Байқоңыр ғарыш айлағы. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 4 сынып, сабақ жоспары.
«Келісілді»
ӘБ жетекшісі Баримбекова А.Н.
Қысқа мерзім жоспары
Пән: Қазақ тілі Т2 Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 7-бөлім «Ғарышқа саяхат» | Мектеп: Талдықорған қаласының физика-математикалық бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі Мұғалімнің аты-жөні: Бердібаева А.М. | ||||||||||||||||||||||||||
Күні: Сынып: 4 | Қатысқандар саны: 11 Қатыспағандар саны:0 | ||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың тақырыбы | Байқоңыр ғарыш айлағы | ||||||||||||||||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 4.2 Тыңдаған/оқыған/көргенматериалдың мазмұнын жазу 4.4.2.1 оқыған/аудио/бейне материалдың мазмұнын дайын жоспар негізінде жазу 5.1 Тілдік грамматикалық дағдылар (лингвистика-лық терминдерді қолданбау) 4.5.1.2 - көптік/ тәуелдік/септік/жіктік жалғаулы сөздерді ауызша/жазбаша тілде қолдану | ||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың мақсаттары | Барлық оқушылар: тыңдаған мәтіннің мазмұнын түсінеді, қолдау арқылы мәтін мазмұнын жазады Көптеген оқушылар: тыңдаған мәтін бойынша сұрақтарға жауап береді, жоспар негізінде тыңдаған мәтін мазмұнын жазады. Кейбір оқушылар: тақырыпқа қатысты қосымша ақпарат айтады, жалғауларды орынды қолданады | ||||||||||||||||||||||||||
Бағалау критерийлері | Тыңдаған мәтін мазмұнын түсінеді. Мәтін мазмұнын жоспар негізінде жазады. Жалғауларларды дұрыс қолданады. | ||||||||||||||||||||||||||
Тілдік мақсаттар | Зымыран, кеңістік, самға | ||||||||||||||||||||||||||
Құндылықтарды дарыту | Еңбекқорлыққа, төзімділікке үйрету. | ||||||||||||||||||||||||||
Мектеп миссиясын, пайымдауды, Жаһандық азаматтылықты іске асыру | Ғылымға деген қызығушылық таныту. | ||||||||||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыс | дүниетану сабағы | ||||||||||||||||||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | |||||||||||||||||||||||||||
Бастапқы білім | Күн жүйесіндегі ғаламшарлар | ||||||||||||||||||||||||||
Сабақ барысы | |||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||||||||||||||||||||||
Сабақтың басы 5 минут | Үй жұмысын тексеру «Балмұздақ таяқшалары» Қызығушылығын ояту «Кейіпкерге сұрақ». Ғарышкерге сұрақ қояды. Ықтимал жауаптар: Байқоңыр ғарыш айлағы қай жерде орналасқан? Ғарыш айлағы қашан ашылды? Сабақтың тақырыбымен және мақсатымен таныстыру. | ||||||||||||||||||||||||||
| Лексикалық минимум: Сөздікпен жұмыс Зымыран, кеңістік, самға (Ө) Тыңдалым Мәтінді тыңда. Мазмұнын айт. «Байқоңыр» ғарыш айлағы Қызылорда облысында орналасқан. Ғарыш айлағы 1955 жылы салынды. «Байқоңыр» ғарыш айлағының қасында қала мен ауыл жоқ. Бұл жер экваторға жақын орналасқан. Ұшатын зымыран кеңістікке еркін самғайды. 1957 жылы алғашқы зымыран ғарышқа ұшты. Ол ең бірінші болып, жер серігін ғарышқа алып барды. Байқоңырдан «Восток», «Восход», «Союз», «Прогресс» деп аталатын ғарыш кемелері ұшырылды.
Дұрыс нұсқа арқылы жұптар бір-бірін тексереді және қысқа комментарий айту арқылы бағалайды. (Т) Тыңдаған мәтіннің мазмұнын жазады. Жоспар:
Дескриптор:
(Ж) Мәнерлеп оқы. Мәтін түрін ажырат. Дәлелде. Байқоңыр Ғарышкерлер мекені – Қазақ жері Байқоңыр. Қай жер саған жетеді, Ғажап жерім- Байқоңыр. Е. Ерботин. | ||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың соңы 3 минут | Рефлексия
| ||||||||||||||||||||||||||
Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||||||||||||||||||||||
Жұптық бағалау. | Ұжымдық, жұптық жұмыс кезеңінде бір-біріне құрмет көрсету. | ||||||||||||||||||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия
| ||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы даойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? | ||
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру