Қазақстан халықтарының тілдер күні (Мемлекеттік тіл - Қазақстан халықтарын біріктіретін тіл)

Сценарий мақсаты: Оқушылардың өз ана тіліне деген құрмет сезімін арттыру, тіл мәртебесін көтеру, таза сөйлеуге үйрету, өз ұлтына, еліне деген сүйіспеншілігін ояту. Ана тіліміздің тұғырының мықты болуына негіз қалаған бабаларымыздың өсиетін ұран ету, қазақ тілінің мәртебесін көтеру. Қазақстан мемлекетінде тұратын барлық халықтардың тілдерін құрметтеу.
Сценарий әдіс-тәсілдері: Сұрақ – жауап, мың бір мақал, жүз бір жұмбақ ойыны, ой-толғау, полиглот , жат оқу т. б.
Көрнекілігі: қабырға газеттері, қанатты сөздер, ұлы тұлғалар портреті, кітаптар мен рефераттар....
Сценарийлер (ертеңгілік)
Толық

Ынтымақ, бірлік туралы мақал-мәтелдер

Ынтымақ түбі –игілік,
Тірлік, тірлік түбі – бірлік.

Ағайын тату болса – ат көп,
Абысын тату болса – ас көп.

Алтау ала болса,
Ауыздағы кетеді;
Төртеу түгел болса,
Төбедегі келеді.

Тозған қазды
Топтанған қарға алады.

Мақал-мәтелдер
Толық

Кітап

Кітап - алтын қазына.

Кітап алтын сандық:
іші толған қазына, құт,
оқы, оқы, ойыңа тұт.

Кітап - білім бұлағы,
Білім - өнер шырағы.
Мақал-мәтелдер
Толық

Жақсы мен Жаман

Айтқызған - жамандықтың белгісі,
Қамшылатқан - шабандықтың белгісі.

Адам мен адам арасы, аспан мен жердей.

Ақ сауыттың жағасы бар, жеңі жоқ,
Шын жақсының ашуы бар, кегі жоқ.

Ай - ортақ, күн - ортақ, жақсы - ортақ.

Мақал-мәтелдер
Толық

Еңбек пен кәсіп

Рахат түбі — кейіс,
Бейнет түбі — кеңіс.

Ер дәулеті — еңбек.

Келген дәулет,
Кеткен бейнет.

Мақал-мәтелдер
Толық

Достық, дос туралы мақал-мәтелдер

Дос — ажарың, жолдас — базарың.  
Азаматпен дос бол, қадіріңді біледі.

Айрылғысы келген дос аяулыңды сұрайды.
Айрылар дос ердің артқы қасын сұрайды.

Айрылмастай досыңа қайрылмастай сөз айтпа.

Мақал-мәтелдер
Толық

Күз – мерекем, күз – берекем (Күзгі бал кеші)

1-жүргізуші:
Бейне нұрлы көкте күн,
Білсең өмір – көктемің.
Айқара ашар есігін,
Хош келдің! – деп мектебің
Балдырғандар, бұл мәлім,
Еркелігін тастайды.
Қыркүйекте мұғалім
Оқу жылын бастайды.
Сценарийлер (ертеңгілік)
Толық

Ана, мама

Ақ шашты ана: "жастығым — балам" дейді.
Ақылды бала: "ай-күнім — анам" дейді.

Алты ұл тапқан ананы "ханым" десе болады.
Сыйласа білген адамды "жаным" десе болады.

Мақал-мәтелдер
Толық