Сабақ жоспары (ұмж): Мейірімділік әлемі (Музыка, 4 сынып, 1 тоқсан)

Сабақ жоспары (ұмж): Мейірімділік әлемі (Музыка, 4 сынып, 1 тоқсан)


ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗДАР:
Алғашқы жыныстық қатынас (секс) немесе қыздықпен қоштасу (+18)

Пән: Музыка
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Құндылықтар
Сабақ тақырыбы: Мейірімділік әлемі
Осы сабақта қолжеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 4.2.1.1- музыкалық шығармашылық жұмыстарды жасау үшін өз идеясын ұсыну және түрлі материалдар мен ресурстар таңдау
4.3.1.1– шығармашылық жұмысын көрсету және бағалай білу
Сабақ мақсаттары: Оқушылар:
мейірімділік тақырыбында кластер жасайды;
өз шығармашылық жұмыстарын таныстырады және бағалайды.

Сәлемдесу шеңбері

- Балалар, бәріміз қолымызды ұстап тұрып, бір бірімізге бір мейірімді сөздерден айтайық.

- Балалар, мына суреттерге қарап өз ойларыңызды айтсаңыздар.

Мейірімділік туралы бейнематериал қарау

Бейнебаянды қараңыз және сұраққа жауап беріңіз:
- Бұл бейнебаян не жайында?
- Ән не жайында айтылады?
- Мейрімділік дегеніміз не?
- Мейірімді болу дегеніміз не? Өз жауабыңызды түсіндіріңіз.
- «Мейрімділік әлемді құрқарады» дегенді қалай түсінесің?

Оқушыларды суреттердің қиықтары бойынша төрт топқа біріктіру.
Балалалар, әр топта бір сурет шықты. Осы суретте не бейнеленген?
Сіздерге, бұл суреттегі көріністерді мейірімділікпен байланыстырып, кластер жасау керек.

Топтық жұмыс
1. Топпен бірге «Мейрімділік әлемді құтқарады» тақырыбына кластер жаса.
2. Кластер жасау үшін тақырыпқа сай идеяларыңмен бөліс.
1 топ– «Отбасы»
2 топ – «Табиғат»
3 топ – «Қала»
4 топ – «Жер»

3. Өз шығармашылық жұмысыңды таныстыр және оны критерий бойынша
бағала.
Дескрипторлар:
Білім алушы
- кластер құру барысында өз идеяларымен бөліседі;
- кластерде тақырыпты ашады;
- шығармашылық жұмысын таныстырады;
- өзге топтардың жұмысын бағалайды, жұмысқа байланысты пікір білдіреді.

Ән орындау
Алдыңғы сабақта үйренген әнді минус жазбасымен қайталап орындау.
Оқушыларға әнді орындау барысында көркем образды, әннің мағынасы мен сипатын жеткізіп орындау қажет екенін ескерту.

«Адамға тән қасиет»
сөзін жазған: Е. Тілепбердиев,
әнін жазған: Б. Қыдырбек

Ата-ана аялап,
Жеткізеді баласын.
Ол өсіріп саябақ,
Жайнатады даласын.
Адамға тән қасиет,
Жақсы көру бәрін де.
Жаман қылық қасірет,
Әкеледі әр үйге.
Қ-сы:
Асқақ ғұмыр жалғасын,
Адам асыл ісімен.
Ғалам жұмыр жайнасын,
Махаббаттың күшімен.
Жаман қылық – жемірің,
Ойымызда болмасын.
Махаббат пен мейірім,
Бойымызға орнасын.
Құрмет, ізет, сыйлауды,
Сіңірейік жүрекке.
Парасатты, сындарлы
Айналайық түлекке..........

ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗДАР:
Базарға кіргенде оқылатын дұға



Полную версию материала можете скачать на сайте zharar.com через 60 секунд !!!



Комментарии для сайта Cackle