Әлеуметтану | ХАЛЫҚТЫҢ ӘРТҮРЛІ КАТЕГОРИЯЛАРЫМЕН ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫСТЫ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫ ЖЕТІЛДІРУ

 Әлеуметтану  | ХАЛЫҚТЫҢ ӘРТҮРЛІ КАТЕГОРИЯЛАРЫМЕН ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫСТЫ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫ ЖЕТІЛДІРУ

Мазмұны

КІРІСПЕ.................................................................................................................3

І. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ 1860 – 1880 Ж. РЕФОРМАЛАР ЖӘНЕ ОНЫҢ ХАЛЫҚҚА ӘСЕРІ................................................................................................5
1.1 Қазақстандағы 1860 – 1880 ж. капитализм реформаның енуі және дамуы..........................................................................................................................5
1.2 Капитализмге өтудің қиыншылықтары..........................................................11

ІІ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ХАЛЫҚТЫҢ ӘРТҮРЛІ КАТЕГОРИЯДАРЫМЕН ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫС ЖҮЙЕСІНІҢ ЖАҢА ПРИНЦИПТЕРІ...................................................................................

2.3 Қазіргі кездегі жастар мен әлеуметтік жұмсының барысы...........................................................................................
Мүгедектерге әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін талдау.............................................................................................
Халықтың әлеуметтік - әлсіз топтарына мемлекеттік көмек жүйесі.............................................................................................

27
ІІІ. ХАЛЫҚТЫҢ ӘРТҮРЛІ КАТЕГОРИЯДАРЫМЕН ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫСТЫ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ................

3.2 Әлеуметтік жұмысты жеттілдірудегі шетелдік тәжірибенің маңызы...........................................................................................
34
Халықтың әртүрлі категорияларымен әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін жетілдіру..........................................................

ҚОРЫТЫНДЫ

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ


Адам жөнінде қамқорлықтың өсуі, оны әлеуметтік қорғау тек этикалық-моральдық пайымдардың ғана бұйрығы емес, сонымен бірге оның прагматикалық негізі де бар, өйткені XXI ғ. «адам капиталының» ролі экономикалық өсудің басты қозғаушы күші ретінде шырқау биікке көтерілді. 192 елдің ұлттық байлықтарының талдауына сүйене отырып, Дүниежүзілік банктің сарапшылары 90-шы жылдардың орта шенінде өндірістік қорлардың үлесіне ұлттық байлықтың 16 %, табиғи қорларға – 20 %, «адам капиталына» 64 %-ы тигенін есептеп шығарды.
Әлемде орасан зор әлеуметтік жұмыс тәжірибесі жиналған, оның ішінде көрсетілген халық тобымен де. Бұл салада отандық тәжірибе де аз емес. Қазіргі кезеңде еліміздегі әлеуметтік жағдай күрт өзгерді, әлеуметтік қарам-қатынасының өршу үрдісі ойлануды, жалпылама талдауды қажет етеді. Тұрғындармен әлеуметтік жұмыстың ғылыми негізделген тұжырымдамасын, әлеуметтік технологияларды, әлеуметтік жұмыс жүргізуде ұйымдардың түсінікті әрі сенімді тәсілдерді жасау қажет.
Әлемдегі тәжірибе дәлелдегендей, көптеген елдерде әлеуметтік қызметкерлердің есебінсіз әлеуметтік дамудың бағдарламасы да, мемелекеттің әлеуметтік саясаты да іске асуы мүмкін емес. Бұл саладағы мамандар, заңнамалық актілерді дайындауда, жергілікті билік орындары мен қоғамдық ұйымдардың шешім қабыдауында сарапшы қызметін атқарады.
Тәжірибе көрсеткендей (әсіресе бізде), адамдар көбіне көп не өздері, не отбасы мүшелері, не достары, не көршілері, не игі ниетті шенеуніктерде шеше алмайтын мәселелермен жиі ұшырасады. Бұл үшін ерекше мамандық иелері әлуметтік жұмыскерлер қажет.
Бұл мамандықтың қалыптасуы өте қиын жағдайда өткен. 90 жылдар басынан мемлекет өзінің дамуындағы жаңа және өте қиын кезеңін- нарықтық экономикаға өтуді бастады. Бұл - үрдіс өндірістің тоқырауы, жұмысссыздық, мемлекет тұрғындарының көпшілігі табыстарының күрт төмендеуі, адамдардың азып-тозуымен сипатталатын қиын да ауыр процесс. Қазақстандағы күрделі экономикалық, саяси, әлеуметтік жағдай, сонымен қатар адамға игеріп алу, бағыт алу, кейде жай ғана осы жағдайда жан сақтап қалуда көмектесуге қажеттілік біздің мемлекетімізге әлеуметтік жұмыстың жаңа жүйесін құруды талап етеді.
Әлемнің көптеген елдерінде ғасырдың басында-ақ әлеуметтік жұмыс дербес мамандық ретінде қарқынды дамып, бұл салада кәсіби мамандар бітімі қалыптса бастаған уақытта, Қазақстанда тоталитаризм жағдайында көптеген онжылдықтар бойы кеңес, адамның теңдессіз қамқорлықта екендігі мәлімделіп келді, сондықтан халықты әлеуметтік қорғаудың арнайы жүйесін құрудың мәні жоқ деп есептелді.
Еліміздегі мұндай жүйенің қалыптасу процесі 90 жылдың бас кезінен жүрді.
Біріншіден, жаңа әлеуметтік-экономикалық қарым-қатынас, күрделі әлеуметтік жағдай адамды, отбасын, жалпы мемлекет халықтарын әлеуметтік қорғаудың қарқынды өзгеруіндегі нарықтық әлеуметтік жағдайына бағытталған жүйесін талап етеді;
Екіншіден, экономикалық және әлеуметтік жағынан едәуір сәтті (Европа елдері, Скандинавия, АҚШ, Канада) мемлекеттер тәжірибесі кез келген, тіпті ең бай қоғамда да әлеуметтік ауыртпалықтар: мүгедектік, қайыршылық, аурулар, маскүнемдік пен нашақорлық және т.б. өмір сүретіндігін сендіре дәлелдейді. Оларды әлеуметтік жұмыс жүйесінсіз және әлеуметтік жұмыс кадрларынсыз игеру мүмкін емес.
Үшіншіден, әлеуметтік қызмет жүйесі сонымен қатар көмекке мұқтаждар мен заңдар, мемлекет аппараттары арасын байланыстырушы буын қызметін де атқарады.
Әлеуметтік тәжірибедегі жаңа әдістеме әлеуметтік жұмыстың әлеуметтік өзгерістерге қол жеткізуге бағытталған қызметтің бір түрі болып табылатындығы түсінікті. Мұндай позиция тұрғысынан әлеуметтік жұмыс қоғамдағы әлеуметтік сүргіндер мен келіспеушіліктерді ұстап тұратын, олады жеңетін мықты тәсілдер болып отыр, ал ол тәсілдер тиімді болған сайын қоғам мен мемелекет соған сәйкес көбірек қор бөле түседі.
Әлеуметтік қамсыздандыруды реформалау, өнімді жұмыспен қамтуға жәрдемдесу, халықтың тұрмыс деңгейін арттыру мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясаттың маңызды саясатының маңызды бағыттары болып табылады.
Тоқсаныншы жылдардың екінші жартысында басталған экономикалық өсу белсенді әлеуметтік саясат жүргізу үшін алғышарттар жасады. Жаңа жағдайларда әлеуметтік қорғау жүйесін реформалаудың еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі заңдар шығаруға және оларды іске асыруға, жұмыспен қамтуға белсене жәрдемдесуге, жинақтаушы зейнетақы жүйесіне көшуге және атаулы әлеуметтік көмек көрсетуге бағытталды.
Алайда әлі де орын алып отырған кедейлік, жұмыссыздық, халықтың қартаң тартқан қатарының көбеюі, рыноктарды жаһандандыру, сондай-ақ биресми сектордың көбеюі әлеуметтік реформаларды одан әрі тереңдете түсуді талап етеді.

І. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ 1860 – 1880 Ж. РЕФОРМАЛАР ЖӘНЕ ОНЫҢ ХАЛЫҚҚА ӘСЕРІ

1.1 Қазақстандағы капиталистік қатынастардың енуі және дамуы

1861 жылы Россияда крепостниктік правоның жойылуы елде капитализмнің даму процесін жеделдетті. Қазақстанның шикізат көзі және өнеркәсіп товарларын өткізетін рынок ретінде ролі күшейді.
1867-1868 жылдары Қазақстанда әкімшілік басқару жұмыстарына байлынысты реформалар жүргізілді. Қазақстанның территориясы облыстарға бөлініп, олар үш генерал-губернаторлаққа бағынды. Жетісу және Сырдария облыстары Түркістан генерал-губернаторлығының,Орал және Торғай облыстары Орынбор генерал-губренаторлығының Ақмола және Семей облыстары Батыс-Сібір генерал-губернаторлығының құрамына кірді.Облыстар уездерге,уездер болыстарға,болыстар әкімшілік ауылдарға бөлінді. Реформа сот құрлысына өзгерістер енгізді. Уездік соттар жалпы Ресей сот заңдарының негізін басшылыққа алып, билер соты сот жүйесінің төменгі органдары ретінде ғана сақталды. Салық салу күшейе түсті.Түтін салығы 3, кейін 4 сомға өсті. Отырықшы халық харадж бөлігі, яғни жиналған өнімнің 1\10 бөлігі және танаптық, яғни жерден заттай емес, ақшалай алынатын салық төлейтін болды. Көшпелілер мен егіншілер бұданда басқа көптеген алым-салықтар мен борыш, міндеткерліктер өтеді. Қазақ жерлері Россия мемлекетінің меншігі деп жарияланды, сонымен қатар феодал-шонжарлардың жер пайдаланудағы айрықша хұқы сақталды. 60 жылдары қабылданған реформалар мен 1886 және 1891 жылдары әкімшілік және сот құрлысы ісіне енгізілген өзгерістер орталық және феодалдық езгінгі күшейте түсуге бағытталған еді. Реформалар орталық үкімет органдары мен феодал-байлар топтарының позициясын нығайтып, жер мәселесін одан әрі шиеленістірді. Бұқара халық наразылығы 1869-1870 жылдары Орал, Торғай облыстары мен Маңғыстауда отаршылдыққа қарсы көтеріліс бастады. Көтерілісті патша іскері қаталдықпен басып жанышты.
Патша үкіметінің ұлтшыл-отарлық саясатын қарамастан Қазақстанда жүзеге асқан реформалар өлкенің жалпы россиялық экономика деңгейіне көтерілуіне жағдайлар жасады, капиталистік қатынастардың ену процесін шапшаңдатты. Қазақстанға шыт, шұға, жібек, былғары, металл бұйымдары әкелінді, ал Қазақстаннан Россия рыногына миллиондаған мал айдалды, мал өнімдері, астық (мысалы, Семейден жыл сайын 1 млн пұт ұн) тасылды. Малшаруашылығы мен егін шаруашылығы өнімдерінің құны артып, натуралды шаруашылық ыдырай бастады. Сауданың жаңа түрі – жәрмеңкелік сауда пайда болды. Ірі жәрмеңкелердің жылдық товар айналымы 1 млн сомға жетті. Қырдағы аудандарда тасымалды сауда түрі дамыды. Өсімқорлық тарады. 1870 – 1890 жылдары саудада несиеге берудің капиталистік түрлері пайда болды. Банктер құрылды. Мейлінше баяу болса да қазақтың сауда буржуазиясы қалыптаса бастады. Саудамен байлар мен көпестер айналыса бастады. Орал, Верный, Семей, Петропавл, Қостанай, Ақмола, Павлодар, Көкшетау т.б. қалалар өсіп жетілді. Россияға қосылу барысында 30-дан астам қала мен 400 поселке пайда болды. Сауда - өнеркәсіп орталықтары ретінде қалалардың ролі артты. Қала халқының саны қоныс аударушылар есебінен өсті. Қазақтар негізінен оңтүстік қалаларда тұрды. Қалаларда ауыл шаруашылық өнімін өңдейтін ұсақ өнеркәсіп орындары басым болды: тамақ (май айыратын, сыра, арақ-шарап жасайтын, ұн тартатын т.б.), тері илейтін, механикалық шеберханалар пайда болды. Кен өндіретін шағын кәсіпшіліктер саны өсті. Тек Ақмола облысының Қарқаралы уезінде 249 рудник болды. Қарағандыда көмір шахталары, Риддерде рудниктер салына бастады. Тұз өнеркәсібі, Каспийдің балық кәсіпшілігі капиталистік сипат ала бастады. 1874 – 1876 жылдары Орынбор темір жолы салынды. 90 жылдары Сібір темір жол магистралінің Ақмола облысы арқылы өтетін бір бөлігі іске қосылды. Темір жол салу товар айналымының артуына, Орталық Россиямен байланыстың күшеюіне, транзит сауда көлемінің өсуіне ықпал етті. Патриархалдық томаға-тұйықтықтың күйреуі, натуралды шаруашылықтың ыдырауы, товар-ақша қатынастарының таралуы, сауда мен астыққа деген қажеттіліктің өсуі отырықшылықа және егіншілікке көшуді тездетті. 1889 жылы Жетісуда егінші қазақтар шамамен 10 млн пұт астық өндірді. Ақтөбе және Қостанай уездерінде 9 млн пұт астық жиналды. 90 жылдары отырықшылыққа көшу жаңа қоныстанушылар үшін жер бөліп беруге байланысты жеделдей түсті. Әскери-қазақтың отаршылдығы Россия мен Украина шаруаларын жаппай қонстандырумен алмастырылды.
Капиталистік қатынастардың Қазақстанға енуінің маңызды жемісі патриархалдық-феодалдық қатынастардың ыдырау процесінің жеделдеуі, тапқа жіктелу және ауылдағы таптық күрестің өсуі болды. Жерден және малдан айырылған қазақ кедейлері ауылдан мүлдем қол үзбесе де кәсіп іздеп қалаларға кетті. ХІХ аяғы шенінде жұмысшы табы, оның ішінде Россия жұмысшы табының бір бөлігі ретінде ұлттық жұмысшы табы қалыптаса бастады. Әсіресе, кен және тұз өнеркәсібінде істейтін жұмысшылардың саны өсті. 1855 жылы мұнда 1353 жұмысшы болса, 1900 жылы 11225-ке жетті. Өлкенің өнекәсіп орталықтарында орыс, қазақтар бірлесіп еңбек етті. Алғашқы жұмысшы қозғалыстары ХІХ ғасырдың орта шенінде басталды. 1849 жылы Көкшетау округының Маринка алтын кендерінде, 1887 және 1891 жылдары Өскемен алтын кендерінде, 1898 жылы Зырян мыс рудниктерінде ереуілдер болды.
Қазақстанның Қазан төңкерісіне дейінгі тарихындағы өте өзекті мәселе - өлке өндірісінде капиталистік қатынастардың қалыптасуы қалай жүргенін, жергілікті халық бұл қызметке қандай деңгейде қатыстырылғанын зерттеп, зерделеу болатын. Әрине, капиталист қайтарым бермейтін кәсіпорынға, кенішке, жалдау жолымен қызметке қатыстырылатын жұмысшыға қайырымдылықпен қаржы жұмсамайды. Керісінше, қанауды күшейту, жалдамалы жұмыс қолының терін сығып алу арқылы капиталды қорландырады. Бұл тұжырымымызды дәлелдейтін деректер Қазақстан тарихы бойынша да жетерлік. Жұмысшылар нормадағы сегіз сағатпен емес, кәсіпорын иелерінің белгілеген мерзімі бойынша еңбек еткен. Мәселен, 1886 ...
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?