Ұлылардың ұрпағы болғым келеді.

 Ұлылардың ұрпағы болғым келеді.

Самұрық Бекдаулет
2 сынып, Байет ЖОМ
Екібастұз
Жетекшісі: Амангелді Р.

«Ұлы болу оңай, ұлылардың
ұрпағы болу одан да қиын»
Халық даналығы
Мен өз елімнің ұланымын. Апай бізге «Сендер егеменді еліміздің ертеңгі ұланысыңдар» десе, анам мені «ұланым» деп еркелетеді. Менің түсінгенім «ұлан» деген атқа лайық болу үшін өз еліңді шексіз жақсы көруің керек.
Анам менің бөлмемді еліміздің кішкентай туы, елтаңба суреті әнұран және жеріміздің картасымен безендіріп қойған. Ондағы мақсаты мені өз ұлтын, отанын мақтан етер азамат болсын дегені ғой. Мен Ескендір Ибрагимов ағамыз салатын «Көк тудың желбірегені» әнін бос уақытымда
айғайлап тұрып шырқаймын. Осындай сәттерімде анам менің басымнан сипап: «Сен өте ұлтжанды болып өсіп келесің » деп күледі. «Отанды сүю отбасынан басталады» деген қағиданы енді түсіне бастағандаймын.
Біз әдебиет сабағында өз еліміздің бақыты мен байлығы - оның тәуелсіздігінде екендігі жайлы оқып үйренеміз. Мен өскенде ұшқыш та, суретші де болғым келеді . Қазір мен әлі кішкентаймын. Сондықтан бала қиял мені әр жаққа жетелейді. Үкілеген үмітім мен асқақ армандарым әлі алда деп білемін . Бірақ бір қызығы менің ұлтым деп соққан бала жүрегім «ұлылардың ұрпағы бол» деп үн қатады. Демек, мен ұлы елімнің ұлтын сүйген ұланы боламын.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?