Адия

Адия есімінің мағынасы (Әдия) — араб тілінен алынған хадия — сый, сыйлық, тарту деген мағына береді.

Есімдер мағынасы
Толық

Раяна

Раяна есімінің мағынасы — араб тілінен аударғанда 1) тың, толық, қанық, мол, шырынды, тегіс, түзу; 2) дамыған, жетілген, кемелденген, — деген мағына білдіреді. Енді бір басқа мағынасы – жұмаққа кіретін қақпа.


Бұл есімді қызына таңдаған ата-аналар сәбиінің жан-жақты жетілген, көркем, кемел адам болуын тілейді.


Ал Ар-Райян деген — ораза ұстаған мұсылмандар кіретін Жәннат қақпаларының бірі. Қыздарына Райяна есімін қойған ата-аналар оның салиқалы, иманды, көркем мінезді болып өскенін, Алланың мейіріміне бөленіп, Жәннаттқа лайықты болуын тілейді.

Есімдер мағынасы
Толық

Әдемі және ерекше қыздар есімдері мағынасы (І әрпі бойынша ат қою)

ІНЖҮ – теңіз астынан алынатын түсі ақ, қызғылт немесе сары, кейде қара әдемі седепті тастар; Маржан.

ІҢКӘР - араб тілінен алынған — құмар көңіл, ынтық, аса жақсы көретін ынтызар. Біріккен тұлғалы есім – Іңкәрбала.
Есімдер мағынасы
Толық

Әдемі және ерекше қыздар есімдері мағынасы (Ы әрпі бойынша ат қою)

ЫРЫСАЛДЫ - ырыстың, бақыттың алды. Қазақ тұңғыш балаға ырыстың бастауы болсын деп осындай есім берген.

ЫРЫСБАЛА - бақытты, ырысты қыз бала. Синонимдері — Ырысжан, Ырысқан, Ырысқалым.

ЫРЫСТЫ - бақытты, құтты.
Есімдер мағынасы
Толық

Әдемі және ерекше қыздар есімдері мағынасы (Ш әрпі бойынша ат қою)

Шара-Шырынгүл

ШАРА – қазақ есімі — көздің ұясы, ойдымы, көздің аумақ көлемі; амал, әдіс, айла.

ШАРАПАТ - араб тілінен алынған шарафат — ізгілік, адамгершілік, жақсылық; абырой, құрмет, даңқ, ізет.

ШАРБАНУ - иран тілінен алынған шахр + бану — ханым, қала бастығы, әкімі; қаланың сұлу бикештері.

ШАФИҒА - араб тілінен алынған — шарапат, мейірім жасаушы, рақымы мол қыз.
Есімдер мағынасы
Толық

Асия

Асия есімінің мағынасы — иран тілінен аударғанда қайырымды, мейірімді (әйел) деген мағынаға ие.

Есімдер мағынасы
Толық