С земли еще не сошел снег, а в душу просится весна. На ясном небе сияет ослепительное солнце. Сосульки на домах начали хныкать, плакать: они не хотят покидать свои уютные места. Зажурчали веселые ручейки. Они серебрятся от солнечных лучей. На улицах началась суета. Маленькие дети ищут удобный момент....
Я горжусь своей Родиной. Это многонациональное государство Казахстан. Оно занимает девятое место в мире по величине территории! Казахстан — большое государство, построенное в непростых природных условиях. Это степи, полупустыни и пустыни.
Казахстан обрел независимость около двадцати лет назад, после распада Советского Союза. Но национальную культуру Казахстана еще много веков назад стали создавать казахи.....
Шахан Жолдасбаев – "Пандус.Ок" әлеуметтік жобасының авторы, спортшы, кәсіпкер Өз өмірімен, ерік-жігерімен кейінгі буынға үлгі, алдыңғы буынға мақтаныш болатын азаматтар бар.
Солардың бірі Шахан Жолдасбаев. Мүмкіндігі шектеулі жан деп ол туралы мүлдем айта алмайсыз. Ол мүмкіндігі шектеуді жандар арасында Германияда өткен жүзу чемпионатының қола жүлдегері. Оның «Пандус. Ок» әлеуметтік жобасы аймақтағы үздік деп табылған. Жеткен жетістіктерімен, еңбегімен, іс-әрекетімен көптеген азаматтарға үлгі болған Шахан Қазақстанның 100 есіміне енуге лайық тұлғалардың бірі деп санаймыз.....
Сымбат Нұртазақызы – ешқандай артық шығынсыз-ақ балаларға арналған қазақ тіліндегі дамытушы мультфильмдер құрастырған жас маман. Аудармашы, психолог.
Сымбат 2008 жылы парсы тілі бойынша Орта Азиялық олимпиадада І-орын алған. «Педагогикалық ізденіс» ғылыми-әдістемелік журналының редакция алқасының мүшесі. Сымбат тілінде мүкістігі бар балаларға арналған бірнеше мультфильмдердің авторы. Мәселен, «Дыбыстарды машықтандыру», «Көңілді түстер» деп аталса, «Логоритмика» әдістемелік құралы сондай-ақ «Компьютерлік психодиагностика» атты жасөспірімдер арасындағы психологиялық өзгерістерді анықтауға арналған жобаның авторы. «Кәмелетке толмағандар арасындағы суицидтер превенциясы» БҰҰ балалар қоры (ЮНИСЕФ) жобасының координаторы.....
Сергей Ан – NOMAD MMA ұлттық стилінің негізін қалаушы, жаттықтырушы.
Сергей аралас жекпе-жектің өз стилін құрып, негізін қалады. Ол 29 жыл бойы жаттықтырушылық қызметпен айналысып келеді. "Біз аралас жекпе-жектің ережесін он екі жыл жасадық. Бізде шет елдерден келген шығыс жекпе-жегінің басқа түрлері жетерлік. Сол үшін де солармен бәсекеге түсе алатын өзіміздің жеке, қазақстандық түрінің болғанын қаладық. Қазір Номадты Кореяда, Қытайда және бүкіл дүниежүзінде таниды. Енді біздің міндетіміз – осы түрімен айналысатын адамдарды көбірек тарту және танымалдығын одан әрі арттыру» – деді Сергей.
Сергей негізгі жұмысынан бөлек атқарушы органдармен бірлесіп, саябақтарды қалпына келтіру бойынша бірқатар жұмыстар жасап, гүлзарлар, спорт және аула алаңдары, футбол алаңдары салынды. ....
Әлімханова Роза Сейітқалиқызы – медицина ғылымдарының докторы, профессор.
30 жылдан астам уақыт ерте жастағы балалардың тірек-қимыл аппараты патологиясын (майтабан, буын кемістіктері, ортан жіліктің сынуы) отасыз емдеумен айналысып келеді. Балалармен көп жылғы жұмыс істеуінің және туа бітті деформация мәселесін зерттеу нәтижесінде әлемде ұқсастығы жоқ емдеудің ғажайып әдісін ойлап тапты.
Қазақстандық зерттеушінің жұмысы әлемдік қоғамдастықтың назарынан тыс қалған жоқ. Роза Сейітқалиқызы Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымның Алтын медаліне лайық деп табылды. Оның осы саладағы жетістіктері мен жаңалықтарын Қитай және Еуропаның тәжірибелі дәрігерлері мен ғалымдары мойындады. Ол – 30-дан астам өнертабыстың, 120 ғылыми еңбектің, 5 оқу әдістемесінің және 6 монографияның авторы.....
Олег Пименов Семей қаласында тұрады. Математика бойынша жоғары білімі болмаса да, үлкен жетістікке адам. Ол математиканың тарихындағы ең күрделі үш есепті шешкен талант. 1999 жылы ол шахмат пен этюд құрастыруға қатысқан. Ал, 2006 жылы шахматтан өткен чемпионатта 12 орын алды.
Математикада тіпті әлем ғалымдарының ақылы жетпеген, ескіден шешімін таппаған есептер бар. Олег Пименов сондай күрделі Герон, Гаусса және Ферма ұлы теориясын шешкен мықтылардың бірі. Өте күрделі саналатын Ферма теориясы тіпті мықты деген талай математиктерді есінен тандырған. ....
Үмбетов Қайрат Жарылқасынұлы – полковник, ҚР Ұлттық гвардиясының «Орталық» аймақтық қолбасшылығының 6505 әскери бөлімі командирінің бірінші орынбасары.
2016 жылдың 7-ші сәуірінде Қарағанды облысының Қарабас кентіндегі оқу-жаттығу орталығында жедел қызметтің жеке құрамымен бірге граната лақтыру барысында 6505 әскери бөлімінің бастығы Қайрат Үмбетов өз өмірін қатерге тіге отырып, жас жауынгерді өз денесімен қалқалап жапты және оны өлімнен құтқарды.
Жарылыс салдарынан офицер жарқыншақ тиіп жарақатты, қатардағы жауынгер А.Сұлтанқұлов бірнеше болмашы жарақат алды. Полковниктің өзі болса, бұл әрекетін ерлікке бағаламайды.....