Ұстазыма 12 шумақ тақпақ
Мен алғаш мектепке келгенімде,
Алдымнан күле шыға күткеніңде.
«Білім берер ұстазым» деп таныдым,
Үйретуден жалықпаған перзентіне....
Мен алғаш мектепке келгенімде,
Алдымнан күле шыға күткеніңде.
«Білім берер ұстазым» деп таныдым,
Үйретуден жалықпаған перзентіне....
Ұстаз деген бес әріптен құралған,
Ұстаздарым шәкірт үшін жаралған.
Шәкіртіне үйретеді білгенін,
Ұстаз мәңгі ұлағатты бір арман.....
Оқу білім үйреткен,
Ойға өнер түйреткен,
Ұстазымның ойы алғыр
Күнде тақпақ үйреткен.
Маған білім үйреткен
Жаңагүлдей апайым
Тәрбие мен ақылды
Үйреткенде апайым.....
Қалам беріп алғаш сәби қолыма,
Дайындадың ұзақ өмір жолына
Сүйікті ұстазыма мың алғыс,
Дарытқан білім нәрін өн бойыма.
Қолыма қалам ұстатып,
Білім берген ұстазым.
А мен Б-ны үйретіп,
Сусындатқан ұстазым.....
Ұстазым сені көргенде,
Қуанып кеттім бірдемде,
Әліппемді ұстадым
Білім берген күніңде!
Біліміңді үйрендім,
Бәрін біліп алдым мен
Бәрін біліп әрдайым
Ұстазымның күнінде.
Ұстаздарды ардақтап,
Сыйлайық біз оларды.
Бізге берген біліммен
Өрлейік біз шыңдарға.
Аяулы ұстаз, көк аспан
Білімің дәл ақындай,
Ұқсамайды мінезің,
Жұлдыз, бастық смаққа.
Көк жүзінде самғасаң,
Менде мүмкін самғаймын.
Біліміңді үйретсең,
Сен секілді боламын.
Ұстазым менің Ұстазым
Анашыма ұқсадың
Күлімсірей қарап көзіме
Қағаз, қалам ұстаттың....