Қазақ әдебиеті | Тана (Тана мырза) Тілемісұлы

Тана (Тана мырза) Тілемісұлы (1803-68) - Құнанбайдың замандасы, құдасы. Т-ның әкесі Тілеміс Байжігіт-Мұрын елінің атақты биі болған. Оның немере қызы Тектіге Құнанбайдың баласы Ысқақ үйленген. Одан Кәкітай туған. Т. Мұрын еліне, Құнанбай өз еліне бір жылда (1844) болыс болып сайланған. Т. Лепсі аймағының .....
Рефераттар
Толық

Қазақ әдебиеті | Тоқболат би.

Тоқболат би.

Тоқболатты биді кейде хан деп те атайды. XVIII ғасырдың аяғы мен XIX ғасырдың ортасында өмір сүрген. Қаракетенің Қарабазары, Қарабазардан-Байбөрі, одан Қожамжар. Қожамжардан-Тоқболат, тағы басқа ұрпақтары бар.
Тоқболат туарда Қожамжарға Қыдыр әулие аян беріп, «үшінші ұлыңның атын Тоқболат. .....
Рефераттар
Толық

Қазақ әдебиеті | Қаңлы Тұрым би Шуақ ұлы

Тұрым би

Қаңлы Тұрым би Шуақ ұлы 1890-91 жылдарда өмірге келіп,1928-29 жылдары Болтай өңірінде қайтыс болды.
Аппаз биде көп сөз есітіп,іштей шамырқанып жүрген қаңлы Тұрым,Сауранбай бидің ел билеуге жарайтынын сезіп,елді біріктіріп,оның болыс болуына ықпал жасапты-деседі.
Тұрым биден жеткен сөздер:
…Шайтан шабыра көп .....
Рефераттар
Толық

Қазақ әдебиеті | Тұяқ би Елқондыұлы

Тұяқ Елқондыұлы - шешен, би. Тарақты руының беделді кісі. Ол кісінің туған-өлген жылы туралы нақты мәлімет жоқ. Оның Тарақтының қыздарынан туған атақты адамдар туралы жыры:
Қаз дауысты Қазыбек би,
Ол да менің жиенім.
Қаракерей Қабанбай,
Ол да менің жиенім.
Қанжығалы Бөгенбай
Ол да менің жиенім.
Шақшақұлы Жәнібек,
Ол да менің жиенім.
Ошақты да Сапабек,
Ол да менің жиенім.
Қарсендегі Ер Көпбай,
Ол да менің жиенім.
Тобықтыда .....
Рефераттар
Толық

Қазақ әдебиеті | Тәңкі би Қаржауұлы

Тәңкі би Қаржауұлы

Тәңкі шешен 1763-65 жылдар шамасында туып,1830 жылы Кіші (Арал) Қарақұмда қайтыс болыпты.Тәңкінің батырлығынан шешендігі басым болса керек.Ел әңгімелеріне бүгінге дейін Тәңкі шешен аталады.Арғы бабалары Сарғасқаның Метейі.Көрнекті ақындардың бірі Молдахмет Дабылов өзінің шежіре дастаныңда:
...Метейден Тәңкі шешен сайрап туды,
Билікті талай дауда алған жығып,-депті.
Тәңкі өзі турасында:
«…Ей,Алла тіл,жағыма .....
Рефераттар
Толық

Қазақ әдебиеті | Уәли би Итенұлы

Уәли би

Уәли би Итенұлы 1798 жылы өмірге келіп 1881 жылы 83 жасында дүниеден қайтқан. Оның сүйегі Қорқыт ата қорымына қойылған. Оның бейітіің бір бөлігі 1950 жылға дейін сақталған, бірақ одан кейінгі кезде дария шайып Сырдарияға құлап кетеді.
Уали бидің ата тегі Байұлы - Алтын - Көзала - Ораз - Айдар - Тілеуке - Дербісәлі - Итен. Итеннен Құлты, Уәли, Жақсылық және Тәспенбет туады.
Орыс патшаларының қазақ жерінің орталау саясатына сай туған жерінен ығыстырылған қазақ ауылдары Жайық өзенінің бойына, арқаға ауып келе бастайды. Сол кезде Итен де Құлты, Уәли деген балаларымен бірге кәзіргі Ақтобе облысына көшіп келеді.
Ағасы Құлты қайтыс болғаннан кейін .....
Рефераттар
Толық

Қазақ әдебиеті |Шаншар Бұлбұлұлы

Шаншар Бұлбұлұлы(16-17 ғ.), қоғам қайраткері. Өз заманында қазақ хандығының нығаюына, ұлттың бірлігіне өлшеусіз қызмет еткен тұлға «Шаншар абыз» атанған. Ол Арғын тайпасының «бес Мейрам» тобына жататын Қаракесек руынан тарайды. Шежіреде оның ата-тегі төмендегі ретпен тарайды: Қаракесек — Ақша — Бошан — Таз — Бұлбұл — Шаншар. Шаншар — қазақ тарихында жарқын із қалдырған тұлғалар — Келдібек, Бертіс, Қаз дауысты Қазыбек, Бекболат, Алшынбай, Еспенбет тәрізді билер мен бектердін, Тәттімбет, Мәди, Айтбай, Балта, Ғаббас тәрізді өнерпаздардың түп атасы. Бұл жайлы Ш. Уәлихановтың, А. Құнанбаевтың, Ш. Құдайбердиевтің, Ә. Бөкейхановтың, А. Байтұрсыновтың, М.Әуезовтің, С. Мұқановтың т. б. шығармаларында жазылған. Есім және Жәңгір хандар билік құрған 17 ғасырдың алғашқы жартысында Орта жүздің төбе биі болған Шаншар. Қазақ хандығының .....
Рефераттар
Толық

Қазақ әдебиеті | Шегір би

Шегір би (туылған және өлген жылдары белгісіз) — 19 ғасырдың 2-жартысында өмір сүрген би. Орта жүз найман ішіндегі бағаналы руынан. Әділдігі мен дуалы ауыз шешендігі үшін бағаналының төрт босағасының бірі атанып, елді ауызбірлікке, татулыққа шақырған. Жасы үлкен билердің өзі күрделі мәселенің төрелігін Шегір биге айтқызатын болған. Батырлар ұрысқа аттанарда арнайы келіп,Шегір биден бата алған. [1] Шегір Би әділдігі мен дуалы ауыз шешендігі үшін Найман Бағаналының төрт босағасының бірі атанған. Руы — Бағаналынын Ақтаз .....
Рефераттар
Толық

Қазақ әдебиеті | Шормақ Басыбақұлы, Шормақ батыр

Шормақ Басыбақұлы, Шормақ батыр (шамамен 1780, Қазығұрт бөктері – 1870, қазіргі Алматы облысы Панфилов ауданы Қоңырөлең ауылы) – белгілі би, батыр. Ел ішіндегі шежіре әңгімелерде Ұлы жүз албан ішінде қоңырбөрік руының сарықұл аталығын Шормақтың басқарғаны айтылады. 19 ғасырдың басында Жетісу қазақтары жоңғар шапқыншылығынан кейін есін жинап, атақоныстарына орала . .....
Рефераттар
Толық

Қазақ әдебиеті | Шыңғыс Уәлиұлы Уәлиханов

Шыңғыс Уәлиұлы Уәлиханов (1811, Уәли ханның Сырымбеттегі ордасы – 1895, Сырымбет қонысы) – Көкшетау округінің аға сұлтаны, Абылай ханның немересі, Уәли ханның ұлы, Шоқан Уәлихановтың әкесі.[1] Полковник және Батыс Сібір мен Солтүстік Қазақстанның қоғам қайраткері. Ауыл мектебінен бастауыш білім алған соң, шешесі Айғанымның айтуымен Омбы әскери училищесінде білім алған. Училищені майор шенінде бітіріп, Аманқарағай (1834 – 44), Құсмұрын (1844 – 53), Көкшетау (1857 – 68) округтерінің аға сұлтаны болған. 1853 – 57 ж. Омбы облысы Сібір қазақтары басқармасында кеңесші болды. Қазақтардың қалыптасқан қоғамдық және шаруашылық тұрмыс-салтын қайта құруға ат салысты. Кенесары Қасымовтың ұлт-азаттық қозғалысына қолдау көрсетті. .....
Рефераттар
Толық