Өлең: Қадыр Мырза Али (Асығыста)

Өлең: Қадыр Мырза Али (Асығыста)

Қыртыс-қыртыс ұйпалақ
Киіп алдым жейдемді.
Омырауын сипалап,
Таба алмадым түймемді.

Бірін таппай түйменің
Босқа күйіп-пісіппін.
Асығыста жейдемнің
Теріс жағын киіппін



Комментарии для сайта Cackle