Қорқақ баланың қолынан не келеді

Жасқаншақтық – сенімнің кемшілігі. Жалпақ тілмен жаутаңкөз дейміз. «Жасқаншақтық баланың жан-жақтылы өсіп-жетілуіне тиімсіз факторлардың бірі» дейді ғылыми тұжырымдар.
Жеті жасқа дейінгі балаларда көп кездесетін қорқудың бірнеше түрі:
1-Бөтен ортадан қорқу (адам жатырқау);
2-Алаңдау;
3-Бөтен заттардан қорқу;
4-Жалғыз қалудан қорқу;
5-Ата-анасының немесе өзгенің ұрып-ұрсуынан қорқу;

Енді себептері:

1. Ата-ананың орынсыз әлпеші.
Тым әлпештеп өсірген бала өзін өте әлжуаз санайды екен. Оған біреу келіп көмектеспесе немесе істеп бермесе өздігінен бір нәрсені “дұрыс істей алам” деп ойламайды. Сондықтан өз киімін киюден де жасқанады екен. ......
Кеңестер
Толық

Табақ тартуды білеміз бе

✅ Қонақжайлығымен танылған қазақ: «Қонақ қонса ет пісер, ет піспесе бет пісер» немесе «қонақ келсе ет қызарар, ет қызармаса, бет қызарар», «алдына ас қойдым, екі қолын бос қойдым», «бар болса сойғанның жөні бар, бір қойда он кісінің құны бар» деген секілді ұлағатты сөздер қалдырды. Халқымызда сыйлы қонағына қазан көтеріп, ет асу, табақ тарту – жазылмаған заңдылыққа айналған. Табақ жасау да бір өнер. Оны жасаушы да табақ тартудың қыр-сырын меңгерген ерекше тұлға болуы тиіс. Әр табақ атына, маңызына қарай жасалады. Табақты кейде бас табақ, орта табақ, сый табақ, аяқ табақ деп төртке бөліп те жатады. Малдың әр мүшесі осы табақ берілетін адамдардың дәрежелеріне қарап үлестіріледі.
Осы орайда, төмендегі фотопост әр қазақтың кәдесіне жарайды деген сенімдеміз.......
Кеңестер
Толық

Эндометрит

Эндометрит - жатырдың кілегей қабатының қабынуы. Асқынған аборттар, босанулар, жатыр қуысын диагностикалық қыру, гистеросальпингография және басқа да жатыр ішілік араласуларынан кейін жиі кездеседі. Қабыну процесі барлық кілегей қабатқа тарауы мүмкін немесе ошақтық сипатта болады. Эндометриттің ауыр түрінде процесс диффузды және ошақты түрде болып бұлшық етке тарайды.

Клиникасы. Дене қызуының көтерілуі, іштің төменгі бөлігіндегі және шап аймағындағы ауырсынуға, іріңді сұйық, кейде жағымсыз иісті (ішек таяқшасы) бөлініске шағымданады; эндометрийдің эпителий жабындысының кейбір аймақтары десквамацияланып, нәтижесінде іріңдіге қанды бөлініс қосылады. Қынап арқылы зерттегенде жұмсақ консистенциялы, аздап ауырсынатын жатырды анықтаймыз. Жиі қабыну процесі лимфатикалық капиллярлар және қан тамырлар арқылы бұлшық ет қабатқа (эндомерит) және қоршаған қабатына тарайды......
Кеңестер
Толық

Англияның мамандарды мынадай зерттеу нәтижесін шығарыпты

Әйелдер балалы болғаннан кейін, туылған баланың оннан жетісі оның ең алғаш жынстық қатынас жасаған еркекке тартады ,яғни оның күйеуінен болған бала қандастық жағынан оның күйеуіне тәуелді болсада, дене -тұрқы ,өңі әйелдің ең алғаш жныстық қатынас жасаған еркекке тартады екен .
Қыз баланың пәкітгі шынында өте қастерлі ,ғылым -техникалық зерттеулер әйел затының өміріндегі тұңғыш болған ердің гармоны әйелдің жатырында ұзақ уақыт сақталатынын анықтаған. Бұл түрдегі гармон әйелдің кеиінгі ерден болған баласының мінезіне ,дене тұрқына ,әуесіне белгілі дәрежеде ықпал жасайтын көрінеді . ......
Кеңестер
Толық

СҰЛУЛЫҚ ПЕН ДЕНСАУЛЫҚ ТУРАЛЫ ПАЙДАЛЫ КЕҢЕСТЕР

ЕГЕР ЕРЕЖЕЛЕРДІ САҚТАСАҚ, БІЗ ӘРҚАШАН КЕРЕМЕТ КӨРІНЕТІМІЗ ХАҚ. КЕЙБІР ӘЙЕЛДЕР ҚУЛЫҒЫ МЕН КЕҢЕСТЕРІ БІЗДІ ДЕНІМІЗ САУ ӘРІ ТАМАША ЕТІП КӨРІНІУІМЗГЕ КӨМЕКТЕСЕДІ.

• Тмин шөбін әрқашан тамағына қосып жейтіндерде, оларды инсульт ешқашан соқпайды.
• Қарапайым сәбіз көз көруін жақсартады және шашқа өте пайдалы.
• Сүзбе ерінді жұмсартады.

• Таңға асқа 150 г жержаңғақ немесе балық тілімі безеуден құтқарады.

• Қой сүтінен жасалынған сүзбе аяқты ретке келтіреді.
• Банан қол терісінің құрғақтығына қарсы ем.
• Бүкіл ағзаны жасарту үшін фенхельді алып, езіп, оған сол мөлшерде бал қосыңыз. Араластырып, таңертең ¼ шай қасық бір ай бойына қабылдаңыз. Көктемде өтк пайдалы.......
Кеңестер
Толық

Мотивациялық пост

Ыдысқа су құйып, терезенің алдына қойыңыз. Құстар су ішсе, сізге рахметін айтады. Бөлмеңізге қорап қойыңыз. Кәдімгі қорап! Біреуді ренжіткен сайын, әлдебір жаманшылық жасаған сайын әлгі қорапқа белгілі бір мөлшерде ақша салып тұрыңыз. Кейіннен ақшаны садақа етіп таратсаң, саған да жақсы, алған адамға да жақсы. Жұмыс орныныңызға банка сатып алып, қойып қойыңыз. Бір ой келді ме, идея, бастама, маңызды емес, кез келген ой, бір кішкентай қағазға жазыңыз да, сол банканың ішіне лақтыра беріңіз. Кейін шығармашылық күйзелісте отырғанда я идея іздегенде әлгі банканы еске алыңыз. Кәдімгідей көмектеседі.
Қандай да бір қайғыға душар болсаңыз, онда «Он жыл тесті» деген тактиканы қолданыңыз. Өзіңізге. Айталық, бір мәселеге душар болдым деңіз. Енді сол мәселе он күннен кейін өзекті бола ма, ойлаңыз. Он айдан кейін ше? Он жылдан соң ше? Әй, қайдам, қандай мәселе болса да, он жылдан соң мәні қалмайды. Демек, өткінші. Демек, ол сіздің жаныңызды жаралайтындай мәселе емес.
Timur Bektur айтады - біреуге көмектесемін деп иә десеңіз, оның жұмысына уақыт бөліңіз. Егер ол сіздің 15 минуттан көп уақытыңызды алатын болса, онда оған жоқ деп жауап берген дұрыс шығар. Қысқасы, ақкөңіл жауапсыз д......
Кеңестер
Толық

Химия | ППЗ 5025 А панелі тек қана жиілігі 25 Гц

Кіру панельдер «ПВ-60»; түзеткіш панель 24 В, «ПВ-24»; 220 В
түзеткіш панелі, «ПВ-24/220 ББ» ; релелік панель, «ПРББ» және жиілікті түрлендіретін панель, «ППЗ-50/25 А»
«ПВ-60» панелі басқа панельдерге электрэнергияны басқаға әкеледі. Бұл панельде түрлі фидерден бекетті қолмен өшіру кілті бар,
«ПВ-24» панелі барлық тізбекті электрқоректендіреді,
24 В тұрақты кернеуді қамтамасыз етеді, қосымша аккумулятор батареясын зярядтап отырады.
«ПВ24/220 ББ» панелі тұрақты кернеудегі 220 В электрқозғалтқышын энергиямен қамтамасыз етіп түрады. Қосымша мұнда «ЗБВ-24/30» түзеткіш панелі, ол «ПВ-24» панелі істен шығу кезінде қосымша түрінде орналасқан.
«ППЗ-50/25 А» панелі тек қана жиілігі 25 Гц тоқпен қоректенетін рельсті тізбектерде қолданылады.....
Курстық жұмыстар
Толық

Медицина | Вич инфекциясы туралы түсінік

Ұзақ уақыт лимфоциттерде, макрофагтарда, жүйке тіндерінде персистерлеуші қабілеті бар адамның иммуножетіспеушілік вирусымен шақырылатын ауру. Тіндерде ұзақ уақыт сақталуы салдарынан организмнің жүйкелі және иммундық жүйесін баяу зақымдайды, ол екіншілік инфекциялар, жеделдеу энцефалитпен, ісіктер және тағы да басқа патологиялық өзгерістермен сипатталады, осының бәрі науқас адамның өліміне әкеледі. АИВ инфекция бірнеше кезеңдермен өтеді, соңғы кезеңнің ЖПИЖС терминімен анықтайды (синдром – жүре пайда болған иммундық жетіспеушілік). Қазірі кезеңде АИВ инфекция өте тез өршуге бейім.
Патогенезі
Табиғи жолмен жұққанда АИВті кіру қақпасы болып саналады – тік ішек пен гениталий шырышты қабаттары, тік ішектің бір қабатты эпителийінен вирустың ену жолы өте жеңіл, қынаптың көп қабатты эпителийіне қарағанда. Лимфатикалық жүйе арқылы АИВ қанға өтеді де, көптеген мүшелер мен тіндерге таралады. Егер жұғу жолы парэнтеральды болса, онда АИВ бірден қанға түседі......
Ғылыми жобалар
Толық

Тауық жұмыртқасы және оның пайдасы

Жұмыртқа - тағам есебінде пайдаланылатын құстардың сопақ қабығы бар жыныстық клеткасы. Қабығы аршылған тауық жұмыртқасының химиялық құрамы: 73, 6% судан, 12, 8 % ақуыздан, 11, 5 % майлардан, 0, 7 % кемірсулардан, минералдық заттардан тұрады. Жұмыртқада адам ағзасына қажетті, тіршілік үшін маңызы зор амин қышқылдарының бүкіл жинағы бар. Жұмыртқа емдәмдік тағамдар қатарына жатады. Энергетикалық құндылығы 157ккал.
Сауда орындарына негізінен тауық жұмыртқасы түседі. Суда жүзетін құстар жұмыртқалары балғын күйінде пайдаланылмайды, себебі олардың қабықтарының сыртында инфекциялық аурулар тарататын микроорганизмдер болуы мүмкін.
Жұмыртқалар өлшемдері мен массасы құстың түріне, жасына байланысты әр түрлі болады. Тауық жұмыртқаларының массалары 45 - 76 г, үйректікі – 75 - 100 г, күрке тауықтікі – 80 - 100г, қаздікі – 160 - 200 г болады.
Жұмыртқаның қатты қабығы ішіндегі ылғалдың ұшпауына қажет және жұмыртқаны сыртқы орта әсерінен қорғайды. Қатты қабық өте майда қуыстардан тұрады, олар әсіресе жұмыртқаның доғал жағында көп болады. Осы қуыстар арқылы жұмыртқа ішінен ылғал сыртқа шығады, микроағзалар кіреді және ауа алмасу процесі өтеді. Қатты қабық астында жұмсақ үлдір қабаты бар. Көп сақталған жұмыртқадан сыртқа ылғал буланады да, ақуыз бен жұмсақ мөлдір қабат арасында қуыс пайда болады. Жұмыртқа ақуызы сыртқы, ішкі сұйық қабаттардан және ортадағы тығыз қабаттан тұрады. Тығыз ақуыз мөлшері жұмыртқаның балғындығын көрсетеді. Жұмыртқа ортасында сарыуыз болады....
Ғылыми жобалар
Толық

Әдебиет | Қазақтың ырым тыйым сөздері

Тыйым – халықтың тәлім - тәрбие, үлгі - өнеге, ақыл - кеңес берудегі тәрбие құралдарының бірі. Бұл негізінен балаларға арналған, оларды жаман әдеттен, жат пиғыл, ерсі қылық, әдепсіз істерден сақтандыруда өте үлкен қызмет атқарады. Кейде оғаштау іс істеп қойсақ, үлкен кісілер ылғи да: «Олай істеме, жаман болады» деп атайды. Халық арасында кең тараған осындай тыйым сөздерді зерттей отырып мен олардың жас балаларға арналғандарын жинақтадым. Сонымен бірге мағынасы, тәлім - тәрбиелік мазмұны жағынан бүгінгі заман талабына сай келетінін байқадым. Яғни біз ата - бабаларымыздың даналығы сол – қанша ғасырдан бері тыйым сөздердің мәні өзгермей, қасиеті кетпей бүгінгі заман жастарына беретін өнегесі көп. Ғұлама ғалым Әл - Фараби айтқан «Адамға бірінші білім емес тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы» деген сөздеріне қазақтың тыйым сөздері толық мысал бола алады. .....
Ғылыми жобалар
Толық