Қазақ әдебиеті | Роза Мұқанова

Мұқанова Роза — 1964 жылы 14 қазанда Шығыс Қазақстан облысы, Үржар ауданы, Көлденең ауылында дүниеге келген. 1987 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін тамамдады.[1]
1987 жылы Орталық мұражайдың Әдебиет және өнер бөлімінде қызмет жасады. 1989 жылы Қазақстан Жазушылар одағының Аударма коллегиясында аға редактор болды. Қазір Қазақстан Республикасы Ақпарат министрлігінде жауапты қызметкер.
"Жарық дүние" (1994, "Жалын"), "Дүние кезек" (1997, "Жазушы") әңгімелер жинағы, "Құдірет-Кие" (2000, "Сөздік-Словарь") әңгімелері мен драмалық хикаяттары жарық көрді. 2001 жылы Рабғұзидің "Қисса-сүл-Әнбия" кітабын алғаш рет қазақ .....
Рефераттар
Толық

Қазақ әдебиеті | Мұхтар Шаханов

Мұхтар Шаханов (2.07.1942 жылы туған, Оңтүстік Қазақстан облысы, Ленгір ауданы, Қасқасу селосы) — қазақ ақыны.
Мазмұны
1 Өмірбаяны
2 Шығармалары
3 Өлеңдер мен балладалар тізімі
4 Шетелдегі танымалдығы
5 Пайдаланған әдебиет
6 Сыртқы сілтемелер
Өмірбаяны

Шымкент педагогикалық институтын бітірген (1969). "Оңтүстік Қазақстан" (1960-65), "Лениншіл жас" (1965-70) газеттерінде, республикалық телевизия, радио редакцияларында (1971-75) істеді. 1976 жылдан Қазақ ССР Министрлер Кеңесінің баспа, полиграфия және кітап саудасы жөніндегі мемлекеттік комитетінде бөлім бастығы. Алғашқы өлеңі ("Сырдария") 1959 жылы жарияланды. Тұңғыш өлеңдер жинағы ("Бақыт") 1966 жылы жарық көрді. М.Шахановтың "Балладалар" (1968), "Ай туып келеді" (1970), "Қырандар төбеге қонбайды" (1974), "Сенім патшалығы" (1976) атты кітаптары шықты. Өлеңдерінде философиялық ой басым. "Махаббат заңы" атты поэзиялық спектаклі республикалық театр сахнасына қойылды (1974). Мұхтар Шаханов көптеген әндер мәтінін жазды. Мәтінін де, .....
Рефераттар
Толық

Төреғали Төреәлінің анасы "тентек" ұлының даулы оқиғалары туралы айтты

Күні кеше Алматыда отандық әнші Төреғалидің "Ұлы дала комедиясы" атты фильмінің тұсаукесері өтті. «Баласы атқа мінсе, анасы тақымын қысады» демекші, тұңғыш ұлының тырнақалды туындысын көруге келген әртістің анасы қатты қобалжып, қорыққанын жасырмады. Ол өзінің "ерке әрі тентек" ұлының қылықтары мен даулы оқиғалары туралы NUR.KZ тілшісіне баяндап берді.
Жаңалықтар
Толық

Ұшаққа билетсіз кірген Төреғали бір жылға түрмеге түсуі мүмкін (видео)

Осыдан біраз уақыт бұрын ұшақ бортына билетсіз өткен Төреғали Төреәлі осы әрекеті үшін екі миллион айыппұл төлеуі немесе бір жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін деп хабарлайды "Астана" арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.
Жаңалықтар
Толық

Қазақ әдебиеті | Мұхтар Әуезов

Мұхтар Омарханұлы Әуезов – қазақтың ұлы жазушысы, қоғам қайраткері, ғұлама ғалым, Қазақстан ғылым академиясының академигі (1946), филология ғылымдарының докторы, профессор (1946), Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген ғылым қайраткері (1957).[1]
Мазмұны
1 Өмірбаяны
1.1 Алаш қозғалысы
1.2 Ағарту ісі
2 «Абай жолы» роман-эпопеясы
3 Жазушының драматургия саласындағы еңбектері
3.1 Әуезовтың драмалық шығармалары
4 Шығармалары
4.1 Мұхтар Әуезов Шығармалары шет тілінде шыққан басылымдары
5 Дереккөздер
6 Сыртқы сілтемелер
Өмірбаяны

Ол қазіргі Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданы жерінде 1897 жылы жиырма сегізінші қыркүйекте туған. Алғашқыда 1908 жылы Семейдегі Камалиддин хазірет медресесінде оқып, одан кейін орыс мектебінің дайындық курсына ауысады. 1910 жылы Семей қалалық бес кластық орыс қазына училищесіне оқуға түсіп, соңғы класында оқып жүргенде «Дауыл» атты алғашқы шығармасын жазады.
Училищені 1915 жылы аяқтап, Семей қалалық мұғалімдер семинариясына түседі. Семинарияда оқып жүріп Шәкәрім Құдайбердіұлының «Жолсыз жаза» дастанының негізінде «Еңлік-Кебек» пьесасын жазып, оны 1917 жылы маусым айында Ойқұдық деген жерде сахнаға шығарады.


Мұхтар Омарханұлы Әуезов құрметіне шығарылған марка
Ресейдегі саяси төңкерістер Әуезов өміріне үлкен өзгерістер әкеледі. Ол Семейде «Алаш жастары» одағын құрып, түрлі үйірмелердің ашылуына ұйытқы болады. Жүсіпбек Аймауытовпен бірігіп жазған «Қазақтың өзгеше мінездері» аталатын алғашқы мақаласы 1917 жылы 10 наурызда «Алаш» газетінде басылды. 1918 жылы 5-13 мамырда Омбы қаласында өткен Жалпы қазақ жастарының құрылтайына қатысып, оның орталық атқару комитетінің мүшесі болып сайланады. Әуезов жазушы Жүсіпбек Аймауытовпен бірлесіп, Семейде «Абай» ғылыми-көпшілік журналын шығаруға қатысады. 1919 жылы семинарияны бітіріп, қоғамдық-саяси жұмысқа араласады. 1919 жылы желтоқсанның төртінде Семейде большевиктер билігі орнап, Әуезов Семей губревкомының жанынан ашылған қазақ бөлімінің меңгерушісі және «Қазақ тілі» газетінің ресми шығарушысы болып тағайындалады. 1921 жылы қараша айында Қазақ АКСР-і Орталық атқару комитетінің (ОАК) төралқа мүшелігіне сайланып, онда кадр мәселесімен айналысады. Сол жылы «Қорғансыздың күні» әңгімесі «Қызыл Қазақстан» журналының №3 – 4 сандарында жарияланды. 1922 жылы күзде Ташкенттегі Орта Азия университетіне тыңдаушы болып оқуға түседі әрі «Шолпан» және «Сана» журналдарына жұмысқа орналасады. Осы басылымдарда «Қыр суреттері», «Қыр әңгімелері», «Үйлену», «Оқыған азамат», «Кім кінәлі», «Заман еркесі» («Сөніп-жану») әңгімелері жарияланады. 1923 жылы маусым айында Ленинград (қазіргі Санкт-Петербург) мемлекеттік университетінің қоғамдық ғылымдар факультетінің тіл-әдебиет бөліміне оқуға ауысады. 1924-1925 жылы Семейдегі мұғалімдер техникумына оқытушылыққа қалдырылды. Сонда жүріп «Таң» журналын шығарады. Онда «Кінәмшіл бойжеткен», «Қаралы сұлу», «Ескілік көлеңкесінде», «Жуандық» әңгімелері жарияланды. 1925 жылы Ленинградқа қайтып барып, оқуын жалғастырады. 1926 жылы жаз айында Семейге арнайы ғылыми экспедиция ұйымдастырып, оның материалдары негізінде жазылған «Әдебиет тарихы» монографиясы 1927 жылы кітап .....
Рефераттар
Толық

Қазақ әдебиеті | Мұсатай Ақынжанов

Ақынжанов Мұсатай (1905 – 1986) - 9-мамырда бұрынғы Семей облысы, Абай ауданының Қарауыл ауылында туған. 1925 жылы Семейдің педтехникумын, 1929 жылы Орынбор қаласындағы Халық ағарту педагогикалық институтын бітірген.[1] 1925 – 1941 жж. округтік, облыстық газет-журналдарды басқарған, республикалық баспасөздерде арнаулы тілші болған, облыстық, уездік, өлкелік комсомол комитетінің хатшысы, Семей және Алматы қалаларында ҚКП аудандық партия комитетінің хатшысы, Қазақстан КП Орталық Комитетінің жанындағы Маркс-Энгельс-Ленин (ИМЭЛ) институты Қазақ филиалының директоры .....
Рефераттар
Толық

Қазақ әдебиеті | Жұмекен Нәжімеденов

Нәжімеденов, Жұмекен Сабырұлы — Қазақстан Республикасы Мемлекеттік әнұранының (мәтіні) авторы, көрнекті ақын, Қазақстан Жастар одағы сыйлығының иегері.
Мазмұны
1 Өмірбаяны
2 Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұраны
3 Шығармалары
4 Пайдаланған әдебиет
Өмірбаяны

1935 жылдың 28 қарашасында Гурьев (Атырау) облысы, Теңіз (қазір Құрманғазы) ауданындағы Қошалақ деген жерде дүниеге келген.
Жұмекен атасы Нәжімеден Стамғазиевтің бауырында өсіп, тәрбие алған. Сөз бен тарих және туған халқының дәстүрлеріне деген ыстық сүйіспеншілік сезімді бала бойында қалыптастырған сол кісі. Немересіне өзінің атақты бабалары Қартпанбет жырау (алтыншы ата) мен оның әпкесі Қосуан (Махамбет Өтемісұлының туған шешесі) туралы .....
Рефераттар
Толық

Қазақ әдебиеті | Жақсылық Сәмитұлы

Жақсылық Сәмитұлы (8.5.1940 жылы туылған, Қытай, Алтай аймағы, Жеменей ауданы Жәке ласты) — жазушы. Шыңжаң унверситетін бітірген (1959), Қытайда жүргізілген мәдени төңкеріс жылдары "ұлтшыл” атанып, 1959 — 79 жылдары Үрімжі, Тарым және басқа да жаза лагерьлерінде болған. 1979 жылы ақталған. 1980 — 89 жылдары "Алтай аясы” журналының .....
Рефераттар
Толық

Қазақ әдебиеті | Зейтін Ақышев

Ақышев Зейтін (1911 – 1991)
18 сәуірде Павлодар облысының Баянауыл ауданында туған, жазушы, аудармашы. Омбыдағы жұмысшы факультетін бітірген (1938). 1931 жылы Баянауыл аудандық оқу бөлімінің іс жүргізушісі, кейін оның инспекторы, жеті жылдық мектептің мұғалімі, директоры болды. 1939 жылы Семей педагогикалық институтының физика-математика факультетін бітіріп, . .....
Рефераттар
Толық

Қазақ әдебиеті | Бейімбет Майлин

Бейімбет – поэзия, проза, драма саласында бірдей өнімді еңбек еткен қаламгер. Ол «Садақ» қолжазба журналында, «Айқап» журналында, «Қазақ» газетінде жарияланған алғашқы өлеңдерінен бастап-ақ ел өмірінің сан-сала көкейкесті мәселелеріне ден қояды. Сахара жұртының мұң-мұқтажын, арман-аңсарын, әсіресе азаттық-теңдік тақырыбын тілге тиек етеді. Бейімбеттің поэзиялық шығармаларындағы Мырқымбай – типтік кейіпкер деңгейіне көтерілген жиынтық бейне. Мырқымбай бейнесі арқылы Бейімбет сол кездегі қазақ кедейлерінің болмыс-бітімін, уақыт, қоғам аясындағы тіршілік-тынысын суреткерлік шыншылдықпен бедерлей алған.
Бейімбет қазақ поэзиясында поэма жанрының өрісін ұзартып, .....
Рефераттар
Толық