Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесін қосу тәсілімен және алмастыру тәсілімен шешу. Математика, 6 сынып, қосымша материал.
Сабақты өткізуге әдістемелік ұсыныстар.
Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесін қосу тәсілімен және алмастыру тәсілімен шешу
6.2.2.19
теңдеулер жүйелерін алмастыру тәсілі және қосу тәсілі арқылы шешу;
Сабақты ұйымдастыру кезеңінен бастаңыз.
Мұғалім
а) амандасады, оқушылардың қатысын тексереді;
б) таңдаулы түрде үй тапсырмасын тексереді;
в) оқушыларды 4 адамнан топқа біріктіреді;
г) сабақтың тақырыбы мен мақсатын айтады;
д) оқушылардан айтылған сабақтың мақсаты бойынша бағалау критерийлерін тұжырымдауды сұрайды (себебі сабақ мақсаты оқушыларға таныс).
Оқушылар сабақ барысындағы жұмыстарға белсенді қатысуы үшін біріккен оқу ортасын құрыңыз.
Мұғалім оқушылар топтарынан:
- екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесін алмастыру тәсілімен шешу алгоритмін тұжырымдаңыз;
- екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесін қосу тәсілімен шешу алгоритмін тұжырымдаңыз.
Оқушылар екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесін алмастыру тәсілі және қосу тәсілі арқылы шешу дағдысын шыңдау үшін, мұғалім Қазақстанның көпшілікке танымал болған балаларымен «танысуды» ұсынады.
Яғни, әр топ үш үлестірменің тапсырмаларын орындайды. Егер үлестірмедегі барлық тапсырмалар дұрыс орындалса, топтар біздің еліміздің жас азаматтарының біреуі туралы ақпараты бар картаға ие болады.
Үлестірме 1.
1) ; Жауабы: (5;6).
2) ; Жауабы: (4; -3).
3) ; Жауабы: (5; 8).
4) ; Жауабы: (2; -5).
Ақпарат.
Жансая Әбдімәлік - шахмат әлемінің абсолюттік жұлдызы. Төрт дүркін дүниежүзілік чемпион, Азия чемпионы, 20 жасқа дейінгі қыздар арасындағы әлем чемпионы, халықаралық гроссмейстер, ұлттық құраманың мүшесі.
Үлестірме 2. Теңдеулер жүйесін х пен у – ке қатысты шешіңіз.
1) ;
Жауабы: .
2) ;
Жауабы: .
3) ;
Жауабы:
Ақпарат.
Еліміздің ең үздік балалар әртісі Еркін Тұрсынхан Қазақстанды «Bala Turkvizyon» халықаралық ән байқауында көрсетті, ол екінші орынды иеленді және «Золотой детский голос Тюркского мира» атағын алды.
Үлестірме 3.
Теңдеулер жүйесін х пен у – ке қатысты шешіңіз.
1) ;
Жауабы: .
Пропорциялық теңдеуді шешіңіз:
2) ; Жауабы: 2.
) ; Жауабы: 5.
Ақпарат.
Жамбыл Дүйсенов аты атақты жерлес-ақынның құрметіне беріліп, ақын ретінде танымал болды. Үш жасында ол газеттер мен журналдарды еркін оқыды, ал 5 жасында поэзия жаза бастады. Жас ақынның туындылары күн сайын өсіп келеді, ал тоғыз жасар Жамбыл жақында өзінің «Періште тілек» атты туындыларын жинақ шығарды.
Топтық зерттеу жұмысы
Мұғалім оқушыларға түбірлердің қосындысын және қосындының түбірін салыстыруды және қорытынды жасауды ұсынады.
Тапсырма. Жаңа айнымалы енгізу арқылы шешіңіз.
№1.
; Жауабы: (2; 3).
№2.
; Жауабы: (; 4).
№3.
; Жауабы: (;).
Дайын жауап, дескриптор арқылы топтар арасында өзара бағалау жүргізуді ұйымдастырыңыз.
Сабақ барысында оқушылар негізгі оқулықпен, қосымша оқулықтармен жұмыстанады, бір – біріне түсіндіреді, бірін - бірі бағалайды, өзара пікір алмасады.
Сабақты қорытындылау:
- бүгінгі сабақта алынған ақпараттар туралы пікір тыңдаңыз;
- жаңа айнымалы енгізу әдісі арқылы теңдеулер жүйесін шешу алгоритмін тұжырымдаңыз.
Үйге тапсырма
Сабақ соңында оқудағы іс – әрекеті туралы рефлексия жүргізіңіз.
Ресурстар:
- Математика. Жалпы білім беретін мектептің 6-сыныбына арналған оқулық, 2- басылымы, Т.А. Алдамуратова, Т.С., Байшоланов, Е.С., Байшоланов . – Алматы: Атамұра, 2015 ж. ISBN 9965-34-442-6
- А.П.Ершова, В.В.Голобородько. Математика. 7 класс. Самостоятельные и контрольные работы. Москва. Илекса. 2015 г.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру