Байлық, ақша, бай, кедей, кедейлік

Бай мақтанса табылар,
Кедей мақтанса шабылар.

Жоқтық ұят емес,
Байлық мұрат емес
Байдың қатыны өлсе, төсек жаңғырар,
Жарлының қатыны өлсе, басы қаңғырар.

Жарлы болсаң да арлы бол.

Бірінші байлық – денсаулық,
Екінші байлық – ақ жаулық,
Үшінші байлық – он саулық
Мақал-мәтелдер
Толық

Гүл

Жоламанқызы Маржан 1-сынып оқушысы
Қызылорда облысы Жалағаш ауданы
Жаңадария ауылы №203 орта мектеп


Баяғы өткен заманда бір гүл өмір сүріпті. Гүлдің басқа достары болмапты. Бір күні күн бұлттанып, жаңбыр жауа бастайды. Гүл жаңбырдан қаша алмайды. Жаңбыр жауып, басылған соң, күн қайта ашылады. Кейін гүлдің көңілі көтеріліп, қуанады. Ол әр-түрлі қимыл жасап билейді. Бір кезде оның басындағы тұқымы.....

Ертегілер
Толық

Жыр алыбы Жамбыл Жабайұлы

Қазақ халық поэзиясының алыбы атанған Жамбыл Жабаев 1846 жылы «Байғара, Жамбыл, Ханда мен туыппын, Жамбыл деп қойылыпты атым сонан» деп ақынның өзі айтқандай қазіргі Жамбыл облысы, Шу өзені бойындағы (Шу ауданы) Жамбыл тауының етегінде Жапа деген қыстауда ақпан айының боранды күндерінің бірінде дүниеге келген. Бұл кез ақынның «Менің өмірім» өлеңінде:

Көз аштым, сорғалаған қанды көрдім,
Қамыққан, қанды жасты жанды көрдім,
Ел көрдім – еңіреп босқан аңды көрдім,
Қойнында Алатаудың зарды көрдім, –

деп айтқандай ел ішіндегі әлеуметтік жағдайдың меңдеп тұрған тұсы еді. Бұл – Жетісу өңірінің Қоқан хандығына қарап тұрған шақтағы ел басқарудағы жолсыздықтың шектен шыққан кезі еді. Бір жағынан ақ патшаның, екінші жағынан жергілікті ел билеушілердің мөлшерден тыс алым-салығы бұқара халықты титықтатып тастап еді. Қалың бұқараның дені жоқ-жітікпен.....

Шығармалар
Толық

Мұқағали Мақатаев (Махаббат па?)

Махаббат болған еді.
Таудың мен еркін жүрген тағысы едім,
Тапты да, түсірді ғой торға мені.

Махаббат па?
Махаббат болған менде.
Жиі барғам аққулар қонған көлге.
Ал, қазір тоңған жүрек....

Өлеңдер
Толық

Ауған соғысы

Сценарий тақырыбы: Ауған оқиғасы
Сценарий мақсаты: Ауған оқиғасының тарихи мағыналық ақиқатын ашу. Тәуелсіздік жолында күрескен ағаларымыздың ерлігін кейінгі ұрпаққа үлгі ете отырып, жастарды Отансүйгіштікке, ерлікке баулу, Ауған соғысы ардагерлеріне құрмет көрсету
Сценарий көрнекілігі: Проектор, экран, компьютер, слайдтар
Сценарий түрі: кіріктірілген – интеллектуалды тәрбие іс – шарасы (сыр - сұхбат, түсіндіру, сайыс )
Сценарийлер (ертеңгілік)
Толық

Қалқаман Сарин (Сағынбауға...)

Кешегі өткен күндердің бәрі сәтті емес,
Сәтсіздіктен де іздеймін жаным, тәтті елес.
Сағыныш деген ғажайып ғұмыр кешемін,
Жетуге саған амалым болмай, әттең, еш.

Бұлыңғыр тартып, бұлтты күн де тым баяу,
Өтпейді. Өтсе, отырам....
Өлеңдер
Толық

Абай Құнанбаев (1845-1904)

ЖОСПАР:

«Дүние де өзі,мал да өзі».
«Қалың елім, қазағым».
Татулық пен тұрақтылық.
«Өлең-сөздің патшасы».
Түйін.


«Ұлы Абайдың шығармашылық мұрасы-халқымыздың ғасырлар бойы маңызын жоймайтын рухани қазынасы.Маңызын жоймау былай тұрсын,заман өзгеріп,қоғамдық санада күрт сапырылыстарпайда болған сайын бұл қазына өзінің жаңа бір қырларымен жарқырай ашылып,қадірін арттыра түсетініне Абайдан кейінгі уақыт айқын көз жеткізді.
Ақынның дүниеге келгеніне бір жарым ғасыр,ал өзінің мәңгі өлмес шығармаларымен халқына сөздің ұлы мағынасында ұстаздық ете бастағанына ғасырдан астам уақыт өтті.Содан бері оның артына қалдырып.....
Шығармалар
Толық