Сабақ жоспары (ұмж): Орган музыкасы (Музыка, 6 сынып, 1 тоқсан)

Сабақ жоспары (ұмж): Орган музыкасы (Музыка, 6 сынып, 1 тоқсан)


ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗДАР:
Кеңестерді ұнатпайтын жандарға 7 кеңес

Пән: Музыка
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Классикалық музыканың үздік туындылары
Сабақ тақырыбы: Орган музыкасы
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 6.1.1.1 тыңдаған музыкалық шығарманы талдау және өнердің түрлері, стилі және жанрларын, сонымен қатар, өнердің өзге түрлерімен байланысын анықтау;
6.1.2.1 классикалық музыка жанрлары мен түрлерін анықтау;
6.1.3.1 әуеннің көңіл-күйі мен көркем бейнесін жеткізе отырып, екі дауыспен,немесе канон элементтерін қолдана отырып, әртүрлі стильдегі және жанрдағы әндерді орындау.
Сабақ мақсаттары: Оқушылар:
И. С. Бах «Токката мен фуга» ре минор шығармасымен танысып, талдайды;
Орган аспабы туралы ақпарат алады;
Шығарманы пәндік терминдерді қолдана отырып, талдайды;
шығарманың әуенін жатқа үйренеді.

Оқушылармен сабақтың мақсаты мен тірек сөздерді талқылау.
Тапсырма. Талқылау.
«Аспаптар галереясын» қараңыз:
Қандай аспаптар бейнеленген?
Олар қандай топқа жатады?
Бұл аспаптың көзбе көз қандай ерекшелігін байқадыңыз?
Қалай дыбыстайды деп ойлайсыз?
Орган аспабы туралы оқушыларға ақпарат беру.
Тапсырма.Тыңдау және талдау.
И.С Бахтың «Токката мен фуга» ре минор шығармасынан (аудио, мүмкіндік болса видеожазба) үзінді тыңдатып, оқушыларға топта талдатыңыз. Сұрақтарды топтарға қағазға түсіріп беру немесе слайдтан көрсету. Әр оқушының қатысуын қадағалау.
1 топ:
Бұл аспаптың ерекшелігін шығарма аша алды ма?
Әлде керісінше, шығарманың ерекшелігін аспап көрсетті ме?
2 топ :
Шығарма қандай музыканың түріне жатады?
Сіз шығармаға қандай атау қояр едіңіз?
3 топ :
Композиция тыңдау кезінде қандай сезімде болдыңыз? Неліктен?
Токката мен фуга көз алдыңызға қандай бейнелер суреттеді? Себебі?
Түйіндеу: оқушыларға токката мен фуга сөздерінің айтылуын анықтаңыз.
Тапсырма. Ақпарат іздеу.
Оқушылардың ақпаратпен жұмыс істеуі (мүмкіндігінше топтық жұмысқа ноутбукты қарастыру, болмаған жағдайда тапсырма тақырыбына сай ақпараты бар түрлі дерек көздерін алдын ала қарастыру).
Бұрынғыдан өзге топқа бөліп, топтарға тақырыптың таратылуы:
1 топ - И.С.Бах шығармашылығы;
2 топ - Орган аспабының шығу тарихы;
3 топ - И.С. Бахтың жазған музыкасы.
Бағалау критерийлері:
• Берілген тақырыпты жеткізу;
• топтық жұмыс;
• пәндік терминдердің қолдануы.
Оқушыларға дайындалу үшін уақыт беру және содан кейін топтың мүшелерінің жауаптарын тыңдау.
Оқушылардың берілген ақпаратты дәптерге жазбаша түсіруі.
Берілген бағалау критерийлеріне сүйене отырып, өз ара бағалауды ұйымдастыру.

Тапсырма. Орындау.
И.С Бахтың "Токката мен фуга" ре минор шығармасының негізгі әуенінің үзіндісін (3 фразасын) "та" буынымен бірнеше мәрте орындату, сонымен қатар әуенді таза айтып, ырғағының нақты айтылуын қадағалау. Орындауға ырғақтық суретті қосып орындату. Орындаудағы мәнерлеп айтудың рөлін еске түсіріп қайталау. Балалармен канон терминін еске үсіріп, әуенді орындату. 1 топ- оқушылар, 2 топ- мұғалім.
Қосымша тапсырма: Оқушылардан әуеннің жүрісін бірнеше рет қолмен көрсеткізіп, сосын оны сызықтардың көмегімен жазып көрсетуді ұсыныңыз. Үлгіге қарап өз өздерін тексертуді ұйымдастырыңыз.
Тапсырма. Қорытындылау.
Оқушыларға парақшаларды таратып, түсініктерге сәйкестікті табуды ұсыну: токката, фуга, И.С.Бах, орган, аспаптық музыка, вокалдық музыка, үрмелі топ, ішекті топ, ұрмалы топ, классикалық музыка.
Бірінші болып орындаған топқа оқып шығуды тапсыру.......

ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗДАР:
Салауат дұғасы



Полную версию материала можете скачать на сайте zharar.com через 20 секунд !!!



Комментарии для сайта Cackle