Даусына Мұхиттың ел тамсануда, Жас-кәрі қошеметпен қарсы алуда. Бір болыс құдаласқан қонақтыққа Серіні шақырыпты ән салуға. Шілдеде кесіп өтсең ала қырды Кең жазық талдырады....
Аязды шат күлкіге алмастырар Шаңғыға сендей ешкім болмас құмар, Орманға шақырғаның әлі есімде Жауғанда біздің жаққа алғашқы қар. Алаулап екі бетің оттай жанып, Қызынып іңкәр жүрек шоққа айналып, Сен тұрдың құшағында....
Ақсақ қыз ұзақ жолдан әрең келген, Қорқытқа жетіп өлген, сәлем берген. Өнер мен өнер сүйген адамдарды Ажалдың жеңе алмасын дәлелдеген. Жүздері гүл жайнаған.....
Жетішатыр — жақсы қала. Қаптап жатқан қазақ. Жазы-қысы — қымыз, ойын-сауық —«кататься». Айт, той, құдалық, ат жарыс, күрес. Маскүнем, Төбелес. Үй қыдырған көлең-көлең ақ жаулық... Жаз шықса пароход, паром, желқайық,жасыл арал, қалың орман... Көкке шыққан, гуләйтсоққан, масайраған шат көңіл... Сырнай-керней...Қызық думан... Қайткенмен.....
Қазақтың аты орыстың атынан озса, балуанын балуаны жықса, шешенін шешені сөзден тоқтатса, мардамсып бар қазақ сүйсініп қалады. Қазақ жеңілсе, орыс та дардияды. Ноғай мен қазақ, сарт пен ноғай егессін, олар да солай. Бұл әр жұрттың қанына біткен өзімшілдік, тұрған жерін, өскен елін, өз тұқымын басқадан артық болса екен деген құрғақ тілек, құрғақ сезім ең төменгі дәрежедегі надан адамда да бар. Бұл қасиетті сезім емес; жерін, үйірін сағыну, жеріне тарту хайуанда да бар. Үйренген тамақ, жеген жерін жақсы көру – табиғаттың еріксіз каноны. Ұлт сүюдің ең төменгі дәрежесі осы.
Ақылы, сезімі ұстарған қазіргі мәдениеттің төрінде жүрген адам баласын алсақ, әр ұлт өзінің өскенін, өзінің көркейгенін, жетілгенін, өзінің қожалығын көксеп, жанын салып, қанын судай ағызып, дүние-мүлкін.....
Ертеде үш ағайынды жігіт болыпты. Мал дегенде үшеу ара жалғыз өгізі болыпты. Күндерде бір күн үшеуі енші алыспақ болады. Үлкені көк өгіздің басын алады, ортаншысы - ортасын, кішісі - артын алады. Үлкені өгіздің басын, ортаншысы ортасын, кішісі артын бағып жүреді.
Бір-екі жыл өткенде көк өгіз өседі, үлкейеді: үш ағайынды жігіт бірін-бірі көре алмайтын болады.
Жылдардан жыл өткенде, екі ағасының амандығын біліп қайтуға.....
а) Пән жүйесімен оқытқанда, пәндер жеке-жеке өз жолымен жүретін, бірінің арбасына бірі соқтықпайтын, ең ұқсатқанда аз-маз жарыса үзеңгі қағыса оқылатын.
Комплекс жүйесімен оқытқанда, пәндер бірігіп бір.....