Сан-Франциско қаласы. Мектеп директоры 3 мұғалімді кабинетіне шақырып:
— Құрметті ұстаздар, сіздерді осы мектептің ең таңдаулы және ең үздік шығармашыл ұстаздары деп сіздерге жауапкершілігі зор жүк артпақпыз. Мектебіміздің ең үздік, ең ақылды деген 90 оқушысын келер жылға дейін жақсылап оқытып үйретуге тапсырма бермекпіз. Оларға білмегендерін үйретіп, амалдарды жылдам орындауға дағдыландырады, деген сенімдеміз,- дейді. Сөйтіп, ұстаздар мен оқушылар, оқушылардың ата-аналары да бұл ұсынысқа қуана-қуана келіседі. Осылайша қызу оқу жылы басталып, соңы табысты да жемісті жылға айналады. Оқу жылы аяқталғанда бұл мектеп оқушылары Сан-Франциско қаласындағы үлгерімі мен білім сапасы жөнінен басқа мектеп оқушыларын басып озып, үздік нәтижелерге қол жеткізеді. Сонда директор тапсырма берген 3 мұғалімді шақырып алып, былай дейді: .....
Сабақтың мақсаты: Балаларды ойыншықтардың түрімен, оның көлемімен, пішіндерімен таныстыру. Ойыншықтар туралы тақпақтар айтқызу арқылы, сөздік қорын молайту. Балалардың қабылдау, есте сақтау қаблетін дамыту. Ойындар ойнату арқылы балалардың ынтасын арттыру. Көрнекіліктер: Түрлі-түсті ойыншықтар, үлгі суреттер, үнтаспа. Әдіс -тәсіл: Түсіндіру, көрсету, әңгімелеу, сұрақ -жауап ойыны. Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің барысы: Балалар музыка әуенімен залға қолдарын шапалақтап кіреді. Келген қонақтармен амандасады.....
Менің үлкен атам Балғымбаев Сарбас Рысжанұлы – соғыс ардагері. Ол Жылыой ауданы Қияқ ауыл кеңесінде 1921 жылы туған. 1939–1941 жылдары сегіз жылдық Қара арна орталық мектебінде мұғалім болып жұмыс жасаған. 1942 жылдың қаңтарында Совет Армиясы қатарына алынып, 1942 жылдың мамыр айынан бастап Ұлы Отан соғысына қатысқан. 648-ші атқыштар полкі 1-ші батальон пулеметшілер ротасында бөлімше командирі және сержант болған. Бұл полк 200-ші дивизия солтүстік Батыс майданы «Старый Русь» қаласының бағытында соғысқан. Соғыстағы ерлігі үшін «За отвагу» және «Бірінші дәрежелі Отан соғысы» орденімен наградталған. 1943 жылы ауыр жарақат алып елге оралған.1943 – 1946 жылдары Куйбышев атындағы 7 жылдық мектебінде мұғалім және оқу ісінің меңгерушісі болып жасаған. 1951-1952 жылдары «Бірліктаң» 7 жылдық мектебінде, 1952-1959 жылдары «Қараша» 7 жылдық мектебінде, 1959-1962 жылдары «Орджоникидзе» атындағы 8 жылдық мектепте мұғалім болып жұмыс жасаған. .....
Кіріспе Терминдер жүйесі, жалпы терминология жағдайы тілдің лексикалық құрамындағы бүтін бір мәселе ретінде көптен зерттеліп келеді. Оларды шешуде тіл мамандары да, логиктер де, басқа да ғылым салаларының өкілдері де қатысып, еңбектерін арнады. Терминологиялық лексиканы зерттеуде және оның қоғам үшін мәнін, маңызын анықтауда А.А.Реформатский, В.В.Виноградов, А.Н.Баскаков, Р.А.Будагов, Р.Ф.Журавлев, М.Ш.Гасымов, Б.О.Орузбаева, Н.А.Щеглова, Д.Э.Розекталь, М.А.Теленкова және В.П.Даниленко, Т.Бертогаевтың еңбектерін ерекше атауға болады. Сондай-ақ қазақ түрколог тілшілері А.Байтұрсынұлы, Қ.Жұбанов, Е.Аманжолов, С.Кеңесбаев, Ә.Қайдаров, Н.Сауранбаев, Ш.Сарыбаев,С.Исаев,Ө.Айтбаев, Б.Қалиев, А.Аманжолов, Ш.Құрманбайұлының еңбектерінің де үлесі зор. Белгілі тіл маманы А.А.Реформатский термин мен терминология ұғымының теориялық мәнін ашуға тырысады. Ол термин, ұғым, сөз түсініктерінің өзара байланысы жөніндегі пікірлерді салыстыра келіп, екі түрлі бағытқа тоқталады: яғни терминді белгілі бір затпен байланысты қарайтындар. А.А.Реформатский терминнің басты белгілеріне тоқталады: «термин емес сөздердің мағынасы контексте ашылу керек те, ал термин сөздер контекске тәуелді емес. Термин сөздерге көп мағыналылық, экспрессия жат» – дейді. Ол терминді 1) терминологиялық жүйенің элементі ретінде; 2) жалпы тіл жүйесінің элементі есебінде қарастырады. [1, 46, 54] Г.О.Винокур терминдер тек зат есім болуға тиісті деген пікір айтады. Яғни термин болу үшін сол сөз заттануы тиіс. Ол, әсіресе , қимыл атауларына назар аударады. Техникалық терминдердің көбі қимыл мен процесс атаулары болып келеді деген қорытынды жасайды. [2,13] Н.А.Щеглованың еңбектерінен де осындай пікірді кездестіруге болады. [3,89]. В.Н.Прохорова «Актуальные проблемы современной русской лексикологии» деген еңбегінде терминге мынандай анықтама берген: «Термин- бұл арнаулы қолданыс саласындағы ғылыми немесе өндірістік-технологиялық ұғымның атауы болып табылатын және дифинициясы бар сөз немесе сөздер тіркесі» [4,10] Термин жөнінде бұдан да басқа пікірлер бар. Атап айтқанда, энциклопедиялық сөздіктердің өзінен мынадай анықтаманы кездестіруге болады. «Термин- рим мифологиясында шекара құдайы. Термин– терминалдар құрметіне арналған мейрам» дегенді аңғартады. Сонымен бірге термин- шекара, шек деген ұғымды білдіретін латын сөзі. Бұл-1980 жылы Мәскеуде жарық көрген бір томдық «Советский энциклопедический словарьда» берілген анықтама. О.С.Ахманова «Словарь лингвистических терминов» деген еңбегінде: «Термин (ағыл.) дегеніміз- арнайы ұғымдар мен арнайы заттарды белгілеу үшін жасалған «қабылданған, енген және т.б.» тілдегі арнайы (ғылыми, техникалық т.б.) сөздер мен сөз тіркестері» деген пікірді айтады [5,15]. Термин жөніндегі осындай пікірлерді қуаттай отырып, Д.Э.Розенталь мен М.А.Теленкова терминнің бір ғана мағына беретінін айтады. Тілдегі сөздердің бірсыпырасы көп мағыналы болып келсе, термин жалқы мағына береді, -дейді. [6,16] Академик І.Кеңесбаев пен профессор Т.Жанұзақов терминнің о баста латын тілінің «шек», «шекара» деген сөздерінен пайда болғандығын айтады. Яғни: «Ғылым мен техниканың, көркемөнер мен қоғам өмірінің алуан түрлі саласына байланысты қолданылатын тұжырымдарды білдіретін сөздер мен сөз тіркестері, атау сөз»- деген пікірге келеді. [7, 17] В.П.Даниленко өзінің «Русская терминология» еңбегінде орыс тілі терминдерін дұрыс түсіну үшін ең алдымен «Орыс тілі» деген күрделі, жиынтық ұғымның құрамына кіретін элементтер арасындағы иерархиялық байланысты айқындап алудың қажеттілігін айтады. Осындай иерархиялық тізбекте тектік ұғымды, автордың айтуынша, «жалпы ұлттық орыс тілі» деген ұғымды білдіреді. Бұл ұғымға осы тілдің функционалдық тармағы болып табылатын «жалпы әдеби тіл», «диалектілер», «қарапайым сөйлеу», «жаргондар» тобы кіруге тиісті. Ал орыс тілінің терминдер жүйесін автор жалпы әдеби тілдің функционалдық тармағы болып табылатын ғылыми тіліне жатқызады. Осы тілдің лексикалық құрамына жататындығын айтады. [8] Шындығында терминдерді жалпы әдеби тілдің тармақтарының бірі ретінде қарастыратын болсақ, онда өзіне тән табиғатын ескермеген болар едік. Біріншіден, терминдердің пайда болуы әлеуметтік қажеттіліктен туады, адам өміріне ғылым мен техника келді, оны жасаушы топ пайда болды. Олардың жұмыс үстінде бір-бірімен қатынасатын, пікір алысатын тілінде ғылымдық жаңа ұғымдарды білдіретін, сол кәсіппен айналысатындар ғана қолданатын сөздер пайда болды. Осының нәтижесінде мұндай ғылыми ортаның тілі жалпы әдеби тілдің басқа функционалдық тарамдарынан өзгешелене бастады, сөйтіп әдеби тілдің бір тарамы ғылым тілі дүниеге келді....
Ертеде бір ханнің үш қызы болыпты. Екі үлкен қызын ұзатқаннан кейін, хан қолында қалған кенже қызын күйеуге беріп, ойын-тойын жасайды. Тойға қол астындағы бір кемпір мен шалды да шақыртады.
Кемпір үйде қалып, шал жалғыз өзі тойға кетеді. Бұл шал мен кемпір де ұлға зар екен. Құдайдан жылап күні-түні бала сұрайды екен. Шалы кеткен соң, кемпір қалың ойға батып жатып, ұйықтап кетеді. Ұйықтап жатып ғажайып түс көреді. Түсінде ұзын бойлы қара кісі келіп аян береді. «Мен саған сегіз қарбыз, бір қауын беремін, тоғыз балаң болады. Қауыннан туған кенже балаңның атын Көкжан батыр қой», – дейді.......
КІРІСПЕ Адамның барлық нағыз адамдық қасиеттері өз өміріне тәлім-тәрбие нәтижесінде қалыптасады. Бастауыш сынып оқушыларының таным процестері дамуына оқытудың тигізетін әсері өте үлкен. Дамыта оқыту проблемалары 18 ғасырдан бері зерттелуде. Швейцар ғалымы И.Г.Песталоцци оқу барысында балалардың қабылдау және еске сақтау қабілетін дамыту проблемасын зерттеуді бастаған. Бұл идеяны К.Д.Ушинский, Л.С.Выготский жалғастырған. Д.Б.Занков дамыта оқытуға қазіргі технологияларды қолданып, жалпы ақыл-ойды дамыту жолдарын анықтаған. Қазіргі бастауыш мектеп бағдарламасы барлық таным процестерді жедел дамыту жолдарын ескере отырып жасалған оқулықтар мазмұны ойлауды дамытуға үлкен үлесін қосады. Дегенмен осы проблеманы шешу үшін әр мұғалім ойлау қабілетінің ерекшеліктерін, оны дамыту жолдарын толық түсінуі қажет. Балалардың осы ерекшеліктеріне жан-жақты түсіну үшін бітіру жұмыс тақырыбын «Бастауыш сынып оқушыларының қабілетін дамыту ерекшеліктері» деп анықтадық. Осы тақырыпты зерттеу мақсатының бастауыш сынып оқушыларының ойлау қабілетін дамытуға әсерін тигізетін тәсілдері анықтау деп белгіледік. Зерттеу міндеттерін келесі түрде анықтадық: 1. Ойлау қабілеті туралы ұғымды анықтап бастауыш сынып оқушылары ойлау процесінің ерекшеліктерінің ғылыми-теориялық негіздерімен танысу. 2. Бастауыш сынып оқушылары ойлау процесінің дамытуға халық педагогикасы мен психологиясы элементтерін қолдану ерекшеліктерін зерттеу. 3. Ойлау процесті дамытуға шығармашылық тигізетін әсерін көрсету. Осы анықталған мақсат пен міндеттерді орындау үшін қабілеттің анықтамасы және ерекшеліктеріне сүйене отырып, ойлау қабілетті дамытуға әсерін тигізетін жағдайларды анықтау арқылы, ойлауды дамыту жолдарын зерттедік. Ғылыми-әдістемелік әдебиеттерді талдап және озық тәжірибелі мұғалімдердің мақалалары мен дидактикалық материалдарымен танысып, оның біршамасын бітіру жұмыста қолдандық. Жиналған материалдарды логикалық жүйеге келтіріп бітіру жұмысының құрлысын анықтадық. Ол кіріспе, екі тарау, қорытынды және пайдаланған әдебиеттерден тұрады. Кіріспеде тақырыптық актуалдылығы дәлелденіп, міндет-мақсаттары анықталды. Бірінші тарауда қазіргі ғалымдар Д.Б.Занков, М.И.Махмұтов, Б.Тұрғынбаева, В.В.Давыдов, Б.М.Теплов т.б. қабілет табиғаты, бастауыш сынып оқушылырының ойлау ерекшеліктері және оның формалары: ойлау қабілетін дамытуға әсерін тигізетін себептер талданған. Екінші тарауда оқыту барысында бастауыш сыныпта ойлау процесін дамытуға халық ауыз әдебиеті элементтерін, шығармашылық тапсырмаларды, дидактикалық ойындарды қолданудың тигізетін әсері талданған. Қортындыда ойлау қабілетін дамыту ерекшеліктерін оқу процесінде қолдау туралы нұсқалар жасаған.
1. БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ОЙЛАУ ҚАБІЛЕТІН ДАМЫТУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
1.1. Қабілетті қалыптастыру жолдары
Адамның қоршаған орта ерекшеліктеріне икемделу, білім мен іскерлікті меңгеру оның қабілетіне байланысты. Қабілет дегеніміз адамның білімді, іскерлікті тез және сапалы меңгеруі. Жаңа туған баланың қоршаған ортаны, өзін-өзі танып білуге қабілетінің нышандары генотипінде болады. Осы нышандар қасиетке айналу үшін бала адамдар арасында өсіп, күнделікті тіршілік барысында қарым-қатынас жасауға, қоршаған ортада өзін емін-ерік сезінуге негіз болады. Барлық адамға тән іс-әрекет түрлеріне адамның қабілеті өз өмірінде қалыптасады.....
Мақсаты: Балаларға біреуі артық немесе кем санды тауып, атауды үйрету. Көрнекілік: Ою - өрнектер, геометриялық пішіндер салынған карточкалар жиынтығы, геометриялық пішіндер. Барысы: Балалар геометриялық /ұшбұрыш, шаршы, дөңгелек және с. с./ пайдаланып, мұғалімнің тапсырмасына үндеместен жауап беруі тиіс. Тәрбиеші тапсырма береді, балалар оны орындайды.: а/дөңгелектерден біреуін артық етіп, үшбұрыштарды қойыңдар /үш дөңгелек салынған сандық карточканы көрсетеді/; б/мұндағы дөңгелектерден біреуін кем етіп, шаршыларды қойыңдар /бес дөңгелек салынған сандық карточканы көрсетеді/; в/дәл осындай пішінді көрсетіңдер /дөңгелекті көрсетеді/және осыларға сәйкес тапсырмаларды көрсетіндер. .....
Бұрынғы уақытта бір Шора батыр деген бопты дейді. Бұл Шора батыр өзі бай екен, өзі мерген екен, өзі сондай сауық құрып жүретін адам екен. Бірақ та басқа кішкене тапшы болса керек. Бұл адам жылына, я болмаса, екі жылда бір рет ылғи мергендікпен сауық құрып, бірнеше жолдасымен ел бармаған, жұрт бармаған жерге кетеді екен. Тоғайға, тауға барып аң аулап, бір ай, екі ай, болмаса, үш айға дейін далада жүріп қайтады екен.......
Педагогикалық жоғары оку орындарында болашақ “Кәсіптiк бiлiм” мұғалімдерінің кәсіби дайындықтарын жақсартудың маңыздылығы, алдыңғы шарттары: біріншіден оқылатын курстардың мазмұнды оқыту, мектеп бағдарламаларының талаптарына тығыз байланысты оқытылуы болып табылады; екіншіден, жоғары оқу орындарында қабылданған білім берудің негізгі мемлекеттік стандарттарында оның теориялық және әдістемелік принциптері ретінде оқытудың мазмұны сандық және сапалық жағымен бағалап, жоғарыдағы талаптың орындалу шартына айналуы керек. Соңғы айтылған мәселе негізінен жоғары оқу орындарына арналған оқу жоспарларында қарастырылатын пәндердің өзара салмақ үлестерін анықтауға септігін тигізері анық. 050120-“Кәсіптiк бiлiм” оқу жоспарларында педагогикалық-психологиялық пәндер мен жалпытехникалық пәндер және мамандық цикліндегі пәндердiң ара салмағы сандық жағынан өзара алшақтығы байқалады. Оның үстіне соңғы пәндердің көлемінің көптігіне байланысты мамандықты меңгеруші студенттер арасында "Педагогтік" кәсіпке қарағанда "Кәсіптiк бiлiм педагогi" мамандығына деген "қызығушылық" қалыптасқан. Оқыту процесіндегі осындай педагогика-психологиялық қарама-қайшылықгар: - 050120-“Кәсіптiк бiлiм” мамандықтары бойынша негізгі жоғары білім беру стандарттары мазмұнын қайта қарау; - оқу жоспарының мазмұнын қайта қарау; - оқыту процесінде оқытудың интегративтік функцияларын арттыруды т.б. талап етеді. ....
Сабақтың мақсаты: 1. Поэзия түріндегі шығармаларды жаттай білу қабілеттерін жетілдіреді. 2. Өлең мазмұнын түсініп, айтып бере білуге үйретеді. 3. Өлең сөздерін еске сақтап, мәнеріне келтіре жатқа айта білуге дағдыланады. Білімділік мақсаты: 1. Қазақ халқының ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың өмірі мен шығармашылығымен танысады. 2. Көктем мезгіліндегі табиғатта болатын құбылыстардың ерекшеліктерін ажырата білуге үйренеді. Дамытушылық мақсаты: 1. Сөйлеу мәдениетін қалыптастыра отырып, балалардың сөздік қорын молайтады. 2. Балалардың ойлауы, көре, сезіне, еске сақтау қабілеттерін дамытады. Тәрбиелік мақсаты: .....
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Күнделікті өмірде буын аурулары жиі кездеседі. Бірақ қарапайым халық буыны ауырса болғаны оны «ревматизм» дейді. Әрине, бұл қате. Өйткені буын ауруларының (артриттің) түрлері көп. Оның бірқатары (ревматизмді қоса) ескіден келе жатқан созылмалы кабыну процесінің және кейбір жұқпалы аурулардың асқынуынан да болады. Әсіресе тұмау-сүзек, баспа, туберкулез және басқа аурулар буынға жиі әсер етеді, ауру тобына жататын буын ауруларын жұқпалы артриттер дейді. Организмде қоректік заттар алмасуының бұзылуы, нерв жүйесінің зақымдануы және ішкі секреция бездері әрекетінің бұзылуы нәтижесінде буындарда екінші түрлі аурулар басталады. Артриттін бұл түрінде буындардағы қоректік заттар алмасуы және олардың тіршілік әрекеті бұзылады, сондықтан буын қабынуының бұл тобын дист-рофиялық артрит дейді. Түрлі жарақаттар мен денеге түскен ауыр салмақ та артритке ұшырата береді. Көптеген адамды буын ауруы қатты азапқа салады. Егер кезінде жете емделмей, ауру асқынып кетсе, оның салдары адамға ауыр соғады. ....
Кіріспе. Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Қазақ тілінің мемлекеттік мәртебе алуымен байланысты қоғамдық өмірдің көптеген саласында өрісін кеңейтіп, жан- жақты атқарар қызметінің өсе түскені белгілі. Осы ретте тілдің дамып өркендеу барысында сөз мағынасы мен оның даму заңдылықтарын арнайы құрастырудың мәні зор. Өйткені тілді адамдар арасында қарым - қатынас жасаудың құралы деп танысақ, сөздер сөйлем құрамында өзара семантикалық синтаксистік үйлесімділікте айтылғанда ғана белгілі бір ақпаратты жеткізе алады. Сөз күрделі құбылыс, сондықтан оның түрлі қасиеті, мағынасы мен тұлғасы тіпті сөздердің өзара тіркесуі де жеке- жеке тіл саласының объектісі болып жүр. Олар жеке- жеке қолданылуымен бірге бір бірлікте , бір категорияда қолданылады. Демек, жеке тұлға ретінде өмір сүрмейді. Мағынасымен байланыспаса, тұлға өздері тұлға сөз бола алмайды. Сондықтан жалаң формалармен байланыспаған жинақ мағына өмір сүрмейді. Сөз тұлғасын зерттейтін тіл саласы– сөзжасам мен морфология саласы. Сөз тұлғасы дегеніміз– сөздің мағынасы мен байланысып барып қана сөздің бір элементі болады. Сондықтан сөз мағынасына сүйене отырып, сөздерді тұлғалық негізде екіге бөледі. Осы қасиетке негізделіп , сөздер жалаң сөздер және күрделі сөздер болып екіге бөлінеді. Ал, күрделі сөздер беске бөлінеді: қос сөздер, қысқарған сөздер, біріккен сөздер, кіріккен сөздер, тіркескен сөздер. Диплом жұмысында қос сөздердің лексика- семантикалық, грамматикалық белгілері талданады. Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Сөз – күрделі құбылыс. Ол тіл білімінің барлық саласының зерттеу нысаны болып табылады. Соның ішінде сөздердің тұлғалық құрылымымен жасалып қалыптасуын сөзжасам мен морфология ғылымы қарастырады. Қазақ тіл білімінде қос сөздердің лексика- семантикалық, грамматикалық қасиет белгілері толық зерттелінді дей алмаймыз. Сондықтан М.Әуезовтің «Абай жолы» романындағы қос сөздер диплом жұмысымыздың негізгі нысаны етіп алынды. Қазақ тіл білімінде күрделі сөздерге алғаш талдау жасағандардың бірі– профессор Қ. Жұбанов болған. Ол қос сөздерді «Қазақ тілі жөніндегі зерттеулерінің» «сөз тұлғалары » деген тарауында «қосар сөздер» деген терминмен берген. [1966,151]. Сонымен қатар К.Аханов, Ә.Керімов, А.Есенғұлов, Н.Сауранбаев, Н.Ысқақов сынды ғалымдар азды-көпті еңбек еткен. Аталған ғалымдардың еңбектерінде күрделі сөздердің біріккен, кіріккен, қосарланған, тіркескен түрлері біршама зерттеу нысандарына арқау болған. Аталған ғалымдардың еңбектерін оқып, зерттей отырып қос сөздердің сөз- жасамдық сипатына байланысты пікірлерінің әр түрлілігін, тіпті қайшылыққа толы екендігін байқадық. Яғни қос сөздерге тән ерекшеліктер толық ашылды деуге болмайды. Қос сөздердің әлі де анықтайтын тұстары баршылық. Жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Жұмыстың негізгі мақсаты – М. Әуезовтің «Абай жолы» эпопеясында қос сөздердің қолданылу аясын анықтау, яғни қос сөздердің лексика- семантикалық, грамматикалық белгілерін анықтау. Осы мақсатты жүзеге асыру үшін алдымызға төмендегідей міндеттерді қойдық: – күрделі сөздерге, соның бірі қос сөздерге байланысты айтылған ғалымдардың пікірлеріне ғылыми талдау жасау; – қос сөздердің өзге күрделі сөздерден ерекшелігін айқындау; – эпопеяда кездесетін қосарлау немесе қайталау арқылы жасалған сөздер жаңа мағынаға ие бола ма? деген сұраққа жауап іздеу. Жұмыстың зерттелу әдістері. Жұмысты зерттеу үшін төмендегідей әдістерді қолдандық: талдау әдісі, жинақтау, ой қорыту, жүйелеу, статистика әдістері. Диплом жұмысының ғылыми жаңалығы. – Күрделі сөздердің ХI ғасырлардан бастап жиі қолданылғандығы анықталды. – Еркін сөздердің күрделі сөздерге дейін дамуына әрі мағыналық, әрі морфологиялық жағынан дамуы, десемантизация, деформацияға түсуі анықталды. М.Әуезовтің «Абай жолы» эпопеясында қос сөздердің мол қабаты анықталды. Олардың семантикалық ерекшеліктері айқындалды. М.Әуезовтің «Абай жолы» эпопеясындағы қос сөздердің қолданылу аясы бұрын соңды зерттелмеген тақырып, зерттеу жұмыстарында көрсетілмеген. Диплом жұмысының құрылымы. Жұмыс кіріспе, екі тарау және қорытындыдан тұрады. Оған қоса пайдаланылған әдебиеттер тізімі және қосымша материалдар (мысалдар жазылған кеспе қағаздар) берілген. Әр тараудың өзі іштегі құрылымына қарай бірнеше бөлімшелерге бөлінген.
1.1. Күрделі сөздер туралы зерттеулер мен пікірлер.
Әр түрлі жүйеге жататын түрлі тілдерде күрделі сөздердің жасалуында айырмашылықтар бар. Бұл жағдай күрделі сөз туралы түрлі пікірлер туғызуы заңды деп санаймыз. Түркі тілдерін зерттеуші тіл мамандары өздерінің еңбектерінде күрделі сөз мәселесіне де назар аударып, ол турасында байқағандарын көзден таса қалдырмаған. Түркі тілдеріндегі күрделі сөз мәселесінің зерттелуі туралы А.А.Юлдашев былай дейді : «Сложные слова которыми изобилуют тюркские язык, особенно их терминология до сих пор не получили удовлетворительной разработки ни в словарях, ни в грамматических описаниях».....
1 Табиғат жайлы көркем шығармалар жүйесі 1.1 Табиғатпен сабақтас көркем шығармалар үлгілері Балабақшаның тәрбиелік жоспарында табиғатты аялап, оны қамқорлыққа алып, күту жеке дара анықталып көрсетілген, еліміздегі барлық балабақша осы бағдарламаның негізінде жұмыс істейді. Оның мынандай екі мақсаты бар: а) балаларды туған табиғатқа деген сүйіспеншілікке тәрбиелеп, оның әсемдігін терең сезінуге, өсімдіктер мен жануарлар дүниесін қамқорлыққа алуға тәрбиелеу; б) балабақшада табиғат жөнінде қарапайым білім беріп, осының негізінде тірі және өлі табиғаттағы құбылыстар жөнінде нақты жалпылама түсініктерді қалыптастыру. Балабақшадағы табиғат қорғау жұмысын кең жолға қоюды Морковскаяның «Балабақшадағы табиғат бұрышы», Веретникованың «Мектеп жасына дейінгі балаларды табиғатпен таныстыру» еңбектерінде, балалар барлық уақытта табиғатпен қандай да болсын белгілі бір қарым-қатынаста болады, жасыл орман, әдемі гүлдер, аң-құстар, жапалақтап жауған қар осының бәрі балалардың көңілін аударып қуантады, осылайша табиғатқа, өз Отанына деген сүйіспеншілігі пайда болады. Балаларды табиғатпен таныстыру барысында адамгершілік, еңбек, дене және эстетикалық тәрбие беруді жүзеге асыру қажет. Бұл күндері Қазақстанда білім беру саласы мен Қазақ табиғат қорғау қоғамы жасаған бірқатар әдістемелік құралдардың негізінде табиғат қорғауды насихаттау белгілі жүйеге келтірілді.....
Кіріспе Қазіргі кезеңнің ерекшелігі, үлкен көлемдегі материалдық және шикізаттық қорларға негізделген индустриалды экономикадан ақпараттың негізгі қоры болып есептелетін "ақпараттық экономикаға" ауысу болып отыр. Осы айтылып отырған ақпараттың қоғамда алатын орнының зор екендігін ақпарат мамандары растауда. Бұған дәлел ретінде Республика Парламентінің "Қазақстан Республикасының ақпараттандыру заңын" қабылдағанын жатқызуға болады. Кез келген қоғамның ақпараттандыру деңгейі ақпараттық қызметтің даму дәрежесімен және онымен айналысып қызмет көрсететін мамандардың санымен, біліктілігімен анықталады. Сондай-ақ ақпараттандыру, қазіргі ақпараттық технологияларды көп мөлшерде шығарумен оларды соңғы уақыттарда жиі пайдаланып жүрген телекоммуникациялы жүйелерге қосу мәселелерін шешуді қарастырады және де оның алдағы уақыттарда дамуын болжайды. Әрине, бұл жағдайларда ақпарат жүйелері экономикадағы басқарудың қажетті таптырмас құралына айналады. Қазіргі уақыттарда ақпарат жүйелері есептеу техникасынсыз қолмен жасалатын ақпарат жүйелері және автоматтандырылған ақпарат жүйелері болып жіктеледі. Ақпараттық жүйе (АЖ) - Экономикалық объектіні басқаруға қажетті ақпаратты жинау, сақтау, жаңарту, өңдеу және шығарып беру жүйесі. АЖ - ақпараттық жүйе жобасы мен ақпаратты есептеу жүйесінен (АЕЖ) тұратын күрделі жүйе. Ақпараттық жүйе жобасы деп - ақпараттық жүйе тұрғызу мен жұмыс істету шешімдерін сипаттап жазылған техникалық құжат, ал ақпаратты есептеу жүйесі АЖ жобасын жұмыс істетуге бағытталған ұйымдастыру техникалық кешен деп түсінуге болады. АЕЖ мәліметтерді жинауды, өткізіп беруді, өңдеуді, сақтауды, жинақтап толтыруды және шығарып беруді АЖ жобасындағы шешімдерге сәйкес қамтамасыз етеді. Нарықтық экономиканың функционалды құрылымының ақпарат жүйесіне негізінен экономикадағы ақпарат жүйесі кіреді - бұл экономика бағытындағы қызметкерлерді, техникалық және программалық жабдықтарды, мәліметтерді өңдеу амалдары мен әдістерді, сондай-ақ нақты бір саладағы ақпараттық жүйені қосатын жоғарғы деңгейде арнайы тұрғызылған ақпарат жүйесі. Экономикадағы ақпарат жүйелерінің кіріс құжаттарына ішкі және сыртқы ақпарат жатса, ал шығыс құжаттарына басқару шешімдерін қабылдауға арналған ақпарат жатады. Нарықтық қатынасқа көшудегі қаржы және банктік механизмдегі қайта құрулар осы банктік және қаржы ұйымдарының ақпараттық жүйе қызметтерінің бөлімдеріне айтарлықтай әсер етті. Банктік мекемелердің ақпараттық жүйесін құру принципі банктік органдардың иерархиялық құрылымын құрудан көрінеді. Ұсынылып отырған диплом жұмысының мақсаты - банк қызметіндегі тәуекелдікті оқып-үйренуде жалпы банктың, оның элементтері және нақты операциялары мен келісім шарттарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған, міндетті ақпарат негізінде іс-жүзіндегі шараларды өңдеуге негізделген. Аталған шаралар мүліктерге, инфрақұрылымдарға және банктың өзінің өміріне қауіп төндіретін әрекеттер мен оқиғаларды ескертуге, жағымсыз зардап ауыртпалығын төмендетуге немесе олардың пайда болу ықтималдылығын азайтуға бейімделген. Теорияда және іс-жүзінде мұндай қауіптер "тәуекелдік", ал тәуекелдікті алдын алу шаралары және олардың зиянды зардаптарын азайту-"басқарылатын тәуекелдік" деп атау қабылданған. Банктік тәуекелдік - сол немесе басқа банктер үшін мүмкін болатын қауіп-қатер. Қазіргі кездегі банктік нарық тәуекелдіксіз мүмкін емес. Ол кез келген операцияда болады, тек тәуекелдік әр түрлі көлемде болуы мүмкін. Сондықтан банктік қызмет үшін тәуекелдікті мүлдем жою емес, оны алдын ала болжап, ең төменгі деңгейге дейін жеткізу маңызды болып табылады. Соңғы 10 жыл ішіндегі банктік және коммерциялық тәуекелдік құралы белсенді зерттеулер және экономикалық әдебиеттердегі талқылаулар болып келді. Бірақ істелінген теориялық материалдар және алынған білімді баяндау әдістері іс-жүзіндегі сұранысты толық қамтамасыз ете алмайды. Белгілі бір жағдайларда бұл тәуекелдік түрлерінің өзара байланысын, сол сияқты тәуекелдік пен қорғау объектілерінің өзара байланысын, тәуекелдіктің ішкі құрылымдық ерекшелігін адекватты сипаттауға, қауіп-қатерге тән айрықша қасиеттер жиынтығын қажетті дәрежеде айқындауға және оны тіркеуге мүмкіндік бермейтіндігін зерттеулер жүргізетін әдістердің жетіспеушілігімен түсіндіріледі. Банк қызметіндегі тәуекелдікті басқару негізінен тәуекелдікке бағалау әдістерін қолдана отырып, қарыз алушының рейтингін, несие рейтингін және Альтманның Z-үлгісін қолдана отырып басқаруды айтамыз. Диплом жұмысы кіріспеден, теориялық бөлімнен, негізгі бөлімнен, қолданушыға мүмкін болатын облысының ақпараттық жүйесінің деңгейін бағалаудан, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады. Банк қызметіндегі тәуекелді басқарудың ақпараттық жүйесін негіздеу бөлімінде пәндік сала, Банк сипаттамасы, ақпараттық, программалық, математикалық, ұйымдастырушылық, лингвистикалық қамтамасыз ету талаптары анықталған және қарыз алушының төлем қабілеттілігін, рейтингін анықтау мәселесінің концептуалды схемасы көрсетілген. Негізгі бөлімінде банк қызметінде кездесетін аса қауіп төндіретін тәуекелдердің ішінен - несиелік тәуекелге көңіл бөлінген. Қарыз алушының төлем қабілеттілігін, оның бағалау әдістерін-қарыз алушының рейтингін, несиенің рейтінгін зерттеу арқылы несиелік тәуекелдіні анықтап, оны алдын ала болжап, тәуекелдіні ең төменгі деңгейге дейін жеткізу үшін ақпараттық база және барлық есептер кешенін жүзеге асыруда қолданылатын программалық құрал жабдықтар сипаттамасы, математикалық, программалық қамтамасыз етілуі және оның құрылымы берілген. Сонымен қатар бақылаушы есеп пен қолданушыға нұсқау көрсетілген. Диплом жұмысында қолданылған әдебиеттер тізімі, құжаттардан және программадан тұратын қосымшалар бар. 1 Банк қызметіндегі тәуекелдікті басқарудағы ақпараттық жүйені негіздеу 1.1 Банк қызметіндегі тәуекелдік. Үрдістің экономикалық мәні Нарықтық экономикаға көшу жағдайында банктік салада банк әр түрлі операцияларды жүргізу кезінде өзіне қабылдайтын тәуекелдік бақылау дұрыстығының маңызы артады.....
— Кешікпеймін. — Мен жастығымның астындағы «штамповкі» сағатымды алып қарайым. Әлі ерте. Сағат екі жарым. Кенсе ашылатын уақытқа әлі аттай біржарым сағат бар.
— Сенің со сырқылдағың тұрып қалған шығар, үйдің іші жап-жарық қой, — дейді апам.
Тайдың тұяғындай дөңгелек қалта сағатымды жалма-жан құлағыма тосамын. Жоқ, натидың ескі моторынша тарс-тарс ұрып тұр. Жазда апам арқалап қауын сатқан ақшасына тамағынан жырып, «сабақ бергенде уақытты біліп отырасың» деп, сатып алып беріп еді. «Отқа салсаң күймейтін, суға салсаң батпайтын, тасқа ұрсаң сынбайтын, өмір бойы тұрмайтын ғажайып сағат! Алып қал! Алып қал! Алмасаң да көріп қал!» деп жылмаңдатқан бір ақсақ саудагерден алғанбыз. Қу саудагер бізді алдап соққан екен, «ғажайып сағат» базардан шыға бере сыр берді... Өмірімде түңғыш сағат ұстаған менің екі езуім екі құлағымда. Кеудем де сағатпен қосыла дүрсілдейтіндей. Қуанғанда мұп-мұздай шойында ысып кете ме дедім, біресе он уысыма, біресе сол уысыма қысып келе жатқан сағатым жаңа туған тауықтың жұмыртқасы секілді жып-жылы. Бір мезетте соғысын байқайыншы деп құлағыма тосып едім... түк дыбыс жоқ. Сағат тіліне қарасам, ол да қаңтарылған аттай сілейіп қалған. Дереу апам екеуміз ізімізше базарға жүгіріп, әлгі саудагерді іздеп шарқ ұрдық. Ізім қайым жоқ, суға батып кеткен қара тастай. Біздей ашық ауызды алдап соққан алааяқ тұратын ба еді. Сан соғып қалғанымызды көргендер мүсіркеп жұбатып жатыр. Бір шалғы мұртты қазақ: «Шырағым, бұл штамповкі деген сағат болады, мезгілсіз шақыратын тауық секілді» деп сағатымды сілкіп-сілкіп қолыма берді. Сағат «кеудесі» зырқылдап қайта соқты. Амал қанша, өкініштен ішіме шоқ түскендей кете барғанмын.:. Мынау сағат, сол штамповкі. Тоқсан бір сом төлеп сағатшыға жөндетіп алғанмын. Сөйтсем де қара басып тұрын қала береді. Талай-талай ұятқа қалдырғаны бар.
— Тоқтамап па?—дейді апам шыдамсызданып тағы да.
— Тоқтамапты, апа.
Мен анамды апа дейім. Жұрттың бәрінің анасы солай ма, әлде жалғыз менің ғана анам ба, әйтеуір оның менен тек шығарға жаны бөлек. Бір минут көз алдынан таса қылғысы келмейді. Көзінен тайсам адасып кететін құттай баладай көреді де тұрады. Маған мұрт шыққанында шаруасы жоқ. Әкемнің айтуынша, әлдеқашан отау иесі, сабаудай жігіт болдым. Апамның емшектегі нәресте құсатып өбектегенінен ұялам... Кейде кісі көзінше-ақ жүз айналып, мың толғанатынын қайтерсің. Ондайда шыным, жердің жарығы болса соған кіріп кеткім келеді. Бірақ, қанша қысылғанмен ішім жек көрмейді. .....
Кіріспе. Зерттеудің мақсаты: Баланың психикалық өмірінің жан-жақты дамуы белгілі әрекетпен айналысуына байланысты болуы, бала өмір сүру барысында өз психикасын түрлі жолмен жарыққа шығаруы, мәселен, мектеп жасына дейінгі бала өз психологиясын ойын арқылы білдірсе, ересек адам өзіне төн ерекшеліктерін еңбек процесінің сан алуан салаларында көрсетеді. Әрекет дегеніміз түрлі қажеттерді өтеуге байланысты белгілі мақсатқа жетуге бағытталған процесс. "Әрекетіміз дұрыс болу үшін,— дейді Әл-Фараби, — біздің соған баратын жолымыз қандай болу керек екенін анықтап алуға тиіспіз". Баланы іс-әрекетке итермелейтін оның түрлі қажеттері екені өткен тарауда айтылды. Бала іс-әрекеті — күрделі процесс екендігі, оның құрамына жеке амалдар мен қозғалыстардың әрекеттердің жүйесінің кіруі, іс-әрекет (деятельность) ұғымынан әрекет (действие) ұғымын ажырату қажеттігі, өйткені мұның біріншісінің ауқымы аса кең, ал әрекеттің сипаты шағындығы, әрекет іс-әрекеттің шағын бөлігі, единицасы екндігі, ол жеке мақсатты орындауға бағытталуы, әрекетті орындау тәсілдері операция деп аталуы, бала іс-әрекеттің белгілі түрімен айналысу арқылы ғана сыртқы ортамен белсенді түрде байланыс жасап, оны шамасынша өзгертіп отыруы осы жұмыстың басты мақсаты болып табылады. ....
Зерттеудің өзектілігі. Қазақ тіл білімі ғылымында жалпы ауызекі сөйлеу тілі және оның диалогтегі көрінісі, олардың тілдік сипаттары мен түрлері бірқатар зерттеулердің нысаны болғанмен, ауызекі диалог пен көркем диалог, олардың стильдік ерекшеліктері осы күнге дейін бір концепция тұрғысынан арнайы зерттелген емес. Диалог теориясының негізін жалпы тіл білімінде Ш. Балли, Л.В.Щерба, Л.П.Якубинский, Е.Д.Поливанов, В.Н.Волошинов, В.В.Виноградов, М.И.Бахтин, Ю.В.Рождественский т.б. сынды лингвистердің қалағаны белгілі. Ал, қазақ тіл білімінде диалог мәселесін алғаш рет қазақ тіл танымының негізін салушылар А.Байтұрсынұлы мен Қ.Жұбанов көтерген болатын. Ауызекі сөйлеу тілінің айтылуы мен жазба тілде қолданылуы бірдей емес. Жазба тілде ой стильдің өзіне тән, оған қажетті сөздерімен жүйеленіп, бір жақты баяндалып отырса, сөйлеу тілінде тыңдаушыларға лайықтанып, жазба тілдік үлгіден ауытқып отырады, дыбысталудағы сөйлеу тілінің жазба тілден өзгешелігі сөйлеу тілінің ауызша формасында іске асады. Ауызекі сөйлеу барысында сөйлеуші алдына қандай мақсат қойса да, ол қашанда тыңдаушы реакциясын күтеді. Бұл тағы да коммуникативті процесті сөйлеуші интенциясы мен тыңдаушы реакциясымен санаса отырып зерттеу керек екенін нақтылай түседі. Сөйлеуші өзі үшін ғана емес, басқалар үшін сөйлейді. Ауызекі сөйлеуде тілдің қатысымдық қызметі айқын көрінеді. Ауызекі сөздің диалог түрінде жұмсалуы оның лексикалық құрамы мен синтаксистік құрылысына әсерін тигізеді. Диалогке құрылған сөйлеу тілінде лексика мен синтаксистің ауызекі және кітаби,стилішілік және стильаралық құралдарының бір мезгілде өзара жақын әрі қарама-қарсы екі тип ретінде жіктелуін зерттеу, сонымен қатар, олардың өзара қарым-қатынасы мен қызметін анықтау мәселесі шешімін табуға тиісті маңызды мәселелердің қатарына жатады. Зерттеуде диалогке тән «сөз - белгілерді» әр түрлі қырынан алып қаралады. Диалогті құрастырушы компоненттер ретінде оларды орналасу қызметіне қарай сөз бастаушы, байланыстырушы, мақұлдаушы, әр түрлі эмоцияларды жеткізуші, бағалаушы, нақтылаушы, қолдаушы деп бірнеше түрлерге бөлуге болады. Бұл бірліктерді диалогтің құрылымдық-мазмұндық аспектісі тұрғысынан және одан жоғары қатысым стратегиясы тұрғысынан қызметтерін анықтауға, бағалауға болады. Мәселен, қолдаушы мақсаттағы сөз-сигналдарды сөйлеуші де, тыңдаушы да қолдана алады. Тыңдаушы қолдаушы мәнді сөз- сигналдарын ынтымақтастық принципіне сай қарым-қатынас, сыпайылық этикетін сақтау үшін, қарым-қатынас стратегиясын дамыту үшін қолданады. Сөйлеу тілінде сөйлеушілердің осы мақсатын жүзеге асыруға қалыптасқан, дағдыланған сөз-сигналдары – сөйлесім түрлері бар. Олар ешқандай хабар жеткізбесе де, сөйлеушілер арасында сенімді қарым-қатынасты қалыптастырып, тыңдаушының әңгімелесуге белсенді түрде араласып, сол арқылы сөйлеушіге қозғаушы күш беруіне көмектеседі. ....
Зерттеу өзектілігі. Еш уақытта бір адам екінші адамға ұқсамайтыны белгілі, әйтеуір бір өзгешелігімен ажыратылып тұрады. Себебі, генетикалық, әлеуметтік және интеллектуалдық негіздерінің қоспасы ғана әрбір жеке тұлғаның толық бейнесін жасап береді. Сондықтан кез-келген азамат өз психикалық қасиеттерінің, оның ішінде темпераментінің жақсы жақтарын дамытып, ал әлсіз жақтарын жұмсартуға, яғни басқа адамдармен қарым қатынасында барынша «көркем» көрінуі ғанибет емес пе?! Осының өзі осы тақырыпта игерудің өзектілігін көрсетіп отыр деуіміз орынды. Курстық жұмыстың мақсаты. Жастардың осы бағыттағы теориялық білімін жетілдіруге ынталандыру. Курстық жұмыстың міндеттері. Психикалық қасиеттердің, темпераменттің теориялық та, практикалық та маңыздылығын көрсету. Зерттеу пәні. Адамдар арасындағы неше түрлі қарым-қатынас мәселелері. Зерттеу объектісі. Өзін-өзі тануға, өзін-өзі тәрбиелеуге, өмірге деген құлшынысын білім арқылы дамытып, қалыптастырғысы келетін жеке тұлғаның іс-әрекетіне жол көрсету. Зерттеудің теориялық мәні. Осы бағытта жинақталған, жүйеленген, және қолданысқа енгізілген теориялық білімдермен танысу, ой-пікір түйіндеу, өзін-өзі тәрбиелеу. ....
КІРІСПЕ Ғылыми-техникалық прогрестің жедел даму барысында, қоғам мен табиғаттың қарым-қатынас мәселесіндегі күрделі шиеленістерді дұрыс шеше білу, бүкіл жер шарының болашағын, әрбір азаматтың өмірін сақтауға мүмкіндік туады. Өйткені, өндірістің дамуы барысында табиғи қорлардың дағдарысқа ұшырауына, қоршаған табиғи ортаның ластануына себепші болып, жаңа дағдарыстардың туындауына ұйытқы болды. Табиғат әлемі адамдардың тіршілік ету ортасы. Ал, адамдар табиғатсыз өмір сүре алмайды. Соңғы жылдардағы мемлекеттік жоспарларды орындау, өндірісті өркендету негізгі міндет болып, табиғатты (ауаны, суды, өсімдіктер мен жануарлар дүниесін) қорғап, ядролық жарылыстар, табиғат байлықтарын орынсыз пайдалану, табиғатты ауруға ұшыратты. Жұтатын ауамыз, ішетін суымыз, жейтін тамағымыздың құрамында улы заттар көбейді. Заводтардан шығатын қалдықтар сүзгіден дұрыс өткізбестен ауаға таралып, осының нәтижесінде өкпе, рак, жүрек, психикалық аурулар саны көбейіп барады. Дүние жүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметіне сүйенсек, аурулардың 80-90% ішетін ас суынан және жұтатын ауадан туындап отырғаны көрінеді. Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі мен әл-ауқатының артуын қамтамасыз ету мақсатымен, Президентіміз Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан 2030» атты өз халқына жолдауында адамдардың денсаулығын жақсарту, ауруларды болдырмау және салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін экологиялық проблемаларды шешу қажеттігі атап айтылған Президенттің жолдауында: «Экологиялық нашар ахуал бүгінде адам өлімінің 20%-ке себеп болып отыр, ол кейбір аймақтарда жағдайы мұнан да қиын, отандастарымыздың үштен бірі сапасыз тамақтанбау да теріс демографиялық салдарға әкеп соғады; - деді [1]. Озон қабатының жұқаруы, улы тұзды жаңбырлардың жаууы, химиялық заттармен ластануы – адамның іс-әрекетінен жасалған қасірет болып табылады. Табиғаттың осындай күйге ұшырап, еліміздің көптеген жерлерінің апат аймағына айналуының бір себебі – экологиялық білім мен тәрбиенің төмендігі. Ғылыми-техникалық прогрестің өркендеуі, адамдардың шаруашылық іс-әрекетінің дамуы артып, өндірістің өсуіне қарай табиғаттан алынатын шикізат пен өндіріс қалдықтарының көлемі арытып, айналадағы ортаны бүлдіруде. Қазіргі кезде табиғат пен адам арасындағы қарым-қатынасты дұрыс жолға қойып, табиғат байлықтарын, көздің қарашығындай сақтап, оны үнемдеп пайдалануда. Соңғы ХХ ғасырдың екінші жартысында адам баласынан алдынан шыққан, табиғатты қорғау мәселесі, жастарды соған сай оқыту мен тәрбиелеудің қажеттілігі туып, экологиялық мәселелер қазір әлемде өзінің қоғамдық мәні жоғалған алдыңғы қатардағы мәселенің біріне айналды. Сондықтан жас ұрпаққа экологиялық білім мен тәрбие беру бүгінгі күн тәртібіндегі бірден-бір қажетті кезек күттірмес екендігі 1991 жылғы «Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептері тұжырымдамасында» және 1992 жылғы «Қазақстан Республикасының білім беру туралы» заңында, 1996 жылғы «Қазақстан Республикасы экологиялық қауіпсіздігінің тұжырымдамасында» көрсетілген. Қазақстан Республикасының Конституциясының 6-шы бабы жер және оның қойнауы, су көздері, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, басқа да табиғи ресурстар мемлекеттің меншігі екендігі, олардың мемлекет қорғауында болатындығын мәлімдейді, осы конституцияның 38-ші бабы Қазақстан Республикасының азаматтарына табиғатты сақтауға және табиғат байлықтарына ұқыпты қарауға міндеттейді. Қазақстан Республикасының «Қоршаған ортаны қорғау туралы» заңының 89 бабының әрқайсысы еліміздің болашағын экологиялық жағынан қамтамасыз ету шараларына арналады. Заңда басқа салалармен қатар педагогикалық жағынан шешілуі тиісті міндеттер белгіленіп, экологиялық тәрбие мен білім берудің жалпыға бірдей және үздіксіз жүргізілу қажеттілігі көрсетіледі[2,3,4]. Өйткені табиғатты аялау, соның негізінде имандылыққа, ізгілікке баулу бала тәрбиесіндегі ұлттық тамырдан нәр алады, яғни, экологиялық ой-тұжырымдар баланың қоршаған табиғат ортасымен және өмір сүріп отырған қоғамындағы қалыптасқан ғылыми ұғым түсініктерімен байланыстырса, соғұрлым өз туған жерін, елін қорғауға тәрбиелейтіндігін ашып көрсеткен. Табиғат арқылы балалардың имандылық сезімдерінің алғашқы нышандарын педагогикалық құндылығын қалыптастыру жайлы Коменский ескерткен.....
Оның жатпай-тұрмай бар ойлайтыны жер-жиһанды бір өзім бағындырып, қайтсем ашсам алақанымда; жұмсам жұдырығымда ұстасам деген пиғыл болыпты. Сөйтіп жан-жағындағы көршілес елдерді бірінен кейін бірін басып ала береді, оның әскері жүріп өткен жердің ойран-топыры шығады; егінді таптап, шаруалардың үйлерін өртеді, өрттің қызыл тілі айналасындағылардың бәрін жалмап, ағашты алқаптарды......
КІРІСПЕ Балалық шақтан өткен, бірақ ересектікке әлі жетпеген 11-15 жас аралығындағы, балаларды психологияда жеткіншек жас кезеңіндегілер деп атайды. Бұл жас кезеңі «өтпелі кезең, «қиын жас», «проблемалы» т.б. көптеген қосымша белгілерге бай. Оның барлығы осы жас кезеңінде жүретін психофизиологиялық процестермен байланысты. Бұл жас аралығында бала ағзасы дамуының бір сатысынан екінші сатысына өтіп, ал әлеуметтік статусы бойынша олар әлі балалык шақта жүрген кезең. Психологияда мұндай құбылыс даму дағдарысы деп аталады. Ең алғаш осы мәселе бойынша зерттеу жүргізген П.П.Бельский (1917 ж., 1924 ж.) болды, ол өз мінез-қүлқы шамасынан ауытқыған, кәмелетке жасы толмаған балаларды қарастырады. П.П.Бельский өзінің 30 жыл уақытын заң бұзушы балалар мен жасөспірімдердің ішкі әлемін зерттеуге арнады. Бірақ та оның теориялық позициясы жеткіліксіз болды. Ол Л.И.Петражицскийдің теориясына сүйенеді (1908), З.Фрейд пен К.Левиннен бірталай мағлұматтар алды.....
Қапшағай суқоймасының кәсіптік ихтиофаунасы жерсіндірілген түрлерден құралады. Балық қорының кәсіптік игерілуінің дұрыс жасалмауынан, суқойманың қолайсыз гидрологиялық жағдайы кейбір бағалы балықтардың түрлері үшін суқойманың биоценозы тұрақсыз жағдайға тап болуда. Көбіне балықтардың бағалы түрлерінің популяциясы олармен бәсекелес кәсіптік маңызы аз балықтарға қарағанда кәсіптік ауыртпашылықты көбірек кешуде. Қапшағай суқоймасы Қазақстан ихтиологтарының бірден көзіне түсті, ең алдымен «Қазақ балық шаруашылығы ғылыми зерттеу институты» мамандары мен Әл-Фараби атындағы КазҰУ-нің гидробиология және ихтиология кафедрасының оқытушыларының. Зерттеу жұмыстары көптеген бағыттар бойынша жүргізілді, ол өз кезегінде қайта құрылған суқойманың ихтиоценозының қалыптасу процестерін тануға үлкен үлес қосты. Суқойманың қалыптасуының алғашқы жылдарында ақ қоректік базаны жақсарту туралы ұсыныстар мен кәсіптік балықтардың сапалық құрамы (торта, сазан, тыран, көксерке, ақмарқа) жасалды. Жиналған тәжірибелер арқасында көптеген балықтар популяциясының болашақтағы жағдайына болжам берілді. Қапшағай суқоймасының ауыр металдармен ластануына байланысты ондағы тіршілік ететін балықтардың жағдайына әсері жаңа зерттеулерді қажет етіп отыр. Қапшағай су қоймасы еліміздегі балық қоры мол және кәсіптік маңызы бар көксерке, сазан, тыран, торта және т.б. балықтар ауланатын суқойма.
Жұмыстың мақсаты: Торта балығының биологиялық көрсеткіштерін зерттей отырып, қазіргі кездегі жағдайына баға беру. Жұмыстың міндеттері: 1. Торта балығы бойынша жасалған ғылыми зерттеу жұмыстарына шолу жасау; 2. 2008 – 2009 жж. аралығындағы жиналған материалдардың биологиялық анализінің көрсеткіштерінің динамикасын көрсету; 3. Көрсеткіштерді салыстыру нәтижесінде Қапшағай суқоймасындағы торта балығының қазіргі жағдайына баға беру.....
Кіріспе Бухгалтерлік есептің мәні мен маңызын түсіну, бизнесті жүргізу мен басқару, ақпараттарды реттеу және ақылға сиымды тиімді шешімдер қабылдау үлкен мәселеге айналды. Еліміздегі бизнесті дамыту,қаржылық қатынастардың теориялық және қолданбалы негізін білу, құқықтық жүйедегі заңдылықтарды білу, қаржы мен басқару үрдісіндегі көрсеткіштерді жан-жақты талдау, тиімді және оңтайлы шешім қабылдау кызметінде бухгалтерлік есептің атқаратын рөлі өте зор. Шаруашылық ұйымдарындағы бухгалтерлік есеп жүйесін сенімді жүргізу үшін жоғары дәрежеде даярланған кәсіби мамандар қажет. Нарықтық экономиканың талаптарына сай сапасы жағынан жақсы даярланған бухгалтерлерге деген сұраныс күннен-күнге артып келеді. Сондықтан да, кейінгі жылдары бухгалтерлік есеп мамандығы бойынша болашаққа мамандар даярлау мея оларды қайта даярлау жүйесіне жаңа өзгерістер енгізілді. Елімізде кәсіби бухгалтерлер даярлау үрдісін халықаралық деңгейге көтеру жөнінде едәуір жұмыстар атқарылып келеді. Кәсіби мамандық дәрежесіне жету үшін ізденушілер қатары көбейіп, бухгалтерлік есеп мамандығы жоғары мамандыққа айналды. Осы заманғы бухгалтерлер «счеттар жүргізуші» (счетоводттар) қатарынан өтіп, капитал рыногында қаржы қалыптастырушы мен экономикалық қатынастар мен қаржы саласын терең талдай білетін негізгі тұлғаға айналды. ....
Кіріспе Өзектілігі. Бүгінде мектеп окушыларына ұлттық музыка өнерін, әсіресе бастауыш сынып окушыларына аспаптық музыкаға қызығушылығын арттыру мен оның тәрбиелік негізін тереңірек меңгеру қажеттігі туындап отыр. Бұған негіз ретінде Р.Жәрдемәлиеваның, М.Балтабаевтың, А.Райымбергеновтың, Ш.Құлманованың бастауыш сыныптарна арналған әдістемелік бағдарламасын атап өтуге болады. Ол оқушының талғамын, эстетикалық тәрбиесін, көркемдік қызығушылығы мен шығармашылық қатынасын арттыруға ықпалын тигізуде. Қазақ халық муызыкасы, дәстүрлі көркем мәдениетін жетілдіру мақсатында пайдалану жолын қарастырып, педагогикалық мүмкіндіктерін ашып көрсеткен ғалымдарымыз- С.А.Ұзақбаева, М.Х.Балтабаев, Т.А.Қышқашбаев, Ж.З.Өтемісов, Р.К.Дүйсембінова, Ұ.А.Асанова, М.А.Оразалиева және т.б. Ұлттық музыка өнерінің бала тәрбиесіндегі мүмкіндігіне ағарту ісінің көптеген қайраткерлері - Н.К.Крупская, В.Сухамлинский, К.Д.Ушинский ж.б. аса мән берген. Осы аспаптық музыка негізінде орындалатын күйді тыңдатудың тиімді тәсілдері қарастырылады. Күйдің ерекше қасиеттерін ашып көрсеткен академик А.Қ.Жұбановтың еңбектерін ерекше атап өтуге болады. ....
Әдеби шолу Фасциолезала паразиттер класына жатқызамыз. Өйткені ол жануарлар ағзасында дайын оргаикалық заттармен қоректенеді. Мал фасиол құртымен күшті зақымданған кезде, олар жаппай өлім – жетімге ұшырауы мүмкін немесе ұзақ ауырады, бірте – бірте арықап, қаны төмендеп, өнімі кемиді.Сиырдың сұт өнімі 20-40 % азаяды . Фациолез көп тараған аймақтарда ірі қара 90.% - ке дейін және қой мен ешкі 50-60 % - ке дейін аталған дертке шалдығады. Мал фасциолзі Қазақстан оңтүстік – шығыс, оңтүстік және батыста жиі ұшыасады. Республиканың оңтүстік шығысында көбін кәдімгі фасциола тіркелсе, оңтүстік батысында алып фасциола тіркелген.Көбінсе Азия, Африка, Латын Америка, Гавай аралдарында кездеседі.Фасйиолездің алып түрі Астраханский, Гуревы облысында, Закавказия республикасы, Орталық Азия Қазақстанның оңтүстік аудадарында және Якутияда кездеседі. Қазақстанда фасциолез жаз айларында білінеді. Мал шығыны күз және қыс айларында байқалады. Ғалымдардың болжауы бойынша 200құрт 40 мл қан сорады. Сақтау үшін бірінші рет малды өріске шығарда 10 – 15 күн бұрын дәрілейді, екінші рет жайылым маусымы аяқталған кезде.Егер қараша, желтоқсан айлварында отардағы, табындағы малдың нәжісінен 15 – 25 пайыз сорғыштардың жұмыртқалары табылса, онда дегельминтазация үшінші рет жасалады. Шаруашылықта фасциолезді болдыртпаудың басты шараларының бірі трематодалардың аралық иелерін бунақаяқтыларды жою.....
Болар еді күні ертең гвардия капитаны. «Ол қажетсіз; армияда істесін. Жөн айтылған сөз осы. Қиналып көрсін түскесін». Әкесі кім еді өзінің? Княжнин
Менің әкем, Андрей Петрович Гринев, жасында граф Минихтың қарауында әскери қызмет істеп, 17... жылы премьер-майор боп отставкаға шыққан. Содан соң Симбирдегі өзінің туған деревнясына қайтып, сондағы бір кедейленген дворянның Авдотья Васильевна Ю. деген қызына үйленіпті. Біз тоғыз ағайынды екенбіз. Менен басқалары түгел жастай өліпті. Жақын туысымыз гвардия майоры, князь Б-ның жәрдемімен мен Семенов полкының сержанты болып жазылдым. Бірақ, оқуым біткенше мен демалыста жүрген боп саналдым. Момын мінезді, үй қызметкері Савельичтің күтуіне тапсырылдым, ол менің тәрбиешім болды. Соның қарауында жүріп, он екі жасымда орысша хат таныдым. Аңшыл иттердің қасиеттерін шешен сөйлейтін, әңгімешіл де боп алдым. Осы кезде әкем маған арнап, Москвадан Мосье Бопре деген французды тәрбиешілікке алдырып жалдады; оның өзіне бір жылға жетерлік шарап пен прован майын да қоса алдырды. Француздың келуін Савельич қатты ұнатпады.
— Аллаға шүкір, баланың бет-аузы таза, шашы мезгілімен таралып, таматын да мезгілімен ішуші еді; ақшасын қояр жер таппағандай мусьені жалдағаны несі, өз адамдары жетпеді ме екен.. - деп қоңқылдайды Савельич.
Бопре өз жұртында шаштараз екен, кейін Пруссияда солдат бопты; pous cfrc out.
Ұйымдастырылған іс - әрекет: Тіл дамыту Лексикалық тақырып: Жабайы жануарлардың әр мезгілдегі тіршілік кезеңі Оқу іс - әрекетінің тақырыбы: Жабайы жануарлардың әр мезгілдегі тіршілік кезеңі Мақсаты: Жабайы жануарлар туралы түсінік беру. Оларды орманда мекен ететіні жөнінде айту. Балалар үй жануарлары және жабайы жануарларды ажырата білуге үйрету. Қайда? сұрағына жауап беруге дағдыландыру. Ертегі мазмұнын баяндап әңгімелеуге, берілген сұрақтарға толық жауап беруге үйрету. Бейнелік сурет бойынша әңгіме құруға үйрету. Ертегіні тыңдай білуге дағдыландыру. Түзетушілік мақсаты: Баланың ойлау қабілетін дамыту, сөздік қорын молайту, ұсақ қол моторикасын жетілдіру. Бір - екі сөздермен сөйлем құрап, ауызекі байланыстырып сөйлеу тілін дамыту. Фонематикалық есту қабілетін дамыту. Көрнекілігі: жабайы жануарлары бейнеленген сурет, жабайы жануарлардың муляждары, үнтаспа, айна. Әдіс – тәсілдері: түсіндіру, сұрақ - жауап, әңгімелеу Сөздік жұмыс: аю, түлкі, қасқыр, тиін, қоян Мотивациялық ынталандырушылық Педагог балаларды шаттық шеңберге шақырады. Нұрланып күн тұрса .....
Мақсаты: Сөйлем түрлерін ажырата білуге үйрету, дауыс ырғағына қарай оларды ажырата білу іскерлігін дамыту, табиғатты сүйіп, қорғай білуге тәрбиелеу, мнемокестемен жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту. Сөздік жұмыс: өңір - аймақ, желу - жылдам жүріс. Көрнекіліктер: қима суреттер, жұмыс дәптер, мнемокесте. Билингвальды компонент: аққала - снеговик, далада қар жауып тұр - на улице идет снег.
Мотивациялық-қозғаушылық Шаттық шеңбері. Арайлы таң атты, Алтын сәуле таратты. Жарқырайды күніміз, Жарқырайды даламыз! Қайырлы таң, балалар .....
Осыған бел байлауы керек еді. Солай істеді де. Ол үйіне келді: есі шығып, өңі қашып кеткен әйелінің бетіне қарай алмастан:
— Әлгі... Мен ақшамды жоғалтып алдым, – деді бұл мезетте оның (қисық әрі дөңес біткен) сарғыш мұрыны қып-қызыл болып кетті. – Жүз жиырма сом.
Аузын ашып аңырып қалған әйелі сенер-сенбесін де білмеді: қалжыңы шығар деп ойлады. Жоқ, бұл қисық мұрын ешқашан қалжыңдап көрген емес-ті, қалжыңның не екенін де білмейді.
— Қайда жүріп? – деді әйел тұтқиылдан. Бұл не дерін білмей, күрмеліп барып:
— Қайда қалғанын білсем, іздеп барып алмас па едім.
— Жоқ! Оның болмайды! – деп шаптықты әйелі, – Бұл тәлкегің енді ұзаққа бара қоймас! – Пештегі ұзын көсеуге қарай ұмтылды. – Табандатқан тоғыз ай толғаттырамын, жексұрын!..
Ол әйелінің соққысын тойтармақ болып төсек үстіндегі жастықты алды. (Бұрынғылар жарқ-жұрқ еткен қалқанына сиынатын еді. Бұл жастықпен жасқайды!) Екеуі бөлмені шыр айнала сайысып жүр...
— Байқа, жастықты былғайсың! Жуатын өзің!..
— Жусам, жуамын, қисық тұмсық. Екі қабырғаңды сындырамын, сындырмай тынбаймын.