Қиық пирамида. Геометрия, 11 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Көпжақтар

Шымкент қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткеткерлік мектебі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 11

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Қиық пирамида

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

11.1.5 - қиық пирамида анықтамасын білу, оны жазықтықта кескіндей алу;

11.3.3 – көпжақтардың элементтерін табуға есептер шығару;

Сабақ мақсаттары

Оқушылар:

- қиық пирамиданың анықтамасын құрастырады;

- қиық пирамиданың элементтерін біледі; (жағы, қыры, төбесі, биіктігі, апофемасы);

- қиық пирамиданы жазықтықта кескіндейді;

- қиық пирамиданың элементтерін табуға есептер шығарады.

Бағалау критерийлері

Білу және түсіну: қиық пирамиданың анықтамасын біледі;

Білімін қолдану: қиық пирамиданы салады, көпжақтардың элементтерін табады.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

-осы бөлімге қатысты терминдерді қолданады;

- пирамидаларды ажыратады және түрлеріне түсінік береді;

- пирамиданың элементтерін айтады;

- пирамиданың анықтамасын айтады;

- қиық пирамиданың салу жолын түсіндіреді.

Пәнге қатысты лексика мен терминология:

- қиық пирамиданың табандары;

- қиық пирамиданың биіктігі;

- қиық пирамиданың жақтары;

- қиық пирамиданың қырлары;

- қиық пирамиданыңапофемасы

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

- қиық пирамиданың апофемасы – бұл ... перпендикуляр

- әр төбеге ... сәйкес ...

- қиық пирамида төбесі ... проекцияланады.

Құндылықтарды дарыту

Сабақ барысында өзін өзі реттеуге, қойылған мәселенің маңызын түсінуге, мәселенің шешімін тапқырлықпен негіздей білуге, коммуникативті дағдыларын дамыта білуге, сыныптасын құрметпен тыңдап және өз ойын ауызша және жазбаша сауатты жеткізе білуге бағытталады.

  Пәнаралық

 байланыстар

АКТ қолдану дағдылары

bilimland.kz

Бастапқы білім

Трапеция. Екі жақты бұрыш. Параллель жазықтықтар. Ұқсас көпбұрыштар. Траецияның ауданы. Пирамида және оның элементтері.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың

басы

5 минут

Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу. Оқушыларды түгелдеу. Оқушылардың жаңа білімді алуға даярлау.

Алдынғы білімді тексеру.

1. Пирамида дегеніміз не?

2. Қандай пирамида дұрыс пирамида деп аталады?

3. Дұрыс пирамиданың биіктігі қайда проекцияланады?

4. Дұрыс пирамиданың қырлары өзара тең болады ма?

5. Дұрыс пирамиданың қырлары өзара тең болады ма?

6. Апофема дегеніміз не?

7. Пирамиданың неше биіктігі болады?

8. Пирамиданың неше апофемасы болады?

9. Дұрыс пирамиданың неше апофемасы бар?

10. Дұрыс пирамиданың апофемалары өзара тең болады ма? Неге?

11. Пирамиданың толық бетінің ауданы дегеніміз не?

12. Пирамиданың бүйір бетінің ауданы дегеніміз не?

https://www.youtube.com/watch?v=Dgi317D49UU

Сабақтың ортасы

5минут

5 минут

20 минут

Жаңа сабақ.

Топтық жұмыс. Оқушыларға қиық пирамиданың суреттері беріледі. Қиық пирамиданың суретіне қарай отырып, оқушылар анықтамасын құрастырады. Қиық пирамиданың элементтерін біледі.

Оқушылардың жауаптары:

Пирамида табанына параллель жазықтық оны екі көпжаққа бөледі. Олардың бірі пирамида болады, ал екіншісі қиық пирамида деп аталады.

Қиық пирамида дегеніміз – пирамиданың табаны мен оған параллель жазықтық қимасының арасында құралған толық пирамиданың бөлігі.

Практикалық жұмыс. Оқушыларға қиық пирамида салудың алгоритмі беріледі.

Қиық пирамида салу алгоритмі: 1)Толық пирамида салынады; 2) Табанына параллель қима жүргізіледі; 3) Сызбаның жоғарғы бөлігі өшіріледі.

Жұптық жұмыс. Есептер шығару.

1-жаттығу. Берілгені: MABCD - дұрыс пирамида, NK-апофема, NK=4см, . Табу керек:

2-жаттығу. Дұрыс төртбұрышты қиық пирамиданың табандарының қабырғалары 8м және 2м. Оның биіктігі 4м-ге тең. Толық бетінің ауданын табыңыз.

Қосымша-1

Қосымша-2

Сабақтың соңы

5 минут

Үй тапсырмасы. bilimland сайтында білімдерін пысықтайды 3, 4-жаттығуларды орындайды.

1. https://bilimland.kz/ru/courses/math-ru/geometriya/stereometriya/mnogogranniki/lesson/usechennaya-piramida

Рефлексия: Оқушыларға парақшалар таратылып беріледі және оқушылар төмендегі мәліметтерді толтырып береді.

Сөйлемді жалғастыр:

Бүгін мен есіме түсірдім ...

Енді мен білемін ...

Маған ұнады ...

Тағы ... білу маған қызық.

Маған сабақтың ... кезеңі қиын болды, себебі ...

bilimland

Қосымша-3

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Қабілеті жоғары оқушының жұптық жұмыста көмек беруі қарастырылады. Сараланған топтарда оқушылардың бірін-бірі оқытылуы ұйымдастырылады.

Қалыптастырушы бағалау жұмысын оқушылардың іс-әрекеттерін бақылау арқылы жүргізіледі. Сабақтың әр кезеңінде оқушылардың жауаптары тыңдалып, мадақтау арқылы бағаланып отырылады. Топтық жұмыста бір оқушының жұмысы тексеріледі, қалған оқушылар мұхият тыңдап, өзін-өзі тексеру жасайды.

Сыныптың ішінде білім алмасу мақсатында еркін қозғалуға мүмкіндік беріледі. Оқушылардың партада дұрыс отыруы қадағаланады.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу