«Ел боламын десең, бесігіңді түзе!» - деп дана халқымыз айтқандай, керегесі кең, шаңырағы көк күмбезді аспанмен жарасқан, келешегі кемел ел болу үшін, алдымен, тәрбие керек. Ел болдық, бірақ бесігімізді әлі де түзей алмай жүргеніміз ащы да болса шындық. Тал бесіктен басталатын тәрбиенің бұлағынан сусындаған әр жеткіншек ұлтжандылық деген ұғымды бойына сіңіріп өсуі қажет. Ұлттық құндылықтарды құрметтеп, елінің ертеңіне алаңдап, өркендеуіне үлес қосатын азаматты ұлтжанды азамат деу орынды. Бірақ Абайлар мен Мағжандардың толқынынан туған толқындар саусақпен санарлық. Бүгін біз кез келген келеңсіз жайттарға «Е-е, заман солай болғасын...» немесе «Бұған біз емес , заман кінәлы» деген сияқты сөздермен өзімізді жұбататын болдық. Ал шын мәнісінде бұған кінәлы заман емес, адам. Өйткені заманды адам құрайды.......
«Ұлы болу оңай, ұлылардың ұрпағы болу одан да қиын» Халық даналығы Мен өз елімнің ұланымын. Апай бізге «Сендер егеменді еліміздің ертеңгі ұланысыңдар» десе, анам мені «ұланым» деп еркелетеді. Менің түсінгенім «ұлан» деген атқа лайық болу үшін өз еліңді шексіз жақсы көруің керек.......
Адамдар тау сияқты: олардың да асқары мен аласасы, үлкені мен кішісі бар. Таулар адамдар тәрізді: олардың да өз тағдыры мен тарихы бар. Жайбарақат мүлгіген жай таулар мен жалын атқан жанартаулардың айырмашылығы: жанартаулардың жалын атуына Жер-Ананың қозғалысы әсер етсе, адам баласының адамзат бақыты үшін от болып жанып, найзағайдай жарқылдауына, қиын да қасиетті жолға түсуіне, Азамат атын биік ұстап өтуіне Ұлы Отан соғысының рухы ықпал еткені тарих беттерінен аян. Бұл – бүкіл әлемге өзіндік ауыр қасіретімен ізін қалдырған тарихтың ұлы сабағы.......
Балабақша балалары болашақ иесі болғандықтан дүниежүзілік мәдениетті танитын, өзінің төл мәдениетін білетін, сыйлайтын, рухани дүниесі бай, саналы ойлайтын деңгейі жоғары білікті болуы міндетті. Ата-бабаларымыздың ғасырлар бойы жинақтаған тәжірибесін, мәдениетін жасөспірімдер бойында саналы сіңіріп, қоршаған ортадағы қарым-қатынасын, мінез-құлқын, өмірге деген көзқарасын, бағытын дұрыс қалыптастыру тәрбиеге байланысты. Мектепке дейінгі мекемелерде адамгершілік тәрбиесі тәрбиелеу және білім беру үрдісінде әр түрлі іс-әрекеттер арқылы жүзеге асырылады. Олармен ойынның әр түрін ұйымдастыра отырып, бір-біріне деген қайырымдылық, мейірімділік, жанашырлық, достық, жолдастық сезімдерді тәрбиелеуге болады. Ал балаларды қоршаған ортамен таныстыру, тіл дамыту, табиғатпен таныстыру, бейнелеу өнері сабақтарында өлі-тірі табиғатқа деген сүйіспеншілік, үлкендердің еңбегіне қызығу мен сыйластық сияқты адамгершілік сапалары қалыптастырылады. Қазақ ауыз әдебиетіндегі, әсіресе, балалар фольклорын дамытушы негізгі бір сала – балалар ойыны. Ойын – балалар өмірінің нәрі, яғни оның рухани жетілуі мен табиғи өсуінің қажетті алғы шарты және халықтың салтын үйренуде, табиғат құбылысын тануда олардың көру, есту, сезу қабілеттерін, зейінділік пен тапқырлықтарын дамытады. «Адам өркениетке бейім болуы үшін балалық шақты бастан кешуі міндетті, егер ойын мен қызыққа толы балалық шақ болмаса, ол мәңгілік жабайы болып қалған болар еді» деп К.Чуковский бала денесінің дамуы мен ой-дүниесінің өркен жаюы ойынға тікелей тәуелді екендігін атап көрсеткен. Қазақ халқының жылдар бойы атадан балаға жалғасып, қалыптасқан ұлттық дәстүрі, әдет-ғұрпы, тәрбие мектебі бар. Баршамызға белгілі, ойын арқылы баланың дене құрылысы жетіліп, өзі жасаған қимылына сенімі артады. Баланың бойында ойлау, тапқырлық, ұйымдастырушылық, шыдамдылық, белсенділік қасиеттер қалыптасады. Ойын дегеніміз – жаттығу, ол арқылы бала өмірге әзірленеді. ....
Білім беру саласы: «Денсаулық» Ұйымдастырылған оқу іс - әрекеті: Қауіпсіз мінез‒құлық негіздеі, Валеология. Тақырыбы: Ұлдар мен қыздар Мақсаты: Балаларға қыздар мен ұлдардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын қалыптастыру және дамыту. Адамның денсаулығын сақтап, нығайтудағы көңіл күйдің тигізетін әері жайлы білімдерін қалыптастыру. Достық туралы білімдерін жетілдіру.
Әдісі: Әңгіме, өткен сабақты пысықтау. Жаңа сабақ. Әліппе - дәптермен жұмыс. Күлкі жаттығуы. Көрініс көрсету жаттығуы. Дәрігер салауаттың ашық хаты. Шаттық шеңбер. Дидактикалық ойын.
Көрнекілігі: Айна, слайд, күн бейнесі, доп, аңдар. Қос тілділік: Ұлдар‒мальчики, қыздар‒девочики, айна‒зеркало, күн‒солнце.
Қолданылатын әдіс – тәсілдер: Әңгімелеу, түсіндіру, серуен – саяхат, өлең оқу. Сұрақ – жауап, қимылдық ойын, сергіту жаттығулары. Керекті құралдар: Қысқы орман пейзажы, ұлпа қарлар кесетін ақ қағаз, қайшы.
Сабақтың барысы: Сәлемдесу Қайырлы таң - Алтын күн, Қайырлы таң - Көк аспан! Қайырлы таң - апайлар! Қайырлы таң - достарым! Балалар қазір жылдың қай мезгілі? Балалар: Қыс Тәрбиеші: Балалар, орманға барғыларың келе ма? Балалар: Иә Ендеше мен сиқырлы қалпағыммен шапанымды киіп алайын, соның көмегімен біз орманға саяхатқа шығамыз. Қане, барлығымыз көзімізді жұмып 1, 2, 3 деп санайық. Міне балалар орманғада келіп жеттік. Орманнан не көріп тұрсыңдар?.....
Бүгінде мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру жүйесінің жаңаруына жан - жақты жетілген, ұлттық сана - сезімі, ұлттық психологиялық нышандары қалыптасқан, рухани байлығы дамыған ертеңгі еліміздің болашағы, бүгінгі бүлдіршіндерімізді тәрбиелеу — мектепке дейінгі мекемелердің басты міндеті болып табылады. Еліміздің айқын мақсатының бірі - бәсекеге қабілетті жас ұрпақты жан - жақты жетілген парасатты азамат етіп тәрбиелеу. «Ел боламын десең, бесігіңді түзе» - деп ұлы жазушы М. Әуезов айтқандай, тәрбие тал бесіктен басталуы тиіс. Тек отбасында ғана емес, балабақшада тіл үйреніп, халқымыздың салт - дәстүрін бойына сіңіріп, құнарлы бай әдебиетімізден нәр алып өскен баланың болашағы қашан да жарық болары сөзсіз. .....
Мақсаты: а) Балаларға қазақтың ұлттық киімдері туралы мағлұмат беру. ә) Балалардың сөздік қорын молайту, ұлттық сана-сезімін ояту, ойлау және есте сақтау қабілеттерін дамыту. б) Ұқыптылыққа, ептілікке тәрбиелеу. Әдіс-тәсілдер: түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап Технология: «Тәй-тәй» технологиясы Қажетті құралдар: шапан, қоржын, ұлттық киімдер үлгісі және суреттері, желім. Сабақ барысы Іс-әрекет кезеңдері Тәрбиеші іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті Ұйымдастыру-оятушылық
- Матадан.
- Көк.
- Ою-өрнекпен.
- Аталар, әжелер, апалар. - Наурыз мерекесінде. Тәуелсіздік мерекесінде.
Балалар сергіту жаттығуын қимылмен орындайды.
- Ұнады.
- Қой бағатын ата туралы. Балалар жаттайды.
Балалар қатты қағаздан жасалған қуыршақты ұлттық киіммен киіндіреді. Қағаздан қиылған дайын шапанды ақ қағазға желіммен жабыстырады. .....
Сабақтың тақырыбы : XXI –ғасыр қожасында қандай дағды қалыптасу керек. Өткізілген уақыты : 01.03.2016 ж Сабақтың мақсаты: 1. Жас жеткіншектерді рухани-адамгершілікке тәрбиелеу, жалпы адами қасиеттерге ие болатын тұлға қалыптастыру.
2. Оқушылар бойына ұлттық намыс пен рух, ақыл мен парасат....