Зерттеудің көкейкестілігі: Табиғат анамыз бен адамзаттың ара қатынасына жiк түсiп, ол ұлғайып барады. Оған себеп, өндiргiш күштердiң тез қарқынмен дамуы, минералдық шикi зат қорларын орасан көп мөлшерде пайдалану, бұрын табиғатта белгiсiз көптеген жасанды заттар шығару айнала қоршаған ортаға қысымды шектен тыс күшейтiп, кейбiр аймақтарда экологиялық тепе-теңдiктi бұзды. Осы жағдайда еңбек өнiмдiлiгiнiң артуы, халықтың хал-ахуалының жақсартуы табиғат байлығын тиiмдi пайдаланумен, оны сақтаумен тығыз байлынысты болып отыр. Олай дейтiнiмiз, шұрайлы жерсiз, құнарлы егiстiксiз, айдынды шалқар көлсiз, жайқалған саялы ормансыз, ну қалың тоғайсыз, түрлi жабайы хайуанаттарсыз, тағы да басқа асыл қазыналары болмайынша қоғамдық өрлеудiң өрiсi қысқа болары хақ. Суармалы жерлер аймағында Қазақстан халқының жартысына жуығы тұрады. Алайда, суармалы жерлер жалпы егiстiк алқаптардың 4%-iн құрайды. Солай болса да, оның үлесiнде өндiрiлген күрiш, мақта және қызылшаның барлығы, жемiс-жидек пен көкөнiстi 80%-i тиедi екен. Мал шаруашылығында қой отарларының басым бөлiгi осы өңiрде шоғырландырылған. Аса қатты қуаншылық болған жылдары азық-түлiк мол беретiн ең сенiмдi өңiр осы суармалы аймақ. Соның бiрi Сырдария аймағы. [31] ....
Тақырыптың өзектілігі. Сырдария – Қазақстанның ірі өзендерінің бірі. Бұл өзен ежелден ойынан тыс қалмаған.Алғаш адамдар мекендеп, игергенде ақ, өзеннің маңыздылығын бағалап, көптеген ғалымдар зерттеулер жүргізген. Ғылым дами келе өзеннің адам тіршілігіне атқаратын қызметін ғана емес, со- нымен біргеоның геологиясын, топырағын, өсімдігін, жануарларын, т.б. зерт- теп жаңалықтар енгізіп отырда.Соңғы кездерде физика-географиялық ланд- шафттарына көңіл бөлді. Ал, ұсынып отырған жұмыста ғылыми зерттеулерді пайдаланып, Сырдария өзені алабының төменгі бөлігін ГАЖ технология- ларын пайдаланып, жаңа әдістер арқылы оның табиғатын сипаттау. ....
Биосферадағы тіршілік иелерінің бәрі де табиғаттағы ен асыл да бағалы зат – судың қатынасыуымен өтіп отырады. Су барлық тірі ағзалардың құрамдас бөлігі бола отырып, тұрмыста алуан түрлі үрдістерге қатысады. Су қорғау аймағы өзен, көл, су қойма және тағы басқа жер беті су көздер акваториясына қосылатын ауданға арнайы шаруашылық режим немесе басқа қызмет түрлері белгіленеді. Соған байланысты су қорғау аймағы бөлінеді. Ені 20-ден кем емес бұл аймақ су нысанына және су шаруашылық құралымына шектеулі шаруашылық қызмет режимі орнатылады. Су қорғау аумағындағы арнайы режимді сақтау табиғатты қорғау кешенінің құрама бөлігі су нысанының және жағалық аймағының абаттану жағдайы гидрологиялық, гидрохимиялық, гидробиологиялық, санитарлық және экологиялық шараларын жақсартады. Сонымен қатар су қорғау аймағы және жолақтары Қазақстан Республикасы Президентінің қаулысы 19.03.04 ж. №451 шараларының бірі «республика аумағындағы апат жағдайларынын алдын алу шаралары» су қорғау аймақтарында нысандар тұрғызуға тыйым салу салалары [1]. ....
Адам денсаулығы оның негізгі байлығы,сонымен бірге әрбір жеке адамның денсаулығы адам өміріндегі айтарлықтай орын алатын фактор болып табылады.Осыған байланысты адам денсаулығын қорғау мәселесі жалпы мемлекеттің,қоғамның ,әрбір азаматтың негізгі борышы.Сонымен әрбір қоғам мүшесі денсаулықты сақтау шараларын жүргізу туралы мәселерге баса назар аударып,халықтың денсаулығын жақсарту мәселелерін шешу үшін белгілі бір шаралар қолдану керек. Адамның денсаулығын сақтаудағы ең бірінші мәселе-таза су мен кенеулі асты пайдалануды,тазарту жүйелерінің болуын,қоршаған ортаны ластайтын және экологиялық зиян келтіретін обьектілерді қысқартуды,басқа да қауіпті факторларды төмендету жөніндегі осыған ұқсас шараларды қолға алу,және жүзеге асыру. Салауатты өмір салтын қалыптастыруда әрқайсысымыздың дене тәрбиесімен айналысуымызға, дұрыс тамақтануымызға,есіркі,темекі мен алкогольді тұтынуды қойып,тазалық пен санитария шараларын сақтауымызға тікелей бағытталған. ....
Кіріспе Көне тарихтың куәсіндей болып, бізге қадым замандардан жеткен ежелгі түркі әдеби жәдігерліктерін жан-жақты зерттеп, олардың ішінен інжу-маржандай ең асылдарын сұрыптап ала білу, әрі сан ғасырлар бойы халық даналығы тудырған асыл қазынаны бүкіл қоғамдық ой-сананы қайта құрып жатқан егеменді еліміздің игілігіне айналдыру-қазақ әдебиеттану ғылымының алдында тұрған маңызды міндеттердің бірі деп білеміз.Сондай-ақ көне жазба әдебиет пен қазақ ауыз әдебиетінің өзара байланысын зерттеп, сол арқылы әдеби мұралардың қазақ халқының төл әдебиетінің қалыптасуына қалай әсер еткенін ғылыми негізде ашып көрсету болашақтың ісі деп санаймыз. Қазақ елінің қоғамдық, әлеуметтік, мәдени, әдеби, жалпы рухани тарихы қайта жазылып жатқан бүгінгі таңда ежелгі әдеби жәдігерліктердің әр қайсысын жеке-жеке, дербес күйінде зерттеумен шектеліп қалудың өзі жеткіліксіз болып отыр. Ендігі міндет-ежелгі тарихтың түрлі кезеңдерінде өмірге келген әдеби шығармалардың бірінен-бірі туындап жататын ішкі логикалық байланыстарын, өзара ықпал әсерін, даму жолдарын көне жазба әдебиет пен қазақ ауыз әдебиетінің арасындағы өзара байланыстарын талдау, сұрыптау болып табылады. Ал, бұл аса жауапты міндетті жүзеге асырудың өзі ежелгі әдеби жәдігерліктерді өзара байланысты түрде алып қарастыруды талап етеді. Дәлірек айтсақ, қазақ әдебиетінің түп-төркінін, қайнар бастауларын объективті түрде зерттеудің ғылыми принциптерінің бірі-ежелгі әдеби жәдігерліктерді ауыз әдебиеті үлгілерімен өзара байланысты түрде алып талдау болып табылады. Әрбір ұрпақ өзінен бұрын ғұмыр кешкен барлық ұрпақтар жасаған рухани мұраны игеріп,оны жаңа қоғамдық-тарихи жағдаиға сәйкес жетілдіріп отыруы тиіс.Сонда ғана қоғам дамуының рухани мүмкіндіктері объективті түрде жүзеге асады.Міне, сол себепті біз ежелгі түркі әдебиеті мен қазақтың халық ауыз әдебиеті арасындағы сан ғасырлар бойы үзілмей ұласып келе жатқан көркемдік дәстүр жалғастығы проблемасын осы тұрғыдан зерттеуді жөн көрдік. Тақырыптың өзектілігі: Көне жазба әдебиет пен қазақ ауыз әдебиеті арасындағы өзара байланыс-қазақ әдебиеттану ғылымында тарихи және теориялық жағынан барлық қыры толық күйінде, жан-жақты зерттеле қоймаған аса күрделі проблемалардың бірі болып табылады. Ал, бұл мәселені ғылыми тұрғыдан зерттеу-ұлттық сөз өнерінің эстетикалық қуатын, философиялық мән-мағынасын әрбір әдеби жәдігерліктердің өмірге келу себептерін айқындап алуға мүмкіндік береді. Бүгінгі қоғамдық, әлеуметтік, рухани өмірімізде орын алып отырған қыруар өзгерістердің өзі ежелгі көне жазба әдебиет пен қазақ ауыз әдебиетінің өзара байланысын ғылыми негізде айқындап алуды қажет етіп отыр.Рас, соңғы жылдары қазақ әдебиетінің ежелгі дәуірін зерттеуге арналған бірқатар қуынды еңбектер өмірге келді.Алайда, қазақ әдебиетінің түрлі кезеңдерін, сан қилы мәселелерін, жанрларын тағы басқаларын зерттеуге арналған мұндай ғылыми еңбектер өзара жалғаспай, бірін-бірі толықтырмай, сол арқылы ежелгі дәуір әдебиеті тарихының тұтас ғылыми картинасын жасамай, әрқайсысы жеке-жеке күйінде қалып отыр. Көне жазба әдебиеттің ауыз әдебиетіне, ауыз әдебиетінің көне жазба әдебиетіне өзара әсер ықпалын, байланысын қарастыру әдебиет тарихындағы елеулі мәселелердің бірі.Осы құбылыстың табиғатын тану, қыры мен сырын түсіну қажеттігі тақырыбымыздың өзектілігін айқындайды. Зерттеудің мақсаты мен міндеттері: Ауыз әдебиеті мен жазба әдебиетінің қалыптасу, даму динамикасын қадағалау әдебиет тарихының үлесіне тиеді. Бұлардың өзара сабақтастығын, байланысын анықтау- осы ғылым саласының басты проблемаларының бірі. Осыған орай ежелгі түркілердің арғы ата-тегі саналатын сақтар мен ғұндар дәуірінде хатқа түскен әдеби жәдігерліктер мен түркі-оғыз қағанаттары дәуірлеріндегі жазба ескерткіштерде кездесетін ауыз әдебиетінің элементерін, уыз әдебиеті үлгілерін тауып талдауды алдымызға басты мақсат етіп қойдық. Сондай-ақ Махмұт Қашқаридың «Диуани-лұғат-ат түрік » еңбегіндегі үлгілердің және Әлидің «Қисса Жүсіп »,Рабғузидің «Қисса-ул әнбия» сияқты туындыларының ауыз әдебиетіне әсер- ықпалын ашуды да мақсат деп алдық. Осы аталған мақсаттардан төменгідей міндеттер келіп саяды: -Сақтар мен ғұндар дәуірінде хатқа түскен әдеби жәдігерліктерді зерттеп, сол әдеби мұралардың қазақ халқының өздерінің төл әдебиетінің қалыптасуына қалай әсер еткенін ашып көрсету. -Шығыс жазба әдебиетінің көптеген хикаялары,рауаяттары халық арасына ауызша тарап кеткен.Міне осы шығыстық қисса-дастандардың қазіргі ауыз әдебиетіндегі варианттарын танып білу.....
Тіліне сақ болудың қадірін, "үндемегеннің үйдей бəледен құтылатынын" жан жүрегімен түсінген хан баласы үнемі үндемей жүруді өзіне əдет етіп алыпты. Үнемі үндемей жүргені соншалықты əке-шешесі оны ауырып қалды ма деп уайымдай бастайды. Хан елдегі ең жақсы деген дəрігерлерді шақыртып, ем жасатады. Бірақ бұдан еш нəтиже болмайды. Содан күндерден күн өтіп, хан баласымен бірге аңшылыққа шығады. Жол жөнекей еш аң кездестіре алмай дал болады. Кенет бір бұтаның арасынан құстың даусы естіледі. Оқтаулы мылтығын дауыс шыққан жаққа қарай атып жіберген хан құсқа дəл тигізеді. Бұрқ етіп жерге құлаған құсты көрген бала еріксіз:"Үніңді шығарып нең бар еді, даусың жетті түбіңе" деп қалады.Мұны естіген əкесі баласының басынан періп жібереді. Сонда баласы:"Артық сөйлеп нем бар еді, тілім басыма таяқ боп тиді" деген екен.......
1. Қойылған мақсатты қағазға жазу, қағазға жазылмаған мақсат бір күнде ұмытылып кету ғажап емес.
2. Қойылған мақсатқа қалай жетуге болады сұрақ қойыңыз, қашан жету керек және қайда жасау керектігін қағазға түртіп қойыңыз.
3. Қойылған мақсатқа жетудің мерзімі, яғни қойылған мақсатқа жетудің уақытын жазу, қойылған мақсатқа уақыт қоймау жәй ғана арман болып қалай береді. Бұныда қағазға түртіп қойыңыз.......