Айнымалылары ажыратылатын бірінші ретті дифференциалдық теңдеулер. Алгебра, 11 сынып, қосымша материал.


Сабақ тақырыбы: Айнымалылары ажыратылатын бірінші ретті дифференциалдық теңдеулер

Оқу мақсаты: 11.3.3.1 - физикалық есептерді шығаруда дифференциалдық теңдеулерді қолдану

Мысал.

«Дене 10 минутта температурасы 20о су ішінде 100о-тан 60о-қа дейін салқындады. Егер Ньютон заңы бойынша салқындау жылдамдығы дене температурасы мен қоршаған орта температурасының айырмасына тура пропорционал болса, қанша уақытта дене 30о-қа дейін салқындайды?»

Берілгені: Шешуі:

x(t) – дене температурасы – суу жылдамдығы;

t – салқындау уақыты Ньютон заңы бойынша

x(0) = 1000;

x(10) = 600; ;

xқоршаған орта = 200; , где ;

x(t0)= 300; .

Табу керек: t0. Берілгені бойынша:

Демек .

Олай болса, .

Жауабы: 30 мин.

Физикалық есептерді шығаруда дифференциалдық теңдеулерді қолдану этаптары

1. дифференциалдық теңдеу құру

2. дифференциалдық теңдеуді шешу

3.алынған шешімді зерттеу.

Физикалық есептерді шығаруда дифференциалдық теңдеулерді қолдану алгоритмі:

  • Берілген құбылысқа байланысты шамаларды анықтау;
  • Ізделінетін тәуелсіз айнымалыны және функцияны таңдау;
  • Айнымалыларды байланыстыратын заңдарды қарастыру;
  • Есетің берілгеніне байланысты бастапқы шартты және қосымша мәліметтерді анықтау;
  • Есепте берілген барлық шамаларды тәуелсіз айнымалы, функция, функцияның туындысы арқылы өрнектеу;
  • Есеп шартына және сәйкес физикалық заңдылыққа байланысты теңдеу құру;
  • Теңдеудің жалпы шешімін табу;
  • Есеп шартына сәйкес дербес шешім табу және қойылған сұрақтарға жауап беру.

Топтық жұмыс тапсырмалары :

«Салқындауға» берілген есептер

  • Дене 10 минутта 100оС -тан 60оС -қа дейін салқындады. Қоршаған орта температурасы 20оС күйінде сақталды. Дене қанша уақытта 25оС дейін салқындайды?

«Жарық өткізгіштікке» берілген есептер

  • Су қабатында жұтылатын жарық мөлшері суға түсетін жарық санына пропорционал. Қалыңдығы 3 м суда алғашқы түскен жарықтың жартысы жұтылады. 60 м тереңдікке алғашқы түскен жарықтың қанша бөлігі жетеді?

«Радиоактивті ыдырауға» берілген есептер

  • Радиоактивті заттың алғашқы санының екі есе азаю уақытын жартылай ыдырау периоды деп атайды. Жартылай ыдырау периоды 1 жыл болатын 10 г заттың 1 г-ы қалу үшін қанша уақыт өтеді?

Қалыптастырушы бағалау тапсырмасы:

Оқушыларға нұсқау:

  • берілген тапсырманы анализ жасаңыз;
  • есептің берілгені бойынша математикалық моделін жасаңыз;
  • дифференциалдық теңдеу құрыңыз;
  • теңдеуді айнымалыларды ажырата отырып шешіңіз;
  • есеп сұрағына жауап беріңіз.

Тапсырма : Егер радиоактивті заттың жартылай ыдырау периоды 1600 жыл болса, 100 жылдан кейін оның қандай бөлігі қалады?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу