Мен ғарышкермін. Монолог. Эссе. Қазақ тілі, 4 сынып, сабақ жоспары. 15 сабақ


Пән: Қазақ тілі.

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Ғарышқа саяхат

Күні:

Сынып: 4

Мектеп:

Мұғалімнің аты-жөні: Байтенова К.К.

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

№15. Мен ғарышкермін. Монолог. Эссе.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

4.2.4.1 мәтіннің тақырыбы мен мазмұнының өзара сәйкестігін анықтау және ондағы негізгі ойды тұжырымдау

4.1.4.1 тірек сөздер мен жоспарды пайдалана отырып, монолог құрау

4.3.3.1* оқыған, тыңдаған және аудиовизуалды материалдар бойынша жоспар құрып мазмұндама/ тірек сөздерді пайдаланып эссе жазу

Сабақтың мақсаттары

Оқушылардың барлығы:

  • мәтіннің тақырыбы мен мазмұнының өзара сәйкестігін анықтау, бірлесіп ондағы негізгі ойды тұжырымдау
  • тірек сөздер мен жоспарды пайдалана отырып, монолог құрап үйрену
  • оқыған материалдар бойынша тірек сөздерді пайдаланып қарапайым эссе жазу

Оқушылардың көпшілігі:

  • мәтіннің тақырыбы мен мазмұнының өзара сәйкестігін анықтау және ондағы негізгі ойды тұжырымдау;
  • тірек сөздер мен жоспарды пайдалана отырып, монолог құрау;

- оқыған материалдар бойынша тірек сөздерді пайдаланып эссе жазу;

Оқушылардың кейбірі:

  • мәтіннің тақырыбы мен мазмұнының өзара сәйкестігін анықтау және ондағы негізгі ойды тұжырымдау;
  • тірек сөздерді пайдаланып, монолог құрау;

- оқыған материалдар бойынша тірек сөздерді пайдаланып эссе жазу

Бағалау критерийлері

  • Мәтіннің құрылымдық бөліктерін ажыратады
  • Мәтіннің негізгі ойын анықтап, тақырыппен сәйкестендіреді
  • Тірек сөздер мен жоспарды пайдалана отырып, монолог құрайды
  • Оқылған мәтіннің негізінде тірек сөздерді пайдаланып эссе жазады

Сөздік қор

Пәндік терминология мен тірек сөздер:

ғарыш әлемі, ғарыш денелері,, ай мен күнді зерттеу, халық қаһарманы, ғарышкердің арнайы киімі – скафандр, мықты денсаулық, көп оқу, білім, спортпен айналысу.

Диалог пен жазу үшін пайдаланылатын сұрақтар:

Өзіңді алғаш рет аттанып бара жатқан ғарышкердің орнына қойып көр. Қалай ойлайсың, ең бірінші ойыңа не келер екен? Нені есіңе аласың?

Құндылықтар

Өзін-өзі дамытуға, алдына мақсат қоюға, мақсатқа жету жолында әрекет етуге баулу

Пәнаралық байланыстар

Жаратылыстану

АКТ қолдану дағдылары

Мүмкіндік болса, оқушылар ғаламторды пайдаланып, тақырып бойынша дереккөз қолдануына мүмкіндік жасау.

Бастапқы білім

Мәтіннің тақырыбы, негізгі ойды анықтау, эссе жазу.

Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

5 мин

(Ө, Т) «Еркін жазу» әдісі. Ғарышкер болудың 5 жақсы жағын жазу.

Оқушылар берілген 1-1,5 мин аралығында өз ойларын жазады. Қатар бойынша топтасып, идея алмасады.

Жазбаларын толықтырады.

 2 слайд

Сабақтың ортасы

30 мин

(Т, Ұ) Мәтіналды тапсырма: монолог пен диалогті салыстыру, айырмашылығын табу.

Топта ақылдасып, жазбаны толықтырады. Сынып алдында таныстырады.

Таныстыру барысында, топ мүшелері бір-бірінің айтқандарын қайталамас үшін әр топ өз парақшасында сәйкес тұстарын белгілеп отырады. Топ мүшелерінен өз жауаптарын негіздеуі сұралады. Тыңдаушы топ мүшелері өзіндік баға береді, нақтылау сұрақтарын қояды.

4.2.4.1 (Ж, Т) Мәтінмен жұмыс. Өлеңді нақышына келтіріп оқу.

Ғарышкер боламын

Аспан, аспан, ақ аспан,

Аспанмен кім таласқан?

Ағайларым көп менің

Сенен дағы әрі асқан.

Ашық әуе, аспан ақ,

Арман әнін бастайық.

Мен азамат боламын,

Мен боламын ғарышкер.

Аспан, аспан, ақ аспан,

Ғарыштарға жол ашқан,

Сені шарлап кетсем де,

Туған жерден адаспан.

(Д. Қанатбаев. )

Сұрақтарға жауап беру.

- Өлең не туралы?

- Өлеңнің негізгі ойын тұжырымда.

- Өзіңді алғаш рет аттанып бара жатқан ғарышкердің орнына қойып көр. Қалай ойлайсың, ең бірінші ойыңа не келер екен? Нені есіңе аласың?

- Өзіңмен бірге не алып кетесің?

Асты сызылған өлең жолдарынан кейін кімдердің атын жазуға болады?

Дескриптор:

  • өлеңнің негізгі ойы мен тақырыбының сәйкестігін тұжырымдайды;.
  • өлеңнің негізгі ойын анықтайды.

4.1.4.1 (Т, Ө) Айға ұшсам тақырыбында монолог құру.

Жоспар:

1. Менің арманым.

2. Айдағы тіршілік.

3. Қайта оралу.

Тірек сөздер: шіркін, ойпырмай, алақай.

Оқушыларға жоспар мен тірек сөздерді пайдаланып монолог құру тапсырылады.

Дескриптор:

  • тірек сөздерді орынды қолданады;
  • жоспарға сәйкес монолог құрастырады;
  • сөздік қорының молдығын көрсетеді

(МК, Ө) Тірек сөздерді пайдаланып, эссе жазу.

Тірек сөздер: ғарыш әлемі, ғарыш денелері,, ай мен күнді зерттеу, халық қаһарманы, ғарышкердің арнайы киімі – скафандр, мықты денсаулық, көп оқу, білім, спортпен айналысу.

Тақырыптың бірін таңдау, эссе жазу

«Мен - ғарышкермін»

«Ғарыш және мен»

Дескриптор:

  • сұрақтардың негізінде жоспар құрады;
  • мәтіннің мазмұнын жоспарға сәйкес жазады;
  • сөздер мен сөйлемдердің мағыналық байланысын сақтайды;
  • грамматикалық және пунктуациялық нормаларды сақтайды;
  • каллиграфиялық талаптарға сай жазады.

(Ж, Қ) «Әткеншек» әдісі бойынша жазған жұмыстарымен алмасып, оқу, тексеру.

сызба

Үлестірме материалдар

Мұғалімге көмек ретінде бірнеше эссе мәтіні ұсынылады

http://forum.stan.kz/index.php/2495/%D2%93%D0%B0%D1%80%D1%8B%D1%88-%D1%82%D1%83%D1%80%D0%B0%D0%BB%D1%8B-%D1%88%D1%8B%D2%93%D0%B0%D1%80%D0%BC%D0%B0-%D0%B1%D0%B0%D1%80-%D0%BC%D0%B0

Сабақтың соңы

5 мин

Өзіндік бағалау парағы. Оқушылардың өзіндік бағалау нәтижесі мен жұмыстарын мұғалімнің тексеру нәтижесінде алшақтық бар ма? Оқушыларға тағы да қай оқу мақсатын игеруіне көңіл бөліу керек? Қандай қате түрлері кездесті? Қателердің алдын алу жұмыстарын жоспарлау, оқушыларға дескрипторлар негізінде кері байланыс беріледі.

Үйге тапсырма: дереккөзбен жұмыс. Ғарышкерлердің ерекше оқиғалары туралы мәлімет табу.

Бағалау критерийлері

Қолымнан келеді.

Қиындықтар кездесті

Мәтіннің құрылымдық бөліктерін ажырату

Мәтіннің негізгі ойын анықтап, тақырыппен сәйкестендіру

Тірек сөздер мен жоспарды пайдалана отырып, монолог құрап айту

Оқылған мәтіннің негізінде тірек сөздерді пайдаланып эссе жазу

 

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушының материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушының барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушының жетістік/ қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Салымдар түрі: қалайша неғұрлым көп пайда табуға болады
» Қауіпсіз каникул: балаларыңызды алаяқтардан қалай қорғауға болады
» 🙌 ҚАРЫЗ ҚАЙТАРУМЕН ҒАНИБЕТ
Пікір жазу