«Мен және менің отбасым» «Қауіпті хобби және серуендеу орындары»
Сынып жетекші: | ||
Күні: | 08.09.2025 | |
Сынып: 9 | ||
Сабақтың тақырыбы: | «Мен және менің отбасым» «Қауіпті хобби және серуендеу орындары» | |
Мақсаты | Оқушыларға отбасының адам өміріндегі маңызын түсіндіру; Отбасындағы сыйластық, мейірімділік, қамқорлық құндылықтарын дәріптеу; Өз отбасына деген мақтаныш сезімін ояту. Оқушыларға қауіпті әуесқой істер (экстремалды ойындар, қауіпті челлендждер, интернеттегі «трэш» хоббилер) туралы түсінік беру; Қауіпсіз серуендеу орындарын таңдай білуді үйрету; Өз өміріне жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу. | |
Сабақтың барысы:
Сабақтың кезеңі/ уақыт | Педагогтың әрекеті | Оқушының әрекеті | Бағалау | Ресурстар |
Сабақтың басы | Сәлемдесу: Армысыздар, қымбатты оқушылар! Сіздерді көргеніме қуаныштымын! Барлықтарыңыздың жүздеріңізден күлімсіреу көрініп тұр! Керемет! Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау: | Оқушылар жұдырық түйістіру арқылы бір біріне достық ықыластарын білдіреді. | Көңілді әуен | |
Сабақтың ортасы | Мұғалім: «Әр адамның өмірінде ең қымбат қазына – отбасы. Бүгін біз отбасы туралы ой бөлісіп, өз жақындарымызға деген сезімімізді білдіреміз». Негізгі бөлім
2.Топтық жұмыс: 1-топ: «Менің отбасым» суретін салу; 2-топ: «Бақытты отбасы» шағын әңгіме құрастыру; 3-топ: Отбасылық құндылықтарды жазып, плакатқа ілу. 3. Ойын: «Жылы сөздер шеңбері» – әр оқушы отбасы мүшелеріне арнап жақсы тілек айтады. 4. Шығармашылық тапсырма: «Мен отбасымды мақтан етемін, себебі...» тақырыбында шағын эссе немесе өлең құрастыру. | Оқушылар өз жауаптарын ортаға салады. Оқушылар ойынға қатысты Топтар өз тақырыптары бойынша постер дайындайды және қорғайды. | Оқушылар бірін -бірі бағалайды | Ақ қағаз, фломастерлер |
Сабақтың соңы | Қорытындылау «Алтын ереже» құрастыру: отбасыда әркім ұстануы тиіс жақсы әдеттерді жазу. Рефлексия: «Мен отбасымды жақсы көремін, өйткені…». Үй тапсырмасы «Менің отбасым – менің байлығым» тақырыбында сурет немесе шағын шығарма дайындау. | Оқушылар ақ қағазға өз ойларын қысқаша жазады | Шығармашылық тапсырма бойынша ауызша пікір айту. | Ақ қағаз |
Қауіпсіздік сабағы 10 мин | Сабақтың тақырыбы мен мақсатын түсіндіру Кіріспе бөлім «Сенің сүйікті хоббиің қандай?» атты шағын әңгіме. Мұғалім: «Әуестік пен хобби адамның бос уақытын тиімді өткізуіне көмектеседі. Бірақ кейде қауіпті хобби адам денсаулығына зиян тигізуі мүмкін». Негізгі бөлім 1. Мағлұмат беру: Қауіпті хоббилер: биікте селфи жасау, интернеттегі қауіпті челлендждер, от пен пиротехникамен ойнау, қараусыз ғимараттарда серуендеу. Қауіпсіз хоббилер: спорт, сурет салу, кітап оқу, музыка, би. Серуендеудің қауіпті орындары: Қараңғы аулалар, қираған үйлер, шулы трассалар. Қауіпсіз орындары: Мектеп ауласы, саябақ, спорт алаңы, арнайы ойын алаңдары. Топтық жұмыс: 1-топ: «Қауіпті хобби» тізімін жасап, неге қауіпті екенін түсіндіреді. 2-топ: «Қауіпсіз серуендеу орындары» тізімін жасап, артықшылықтарын айтады. 3-топ: «Егер досың қауіпті хобби таңдаса, сен не істейсің?» тақырыбында кеңес береді. Ситуациялық тапсырма: «Досың биік ғимараттың үстінде суретке түспек болды. Сен не істейсің?» «Интернетте қауіпті ойынға шақырса, қалай жауап бересің?» Қорытынды бөлім «Қауіпсіздік ағашы» әдісі: оқушылар жапырақтарға қауіпсіз хобби немесе орын атауын жазып, ағашқа жапсырады. Рефлексия: «Мен бүгін білдім…», «Мен енді жасамаймын…». Үй тапсырмасы «Менің сүйікті хоббиім – менің қауіпсіздігім» тақырыбында сурет немесе шағын эссе дайындау.
| Оқушылар тақырып бойынша өз пікірлерін айтады. Сұрақтарға жауап береді. Топтық жұмыс орындайды | Оқушылар бірін -бірі бағалайды Оқушыларды мадақтайды Топтық жұмыстағы белсенділік. Талқылаудағы ұсыныстардың нақтылығы. Сабақ соңындағы рефлексия сапасы. | Презентация Презентация, бейнематериалдар, қауіпсіздік белгілері, үлестірме материалдар Суреттер Видеороликтер Жағдайлық тапсырмалар парақтары. Презентация (интернет қауіпсіздігі туралы). |
Сабақтың соңы | Оқушылар біз бүгін сіздермен қоғамдасғы өте өзекті екі тақырыппен таныстық, ой бөлісіп, пікір алмастық. Бүгінгі сынып сағатынан алған білімдеріңіз өмірлік азық болады деп тілеймін . | Барлығы бүгінгі сабақта алған әсерлерімен бөліседі. | Бүгінгі сабаққа белсенді қатысқан оқушыларға алғыс білдіріп, мадақтау. |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру