Жазғы демалыс кезіндегі балалардың өмір қауіпсіздігі жайлы қолхат
Жазғы демалыс кезіндегі балалардың өмір қауіпсіздігі жайлы қолхат.
Құрметті ата-аналар ___________________________________ !
Сізден балаңыздың жазғы демалыс кезінде қауіпсіздік ережелерін сақталуын және келесі нұсқаулықтарды орындауыңызды сұранамыз және ескертеміз.
“Білім Заңы” 27.07.2007ж. 1.49 бап.
Ата-аналардың және өзге де жанды өкілдердің құқықтары мен міндеттері:
- Балаларға өмірі мен оқуы үшін салауатты және қауіпсіз жағдайлар жасауға, олардың ой-өрісі мен дене күшін дамытуды, имандылық тұрғысынан қалыптасуын қамтамасыз етуге;
- Демалыс кезінде су қауіпсіздігін сақтауын қадағалау; жасы кішкене балаларды өздігінен өзенге жібермеу; өзенге шомылғанда терең жерге бармау туралы ескерту;
- Сіріңке, жарылғыш, тез жанғыш заттары,пышақ, тағы да басқа денсаулыққа зиян әкелетін заттарды қолдануға болмайтынын ескертіп отыру;
- Демалыс мезгілінде кешкі 22.00-ден кейін көшеде жүрмеуге; жолда, көшеде келе жатқанда бейтаныс адамдармен қарым-қатынасқа түспеуге, болмайтынын ескертіп отыру;
- Ойын сауықтыру мекемелеріне (кафе,ресторан т.б)мектеп оқушыларының өздігінен баруға болмайтыны туралы тыйым салынатынын ескертіп отыру.
- Жол қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтау, үлкен жолда арнайы, жаяу жүргіншілерге арналған жолмен жүру қажеттігін үнемі ескертіп отыру;
- Теріс діни ағымдар ықпалына түспеу жолдарының бірі белгісіз сайттарға кірмеу; тегін ұсынған газет, журналдар, кітаптарды алмау керектігін;
- Компьютерді пайдаланғанда, теріс ықпалы байқалған сайттар мен ойындарға кіруіне тыйым салыңыз;
- Жасөспірімдерді спирттік ішімдік, темекі сатып алуға жұмсамаңыз;
- Басқа қала, ауылға барған кезде бала өмірі қауіпсіздігіне мұқият болу.
Бүгінгі күнде қоғамда адам өміріне қауіп төндіретін, зорлық-зомбылық жағдайлардың ішінде, баланы ұрлау,жәбірлеу жолдары, өзіне қол жұмсау жағдайлары кездеседі. Осы жағдайларды болдырмау үшін қоғам, соның ішінде ата-ана баланың уақытын тиімді ұйымдастыруы қажет. Баланы аялау, жылы сөйлеу, назар аудару, баланың ақылды, ұстамды, мейірімді азамат болып өсуіне көп ықпал етеді.
Таныстым: __________ _________________________ «____» мамыр 2024 ж
( қолы ) (ата-ананың аты - жөні) (күні)
Сынып жетекшісі:
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру