Қиық пирамида және оның элементтері. Геометрия, 11 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Көпжақтар

Мектеп: Көкшетау қаласындағы ФМБ Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Аяшева Г.О.

Сынып: 11

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Қиық пирамида және оның элементтері

Сабақтың түрі

Білімді бекіту және тақырып бойынша білік-дағдыларды қалыптастыру сабағы

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

11.3.3 - көпжақтардың элементтерін табуға есептер шығару;

Сабақ мақсаттары

  • Оқушылар тақырып бойынша білімдерін жүйелендіреді және қиық пирамиданың элементтерін табуға арналған есептер шығарады

Бағалау критерийлері

Оқушы:

  • Қиық пирамида мен оның элементтерін таниды, анықтайды;
  • Қиық пирамиданың элементтерін табуға арналған есептер шығарады

 Тілдік мақсаттар

Оқытудың тілдік мақсаты

Оқушылар қиық пирамиданың элементтерін атайды.

Пәнге тән лексика мен терминология:

Табан

Қыр.

Жақ

Қиюшы жазықтық

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

Төбесінде n қырлар бірігеді.

Дұрыс пирамида.

Бүйір жағының апофемасы

Құндылықтарды дарыту

оқу икемділігі, жағдайға талдау жүргізе білу, жаңа жағдайға бейімделу, топта жұмыс жасай білу, өз ісінің сапасына жауапкершілікпен қарау;

жақындардың мәселелерін көре және түсіне білу, өз ойын түсіндірумен қатар басқалардың да пікірін тыңдап, құрметтеу, сынға түсіністікпен қарау, топта жұмыс жасай білу; пікірлер түрлілігіне сыйластықпен қарауға тәрбиелеу.

АКТ қолдану дағдылары

Интерактивті тақта.

Бастапқы білім

10 сынып курсы бойынша геометрияның бөлімдері

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

3 минут

5+2 минут

Ұйымдастыру кезеңі.

Мұғалім оқушылардың сабаққа дайындығын тексереді.

Сабақтың мақсатымен танысу. Оқушылармен бірге бағалау критерийлерін тұжырымдау.

Білімді өзектендіру.

Тақырып бойынша білімді жандандыру мақсатында оқушылар «Ақиқат әлде жалған» жаттығуын орындайды. Слайдта тұжырым берілгеннен кейін оқушылар дұрыс болса, жасыл карточка – ақиқат немесе дұрыс емес тұжырым болса, қызыл карточка – жалған көрсетеді.

Презентация

Сабақтың ортасы

10+4 минут

Жұптық жұмыс

№1. Дұрыс төртбұрышты қиық пирамиданың биіктігі 2, ал табандарының қабырғалары 3 және 5. Қиық пирамиданың диагоналін табыңыз.

Жауабы: 6.

Дескрипторлар: оқушылар

  • есептің шарты бойынша сызбаны орындайды;
  • диагональдік қимада пайда болған төртбұрыштың түрін анықтайды;
  • қимадағы қажет элементтерді табады;
  • қиық пирамиданың диагоналінің ұзындығын табады.

№2. Дұрыс үшбұрышты қиық пирамиданың табандарының қабырғалары 4 дм және 2 дм, ал бүйір қыры 2 дм. Пирамиданың биіктігі мен апофемасын табыңыз.

Жауабы: .

Дескрипторлар: оқушылар

  • есептің шарты бойынша сызбаны орындайды;
  • үлкен табанына іштей/сырттай сызылған шеңберлердің радиустарын табады;
  • кіші табанына іштей/сырттай сызылған шеңберлердің радиустарын табады;
  • пирамида биіктігінің ұзындығын табады;
  • пирамида апофемасының ұзындығын табады.

Оқытуды қолдау мақсатында мұғалім қалыптастырушы бағалаудың «Температураны өлшеу» техникасын қолданады. Ол үшін оқушылардың жұмысы тоқтатылып «Біз не істеп жатырмыз?» деген сұрақ қойылады. Осы сұраққа жауап беру арқылы оқушылар тапсырманың мағынасын түсіну деңгейін көрсетеді. Қажет болған жағдайда қосымша негіздеме беріледі.

Бағалау. Бағалау дескрипторлар бойынша жүргізіледі. Мұғалімнің қалауы бойынша өзара бағалау немесе өзін-өзі бағалау жұмысын ұйымдастыруға болады.

Кері байланыс жүргізу.

Мұғалім оқушыларға келесі сұрақтарды қояды:

  • Тапсырмаларды орындай алдыңыздар ма?
  • Қандай қиындық болды? Оны қалай жеңдіңіздер?
  • Осы жұмыс түрі пайдалы болды ма? Неліктен? Жауабыңызды негіздеңіз. .

http://www.problems.ru/view_by_subject_new.php?parent=1043

Геометрия: Учеб. для 10-11 кл. cред. шк. / Л.С. Атанасян, В.Ф. Бутузов, С.Б. Кадомцев и др. – М.: Просвещение, 1992. – 207 с.: ил. – ISBN 5-09-003870-87

10+3 минут

Деңгейлік жеке жұмыс.

Деңгейді оқушылар өздігінен таңдайды немесе мұғалімнің нұсқауы бойынша.

Бастауыш деңгей

Барлық қырлары 12 cм болатын дұрыс үшбұрышты пирамида биіктігінің ортасы арқылы өтетін және табанына параллель болатын жазықтықпен қиылған. Пайда болған қиық пирамиданың биіктігі мен апофемасын табыңыз.

Жауабы: .

Дескрипторлар: оқушы

  • есептің шарты бойынша сызбаны орындайды;
  • үлкен табанына іштей/сырттай сызылған шеңберлердің радиустарын табады;
  • толық пирамида биіктігінің ұзындығын табады;
  • қиық пирамида биіктігінің ұзындығын табады;
  • кіші табанына іштей/сырттай сызылған шеңберлердің радиустарын табады;
  • қиық пирамида апофемасының ұзындығын табады.

Негізгі деңгей

Дұрыс төртбұрышты қиық пирамиданың табандарының аудандары 4 см2 және 64 см2, ал бүйір қыры табан жазықтығымен 450 бұрыш жасайды. Пирамиданың диагональдік қимасының ауданын табыңыз.

Жауабы:

Дескрипторлар: оқушы

  • есептің шарты бойынша сызбаны орындайды;
  • үлкен және кіші табандарының қабырғаларын табады;
  • диагональдік қиманың табандарының ұзындығын табады;
  • қиық пирамиданың биіктігінің ұзындығын табады;
  • пирамиданың диагональдік қимасының ауданын есептейді.

Күрделі деңгей

Қиық пирамиданың табандарының аудандары 18 см2 және 128 см2.

Табандарына параллель болатын және пирамиданың биіктігін кіші табанынан санағанда 2 : 3 қатынасында бөлетін қиманың ауданын табыңыз.

Жауабы:

Дескрипторлар: оқушы

  • кез-келген қиық пирамиданың сызбасын орындайды;
  • пирамида табандарының аудандарының қатынасын табады;
  • кіші (толықтырылған) пирамида мен толық пирамиданың сызықтық өлшемдерінің қатынасын табады;
  • кіші табан мен ізделінді қиманың аудандарының қатынасын табады;
  • пирамида қимасының ауданын табады.

Бақылау барысында мұғалім қалыптастырушы бағалаудың «Оқушылармен жеке әңгіме» әдісін қолданады. Оқушылардың тапсырманы қаншалықты түсінгенін, шешудің қандай қадамында екенін тексереді. Оқушылардың жұмысына кері байланыс береді.

Тапсырманы орындағаннан кейін оқушылар дескрипторлар бойынша өзін-өзі тексеру жұмысын орындайды.

Сабақтың соңы

3 минут

Мұғалім сабақтың қорытындысын жүргізеді, оқушылардың жұмысына кері байланыс береді.

1) Сабақта маған қызықты болды:

___ иә ___ жоқ ___ жауап беруге қиналамын

2) Көңіл-күйім жақсы болды:

___ иә ___ жоқ ___ жауап беруге қиналамын

3) Cабақ барысында жұмыс істегенді ұнатамын:

___ мұғалімнің көмегімен ___ жеке ___ сыныптастың көмегімен

4) Тапсырмаларды орындағанды ұнатамын:

___ қарапайым және түсінікті ___ күрделі және қызықты ___ шығармашылық

5) Сабақтың көп уақытында:

___ белсенді жұмыс жасаймын ___ басқа ойлар ___ сабақтың аяқталғанын күтемін

6) Сабақтың қарқыны мен үшін:

___тым жылдам ___ қалыпты ___ тым баяу

Үй тапсырмасы:

Оқулық бойынша: №№93, 94, 98

http://xn--i1abbnckbmcl9fb.xn--p1ai/%D1%81%D1%82%D0%B0%D1%82%D1%8C%D0%B8/562381/

Ә.Н. Шыныбеков «Геометрия-11»

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлапотырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Оқылған материалды бекітуге арналған деңгейлік тапсырмалар. Жұптық жұмыс кезінде қабілетті оқушылар сыныптастарына қолдау көрсетеді.

Мұғалімнің бақылауы

Өзара бағалау

Өзін-өзі бағалау

Қауіпсіздік техникасының ережелерін ұстану

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу