Электромагниттік толқын шкаласы. Электромагниттік толқындар. Физика, 9 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

9.3В Тербелістер мен толқындар

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 9

Қатысқандар саны:10

Қатыспағандар саны: 0

Сабақ тақырыбы

Электромагниттік толқын шкаласы. Электромагниттік толқындар.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

9.4.4.2 механикалық толқындар мен электромагниттік толқындардың ұқсастығы мен айырмашылығын салыстыру;

9.4.4.3 электромагниттік толқындар шкаласын сипаттау және әртүрлі диапазондағы толқындардың қолданылуына мысалдар келтіру;

9.4.4.4- шыны призма арқылы өткен жарықтың дисперсиясына сапалы сипаттама беру.

Сабақтың тақырыбы

Оқушылар:

  • Көлденең және бойлық толқындар мысалдары арқылы толқындық қозғалысты сипаттау.
  • Электромагниттік толқындарды сипаттау;
  • Әр түрлі диапазондағы электромагниттік толқындар қолданылуына мысалдар келтіру.
  • Электромагниттік сәулелердің адам өміріндегі ролін, сәулелердің әсерін көрсету.

 Бағалау критерийлері

Оқушылар:

  • Көлденең және бойлық толқындар мысалдары арқылы толқындық қозғалысты сипаттайды.
  • Электромагниттік толқындарды сипаттайды;
  • Әр түрлі диапазондағы электромагниттік толқындар қолданылуына мысалдар келтіреді.
  • Электромагниттік сәулелердің адам өміріндегі ролін, сәулелердің әсерін көрсетеді.

 Тілдік мақсаттар

Арнайы пәндік лексика және терминология:

Механикалық тербеліс, период, жиілік, амплитуда, толқындық қозғалыс, көлденең толқын, бойлық толқын, толқын ұзындығы, толқын жылдамдығы, электромагниттік толқындар, радиотолқындар.

Механикада тербелістер деп дененің бірдей уақыт аралығында дәлме-дәл немесе жуықтап қайталанып отыратын қозғалысын айтады.

Тербелістердің серпімді ортаның бір бөлшегінен екінші бір бөлшегіне таралу процесі механикалық толқын деп аталады.

Толқын тербелістегі бөлшектерді тасымалдамайды, тек энергияны ғана тасымалдайды.

Пәнаралық байланыстар

биология, экология, химия

АКТ қолдану дағдылары

Оқушылардың өз бетімен жұмыс істеу дағдыларын интернет- ресурстермен жұмыс істеу, оны іріктеу, презентация жасау арқылы дамыту.

Бастапқы білім

Оқушылар тербелістер, толқындық қозғалыстар, көлденең толқындар ұғымдарын еске түсіреді.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

0-2 мин

2- 10 мин

10-20 мин

20- 25 мин

25 - 30 мин

30-35 мин

35-38 мин

38-39 мин

39-41 мин

41-43 мин

43-44 мин

44-45 мин

(W) Ұйымдастыру кезеңі:

а) оқушыларды психологиялық дайындау.

b) оқушыларды түгелдеу

c) сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстыру.

(W) Жаңа материалды меңгеру.  

«Электромагниттік толқындар шкаласына саяхат» - перезентация арқылы жаңа материалды меңгеру.

Сәулеленуді меңгеру жоспары:

1. Диапазонның аталуы

2. Жиілік

3. Шығу көзі

4. Қасиеттері

5. Қолданылуы

6. Адамға әсері

Электромагниттік толқындар шкаласындағы әрбір сәуленің қасиеттері мен қолданылуын таныстыру. Электромагниттік сәулелердің толқын ұзындығы мен жиілігіне байланысты өтімділік қасиеттері туралы түсініктер беру.

Электромагниттік толқындар шкаласында сәулелердің сәуле шығаруына және жиілігіне байланысты диапазонға бөлінуін қарастыру:

Төменгі жиілікті толқындар (от 3-10 3 до 3-103 Гц) электрлік генераторлар арқылы өндіріледі;

радиотолқындар (от 3-104 до 3-1012 Гц) Герц вибраторы арқылы өндіріледі, антенналарда.

Инфракрақызыл сәулелер (от 3-1011 до 4-1014 Гц) қызған денелер шығарады;

Жарық толқындары (от 4-1014 до 8-1014 Гц) жеткілікті жоғары температураға дейін қызған денелер шығарады, қызған шамның қыл сымы.

Ультракүлгін сәулелер (от 8-1014 до 3-1016 Гц) 3000 °С температураға дейін, не одан жоғары температураға дейін қызған денелер шығарады; бұл- Күн сәулесі, жерде- доғалық разряд.

Рентген сәулелер (от 3,7-1015 до 3-1020 Гц) электр өрісінде тежелген электрондар шығарады.

гамма-сәулелену (от 3- 1019 Гц одан жоғары) атомдар ыдырағанда шығарады.

Электромагниттік толқындар шкаласында барлық сәулелердің ортақ қасиеттері мен айырмашылықтары болады:

Ортақ қасиеттері

Айырмашылықтары Различия

• физикалық табиғаты бірдей.

•электр зарядтарының үдемелі қозғалысы кезінде туындайды

•барлық ЭМТ қасиеттері: шағылуы, сынуы, жұтылуы.. т.б.

•вакуумде 300 000 км/с жылдамдықпен таралады.

Жиіліктің жоғарылауына байланысты:

- толқын ұзындығы кемиді.

- жұтылу қасиетінің азаюы. – өтімділік қасиетінің артуы.

- тірі организмге зиянды әсерінің артуы.

(G) Оқулықпен және интернет- ресурстармен жұмыс.

Оқушылардың 6 топқа бірігуін сұраңыз. Тапсырма: Әр топқа сәуленің бір түрін зерттеуге беріңіз, зерттеу нәтижесін презентация түрінде таныстырады.

Оқушыларға сәулелердің қолданылуы туралы қысқаша мәлімет беруге болады:

радио және телевизиялық байланыс (радио толқындар)

Спутниктік теледидар және телефондар (микро толқындар)

Электрлік аспаптар, теледидарлар және күзет сигнализациясы үшін қашықтан (дистанционды) басқару пульті (инфрақызыл сәулелену)

Көрінерлік жарықтың, оның құраушы түстерінің дисперсиясы. Оптикалық талшық (көрінерлік жарық)

УК жарық – қауіпсіз қондырғы ретінде.

Флуоресценті материалдарды сканерлеу (ультрафиолет)

ЭМТ радиологиялық және инженерлік қолдану және қауіпсіздік (рентген сәулелері)

ЭМТ медицинада қолдану, әсіресе, ісік ауруларын емдеуде

(гамма-сәулелер)

(3 баллдық жүйе бойынша бағалау)

Сәулелену түрі

Мазмұны түсінікті

Жауаптың толық болуы

Бағасы

(W) Оқушылармен бірге мына сұрақтарды талдау:

  • Микротолқындар мен рентген сәулелерін қолдану кезіндегі қауіпсіздік;
  • Балаларға мобильді телефонды қолдануға беру кезіндегі мүмкін болатын қауіп- қатерлер.
  • Күннен келетін ультракүлгін сәуленің қауіпін біле тұра, ультракүлгін сәуленің қауіпсіздігі туралы.
  • Аэропорттарда жүкті тексеруде қолданатын рентген аппараттарынан жолаушылар қауіпсіздігін қалай қамтамасыз етеді?

Оқушылармен бірге ЭМТ сәулесінен қорғану ережесін құрастырыңыз:

Мысалы:

    • Компьютермен жұмыс істегенде қарапайым ережелерді сақтаңыз, таза ауада серуіндеуді әдетке айналдырыңыз, бөлмені желдетіп тұрыңыз, спортпен шұғылданыңыз.
    • ИҚ сәлелер шығаратын приборлармен жұмыс істегенде қауіпсіздік ережесін сақтаңыз.
    • Ультракүлгін ванна қабылдау кезінде көзді УК сәуледен сақтау ережесін орындаңыз.
    • Флюрографиядан өту уақытын қатаң сақтаңыз.

Оқушылар «ЭМТ шкаласы» кестесін толтырады:

Сәуленің аталуы

Жиілігі

Толқын ұзындығы

Шығару көзі

Қолданылуы

Оқушыларға дайын кестені ұсыну арқылы «Электромагниттік толқындар» Mind-map картаны (ментальды карта) толтыруын сұраңыз. (ЭМТ ағаш түрінде кескіндейді)

тамыры – үдемелі қозғалған зарядталған бөлшектер;

бағаны – ЭМТ

бұтақтары – диапазондары

жапырағы – қолданылуы

Өзара тексеру және өзара бағалау.

(W) Оқушыларға жаңа метриалды меңгеруге байланысты сұрақтар беру:

Бірінші деңгей

2. ЭМТ- ды шығаратын көздер?

3. ЭМТ- дар көлденең ба, бойлық толқындар ма?

4. ЭМТ- дың механикалық толқындардан айырмашылығы бар ма?

5. Жарық сәулесінің ЭМТ екенін қандай құбылыстар көрсетеді?

6. Призмадан өткен жарық сәулесі не ұшін жіктеледі?

8. Практикада ИҚ сәулесінің қандай қасиеті қолданылады?

9. Медицинада рентген сәулесін қандай қасиетіне қарай қолданылады?

10. Электромагниттік сәулелердің қасиеттері жиілік артқан сайын қалай өзгереді?

12. Неге тауға шыққанда көзілдірікті міндетті түрде кию керек болады?

13. Медицинада кварцты шамдарды не үшін қолданады?

14. Неге жаздың ыстық күні күннің ыстығы уақыт тал түстен ығысқаннан кейін арта бастайды?

Екінші деңгей:

1. Қандай электромагниттік толқындарды қоздыру мен тіркеу әдістерін білесіңдер?

2. Электромагниттік сәулелердің қандай ортақ қасиеттері мен айырмашылықтары бар?

3. ЭМТ-дың адам өміріне зиянын қалай азайтуға болады?

(W) Сапалық есептерді ауызша орындау:

  • Дәрігер рентгенологтар жұмыс істеу кезінде қорғасын тұзына батырылған қолғап, алжапқыш және көзілдіріктерді қолданады?

(Қорғасын және қорғасын тұзы рентген сәулесін жақсы жұтады)

  • Адамның асқазан- ішек ауруына ретгенодиагностика жасау кезінде не үшін «барий ботқасын» береді?

(Барийдің сұр қышқыл тұзы ретген сулесін жақсы жұтады, адамның жұмсақ тіндерінің (асқазан, ішек) көрінуін жүзеге асырады)

(I,f) Сөйлемдерді толықтырыңдар: a) Өтімдігі өте жоғары сәулелену __________________________________________. b) Ғарыш аппаратттарымен байланысты жүзеге асыру үшін ________________________________________қолданады . c)Адамның көзіне көрінетін сәуле _________________________________________. d)Жеміс- жидектерді кептіру кезінде _____________________________ қолданады.

Жауаптары:

а) Гамма b) Радиотолқындар

с) Көрінетін жарық d) Инфрақызыл сәулелер

(I,f) Тест.

Ответы:

1

2

3

4

5

6

7

8

9

А

Б

А

В

В

В

А

В

Б

(W) Қорытынды.

Біз нені білдік?

• ЭМТ шкаласында сәулелер диапазондарының қасиеттері мен қолданылуы.

• ЭМТ шкаласындағы сәулелердің жалпы заңдылықтары.

Рефлексия

«Аяқталмаған сөйлем»

Мен бүгін мынаны түсіндім..... себебі.....

(W) Үй тапсырмасы. Оқушыларға бір күнде қай жерде, қалай ЭМТ кездестіретінін, қолданатынын физикалық терминдерді дұрыс қолдана отырып сипаттап жазып келу тапсырылады. Оқушыларға үйде немесе мектеп кабинеттерінде ЭМТ шкаласындағы сәулелер диапазондарының шығу көздері туралы картасын жасау ұсынылады.

интерактивті тақта

PPТ презентация

Дисперсия және жарық спектрі

https://www.youtube.com/watch?v=4E1AxUMUz-g

Интернет, ноутбуктер

Презентация:

http://physicslocker.com/physicslocker/igcse/pp/KS4%20Boardworks%20PowerPoints/gcse%20physics/10.%20Electromagnetic%20Waves%20v2.1.ppt

Қосымша- 1

Қосымша- 2 (сапалық тапсырмалар)

Тульчинский М.Е. Сапалық тапсырмалар

PPТ презентация

Қосымша- 2

PPТ презентация

Қосымша мәліметтер

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы Сабақ барысында оқушылардың денсаулық және қауіпсіздік техникасы сақталды.

Оқушыларға берілетін тақырып бойынша бағыт бағдар беру. Қабілеті жоғары оқушыларға деңгейлік тапсырмалар бере отырып олардың ойлау және іс-әрекетін арттыру. Қосымша ресурстармен көбірек жұмыстандыру.

Оқушлыардың топ ішіндегі жұмысы және және жеке сұрақтарға жауап беру дағдысы қарастырылады.

Қауіпсіздік техника ережелерін қайталау

Тәжірибе жасамас бұрын үстел үстін артық құралдардан тазарту.

Берілген құрал жабдықтарға жауапкершілікпен қарау.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Сабақта оқу мақсаттары тақырыпқа сай қойылды. Жетістік критерийлері бойынша тапсырмалар орындады. Сабақ барысында оқушылар жасаған тәжірибелер және теориялық білім арқылы ОМ жетті деп есептеймін.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1: оқушылар топпен жұмыс істей алады.

2: өз ойларын ашық айта білді және бір-бірін дұрыс бағалады.

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1: басқа оқыту ресурстарын көбірек қолдану

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

Сабақта тереңдетілген дидактикалық тапсырмаларды көбірек қолдану.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу