Әдемі, ерекше ұл бала есімдері мағынасы (Е әрпі бойынша ат қою)

Әдемі, ерекше ұл бала есімдері мағынасы (Е әрпі бойынша ат қою)


ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗДАР:
Ақ аяқ киімді күту жолдары

ЕГІЗБАЙ - бұндай есімдер егіз туган балаларға қойылып отырған. Синонимі — Қосжан.

ЕГІЗБЕК - егіз туған балаға қойылатын есім.

ЕДІГЕ - көне түркі тілінен келген— жақсы, игі. Түрлері — Едігей, Едіген.

ЕДІЛ - көне түркі тілінен келген, Волга өзенінің аты. Біріккен тұлғалы есімдер — Еділбай, Еділбек, Еділтай, Еділжан.

ЕЛАМАН - ел-жұрт жаудан аман, сау болсын деген тілекпен қойылған. Синонимдері — Тыныштық, Бейбіт.

ЕЛБАР - елге, халыққа қызмет етуге әрдайым бар, дайын деген мағыналы есім.

ЕЛБАС - халқына, еліне басшы болсын деген тілекпен қойылған есім.

ЕЛБЕК - елдің мықтысы, өз халқының каһарман ұлы.

ЕЛДАР - елін, Отанын сүйетін отаншыл.

ЕЛДЕС - елі, жері бір деген мағыналы есім.

ЕЛДОС - елдің, халықтың досы, елін сүюші.

ЕЛЕБАЙ - бала елеулі, жұрт аузында атақ-даңқы шығып жүретін кісі болсын деген мағынада қойылған есім. Түрі — Еле- бек.

ЕЛЕН - құрмет-сыйға бөлену.

ЕЛЕУ - ескеру, көңіл бөлу, назар аудару; құрметтеу, сыйлау.

ЕЛЕУБАЙ - құрметті, сыйлы, жұрт назары түскен азамат.

ЕЛЖАН - елдің, халықтың жаны, мақтанышы.

ЕЛЖАР - елдің досы.

ЕЛЖАС - елдің үмітін ақтайтын жас деген мағынаны білдіреді.

ЕЛЖАСАР - елі, жұрты арасында ұзақ өмір сүреді деген мағыналы есім.

ЕЛҚАМ - елдің мұң-мұқтажын, қамын ойлайтын азамат болсын.

ЕЛМҰРАТ - елдің мұрат-мақсатын орындауға үлес қосатын азамат болсын деген тілекпен қойылған есім.

ЕЛНАЗАР - елдің ықылас, назарына ілінген азамат болсын деген мәндегі есім.

ЕЛНАР - елдің сұйікті ер азаматы болсын деген мағыналы есім.

ЕЛНҰР - елдің нұры.

ЕЛТОҚ - елдің көңілі тояр азамат болсын деген тілекпен қойылған.

ЕЛШІБАЙ - ел хабаршысы, жаршысы, ел арасындағы тыныштық сақтаушы. Синонимі — Елшібек.

ЕЛІБАЙ - елі сияқты бай болсын деген мәндегі есім.

ЕҢСЕБЕК - ой-өрісі кең, рухани бай болсын деген тілекпен қойылған есім.

ЕРАЛЫ - аса батыл, асқан жүректі батыр.

ЕРАСЫЛ - аса аяулы, нағыз батыр.

ЕРБАЙ - нағыз батыл, ер жүрек адам.

ЕРБАҚ - араб тілінен алынған бақыт сөзінің қысқарған түрі. Яғни бақытты ер, батыр.

ЕРБАЛА - батыл, ер жүрек бала.

ЕРБАТЫР - ер жүрек батыл адам, нағыз батыр.

ЕРБЕК - мықты, күшті, батыр адам.

ЕРБОЛ - бала батыр, өжет болсын деген тілекпен қойылған есім.

ЕРБОЛАТ - бала батыл, өжет, батыр болады деген тілекпен қойылған.

ЕРБОСЫН, ЕРБОЛСЫН - бала батыр, қаһарман, ержүрек болсын деген тілекпен қойылған.

ЕРБОТА - баланы ботаға балап қойылған есім.

ЕРГЕШ - алдыңғылардың соңынан еруші, ізін басушы.

ЕРҒАЗЫ - қазақ тілінен алынған ер + араб тілінен алынған ғази - жауынгер, қосын. Ер жүрек батыр, әділдік жолында күресуші.

ЕРҒАЛИ – қазақақ тілінен алынған ер + араб тілінен алынған ғали — ең мықты, асқан батыр.

ЕРҒОЖА – қазақ тілінен алынған ер + араб тілінен алынған хожа, батыр қожа.

ЕРДАР – қазақ тілінен алынған ер + иран тілінен алынған дар — билеу, яғни ел билеуші батыр.

ЕРДӘУЛЕТ – қазақ тілінен алынған ер + араб тілінен алынған дәулет. Елі, байлығы бар батыр деген мағынаны білдіреді.

ЕРДЕН – қазақ тілінен - батыр, ер. Моңғол тілінен алынған эрдэнэ — қымбат зат. Біріккен тұлғалы есімдер — Ерденбай, Ерденбек, Ерденғали.

ЕРДЕНАЙ - қазақ есімі, ай тұлғалы батыр.

ЕРЕЖЕП - араб тілінен алынған раджаб - тәжім ету, бас ию, құрметгеу; арабша жетінші ай аты. Осы айда туылған балаларға Раджап, Ережеп деп ат қойылып отырған.

ЕРЕН - асқан, ерекше, айрықша.

ЕРЖАН - батыл, өжет адам, батыр кісі.

ЕРЖҰМАН - қазақ тілінен алынған ер + араб тілінен алынған жуман - қымбат бағалы зат, інжу.

ЕРЖІГІТ - ержүрек, батыл жігіт, азамат.

ЕРКЕБАЙ - ерке бала болсын деп қойылған есім. Еркелете айтылатын түрі — Еркеш.

ЕРКЕБОЛАТ - айтқанын істететін ерке бала болсын деп қойылған есім.

ЕРКЕБҰЛАН - бір үйдің әлпештеген аяулысы, қағу-соғу көрмеген ерке тотайы.

ЕРКІН - өз ықтияры, еркі езінде, азат, басы бос, ерікті. Еркін сөзі құрамында келетін біріккен тұлғалы есімдер — Еркінбай, Еркінбек, Еркінғали, Еркінжан, Еркінтай.

ЕРЛАН - бала батыл болсын деген тілекпен қойылған есім.

ЕРЛЕН - ер, батыр деген мәндегі есім.

ЕРЛІК - батырлық, батылдық, ер жүректік.

ЕРМАН - ержүрек, батыл адам дегенді білдіреді.

ЕРМАТ - ер + мат — мамет есімінін қысқарып өзгерген түрі, яғни Ермат — Ермамет.

ЕРМЕК - алданыш, жұбаныш. Орта жастан асқан ата-ана семьясында туған балаға ендігі ермегім болсын деп қойылатын есім.

ЕРНАЗАР - қазақ тілінен алынған ер + араб тілінен алынған назар көру, көзқарас, ықылас. Рухы күшті, батыр деген мағынаны береді.

ЕРНАР - нар — халық ұғымында өте шыдамды, берік, күшті түйе. Нар тұлғалы батыр бөлсын деген мағынаны береді.

ЕРНИЯЗ – қазақ тілінен алынған ер + иран тілінен алынған нияз — сый, тарту. Батырдың сыйы деген мағынаны білдіреді.

ЕРНҰР - қазақ тілінен алынған ер — батыр + иран тілінен алынған нұр — жарық, сәуле, көркем. Бала ер келбетті, көркем болсын деген тілектен қойылған есім.

ЕРСАЙЫН - қазақ тілінен алынған ер + монғол тілінен алынған сайын - жақсы. Яғни ең мықты, аса жақсы батыр.

ЕРСӘЛИ – қазақ тілінен алынған ер + араб тілінен алынған сәли - салих — жақсы, қайырымды, жақсы батыр.

ЕРТАЙ – қазақ тілінен алынған ер + тай кісі аттары қосымшасы, яғни ер, батыр, батыл кісі.

ЕРТУҒАН, өмірге батыр, ер жүрек боп келген.

ЕРТІЛЕС - өмірге келген бала келешекте батыр болса екен деген тілектен қойылған есім.

ЕРТІС - көне түркі тілінен келген, Ертіс өзені бойында туылған балаға қойылған есім.

ЕРУБАЙ - қазақ тілінен алынған ер + у - соңынан ілесу + 6ай; соңынан еретін балалар көп болсын деген мағыналы есім.

ЕРІК - толық еркіндік, бостандық.

ЕРІМБЕТ - сенімді, мықты батырым болсын деп қойылған есім.

ЕС - ақыл-ес, ауыспалы мағынасы тірек, сүйеніш.

ЕСБАЙ - ақыл-ойға бай болсын деп қойылған есім.

ЕСБАТЫР - Естібатыр деген есімдегі ті қосымшасы түсіп қалып, Есбатыр боп кеткен. Есті, ақылды батыр болсын деген мағынаны білдіретін есім.

ЕСБЕРГЕН - жаратқан ақыл, ес берген деген мағынадағы есім. Синонимі — Есберді.

ЕСБОЛ - ақылды, сүйенішім бол, медеу бол деген мағыналы есім.

ЕСБОЛАТ - өскенде ақыл косады, сүйеніш, медеу болады деген мағыналы есім.

ЕСДӘУЛЕТ – қазақ тілінен алынған ес + араб тілінен алынған дәулет - байлық, бақыт. Мемлекетті басқаратын, ақыл-ойы мол азамат болсын деген тілекпен қойылған есім.

ЕСДӘУІР - қазақ тілінен алынған ес + араб тілінен алынған дәуір — мезгіл, мерзім, заман. Өз заманының, дәуірінің ақылды азаматы болсын деп қойылған есім.

ЕСЕЙ – қазақтың тілінен алынған өсу, ер жету, үлкен болу.

ЕСЕН - қазақ тілінен - сау-саламат, аман. Біріккен тұлғалы есімдер — Есенаман, Есенәлі, Есенай, Есенбай, Есенбол, Есенгелді және т. б.

ЕСЕНАЙ - бала дүниеге аман-сау келді, ай деген қуанышпен байланысты қойылған есім.

ЕСЕНБАҚЫ – қазақ тілінен алынған есен + араб тілінен алынған бақи — мәңгілік, өмірлік, берік, тұрақты. Мәңгі - саусаламат, аман-есен бол деген мәндегі есім.

ЕСЕНБЕРДІ - аман-есен, сау-саламат дүниеге әкелді, берді.

ЕСЕНБОЛАТ – қазақ тілінен алынған есен + болат болады деген сөздің дыбыстық өзгеру нұскасы. Яғни бала сау-саламат, аман-есен бөлады деген мағынаны білдіреді.

ЕСЕЙЖАН - сау-саламат, аман туған жан.

ЕСЕНТЕМІР - ден саулығы темірдей мықты, аман-сау болсын деген тілекпен қойылған.

ЕСЕТ - иран тілінен алынған изад, авест — лайық, дәл.

ЕСЖАН - есті, ақылды адам.

ЕСКЕНДІР - Александр Македонскийді күллі Азия, Араб халқы осылай атап кеткен. Дыбыстық өзгеру түрлері — Искендер, Скандер, Ескендер.

ЕСҚАЙЫР – қазақ тілінен алынған ес + араб тілінен алынған кейр — қайырым, мейірім, шафағат. Аса мейірімді, жұртқа қайырымы мол, ақылды адам.

ЕСҚАЛИ – қазақ тілінен алынған ес + араб тілінен алынған қали, ғали сөзінің өзгерген түрі. Аса парасатты, ақылды деген мағыналы есім. Еркелете айтылатын түрі — Естай.

ЕСМҰРАТ – қазақ тілінен алынған ес + араб тілінен алынған мурад - мақсат, тілек.

ЕСТЕКБАЙ - истак — башқұрттардын көне аты + қазақ сөзі - бай.

ЕСТІБАЙ – қазақ есімі - ақылды, парасатты.

ЕСІЛ - Есіл өзені бойында туған соң қойылған есім.

ЕСІЛБАЙ - Есіл бойында туған ер бала.

ЕСІМ - ат, атақ, даңқ.

ЕСІМБЕК – қазақтың есімі - аты, даңқы зор, мықты.

ЕСІРКЕ - аяу, жаны ашу, мүсіркеу.

ЕШБАЙ - көне түркі тілінен келген эш — дос, ашна. Досбай есімінің синонимі.

ЕШЖАН - көне түркі тілінен келген эш - дос, ашна + иран тілінен алынған жан — адамның досы деген мағынаны білдіреді.

ЕШМҰХАМБЕТ - (қараңыз: Досмат).

ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗДАР:
Табысты өмір сүру үшін 10 кеңес





Комментарии для сайта Cackle