БАҚ қоғамға бақ әкелсін


28 маусым,яғни бүгінгі мереке жайлы ауыз толтырып айтарлықтай əңгіме, тілектер жазылды. Əлі де жалғасын тауып, толастар емес. Қол тигенге қарай, асығыстық болса да, бір-екі ауыз сөз дат етейін...

Аузын айға білеген əрқайсымыз журналистика, баспасөздің төртінші билік екендігін жерден жеті қоян тапқандай сөз етеміз. Себебі, жүгі ауыр кəсіп иелері үшін бұл - біріншіден, мақтаныш; екіншіден, өзін-өзі жеңіл жұбатудың сиқы(артыңда қаншама сенім, соған сай болмақ мақсат жатыр). Заманына сай уақыты озған сылдыр сөзді емес, уытты сөздің ұтқыры болу бұрнағыдан тəн қабілет те, қасиет те Журналист ауыздан шыққан "Аһ!" дегенді ақиқат санап, жол-жөнекей хабардың шындығына жетпестен жарияланымға арқау етпес. Ұйымдасқан сайын оң-солға қисая, өзгенің өмірін өсекке айналдырып, жердегі "жұлдыздарың" тіршілігін тілге тиек етуді мақсат тұтпас! (ол жағын аталмыш "сары басылымдар"-ақ қатырар).

Бүгінде жоқ жерден сенсация тудырушы қарабайыр əнші-тілшілер, ел өмірін жұтаңдыққа апарушылар саны лек-легімен артқаны талас тудырмайтын ақиқат.Осы жолға еліктеп, табан тоздырып жүгіру нəтиже бермейді❗. Бəлкім, олар да келешекте тағдыр тəлкегімен тілшілік тіршілігіне жолдан қосылса да (барлығы емес), талап арқылы мамандық махаббатының жемісті жеңісін көрер⁉ Іс тетігін қашан да маман шешеді, яғни "қой сойса да, қасапшы сойсынның" ниеті бұл...

Аталған қысқа да толық мəтінге арқау болған, əрлі-əріптестер!

Ұлт сенімін арқалаған, ұлы жүректер! Əр топ (101, 102, 103) - ақпарат майданындағы армия десек, əрқайсымыз сол майданның қаруы - қалам (телевизиядағылар үшін - микрофон), қалқаны - дəптер, жазары мол жауынгеріміз. Санаға сақ болып, халыққа бақ қондырайық. Журналист қорек етер түйе жантақты - сүбелі жаңғаққа, жамылар "қар" көрпені - төр көрпеге, жастанар "мұз" жастықты - құс жастыққа айналдыруларыңызға тілектеспін! Ауызбен орақ орған емес, аузымен құс тістегендердің санатынан табылып, Ахаңдар ашқан "арна" тізгінін қолдан бермейік...

P.S: Біз, журналистер, қоғамға "мысықтың" қай бағытқа бет алғандығын көрсетеміз...ары қарай қоғамның өзі-ақ "мысықпен" айналысып кетеді...(сана сапасы мен ой ұшқырлығына сай)

.....
Әңгімелер
Толық

Әкенің өкініші

Сақтап қойыңыз да, өз балаңызға даусыңызды көтергіңіз келген кезде қайта оқыңыз.

«Құлақ сал, ұлым. Бұл сөздерді сен ұйықтап жатқанда айтып жатырмын; Сен кішкентай қолыңды жастанып, қырыңнан жатырсың, ал сап-сары шаштарың терлеген маңдайыңа жабысып қалыпты. Мен өзім тыныш ғана бөлмеңе жасырын кірдім. Бірнеше минут бұрын жұмыс бөлмемде газет оқып отырып, мені үлкен өкініш толқыны тербеді. Мен сенің төсегіңе өз кінәмді толық сезініп келіп отырмын.

Көңіл-күйім болмаған кезде ашуымды сенен алғанымды ойлап қатты тебірендім. Сен мектепке бару үшін киіне бастаған кезіңде, заттарыңды жинай бастағанда, әрқашан, саған тағар мін таптым. «Өз аяқ-киіміңді тазаламапсың» деп кінәрат іздедім. «Киімдеріңнің біреуін еденге тастап кеттің» деп дауыс көтеріп, айғайлағаным есімнен кетер емес. Таңғы аста да саған тиісетін нәрселер таптым: «шайыңды төктің; тамақты дұрыс шайнамадың; маңдайыңды столға қойдың; нанға майды өте баяу жақтың т.б»

Кейін сен ойнауға бара жатқанда, мен поездге асығып бара жатыр едім. Сен бұрылып,қолыңды бұлғап: «Әкешім сау болыңыз!» деп айғайладың. Мен болсам, соған қабағымды шытып: «Жағаңды түзе» деп жауап бердім. .....
Әңгімелер
Толық

Сүлеймен Баязитов | Шәкен аға

Шәкен аға фильмдерін көрдің бе?

- Көргенмін.

- Соның бірін маған атап бер,- дедім.

- Алдар көсе.

- Дұрыс.

- Бірақ Алдар көсе

Ғасырларда әлденеше

Болған ненің кейіпкері?

- Аңыздың.

Ол аңызда

Алдайтын да,

Арбайтын да.

Тал бойында

Бар өнерін

Арам байға,

Төрелерге

Бүйі дейін тиген елге

Қарсы үнемі

Жұмсағанда,

Шоқтай қарып, от боп жанды.

Аялаған адал жанды,

Аспандаған асқақ әні.

Шәкен ата бейнелеген

Алдар көсе

Тарих болып қалды мәңгі.



.....
Әңгімелер
Толық

Сәкен Сейфуллин | Жұбату

Мамыр айы.

Таң алды...

Ауыл Нұра бойында. Аспанды түнерген қара бұлт қаптап, қара түнді өте-мөте меңіреу қылып тұр. Көшіп шаршап келіп, жаппалап қонған ауыл ұйқы тұтқынында жатыр.

Төңірек тып-тыныш.

Күншығыстан ескен майда қоңыр жел өзен бойындағы қалың талдардың, бұталардың, шөптердің бастарын теңселтіп, ақырын ызыңдап тұр. Көрінбей ақырын жүріп, жұмсақ сыпсыңдаған жүйрік жел мен түнерген талдардың жапырақтары қалтырасып, ақырын-ақырын сыбырласып, сырласқандай. Осы қараңғы түнде майда қоңыр желдің жаяулаған жұмсақ қоңыр сарынынан басқа, бұталардың ақырын ызыңдаған баяу үнді, мұңды күйінен басқа, тал жапырақтарының жат тілді сырлы сыбырларынан басқа, алдыңғы ауылдан ақырын, нәзік сыңсыған бір ызың естіледі. Сыңсыған ызың жүректің ең нәзік сезімді күйлерін қозғап, үзіліп-үзіліп, өксіп-өксіп естіледі.

Еріксіз тыңдап, құлағымды сала, ызыңға қарай жүрдім. Таяуырақ тыңдағанда, ызыңнан көкіректі қарс айырған жасырын күйініш, ащы қасірет естіледі. Мұңды, қайғылы зар естіледі. .....
Әңгімелер
Толық

Сәкен Сейфуллин | Қыр балалары


Байлаған биенің бас сауымын сауып алған кезде, "Тайжүзген" құдығының басындағы төрт ауылдың атқа мінер кәрі, жас, қатын-қыздарының аттары ерттеліп болды. Үлкендер маңызданып қымызы бар үйлерден қымыз ішіп, қыз-бозбалалар, бай балалары сәнді киімдерін киіп, жақсы аттарын күмістеген ер-тоқымдарымен ерттеп, кедейдің балалары да барын киіп, қатындардың байы байша, кедейі кедейше тазарақ киімдерін киіп, бәрі бір түрлі асығып лепіруде.

Күн ыстық. Шыбындап, топтанып, шаптары терлеген жылқылар үймелеп жылы желі маңайында тұр. Қап-қара болып күнге күйген, бұттарында жүнін сыртына айналдырып киген шалбарлары ғана бар жап-жалаңаш малайлар арпалысып сауған биелердің сүтін шелектерімен қолдасып келе жатыр.

Құрғақ апандардың, әм жарлардың көлеңкелерінде қозылар үймелеп, жүргендері жүріп, жатқандары жатыр. Қара мал өріске кеткен. Ауылдың күншығыс жағындағы сортаңда сағымнан бұлдырап төрт-бес түйе жүр........
Әңгімелер
Толық

Әкесі мен баласы

Бір кісі өмірінде өтірікке ешкімді алдына салмаған суайт екен.

Бұл кісі баласын баулып, өзіндей өтірікші қылыпты. Баласы әкесінен де өтірікке астам болыпты. Әкесі баласының асқандығын барлайын деп бір күні дөңге тұрғызып баласына жорта:

— Балам, көзім жетіңкіремей тұр, анау қабақтағы бұлдыраған киік пе, немене, десе, баласы:

— Е, ананы айтасың ба? Ол арқар емес пе, баурында егіз қозысы еміп тұрған, – депті.......
Ертегілер
Толық

Алдар Көсенің әкесінен бата алуы. Алдардың білгір құс тапқаны.

Баяғыда өткен заманда, хан Жәнібек тұүсында Қожыр деген бір кедей шал болыпты. Үш баласы болыпты. Күндерден күн өтеді, шалға кәрілік жетеді. Кәсіп етуден қалады. Ақырында, шал балаларын жинап алып:

— Жасым келді, кәрілік жетті. Сендер болсаңдар ержеттіңдер. Мал тауып, тамақ асырайтын менен әл кетті. Мал табу, тамақ іздеу енді сендерге жетті. Ай, балалар! Кәсіп етіңдер, мал табыңдар. Мені асыраңдар. Кәні, қайсың қандай кәсіппен мені асырайсыңдар, айта беріңдер, — дейді.

Сонда әрі-бері ойланып тұрып, балалары мынаны айтады......
Ертегілер
Толық