Ілияс Жансүгіров (Бақыттымын)

Улы өмірімді,
Сұр көңілімді
Талақ еттім, тастадым.
Нұрлы өмірге,
Гүл көңілге
Енді шыға бастадым.
Таңдап сүйіп,
Кеп жыл күйіп,
Бақ есігін ашқаным.
«Өмір қызық»
Деген сөзді .....
Өлеңдер
Толық

Ілияс Жансүгіров (Кавказ)

Кап тауы - Кавказ тауы ертедегі
Жын қайнап, дәу мекендеп, ұшқан пері.
Сықылды Сайфіл Мәлік, Хасен, Мәлік
Ерлері ертегінің жүрген жері.
Қойқаптың емес пе еді жолы қиын.....
Өлеңдер
Толық

Ілияс Жансүгіров (Сені)

Мен шындап сүйгем жүрегімнен,
Күшейіп күндегі дерт күндегімнен.
Қарағам қабағыңа көңілің үшін,
Сыйлағам, қадіріңді біле білгем.
Мен сені сүйгендіктен жүрегімнен,
Сыйлаумен сырымды айтпай жүре білгем.
Шыдауға бұдан артық дәрменім жоқ,
Жүдедім күнде меңдеп, күндегімнен. .....
Өлеңдер
Толық

Ілияс Жансүгіров (Десе)

Сені күткен көп заман,
«Ал аймала, мә, төсім.
Мә, мойыным, тамағым,
Сүйемісің, не етесін?
Аяңқырап аймала,
Қан шығарып кетерсін...»
Дегенге бір келсеңші,
Өйткені мен өлдім-ғой.
Апырым-ай, тас екенсің.....
Өлеңдер
Толық

Ілияс Жансүгіров (Елеске)

Қара бір көзің мөлдіреп,
Қарама, жүректі өртейсің.
Елесіңе ішім елжіреп,
Жанымды улап дерттейсің.
Асау жүрек құр тулап,
Күзетеді, тосады. .....
Өлеңдер
Толық

Ілияс Жансүгіров (Жетерміз бе тілекке)

Ақылдың аузын шарт байлап,
Қосылуға серт ойлап,
Бердік билік жүрекке.
Алдымызда асқар тұр,
Ауыр, ауыр тастар тұр,
Тұрмыз әзір түнекте.
Сол асқарды асқанша,
Сол тастарды басқанша,
Талай бейнет шегерміз......
Өлеңдер
Толық

Ілияс Жансүгіров (Күн батар)

Маужырап күн еңкейді,
Ертіс кетті еңістеп,
Алтынданып, жарқылдап,
Су жыбырлап, жел жүріп.
Бетке салқын леп ұрып,
Қалды іңір салқындай.
Біздер мінген моторка,
Бық - бық етіп тартты өрге,
Суға малтып шалпылдап,
Қызыл күрең шапақтан,
Жаңа ай қасын жылмайтты,
Қуанышты айқындап......
Өлеңдер
Толық