мен Алдыңғы Азияға жол ашатын Орта Азия мен Қазақстанды жаулап алуға дайындалды. Бұл үшін ол мұсылман көпестерінен, босқындардан мәлімет жинады.
Шыңғысхан Қазақстан мен Орта Азияға жорықты Жетісу арқылы жүргізбекші болды. Өз басының жауы болған найманның ханы Күшлік ханды талқандап, бай қалалары бар Жетісуды өзіне қарату үшін оған Жебе ноян бастапан әскер жіберді. Жетісуды Шыңғысхан көп қарсылықсыз басып алды. Оны бағындырғаннан кейін Шыңғысханның Мәуереннахрға, сол кезде Орта Азияны билеп отырған хорезм мемлекетіне қарсы жол ашылды. 150 мың адамдық қол Орта Азияны бағындыруға аттанды. Монғолдар Отырарға таяп келгенде монғолдардың басшысы Шағатай мен Үгедей бастаған бірнеше түменді қаланы қоршау үшін қалдырып, әскерлердің Жошы бастапан басқа тағы бір шоғыры Сыр бойымен төмен бағыттады. Үшінші шоғырға Сырдарияның жоғарғы ағысы бойындағы қалаларды бағындыру міндетін жүктеді. Шыңғысхан ұлы Төлеймен бірге әскерімен Бұхараға беттеді. Хорезм шахы Мұхаммед монғолдарға қарсы тұруға дайын емес еді. Ол әскери күштерді әр қалаға бөліп ұстап отырды. Мұның өзі Шыңғысханға қалаларда тұрған шағын шоғырды оңай құртып жіберуге мүмкіндік берді.
1219 ж. күзінде Шыңғыс хан зор армияны Жетісу арқылы Мәуереннахрға аттандырды. Оңтүстік Қазақстан халқы қатты қарсылық көрсетті. Мыс. Отырар 6 ай бойы (1219 ж. қыркүйек- 1220 ж. ақпаны) қарсыласты. Алайда әскер басыларының бірі Қараджа түн ішінде қақпаны ашып жіберіп, монғолдарға өтіп кетті. Әскер осы қақпа арқылы қалаға кіріп, оны талқандады. Сөйтіп Отырар қамалын жермен-жексен еткен Шағатай мен Үгедей бастаған әскер Шыңғысханға қосылды. Бұл кезде Шыңғыс хан Бұхара мен Самарқанд арасындағы жолда болатын Сығанақ қаласы да, ашнас та ерлікпен қорғанды. 1220 ж. 4 көкекте монғолдар Жентті алды. Сыр бойындағы қалаларды жеңгеннен кейін Шыңғыс әскерлері Орта Азияның ішіне кірді. Халық ерлікпен қорғанды. Бұхара, Самарқанд, Үргенш үлкен қарсылықпен алынды. 1219-1221 жж. Шыңғыс хан әскері Орта Азияны ойрандады. 1221 ж. көктемінен бастап соғыс хорасан, Ауғанстан және Солтүстік Үндістан мемлекеттерінің жеріне ауысты. ....
Ерте, ерте заманда бір қыстақта Айсұлу атты әйелдің сіңірі шыққан күйеуі мен жеті ұлы болыпты. Жеті баланы бағу үшін Айсұлудың күйеуі Құдайдың құтты күні атызға барып, еңбек етіп, түн жамыла оралса, Айсұлу әр күні табанынан тозып, өзеннен су тасып, тоғайдан отын әкеліп, тамақ жасау сияқты күні бойы үй жұмысын істеп, жанына әмір болмайды екен. Ал, олардың жеті ұлының жалқаулығына жаһан да жан жетпейді екен. Күйзелген күндерінде де әке-шешесіне олардан қайыр болмапты. Қасірет шеккен ана Құдайдан құлшылық қылып, құлдық ұрыпты: «Құдай-ау, бізге тағы бір бала бере гөр! Берген балаң қара жанымызға қайырымды болсын» деп тіленіпті. Күндердің бірінде Айсұлу жүкті болыпты. Бала көреді. Көрген баласы—бала емес, салақұлаш жылан болып шығыпты. Оның үстіне ол туыла салысымен жер бауырлап, үйден шығыпты да тоғайға еніп, ғайып болыпты. Ежелден сормаңдай Айсұлу өзінен туған баланың бала емес, жылан екенін, оның тағы кетіп қалғанын көріп, тіпті де қайғыға батыпты. Сөйтіп, өзінің бақытсыздығына бола, бірнеше күн көзінің жасы құрғамапты. Бір күні Айсұлу түс көріпті. Түсінде жылан баласы өзінің қойнында жатқан екен: «Шеше, мен үшін мұнша қайрат шеккеніңіз не? Мені қарғыс атқан. Сондықтан жыланға айналып, туылып отырмын» депті баласы. «Қандай қарғысқа қалып едің?»—деп сұрапты Айсұлу. «Мен бұрын байлығым басымнан асқан адам едім. Сол дүниеден ешқашан да жан пендеге, тіпті ақ сүтін емізген анама да соқыр жармақ ұстатпадым. Байлығым басымнан асып, төгіліп жатса да шешем аштықтан өлді. Менің бұл күнәмді қара жер көтермейді ғой. Сондықтан менің аруағым жыланға айналып, бұл дүниеге қайта келіп, бармағымды тістеп отырмын.....
Пән: Дүниежүзі тарихы Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Ислам тарихы Сабақ тақырыбы: Неліктен ҮІІІ-ХІІ ғғ. ислам мәдениетінің «алтын ғасыры» деп атайды? Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 6.2.2.1 тарихи оқиғалардың өзара байланысын орнату арқылы діндерің әлемдік мәдениетке ықпалын анықтау 6.2.2.4 Шығыстың ортағасырлық мәдениетінің ерекшеліктерін сипаттау 6.2.3.1 Шығыс ойшылдары жетістіктерінің маңызын түсіндіру 7.2.1.1 қоғамда дін рөлінің шектелуіне байланысты адамдар өмірінде орын алған өзгерістерді анықтау Сабақ мақсаттары: Шығыс ойшылдардың жетістіктерінің маңызын түсіндіре білу ......
Ыбырай Алтынсарин-қазақтың аса көрнекті ағартушысы, ақын, жазушы, этнограф, фольклоршы және қоғам қайраткері. Оның шын аты-Ибраһим. Ол Орта жүздің қыпшақ тайпасынан шыққан. 1841 жылы 20 қазанда қазіргі Қостанай облысы Затоболск ауданында дүниеге келген.
Алтынсариннің әкесі сауаты аз, еңбекқор шаруа болған. Оның анасы Айман (кейбір деректер бойынша Аймен) Арғын руынан Шеген есімді бишінің қызы болған. Ол сауатты адам, көптеген халық....
Біз туған мемлекетіміздің тәуелсіздігін баянды етуге, қуатын арттыруға, оның игілігіне, халық- аралық қауымдастықтағы беделінің өсуіне қызмет етуге парыздармыз Н.Ә.Назарбаев Ең бірінші, шүкіршілік ететінім – Тәуелсіздігіміз! Тәуелсіздік – тәңірім мәңгілікке мөрін басқан қазақ халқының төлқұжаты. Бүгін де тәуелсіздігімізге, азаттығымызға, дербестігімізге 25 жыл толып отыр. Тәуелсіздігіміз мәңгілік болсыншы тек! Сонда ғана барлығы осының аясында жүзеге асады. Арайлап атқан алтын таңның, шуақты күннің, алаңсыз қуаныш пен бақыттың, еркіндіктің қалай келгенін үлкен жауапкершілікпен сезінем де, күңіренем... Азаттық жолында көп қан төгілді – ау. Бұл жолда бұған дейін қаншама ұлтшыл батырларымыздың көтерілісі болып өтті десеңші. Бірақ, өз нәтижесін бермесе де, олар – ел қамын ойлап, еркіндікке ұмтылған батырларымыз. Көп жыл бойы сары орыстың боданында болсақ та, қазақ халқы – тілін, дінін, мәдениеті мен әдет – ғұрпын ұмытқан емес. Себебі, қазақ текті ұлт және арғы бабамыз рухты болған. 1986 жылы желтоқсанда «Жаңа алаңға», яғни «Брежнев» алаңына жиналып, жастардың көтеріліске шығуы, соңғы сенім, соңғы үміт, ақырғы бас көтеру болды. Ызғарлы желтоқсанның суығына тоңып, ақ қарға қаны төгіліп, аяусыз жазаланып, құрбан болған апа – ағаларымыздың өр рухы мәңгі өшпейді. Бостандыққа ұмтылған Қайрат, Сәбира, Ербол, Ләззат сынды белсенді, ұлтшыл, жалындаған жастарымыз жастайынан қыршын кетті. Барша жастардың сол кездегі тілегі мен бір – Тәуелсіздік. 1986 жылы 17 – 18 желтоқсан аралығында өткен бұл көтеріліс тарихта - «Желтоқсан көтерілісі», - деп, ойып тұрып жазылды. Сол кезде кегі мен қаны кеткен, қаншама боздақтар мен бүгінгі тәуелсіздік ұрпақтары үшін, Желтоқсан оқиғасы – қайғы мен қуанышты қатар әкелді. Бұл көтерілістің шығу себебі:ең бірінші, қазақ компартиясының бірінші хатшысы Дінмұхаммед Қонаевтың орнына, халыққа ескерту мен ақылдасусыз билік басына басқа ұлт өкілі Геннадий Колбинді тағайындауы және қазақ жастарының тәуелсіздігімізге ұмтылысы еді. Ереуілде болған жастарымыздың барлығы тұтқындалып, жала үстіне жалған жала жабылып, ақталу мүмкіндігі мүлде болмады. Бірақ, ұлтшыл азаматтарымыз өздерінің не үшін олай жасап, неге бұлай істеп жатқанын, не істегенін анық сеніммен біліп, аққа – Құдай жақ екендігін түсінді. Өз елінің қамын ойлап, мына біз болашақ ұрпақ үшін аямай жанын берген сол кездегі апа – ағаларымыздың рухына мәңгі бас иіп, мың алғыс айтамыз. Сондықтан, тәуелсіздік құрбандарын тек желтоқсан айында еске алып, бас игеніміз жарамас, әрқашан есте сақтап, тағзым етіп жүргеніміз дұрыс......
Алтынайұлы Қарасай (1589-1671) – қазақтың қаһарман батыры, әйгілі қолбасшысы, есімі шапырашты руының ұранына шыққан аса көрнекті тарихи тұлға. Қарасай батыр Алматы облысының Жамбыл ауданына қарасты Суықтөбе тауының етегінде Қарасаз деген жерде дүниеге келіп, арқа жерінде Көкшетау үшін болған шайқаста ауыр жараланып дүние салған. Топырақ Көкшетау алабындағы Айыртау сілемінің Құлшынбай деп аталатын төбесінен бұйырған. Қасына өзінің қанды көйлек досы арғын Ағынтай батыр жерленген. Қос арыс - шапырашты Қарасай мен арғын Ағынтай батырға және олармен бірге қанды шайқаста қаза болған сарбаздарға қос күмбезді кесене орнатылған (1999).
Қарасай батырдың шыққан тегі ұлы жүз шапырашты. Шежіре дерегі бойынша, Шапырашты Шам (Ыстық), одан Малды, Желді, Қалды есімді үш ұл туады. Малдыдан Екей, Еміл, Емілден Жайық пен Есқожа туады. Есқожадан Алысай, Алтынай, Шуаш есімді үш ұл туған. Алтынайдың үшінші әйелінен Қарсай батыр туған.
Сөз орайында айта кеткен жөн, Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев осы Қарасай батырдың тікелей ұрпағы. Атап айтқанда Қарасайдан Көшек, одан Айдыр, одан Мырзатай, одан Еділ, одан Сапақай, одан Назарбай, одан Әбіш, одан Нұрсұлтан туады.
Қарасай батырдың өмір сүріп, ғұмыр кешкен заманы қазақ-жоңғар арасында екі ғасырға созылған қан қақсап соғыстың енді тұтанып, енді шиеленісіп, бірте-бірте екі көшпелі елдіің тактикасы мен стратегиясының сынға түсе бастаған кезі еді. Бұл кезде қазақ халқының дербес ел болып, ірге бекітіп, біртұтас этникалық сана-сезімнің орныққанына екі ғасырдың жүзі болған. Содан да болар, қазақ-жоңғар арасындағы өрт тұтанған кезде елі мен жерін қорғау үшін алғаш рет атқа қонып, елдің шетіне, желдің өтіне, жаудың бетіне шығып, ерлік көрсеткен батырлар қатарында Қарасай да болды. Қазақ-жоңғар соғысы XVI ғасырдың өзінде-ақ шиеленіскені жөнінде тарихшы В.В.Вельяминов-Зернов жазады. Ал ағылшын көпесі А.Дженкинсон 1557 жылы Қытайға бармақшы болып жолға шыққан, бірақ қазақ-жоңғар арасында Ташкент үшін қырғын соғыс болып жатқандықтан Қытайға өте алмағанын жазып қалдырған. Демек, Қарасай батыр ат жалын тартып мініп, сарбаздар сапына тұрған кезде көшпелі екі ел арасындағы соғыс тәсілдері, қорғаныс әдістері әбден шыңдалып, өліспей беріспейтіндей шиеленісіп үлгерген.....
Кіріспе «Туған елге пайдалы іске қолдан келгенше үлес қосу-әрқайсысымыздың міндетіміз». (Ы. Алтынсарин) Қазақ халқының ұлы перзенті, қазақ жерінде оқу-ағарту ісін жүзеге асырған қазақ зиялылырының көшбасшысы, тұңғыш халық ағартушысы қоғамда өзгерісті жасау жолында талмай күрескен , сөйтіп халық игілігі үшін жан алмай еңбек етудің үлгісін көрсеткен. ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы акса көрнекті ағартушы-демократ - Ыбырай Алтынсарин Қазақстандағы қоғамдық ой-пікірдің өркендеу тарихында үлкен орын алды.Ол жас ұрпақты тәрбиелеу мәселесіне ерекше көңіл бөлді. Қазақ даласындағы аумалы төкпелі заманда ұрпақ болашағын ойлап, балалар мен жас жеткіншектердің тағдырына терең үңілген ағартушы –ұстаз. Ыбырай Алтынсариннің халық-ағарту ісіне жолдама алып алғаш аттануы. Мектепті үздік бітірген ол 1857-1859 жылдары арасында өз атасы Балқожа бидің писері (қағаз көшіруші ) болады да, 1860 жылы Орынбор облыстық басқармасына кіші тілмаштыққа орналасады. Кейіннен өз қалауы бойынша Торғай қаласындағы бастауыш мектепке мұғалім болып келеді , ел ішінде орын алған саутсыздық пен білімсіздікке қарсы ашық күреседі. Осы кезден бастап, бұл бағыттағы асыл арманы Алтынсаринның ағартушылық педагогикалық қызметі басталады. Соныман бірге, Ресейде басталған азаттық қозғалыстың өрлеу кезінде қазақ ағартушыларының демократиялық идеяларының белсенді жаршысы болды.....
Адам баласы дүние есігің ашқанда туған анасынан кейін құшақ жая қарсы алып,бауырына басатын екі ыстық ұясы болса,соның бірі - кіндік қаны тамған жері болып табылатын алтын ұя бесігі,ол – Туған жері.Туған жер туралы әңгіме қозғағанда не болмаса ой толғағанда «Туған жер - алтын бесігім»,«Туған жер - тұғырым» - деп жатамыз.Мұндай теңеулердің туған жерге қатысты айтылуы да заңдылық.
Туған жер – киелі ұғым.Мен үшін бұл ұғымның мәні мен мағынасы өте терең.Қарап отырсам,адамның Отанға,туған елге деген ерекше ілтипаты мен ұлы сезімі осынау аядай ғана шағын бесіктен,туып өскен жерінен,оның әр тау-тасын сүюден басталатын болса,бұл күнде біздің бойымыздағы таза....
Зерттеудің өзектілігі: Оқылып отырған кезеңдердің класстық күрес картиналары және әлеументтік - эканомикалық процестері келтіріліп отырған көп сандық граматолар-королевалық және жекелей бойынша қалыптасып отырады.Мұнда көптеген ішкі-ішкісаяси оқиғалар көрініс тауып жатты. Шаруашылық тұрғындардың эканомикалық және құқықтық статустарын көрсететін мадақтамалар да сақталған.Тауарлық артықшылықтар-тарифтер пайда бола бастады. Карольдер қалалардың артықшылық жағдайларын бекітетін-қолөнер мен сауда орталықтарын көрсететін дипломдарды басып шығара бастады. Билік етуші класстардың жекелей бөліктерінің жағдайларын карольдердің шығарған декреттері бойынша тұжырымдап, қорытын-дылай аламыз.Олардың қатарына Белла 1v-тің Алтын булласы жатады. XIII-ғ.екінші ортасында Венгрияның феодальдық заңдылықтарында маңызды өзгерістер орын алды.....
Кіріспе Әрбір елдің өзіндік тарихы, дәстүрі, тілі болады. Яғни, қазақ халқының дарыны Ғұмар Қараш айтқандай: «Тіл болмаса, ұлт та болмайды... Ұлт білімі болмаса, онда әдебиеттің болмайтындығы өзінен-өзі белгілі. Әдебиеті жоқ елдің өнері де өркен жаймайды». Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін қазақ мектептеріндегі әдеби білім тұжырымдамасында былай деп көрсетеді: «Әдебиет оқушы зердесіне замана келбетімен өмір тынысын жеткізетін халқымыздың көркем тарихы. Ұлттық рухани санаға тәрбиелейтін, тіл үйрететін оқушының адам мен қоғам туралы түсінігі мен тәжірибесін байытатын, әрі реттейтін өмір оқулығы». Демек, әдебиеттің жеке пән ретінде оқытыла беруін қадағалап, оны оқыту әдістерін үнемі дамытып, жандандырып отыру қажет. Әдебиеттің оқу пәні ретіндегі білімділік маңызын дамыту мақсатында білім беру жүйесінде соңғы уақытта біршама жұмыстар жүргізілді. Олар: • Оқу материалдары қайтадан жаңартылды; • Білім мазмұны адамгершілікке, ізгілікке, эстетикалық талғамға бағытталды; • Бағдарламалар тәжірибелік тұрғыдан өткізілді; • Әдебиетті оқытудың жаңа нұсқалары жазылды; ....
Дайындаған жырға тілін — Дарияның жағасында. Ақмешіт пен Алматының Ізі жатыр арасында. Ұлы жырдан тамыр өріп, Ұлы Сырдан қанып ішкен. Өлең жазған еміреніп, Мөлдір-мөлдір сағынышпен.......
Өткен уақытта бір бай болыпты. Мұның перзент дегенде жалғыз ұлы болады. Бай бір күндері жылқыларын суаруға көлге келсе, көлдің ішінде бір қып-қызыл шикі өкпе жүзіп жүр екен. Байдың айдап келген жылқылары көлдегі жүзіп жүрген өкпеден үркіп суға түспей қояды. Әлгі жерде бай жылқыларын иіріп құдыққа қанша айдаса да суға түсіре алмайды.
Сол арада бай құрығын қолына алып суда жүзіп жүрген өкпені түрткен екен, өкпе суға батып кетеді де әлден уақытта жалмауыз кемпір болып судан шыға келіп, байдың жағасынан ала кетеді. Сол арада байдың көзі алақандай боп қорқып кетеді. Бай жалмауыз кемпірге жалынады. «Ат басындай алтын берейін, қоя бер»,—дейді. Жалмауыз кемпір қоя бермейді. «Осы жылқылардың бәрін берейін, қоя бер»,—дейді. Кемпір қоя бермейді. Бай ақырында не берсе де кемпірден құтыла алмайтын болады. Бай: «Енді не берейін?»—дегенде кемпір айтады: «Жалғыз балаңды бер, сонда қоя берейін»,—деді. Жан—тәтті. Бай жалғыз баласын бермекші болады. Сонымен кемпір байды қоя береді. Кемпір айтады: «Балаңды қай жерде бересің?»,—дейді. Бай айтады: «Ертең жайлауға көшемін, сонда баламның алтын топайын қыстауға тастап кетейін, сен қыстауда сол топайдың жанында отырасың»,—дейді. Сонымен бай жалмауыз кемпірге уәдесін беріп, жылқыларын айдап кетіп қалады......
Отанның намысы үшін оттан қашпа, Шын сүйсең мақсатыңнан қия баспа, Тайсалма бар Отанның құрбаны бол, Өмірің орынсыз боп кетпес босқа. Мұхтар Шаханов
Адам баласы өмірге келгеннен бастап, оның Отанға деген сүйіспеншілік сезімі бойында оянады. Анасы жас сәбиге бесік жырын айтып, сәбидің құлағына патриоттық сезімді құяды. Есейгенде еліңді, жеріңді қорғайтын ержүрек бол, ˗ деп ақ тілек тілейді. Ата-бабаларымыз аласапыран, қиын-қыстау, сан ғасырлық сұрапыл оқиғаларда ақ найзаның ұшымен жерін, елін қорғады. «Отан ˗ отбасынан басталады», ˗ деген мақал текке айтылмаған. Патриоттық сезім жанұяда қалыптасады. Адамзаттың бойындағы осы асыл қасиетті сезім оны ерлікке, Отан үшін жанын пида етуге жетелейді. Отанның арқасында әрбір адам баласы тіршілік етіп, дамып, ұрпағын қалдырады. Отан сүйгіштік ˗ кісінің тұла бойындағы күш-қуатын, білімі мен өмір тәжірибесін халық игілігіне жұмсайтын ерекше сезім. Қай елдің адамы болса да, өз Отанын дүниедегі ең қымбатты, ең аяулысы ˗ Анасына балайды. ......