Параллелограмм мен ромбтың ауданы. Геометрия, 8 сынып, дидактикалық материал, 5 сабақ.


Сабаққа әдістемелік нұсқаулық

Сабақ тақырыбы: «Параллелограмм мен ромбтың ауданы»

Оқу мақсаты

8.1.3.11

параллелограммның, ромбтың ауданы формулаларын қорытып шығару және қолдану;

Сабақтың мақсаттары

Оқушылар:

біледі:

- параллелограмм мен ромбтың ауданының формуласын.

қолана алады:

-параллелограмм мен ромб аудандарының формулаларын қорытып шығарады және есеп шығарғанда қолдана алады.

Сабақ барысы

Сабақтың басы (Слайд №1-3)

Ұйымдастыру кезеңі.

Тірек білімдерді белсендендіру

Үй тапсырмасын тексеру. Оқушылар слайд арқылы сабақтың тақырыбымен және оқу мақсаттарымен, бағалау критерийлерімен таныстыру.

Сабақтың ортасы

Жеке жұммыс (Қосымша 1)

Параллелограммның қасиеттеріне берілген тапсырмаларды орындау. Болғаннан соң оқушылар бірін бірі кілті бойынша тексереді.

Қосымша 1

  • Ромб ауданын табыңыз, егер оның бір диагональы 10 мм, екіншісі 7 мм болса.
  • Ромб ауданын табыңыз, егер оның қабырғасы 24 мм, ал оған түсірілген биіктігі 21 мм болса.
  • Ромбының биіктігі оның қабырғасынан 1,5 см-ге кем. Оның периметрі 20 см. Ромб ауданын табыңыз.
  • Параллелограммның қабырғалары 6 см және 24 см, ал үлкен қабырғасына жүргізілген биіктігі 3,4 см. Кіші қабырғасына жүргізілген биіктікті табыңыз.

5) Берілгені: ABCD - параллелограмм.CD=7 смAD=7 смBF=6 см

BK -?

Сыныппен жұмыс

  • Есептер тақтамен.
  • Пик Георг Алекcандров формуласын қайталау.
  • Қосымша 2
  • Әр тапсырмаға, сызбаны пайдалана отырып текстік түрдегі тапсырма құрастыру керек және ол жазбаша берілген есептен төмендегі фигуралардың аудандарын дәл таба алатындай болу керек.
  • 1). 1 см *1 см өлшемді торкөзді парақта параллелограмм салынған (суретті қараңыз). Оның ауданын шаршы см-мен табыңыз. 
  • Көмекке сызбалар:
  • 1 . 2.
  • 1. Параллелограмм ауданы формуласын қолданыңыз. Оның табаны мен биіктігі әртүрлі түспен көрсетілген. Торкөздерді санаңыз.
  • 2. Екінші сурет, параллелограммның ауданы формуласын білмейтіндерге көмек. Фигуруны тікбұрышты үшбұрыштарға бөліп қарауға болады.
  • 2)1 см *1 см өлшемді торкөзді парақта ромб салынған (суретті қараңыз). Оның ауданын шаршы см-мен табыңыз. 
  • Көмекке сызбалар:
  • Чертеж в помощь:
  • Ромбының ауданы оның диагональдарының көбейтіндісінің жартысына тең. Торкөздерді санаңыз.
  • 3) 1 см *1 см өлшемді торкөзді парақта шаршы салынған (суретті қараңыз). Оның ауданын шаршы см-мен табыңыз. 
  • Көмекке сызбалар:
  • Пифагор бойынша шаршының қабырғасын табамыз.
  • Сосын, формула бойынш ауданды табамыз: S=a².
  • Тағы екі сызба – ауданды табудың тағы да екі әдісі. Шаршыны қарапайым фигураларға бөлшектеп, содан санац арқылы табуға болады.
  • Тңктөртбұрыштың ауданын табыңыз.
  • 4) 1 см *1 см өлшемді торкөзді парақта тіктөртбұрыш салынған (суретті қараңыз). Оның ауданын шаршы см-мен табыңыз. 
  • Тікбұрышты үшбұрыштарға бөліп шығаруға болады. .
  • 5) 1 см *1 см өлшемді торкөзді парақта төртбұрыш салынған (суретті қараңыз). Оның ауданын шаршы см-мен табыңыз. .
  • Көмекке сызбалар:

Сабақтың соңы

Рефлексия.

Мен не білемін ... Мен бүгін үйрендім …

Мен не істей аламын ... Мен үйреніп алдым …

Мен енді ... қабілеттімін. Мен түсіндім …

Үй тапсырмасы. Формуланы қорытуды меңгеріп келу.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу