Жақсылық Сәмитұлы (8.5.1940 жылы туылған, Қытай, Алтай аймағы, Жеменей ауданы Жәке ласты) — жазушы. Шыңжаң унверситетін бітірген (1959), Қытайда жүргізілген мәдени төңкеріс жылдары "ұлтшыл” атанып, 1959 — 79 жылдары Үрімжі, Тарым және басқа да жаза лагерьлерінде болған. 1979 жылы ақталған. 1980 — 89 жылдары "Алтай аясы” журналының .....
Ақышев Зейтін (1911 – 1991) 18 сәуірде Павлодар облысының Баянауыл ауданында туған, жазушы, аудармашы. Омбыдағы жұмысшы факультетін бітірген (1938). 1931 жылы Баянауыл аудандық оқу бөлімінің іс жүргізушісі, кейін оның инспекторы, жеті жылдық мектептің мұғалімі, директоры болды. 1939 жылы Семей педагогикалық институтының физика-математика факультетін бітіріп, . .....
Бейімбет – поэзия, проза, драма саласында бірдей өнімді еңбек еткен қаламгер. Ол «Садақ» қолжазба журналында, «Айқап» журналында, «Қазақ» газетінде жарияланған алғашқы өлеңдерінен бастап-ақ ел өмірінің сан-сала көкейкесті мәселелеріне ден қояды. Сахара жұртының мұң-мұқтажын, арман-аңсарын, әсіресе азаттық-теңдік тақырыбын тілге тиек етеді. Бейімбеттің поэзиялық шығармаларындағы Мырқымбай – типтік кейіпкер деңгейіне көтерілген жиынтық бейне. Мырқымбай бейнесі арқылы Бейімбет сол кездегі қазақ кедейлерінің болмыс-бітімін, уақыт, қоғам аясындағы тіршілік-тынысын суреткерлік шыншылдықпен бедерлей алған. Бейімбет қазақ поэзиясында поэма жанрының өрісін ұзартып, .....
Адам эволюциясына байланысты палеолит жоғарғы және төменгі болып екіге бөлінеді. Төменгі палеолит – архантроптар мен палеонтроптардың тіршілік ету кезеңі болып табылады. Бұл кезеңнің өзінде бірнеше археологиялық кезеңдер алмасқан, атап айтқанда: 2.5 млн жыл бұрын олдувай, 0.85 млн жыл бұрын ашель, 0.2 млн жыл бұрын мустьер кезеңдері. Жоғарғы палеолит – Homo sapіens – тің тіршілік ету кезеңі. Бұл кезең небәрі 100-40 мың жылға созылып, адам баласы осы кезең ішінде тастан балта жасаудан компьтерлерге дейінгі жетістіктерді басынан өткізді. Археологиялық кезеңдер еңбек құралдарын жасаудың техникасы мен материалдарының түрленуіне негізделді. Ертедегі қытай және рим философтарына белгілі болған көне тарихтың үш ғасырға (тас, қола және темір) бөлінуінің ғылыми негізі Х1Х ғасыр мен ХХ ғасырдың басында жасалды. Ойкуменнің көп бөлігінде төменгі, ортаңғы палеолит-100 мың, палеолит 45-40 мың; жоғарғы палеолит – 12-10 мың, .....
Адольф Дистервегтің педагогикалық қызметі мен теориясы. (1790-1866)
Дистервегтің педагогикалық қызметі мен ғұмырнамалық деректері.
Немістің ғұлама педагогі Адольф Дистервег ХІХ ғасырдың орта кезіндегі герман буржуазиялық-демократиялық педагогикасының көрнекті прогрессивті өкілі болып табылады. Ол шағын келген өндірістік қала Зиген Вестералияда чиновник-заңгердің жанұясында дүниеге келді. Дистервег оқыған орта мектепте догматикалық оқыту жүйесіне жеккөрушілікпен қарады. 1808 жылы ол Гербон университетіне оқуға түседі, онда математика, философия және история ғылымдарын оқып, одан кейін Тюбинген университетіне ауысып, 1811 жылы толық курсын бітірді және кейінірек философия докторы ғылыми дәрежесін алды. Студенттік кезінде Дистерверг Руссоның және Песталоццидің педагогикалық идеяларымен танысты, оның прогрессивтік педагогикалық көзқарасының қалыптасуына шешуші әсер еткен Франкфург-Майнадағы үлгілі мектепте 1813-1818 ж.ж. жұмыс еткен жылдары болды. Онда Песталоццидің шәкірттері мен ізбасарлары жұмыс істеді. Песталоццидің демократиялық көзқарасына қалай болса, солай қараған Гербарттан Дистервегтің айырмашылығы алдыңғы қатарлы швейцар педагогінің алдыңғы қатарлы әлеуметтік-педагогикалық көзқарасын өте қызу жақтаушылардың бірі болды. Бірнеше жылдан кейін мұғалімдер семинарларының біріне директор болып тағайындалған. Дистервег өзінің тәжірибесінің негізінде қайта қарай отырып, Песталоциидің дидактикалық қағидаларын бірізді насизаттай бастады. 1827 жылы Дистервег "Тәрбие және білім беру үшін Рейн бетшелері” атты демократиялық журнал шығара бастады. Онда 400 ден аса мақалалар жариялады. 1832 жылы Дистервег мұғалімдер семинариясының директоры болып, Берлинге ауыстырылды. Онда "Педагогикалық қоғамды” негіздеді. Дистервегтің неміс мұғалімдерін біріктірудегі қызметі .....
АББАС (Аппаз) Жарасбайұлы (шамамен 1925/30, бұрынғы (Перовск уезі, Қараөзек болыстығы – 1922, Арқа өңірі) – белгілі би. Әкесі Бекназар 1800 ж. Сыр өңіріне келіп, тұрақтап қалған. АББАС 1868 – 88 ж. құрылған .....
Андас Стамбекұлы (шамамен 1804 — 07 — 1924 — 27) — би, батыр. Қарасай батырдың ұрпағы.[1] Саурық батырдың туған ағасы. 18-19 ғ-да Жоңғар, Қоқан хандарының шапқыншылықтарына ұшырап, олармен ұзақ шайқасқан шапырашты тайпасы біраз күйзеліп, кейбіреуі ата қонысынан көшіп кетуге мәжбүр болған. Бабалары қол бастап, .....
Төле Әлібекұлы (1663 – 1756) – қазақтың қоғам қайраткері, шешен, Ұлы жүздің бас биі, "Жеті жарғыны" жасаушылардың бірі. Әлібекұлы Төле бидің атасы Құдайберді би Есім хан мен Тұрсын хан егесі кезінде Есім ханды қолдаған (Қазыбек бек Тауасарұлының "Түп-тұқияннан өзіме дейін" кітабынан). Яғни Есім хан тұсындағы, халық аузында "Есім ханның ескі жолы" атанып кеткен қазақ халқының заңдар жинағын құрастыруға қатысқан билердің бірі деп айтуға толық негіз бар. Өз заманында Қазақ хандығының тұтастығы үшін күрескен қайраткер! Төле би өз халқының шешендік-поэтикалық өнерінің дәстүрлерін жастайынан бойына сіңіріп өскен, зерделі, сауатты адам болған. 15-20 жасынан билердің бас қосқан жиналысына қатысып, өзінің әділдігі мен шешендік өнері арқасында таныла бастайды. Мазмұны 1 Өмірбаяны 1.1 Тауке ханның басқару кезінде 1.2 Абылай ханның басқару кезінде 2 Шешендігі 2.1 Ескерткіштер 3 Пайдаланған әдебиет 4 Тағы қараңыз Өмірбаяны
Төле би 1663 жылы қазіргі Жамбыл облысы Шу өңірінде туған. Ұлы жүздегі дулат тайпасының жаныс руынан. Әлібекұлы Төле бидің атасы Қожамбердіұлы Құдайберді би Есім хан мен Тұрсын хан егесі кезінде, Есім ханды қолдаған. (Қазыбек бек Тауасарұлының "Түп-тұқияннан өзіме дейін" кітабынан) Бала күннен жас Төле әкесіне еріп жүріп .....
Асан қайғы (Хасан) Сәбитұлы (14 ғасырдың ақыры – 15 ғасырдың басы) – мемлекет қайраткері, ақын, жырау, би, философ. Әз Жәнібек ханның ақылшысы болған. Әкесі Сәбит Арал өңірінің Сырдария жағасын мекен еткен. Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, «Жеті әулие» қорымындағы Асан ата кесенесі - Асан Қайғы мазары делінеді. Мазмұны 1 Ғалымдар зерттеуі 2 Өмір сүрген кезеңі 3 Толғаулары 4 Философия дүниетанымы 5 Дереккөздер Ғалымдар зерттеуі
Оның өмір сүрген тұсы Алтын орда және қазақ халқының қалыптасу кезеңіне сай келеді. Асанқайғы шығармашылығында негізгі орын алатын қазақ тұрмысының өзекті мәселелерін арқау еткен философиялық-нақылдық жанрлар: толғау, терме, шешендік сөздер болып табылады. Асанқайғының шығармаларын жинап, зерттеумен Ш.Уәлиханов, Г.П.Потанин, М.Ж.Көпеев, С.Сейфуллин, М.Әуезов, тағы басқа айналысты. Жыраудың ақындық мұрасын бастыру XIX ғасырдың соңында басталды. Асан Қайғы заманында Алтын Орда ыдырап, оның орнына Қырым, Қазан, Өзбек хандықтары пайда болды. Ноғай ордасы тарап, Қазақ хандығының тарих сахнасына шығуы хандықтар арасындағы қым-қиғаш талас-тартысты аласапыран кезеңмен тұспа-тұс келді. Кейінгі ұрпақ әулие танып, аты аңызға айналған «көшпелілер философы» (Ш. Уәлиханов) атанған Асан Қайғы «өзінен қалған қысқа сын болжаулары, өсиеті арқылы өзінің жайынан да, заман аңғарынан да бірталай көрініс, білік-дерек береді» (М.Әуезов). Өмір сүрген кезеңі
Асан Қайғы Сәбитұлы XIV ғасырда ғұмыр кешкен, Алтын Орда, қазақтың данышпан ақылгөй жырауы, өз дәуірінің абызы, бас биі, Шоқан Уәлихановтың айтуы бойынша, қазақ халқының қамын, болашағын ойлаған "дала философы", осындай ойшыл, ел қамын жеп, қайғы-қасірет кешкен Асан атына кейін "қайғы" сөзі қосылып аңыздалып кеткен. Шежіре-аңыздардың айтуынша Асанның әкесі Сәбит ұзақ жасаған, он сегіз мың ғаламның, құстың, жан-жануардың тілін білетін, өзі көріпкел әулие, атақты саятшы болса керек. Ол баласы Асанды ес білгеннен осындай қасиеттерге баулып өсіреді. Сондай өнегелі, .....
Асылбек Сүйіндікұлы (т.-ө. ж. б.), Абайдың замандасы, ақынның ғашығы Тоғжанның туған ағасы. Тобықты руының бөкөнші табынан шыққан би, кезінде болыс болған. Абайдан біраз жас үлкен. Ол Абайды аса қадір тұтқан. Өзінің қайын жұрты сыбан Сабырбай ақынның ауылына қонаққа ертіп барған. Сол жылы Абай Қуандық, Сабырбай .....