Кребс циклі. Циклдің негізгі және аралық байланыстары мен реакция өнімдері. Электрон- тасымалдау тізбегі. Биологиялық жүйедегі орны. Биология, 10 сынып, сабақ жоспары.


 Сабақ жоспары

САБАҚ : 10.2 В: Тыныс алу (12 сағат)

Кребс циклі. Циклдің негізгі және аралық байланыстары мен реакция өнімдері. Электрон- тасымалдау тізбегі. Биологиялық жүйедегі орны. (3 сағат)

Сабақ 1

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сыныбы:10

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Осы сабақ арқылы жүзеге асырылатын оқу мақсаттары

10.1.4.6 Кребс циклін сипаттау

 Сабақтың мақсаты

Оқушылар орындай алады:

Кребс циклінің негізгі және аралық байланыстарын сипаттай алады

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

Кребс циклын көрсететін анимацияны тыңдау кезінде дем алу мен дем шығаруды анықтауда тыңдап-түсіну дағдыларын дамыта алады және цикл кезеңдерін ауызша суреттейді

Пәнге бағытталған лексика және терминология:

Гликолиз, электрондар тасымалдау тізбегі, пируват/ пирожүзім қышқылы, коферменттер, A ацетил коферменті, аралық өнімдер, көміртек қосылыстары, қышқылдану, редукция, декарбоксилирлену, АТФ, қалпына келтірілген никотинамид-аденин-динуклеотид (НАДФ), қалпына келтірілген флавин-аденин-динуклеотид (ФАДH2), матрица, митохондрия

Өнімдер, форма, түрлендіру, жылжыту, … тұратын, қосу, ену (кіру)

Диалогтар мен жазбаша жұмыстар үшін пайдалы шаблондық фразалар:

X Y-ке бөлінеді

X …. қалыптастыру үшін қолданылады

X және Y өндіріледі.

X –тің Y-ке түрленуі кезінде, Z өндіріледі

X көшеді

Y бөлініп шығарылады.

Бағалау критеийлері

Кребс циклінің әрбір реакциясын түсінеді

Кребс циклінің негізгі және аралық реакцияларын сипаттайды

Құндылықтармен байланыстар (тәрбие элементтері).

Негізгі ұғымдарды талдау кезінде оқушылардың бірі-бірінің пікірімен санасып құрмет көрсетуі.

Ашықтық пен ынтымақтастық - оқушылар топта жұмыс жасағанда бір-бірімен жақсы қарым-қатынаста болады.

Жұптардағы жұмыс достастықты дамытады.

Пәнаралық байланыс

Кребс цикліндегі химиялық реакцияларды талдау химия пәнімен байланысты

АКТ-мен байланыстар

АКТ қолдану дағдылары интерактивті тақтада тапсырмалар орындауда, ақпарат жинау үшін ноутбуктер қолдану кезінде, онлайн режимінде қосымша тапсырмалар орындау кезінде дамытылады.

Алдыңғы білім

АТФ, митохондрияның құрылысы мен қызметі, энергетикалық алмасу кезеңдері, гликолиз

Сабақ жоспары

Сабақ қезеңдері

Сабақта орындалуы тиіс іс - әрекеттер

Оқыту ресурстары

Басталуы

0-5 минут

Сабақ тақырыбымен таныстыру, оқушылармен оқыту мақсатын талдау

Бағалау критерийлеріне тоқталу

Гликолизді еске түсіріп, кезеңдеріне қысқаша тоқталады. /Контекст үшін Д. Николсонның «Метаболизм жолдары» сызбасын тағы көрсетуге болады./

Митохондрияның қай бөлгінде Кребс циклі жүретіндігін көрсетіп, оның маңызын айтады.

презентация

Сабақ қезеңдері

Сабақта орындалуы тиіс іс - әрекеттер

Оқыту ресурстары

Сабақтың ортасы

6-10

11-25

17-37

(W) Кребс циклының анимациясы көрсетіледі. Немесе оқушылар жеке ноутбуктарда ашып, жұпта талдайды. http://highered.mcgraw-hill.com/sites/0072507470/student_view0/chapter25/animation__how_the_krebs_cycle_works__quiz_1_.html

Оқушылар кіріс пен шығыстарды көрсетеді.

Жүретін реакцияларды, айналым жұмысын талдайды.

Жұптық жұмыс: Кребс циклінің 8 реакциясын екі екіден бөліп әрқайсысын сипаттап, талдайды. Сызбада көрсетіп түсіндіреді.

Мұғалім сұрақ қою арқылы көмек керек оқушыларға көмектесу, мүлдем қиын болса дайын сызбаны талдату

Оқушыларды бірден сызбалары бойынша кері байланыс беріп отыру.

(G) Процесстерді қаншалықты түсінгендіктерін көрсету үшін топтар диаграмманың бос торларын толтыра алады. Сызба №1 (сандардың орнын толтыру)

Қабілетті оқушылар

(G) (f) Кребс циклы жұмыс істемей қалатын болса не болатынын суреттеп береді.

(W) Кребс циклының метаболизмдегі шешуші рольдерінің қорытындысын жасайды.

http://highered.mcgraw-hill.com/sites/0072507470/student_view0/chapter25/animation__how_the_krebs_cycle_works__quiz_1_.html

https://www.youtube.com/watch?v=vmsMILCKGFU Кребс обьяснение

http://www.wiley.com/college/pratt/0471393878/student/animations/citric_acid_cycle/index.html

Сабақ қезеңдері

Сабақта орындалуы тиіс іс - әрекеттер

Оқыту ресурстары

Сабақтың соңы

38-43

(f) жазбаша қалыптастырушы бағалау жұмысы

Тапсырма парақтары

44-45

Кері байланыс. Сабақты қорытындылау. Оқыту мақсатына жеткендеріне көз жеткізу.

Қосымша ақпарат

Дифференциалды оқыту – Көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндеттер қоюды жоспарлайсыз?

Бағалау – Оқушылардың берілген материалды меңгеру деңгейін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Денсаулық және қауіпсіздік ережелері

АКТ

Құндылықтармен байланыс

(тәрбиелік элемент)

Кейбір оқушылар басқаларға қарағанда аса табысты болуы мүмкін модельдерін жасауда жасушадағы митохондрия құрылысымен байланыстыра алады.

Алдын ала дайындалған ақпараттар немесе мұғалімнің көмегі үлгермейтін оқушыларға қажет.

Сұрақтар талдау

Модель жасау

Жазбаша тапсырма алу

Пәнаралық байланыс

Химия, физика

Денсаулық және қауіпсіздік:

Биология пәні оқыту кабинетінде қауіпсіздік ережесін сақтау, қайшы мен қағазбен және молекулалармен жұмыс жасауда қауіпсіздік ережесін сақтау

Рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқыту мақсаттары жүзеге асырымды болды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Оқыту ортасы қандай болды? Менің бөліп оқытқаным өз мәнінде жүзеге асты ма? Мен өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бос орынды өз сабағыңызға рефлексия жүргізу үшін пайдаланыңыз. Сабағыңызға қатысты сол жақта келтірілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Сызба № 1



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Салымдар түрі: қалайша неғұрлым көп пайда табуға болады
» Қауіпсіз каникул: балаларыңызды алаяқтардан қалай қорғауға болады
» 🙌 ҚАРЫЗ ҚАЙТАРУМЕН ҒАНИБЕТ
Пікір жазу