Салт-дәстүр: Қыз алып қашу

Қыз алып қашу - үйлену ғұрпының бір түрі.

Халқымыздың дәстүрінде бұрын екі жас құда түсу жолымен, яғни әке таңдауы мен келісімі арқылы қосылған. Дегенмен кейбір жігіттер өзінің сүйген қызын алып қашу арқылы қосылған кездері де болған. Кейде оның арты үлкен жесір дауына айналған, өйткені ол кездебасы бос қыз бола бермеген. Олар ерте айттырылатын.

Қыз алып қашудың түрлері
Қыз алып қашудың да түрлері көп. Мысалы, бірін-бірі сүйген жігіт пен қыз қашып кетіп қосылады. Ал кейбір жігіттер қыздың келісіміне қарамастан, зорлықпен алып қашады. Соңғы-ларының жарасып кететіндері де, кейін дәм-тұздары жараспайтындар да бар......
Ұлттық ойындар және салт-дәстүрлер
Толық

Ұлттық ойын: Хан талапай

Хан талапай - қазақтың ұлттық ойындарының бірі.

Ойнаушылар шеңбер бойынша отырады, басқа асықтар арасынан ерекшені хан деп тандап, шеңбер ортасына асықтарды шашады. Асық қандай жағымен құлағаны маңызды, өйткені асық ішік құласа ішікпен қағады, бүкті бүкпен, тәйкені тәйкемен, алшыны алшымен қағуға болады. Егер ойнаушы тигізбесе немесе басқа жақпен тигізіп қақса, онда жүріс келесіге беріледі. Асық бойынша қағу тек үлкен саусақтын жоғарғы бөлігімен жасалынады. Хан кімде болады, сол жеңімпаз аталады. .....
Ұлттық ойындар және салт-дәстүрлер
Толық

Ұлттық ойын: Таяқ ойнау

«Таяқ ойнау» — ұлттық ойын.

Бұл ойынды жастар қыста ойнайды. Ойын алаңды жерде өтеді. Ойынға ұзындығы 1,5—2 метр үшкір таяқ қажет. Ойынға қатынасушылар қардан қалыңдығы 0,5 метр қабырға қалайды.

Ойынға қатынасушылар орталарынан біреуін басқарушы етіп белгілейді. Ол бақылаушы, төреші рөлін де қоса атқарады.

Ойын басталғанда әр ойыншы, қолындағы таяқты белгіленген жерден қардан қаланған қабырғаға қарай бар пәрменімен лақтырады. Таяқ қабырғаға бойлай кіреді. Егер таяқ қатты ұрылатын болса, таяқтың ұшы қабырғаның екінші жағынан шығады. Кімнің ұрған таяғы қабырғаның екінші жағынан көбірек шығып тұрса, сол жеңген болып табылады.

Жеңілгендер алдын ала белгіленгендей ұпайларын орындайды — өлең, тақпақ, жаңылтпаш айтады. Ойын қол күшін дамытып, денені шынықтырады. Таза ауада дем алып, денсаулықты шыңдай түсуге мүмкіншілік береді.....
Ұлттық ойындар және салт-дәстүрлер
Толық

Ұлттық ойын: Тай жарыс

Тай жарыс — көне заманнан бері келе жатқан, балалардың жазда сүйіп ойнайтын ойындарының бірі. Үлкендердің ақыл-кеңесімен жарысты балалардың өздері әзірлеп, өздері өткізген. Тай жарысқа тек бір жасқа келген жылқы ғана қатынастырылған. Тайға мініп шабатын балалардың жасы 7—8 жас мөлшерінде болады. Халықтың дәстүрі бойынша әр баланың өзіне арналған бәсіре жылқысы болған. Ол жаңа туған құлын күннен бастап баланың қамқорлығына көшеді.

Жазда қатар қонып отырған ауыл балалары жиылып тайларын үйретіп, үйретілген тайларын жарыстыруға келіседі. Тай жарысы жақын қашықтықта өткізіледі. Тайға ер-тоқым салынбайды, бала жайдақ мініп шабады. Ойынды ересек балалар басқарады. Оны ат айдаушы деп атайды. Белгіленген жерге жеткенде, ат айдаушы жарысқа қатынасушыларды қатар тұрғызады да, жарыстың басталғандығы туралы белгі береді. Озып келген тай иесі жеңімпаз атанады.

Бұл тек ойын ғана емес, баланы жастайынан қоғамдық өмірге, еңбекке тартып, шаруашылық жағдайымен ерте танысуға, жылқы малын танып, білуге баулиды. Жарысқа қатынасу арқылы жастайынан шабысңа жаттыға береді. Сөйтіп, тай болашаң үлкен жарыстың сынағынан өтеді. Бала өзінің жеңіске деген ерік-қайратын шыңдай береді. .....
Ұлттық ойындар және салт-дәстүрлер
Толық

Психология | Танымдық іс-әрекет жеке тұлғаның дамуындағы қарым- қатынас рөлі

Кіріспе.
Мақсаты: Жеке тұлғаның дамуындағы қарым – қатынастатың және іс-әрекеттің ролін анықтау.
Міндеті:
- Жеке тұлғаның дамуы, тәрбиесі және қалыптасуының негізгі ұғымдарын ашу.
-Жеке тқлғаның қалыптасуының философиялық-әдіснамалық негіздерін сипаттау.
-Мұғалімнің іс-әрекеті ролін жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуының жетекші факторы ретінде негіздеу.
Өзектелігі: Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың қазақстандықтарға жолдауында стратегегиялық ерекшеліктері анықталған. Жолдауда айтылғандай келер ғасырдағы экономикалық және әлеуметтік ұмтылыстағы негізгі жетекші күш – «адамдар, олрардың еркі, жігері, табандылығы, білімі» - деп атап көрсетті. Шынында да Қазақстанның болашақ ұлдары мен қыздары нағыз білімді де, білікті заман талабына сай, жаңаша оқытылып, үйретілген. Халық мүддесін биік қоятын мамандар болуға тиіс екендігі түсінікті.
Бүгінгі таңда жас ұрпаққа әлемдік ғылым мен прогресс деңгейіне сәйкес білім мен тәрбие беру, оның рухани байлығы мен мәдениетін арттыру біздің басты міндетіміз.
Қазіргі кездегі ғылым мен техниканың даму деңгейі әрбір оқушыда сапалы және терең білім мен іскерліктің болуын талап етеді. ....
Курстық жұмыстар
Толық

Психология | Танымдық іс-әрекет жеке тұлға дамуының құралы

Кіріспе.
Мақсаты: Жеке тұлғаның дамуындағы қарым – қатынастатың және іс-әрекеттің ролін анықтау.
Міндеті:
- Жеке тұлғаның дамуы, тәрбиесі және қалыптасуының негізгі ұғымдарын ашу.
-Жеке тқлғаның қалыптасуының философиялық-әдіснамалық негіздерін сипаттау.
-Мұғалімнің іс-әрекеті ролін жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуының жетекші факторы ретінде негіздеу.
Өзектелігі: Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың қазақстандықтарға жолдауында стратегегиялық ерекшеліктері анықталған. Жолдауда айтылғандай келер ғасырдағы экономикалық және әлеуметтік ұмтылыстағы негізгі жетекші күш – «адамдар, олрардың еркі, жігері, табандылығы, білімі» - деп атап көрсетті. Шынында да Қазақстанның болашақ ұлдары мен қыздары нағыз білімді де, білікті заман талабына сай, жаңаша оқытылып, үйретілген. Халық мүддесін биік қоятын мамандар болуға тиіс екендігі түсінікті.
Бүгінгі таңда жас ұрпаққа әлемдік ғылым мен прогресс деңгейіне сәйкес білім мен тәрбие беру, оның рухани байлығы мен мәдениетін арттыру біздің басты міндетіміз. Қазіргі кездегі ғылым мен техниканың даму деңгейі әрбір оқушыда сапалы және терең білім мен іскерліктің болуын талап етеді. ....
Курстық жұмыстар
Толық

Философия | ТАНЫМ – ШЫНДЫҚТЫҢ БЕЙНЕЛЕНУІ

1. Дүние тану деген не, оның негізгі формалары қаңдай, білмеуден бІлімге, үстірт білімнен терең білімге өтудің заңдылықтары қандай, ақиқат деген не және оған жетудің жолдары қандай, ақиқаттың критерийі (өлшеуіші) не — бұларды және бұлардан басқа да көптеген философиялық мәселелерді танып теориясы немесе гносеология қарастырады. Таным теориясының мәселелері философияның тууымен бірге пайда болды. Таным процесінің аталған мәселелерімен алғаш айналыса бастаған ертедегі грек философтары Демокрит, Платон, Аристотель және басқалар болды. Кейіннен бұл мәселелермен айналысқандар Ф.Бэкон, Р.Декарт, Дж.Локк, Б.Спиноза, ГЛейбниц, И.Кант, Д.Дидро, К.Гельвеций, Г.Гегель, Л.Фейербах, А.И.Герцен және көптеген басқа философтар өз үлесін қосты.
Таным проблемалары марксистік философияның басты мәселелерінің бірінен саналады. Материалистік диалектика табиғи және әлеуметтік шындықты танып білуге болатынына күмәнданушы немесе оны теріске шығарушы философиялық Ілімдердің қисынсыздығын ашып көрсетеді. Бұл ілімдерді, жалпы алғанда, философиялық (гносеологиялық) скептицизм (күмәнданушылық) деп атауға болады — олар ертеде көбінше осылай аталған еді, ал XIX ғасырдан бері агностицизм деп аталатын болды. ....
Курстық жұмыстар
Толық

Әлеуметтану | Мүгедектерді оңалту бағдарламасының паспорты

Кіріспе
Мүгедектік пен мүгедектерді әлеуметтік қорғауды ұйымдастыру проблемасы осы облыстық Бағдарлама шеңберіндегі шешуді қажет ететін әлеуметтік маңызды міндеттер болып табылады.
«Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңында мүгедектердің өмір сүруіне тең мүмкіншіліктерді қамтамасыз ету үшін әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және ұйымдастырушылық жағдайлар жасау көзделді.
Оны жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар органдары және меншіктің барлық нысандарындағы кәсіпорындар мен ұйымдар жұмыстарының іс-тәжірибесіне кезең-кезеңмен енгізу жөніндегі іс-шаралар Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру департаментімен әзірленіп бекітілді. Облыс деңгейінде және барлық өңірлерде аталған Заң аясындағы мүгедектерді оңалтудың түрлері мен әдістерін жетілдіруге арналған әлеуметтік және медициналық қызметкерлердің кеңейтілген семинар-кеңестері өткізілді.....
Курстық жұмыстар
Толық

Азаматтық кодекс | Міндеттемені бұзғандық үшін жауаптылық

1 Міндеттемені бұзғандық үшін жауаптылық
Міндеттемені бұзғандық үшін жауаптылық ұғымы
Міндеттемені бұзғандық үшін жауапкершілік, бір жағынан заңдық жауапкершіліктің түрі бола тұрып, тағы да, азаматтық – құқықтық жауапкершіліктің бір түріне жатады, ол субъективтік азаматтық құқық бұзушыға қосымша азаматтық – құқықтық міндеттерді немесе оған тиесілі азаматтық құқықтан айыру түрінде мемлекеттік мәжбүрлеумен қамтамасыз етілген қосымша мүліктік айыруды жүктеуге бағытталған, субъективтік азаматтық құқықтарды қорғаудың арнайы құқық қорғау шараларын қолдану деп анықталады.
Заңдық жауапкершіліктің түрі бола тұрып, міндеттемені бұзғандық үшін жауапкершілік, сөзсіз, қандай да бір теріс салдарларды құқық бұзушыға жүктеу болып табылады. Сонымен қатар, міндеттемені бұзғандық үшін жауапкершілік, азаматтық – құқықтық жауапкершіліктің бір түрі бола тұрып, құқық бұзушы үшін жұмыс жасау, қызмет көрсету, ақша сомасын төлеу жөніндегі қосымша міндеттемемен, не мүлікке қандай да бір құқықтан айыру түріндегі белгілі бір қосымша мүліктік айырумен сипатталады, ол тікелей қолайсыз мүліктік салдарларға алып келеді.....
Курстық жұмыстар
Толық

Мемлекеттік қызмет | Мемлекеттік басқарудағы құқықтық реттеудің түсінігі мен қажеттілігі

Кіріспе
Қазақстан Республикасы тәуелсіздікке қол жеткізгеннен бері Қазақстан халқы өз алдына жоғары мәртебелі мақсат қойып отыр. Ол-құқықтық мемлекет құру. Бұл мақсатқа жету өте қиын. Құқықтық мемлекетте заң бір әлеуметтік топтың емес, халықтың шынайы еркін білдіреді. Мұндай мемлекетте заңның рухы үстемдік етеді. Барша адамдар, ең жоғарғы лауазымды иелерінің қатардағы азаматтарға дейін заңдардың бүкіл халықтың мүддесі, игілігі үшін жасалып, қолданылатынын, заңдар адамдарға қажет қоғамдық тәртіпті орнататынын, адамдарға еркіндік беруін, қоғам ісіне қатысуға жағдай туғызуға керек екенін тусінуі қажет. Құқықтық мемлекет болуына ең бірінші қадамымыз Ата Заңымыздың қабылдануы және де заңдар мен нормативтік актілермен барлық саланың қамтылуы болып есептелінеді. Осылар арқылы мемлекеттік билік пен басқарылу жүзеге асырылады. Соның ішіндегі мемлекеттік басқарудың рөлі өте зор.
Осы курстық жұмыста мемлекеттік басқарудың негізгі әдісі мен ядросы болып саналатын құқықтық реттеу мәселесі қарастырылған. Курстық жұмыстың көзделген мақсаты-Республикадағы мемлекеттік басқарудың негізгі әдісі ретіндегі құқықтық реттеудің мәні мен мазмұнын аша отырып, оның негізгі нысандарын анықтап, олардың мемлекеттік басқарудағы алатын орнын, атқаратын қызметін және рөлін анықтау болып табылады.....
Курстық жұмыстар
Толық